Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет2/18
Дата21.06.2016
өлшемі4.26 Mb.
#151685
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

End;

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай-да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екінші - сол мәліметтерді пайдаланып әр түрлі іс-әрекеттерді (операцияларды) атқару бөлімі.

Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы керек. Ал блок ішіндегі блок – жергілікті (локальды) блок деп аталады.

Негізгі блок – негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы да мүмкін.

Программалардың негізгі объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және олардың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктың құрылымы программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.

Turbo Pascal программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып болуы қажет.

Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған, операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:


  1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);

  2. белгілерді (Label) сипаттау;

  3. тұрақтыларды (const) сипаттау;

  4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

  5. айнымалыларды (var) сипаттау;

  6. процедураларды (procedure) сипаттау;

  7. функцияларды (function)сипаттау.

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:

Program <программа атауы> (input,output);

Uses<1-атау, 2-атау, 3-атау,...>;

Label …;


Const …;

Type …;


Var

Procedure <процедура атауы>;



<процедура тұлғасы>;

Function <функция атауы>;



<функция тұлғасы>;

begin


<1-оператор>;

<2-оператор>;



end.

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі кайталанатын цикл немесе қосымша программа (ішкі программа, процедура) түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.



Деректер — сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.

Дерек енгізу — бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар немесе амалдар — берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.

Нәтиже алу (шыгару) — аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

Шартты турде атқарылу — белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.

Цикл — белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Көмекші программа — алдын - ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. Олар программаның кез - келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Түсініктеме — программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Тілдің негізгі анықтамаларын беру алдында Паскаль тілінде құрылған бір қарапайым мысал келтірейік.



1-мысал. Радиусы r = 5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін формуласын пайдаланамыз.

Program bastau; {Программа тақырыбы}

const pi = 3.14159; { тұрақтысының мәнін беру}

var r, l real; {r,l мәндерінің нақты (аралас) сан екенін сипаттау}

begin {Операторлар басы}

r: =5.5; {r мәнін беру}

l:=2*рі*r; {Шеңбер үзындығын есептеу}

write (‘Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);{Нәтижені экранға шығару}

end. {Программа соңы}

Мұнда программа мәтіні қарайтылған қаріппен терілген, ал оң жақ шетте және оның төменгі жолында пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні берілген. Түсініктеме программа мәтініне ешқандай әсер етпейді, ол түсінуді жеңілдетеді, сондықтан әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс. Әрине, бұл программасыз да шеңбер ұзындығын есептеуге болады, бірақ 200-300 шеңбер ұзындығын табу керек болса, компьютер программасы өте тиімді әрі нәтижесі тез шығарылады. Ол үшін жоғарыдағы программаға аздаған ғана түзету жазса жеткілікті.

Күрделі есеп программасын құру үшін алдымен осындай қарапайым есеп шығарып үйрену қажет. Қате жібермес үшін программа блок-схема түрінде немесе алгоритмдік тілде құрастырылады.

Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы — оның тақырыбы, екінші және үшінші жолы — сипаттау бөлімі, begin (басы) жене end (соңы) сөздерінің ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау бөлімі. Программаның сөздік элементтері ағылшын тілінде. Оны қазақшаға (орысшаға) аударуға болады, алгоритмдік тіл де солай жасалған. Бірақ барлық елдер программадағы негізгі немесе түйінді сөздерді өз тіліне аудармай, олардың ағылшынша нұсқасын пайдаланады, олар көп емес (60— 70 сөз). Сондықтан ағылшын тілін үйренуді осы түйінді сөздерден бастап әрі қарай дамыту оқушылар үшін тиімді болады.



ТІЛДІҢ АЛФАВИТІ

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:


  • атаулар (идентификатор);

  • цифр;

  • айыру белгілері;

  • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері:A B C D E FGHIJKLMNOPQRST U V W X Y Z abcde f g h i j k 1 m n o p q r s t uvwxyzжәне астын сызу таңбасы (_) қолданылады. Бас әріптер мен кіші әріптердің маңызы бірдей болып есептеледі, мысалы, X пен х-тің айырмасы жоқ, дәл сол сияқты ALFA1, aLfa1 және alfa1 де бір атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VES1, SALMAK2, Baga5,T7S25, ART25var8 т.б.

Атау ретіyде ASCII — код кестесінің негізгі символдары (латын әріптері) пайдаланылады, ал ол кестенің қосымша бөлімінің сим­волдары (қазақ, орыс, араб т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа — жоғарғы үтірге (‘’) алынған тұрақты сөз тіркестері немесе пішінді жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.

Ондық цифрлар: 0,1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 таңбалары.

Оналтылық цифрлар ондық цифрлардан және А-дан Ғ-қа (немесе а-дан f-қа) дейінгі латын әріптерінен тұрады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.



Арифметикалық амал белгілері (+) қосу; (*)көбейту; (-) азайту; (/) бөлу.

DIV — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.

MOD — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 — нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

AND — және (логикалык көбейту) операциясы;

OR — немесе (логикалык қосу) операциясы;

NOT — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR — арифметикалық немесе амалы;

SHL — биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;

SHR — биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы кызмет атқаратын түйінді өздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компиляторға арналған директива (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдында $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.

Сонымен, айыру белгілері: _ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (кос нүкте); ; (нүктелі үтір); '(апостроф); (,); [,]; {,}.

Пунктуация белгілерінің атқартын қызметтері мына 1-кестеде көрсетілген.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:

= (тең), <> (тең емес), < (кіші), > (үлкен), < = (үлкен емес, таңбасының орнына), > = (кіші емес, ≥ таңбасының орнына).

Әрбір символдың өзінің реттік номеріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің стандарттары негізіне америкалық кодтар стандарты алынған (American Standart Code for Information Interchange — ASCII), компьютерде жұмыс істеу барысында оларды да білген дұрыс. Паскаль тілінде кейбір символдар пайдаланылмайды: мысалы, %, &, », және т. б.


1-кесте

Белгілер

Атқаратын міндеттері

{және} немесе

(*және*)


Түсініктеме мәліметтерді жақшамен беру

[және]

Жиым элементтерінің индекстерін және

жолдың ұзындығын көрсету белгісі



(және)

Өрнектерді және параметрлер тізімін бөліп көрсету белгілері

‘ (апостроф)

Символдың және тіркестік тұрақтыларды белгілеу таңбасы

:=(меншіктеу)

Айнымалыларға немесе типі көрсетілген

тұрақтыларға мәне беру, яғни меншіктеу белгісі



; (нүктелі үтір)

Операторларды бір-бірінен ажырату белгісі

: (қос нүкте)

Объектілерді типтерге ажырату және

операторларға белгі салу таңбасы



=(теңдік)

Тұрақтылардың мәнін көрсету және салыстыру белгісі

, (үтір)

Тізімдегі элементтерді бір-бірімен бөліп көрсету белгісі

..(екі нүкте)

Диапазонның шекарасын көрсету

. (нүкте)

Программаның соңын белгілеу, санның бүтін және бөлшек бөліктерін ажырату белгісі

@

Айнымалылардың, типі көрсетілген тұрақтылардың адрестерін белгілеу

# (номер белгісі)

Символды коды бойынша белгілеу

$ (ақша белгісі)

Компилятор директивасын немесе он алтылық сан белгісін көрсету


*

Паскаль тіліндегі түйінді сөздер бір-бірімен айыру белгілерімен бөлінген алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар. Тіл операторларында қарапайым сөйлем жазу үшін мағынасы мен қолдану тәсілі алдын ала анықталған символдар тіркесінен тұратын қордағы түйінді сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы саны 80-нен астам. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс тілінде қысқартылып жазылса, программалау тілінде — ағылшын тілінде жазылады.

Программалау тілдерінде «өрнек», «оператор», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланылады.



Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлеміоператор деп аталады.

Tiл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны программаның сипаттамасы болып табылады.

3-ДӘРІС. Орындалатын операторлар.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Меншіктеу операторы. Процедураларды шақыру.

  2. Енгізу және шығару. Құрама оператор.

  3. Құрылымдық операторлар. Шартты операторлар (if...then...else). Таңдау операторы (саsе...of..end).

  4. Параметрлі цикл операторы (for...tо...dо... және for...downto...do).

  5. Шарты басында тексерілетін цикл операторы (while...dо...). Шарты соңында тексерілетін цикл операторы (repeat.. .until).

Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады. Бұлардың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады.

Программа операторлары, негізінен, жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады (оқылуы: гоу ту). Қойылған шартты тексеру арқылы оператордың орындалу ретін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады.



Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа — құрама, шартты және қайталау операторларына жіктеледі.

Құрама оператор. Құрама оператор бір-бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.

Құрама оператор тілдің ережесіне сәйкес программаның кез келген жеріңде тұра береді де, бір оператор сияқты орындалады.

begin

1-оператор;



2-оператор;

...


п-1-оператор;

n-оператор

end.

Мұндағы операторды шектеп тұратын BEGIN (басы), END (coңы) түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады, BEGIN сөзінің соңына және END сөзінің алдындағы оператордан кейін нүктелі үтір «;» қойылмайды. Құрама оператордың ішінде тағы да құрама оператор болуы мүмкін. Мысалы, әріптермен белгіленген операторлар жақшалармен көрсетілгендей ((A,B,C,D), (K,L,M), Е, (R,S)) топталатын болса, онда программадағы құрама операторлар былай құрылады:



begin

begin


А операторы;

В операторы;

С операторы;

D операторы;

end;


begin

К операторы;

L операторы;

М операторы;

end;


Е операторы;

begin


R операторы;

S операторы;

end


end.

Құрама операторлар шартты өту, таңдау және қайталау операторлары құрамында жиі кездеседі.



Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар:

if және case.

If шартты операторы. If (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.

Бұл оператор мынадай түрлердің бірінде жазылады:

IF <шартты өрнек>

THEN <1-оператор>

ELSE <2-оператор>;

немесе қысқартылған түрде

IF <шартты өрнек>

THEN <1-оператор>;



(оқылуға IF — иф, THEN — зен, ELSE — элс). Мұндағы 1-ші және 2-ші операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.

IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean — бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, яғни шарт ақиқат болып орындалса, онда THEN (онда) сөзінен кейін жазылған 1-оператор атқарылады, онда ELSE сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда, шарт мәні FALSE (жалған) болса, яғни теріс болып орындалмаса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылып, 1-оператор атқарылмайды. If операторлары бірінің ішіне бірі кіріп қабаттасып та орындалады. Әдетте, шарт өрнегін жазу үшін катынас (салыстыру) белгілері =, >, >=, <, <=, <> жиі пайдаланылады. Жалпы түрде шартты k1 (g) k2 түрінде қарастыруға болады, мұнда (g)— салыстыру белгілерінің бірі, k1, k2 — тұрақты, айнымалы немесе кез келген өрнек болуы мүмкін. Бір мезгілде бірнеше шартты, яғни күрделі құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдалануға болады. Шартты операторды оқу, түсіну жеңіл болуы үшін оны сатылы түрде былай жазу қалыптасқан:

IF <логикалық өрнек>

THEN 1-оператор

ELSE 2-оператор;

Шартты операторда төмендегідей түрде құрама оператор жиі пайдаланылады:

IF <логикалык өрнек>

THEN


BEGIN

1-оператор;

2-оператор;

...


n-1-оператор;

n-оператор;

END.

Мысал:


If x>0

then a:=’оң сан’

else a:=’теріс сан’;
ТАҢДАУ ОПЕРАТОРЫ

Жоғарыда біз тармақталу командасында (операторында) белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты алгоритмнің 1-операторы немесе 2-операторы орындалатынын қарастырдық. Алайда, көбінесе мүмкін болатын жағдай екеу емес, одан да көп бола береді, яғни процесс көп тармақты болады. Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен, селектор-өрнек мәні есептеледі де, ол тұрақтылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1-тұрақтыға тең болса, онда 1-оператор орындалады, ал өрнектің мәні 2-тұрақтыға тең болса, онда 2-оператор, 3-тұрақтыға тең болса, онда 3-оператор т.б. тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен аяқталады. Егер селектор-өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмесе, онда else сөзінен кейін тұрған оператор орындалады. Кейде опера­тор құрамында else қатары болмайды, ондайда end сөзінен кейін тұрған жол орындалады. Сонымен, таңдау командасында селектор-өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмеген кезде else тармағы болмаса (ол команданың қысқартылған түрінде болмай­ды), онда таңдау командасының бірде-бір операторы орындалмайды.

Өрнектің және тұрақтылардың мәндері бір типке жатып, олар бүтін саңдық (-32768...32767 аралығында), логикалық немесе символдық (литерлік) типтердің бірі болуы тиіс.

Сонымен, тандау операторы селектор мен тұрақты мәндерінің сәйкес келуіне байланысты бір ғана операторды орындауы тиіс. Кейде өрнектің мәні тұрақтының көрсетілген мәндерінің ара­лығында болуы ықтимал, мұндайда тұрақтының мәні кесінді тәрізді сандар бірлігін қамтиды.

Әрбір тұрақты үшін бір ғана опера­тор орындалады, бірақ қажет болған жағдайда бірнеше операторды біріктіріп, кұрама оператор ретінде де орындауға болады. ELSE сөзінен кейін де нүктелі үтірмен бөлінген бірнеше оператор орналастырып, селектор-өрнек мәні тұрақтыға тең болмаған жағдайда да операторлардың бірнешеуін атқаруға мүмкіндік бар. CASE операторын қолданғанда, келесі ережелерді есте ұстаған жөн:


  1. Case сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке (лат. discretus — үзікті, өсуі не кемуі бойынша бөліп алуға болатын) жатуы тиіс; бүтін санды тип үшін ол integer болады;

  2. Операторлар алдындағы тұрақтылар типі селектор-өрнек типімен бірдей болуы керек;

  3. Тұрақтылар мәндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы қажет.

Мысал:

case x of

1: Write(‘дүйсенбі’);

2: Write(‘сейсенбі’);

3: Write(‘сәрсенбі’);

4: Write(‘бейсенбі’);

5: Write(‘жұма’);

6: Write(‘сенбі’);

7: Write(‘жексенбі’);

end;
ҚАЙТАЛАУ ОПЕРАТОРЛАРЫ

Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер — қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша құрылады.

Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалык цикл —FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл — WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл —REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы - уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқулы- ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып орындалады.

WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>; мұндағы қайталану шарты — логикалық өрнек, цикл тұлғасы — қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақиқат — true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған — false болса, циклді орындау доғарылып, while операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды.

WHILE операторынын жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде де оңай бейнелеуге болады.

WHILE <шарт>

DO

BEGIN



<1-оператор;>

<2-оператор;>

...


END;
Енді мысалдар қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет