Программа дисциплин Форма для студентов фсо пгу 18. 2/07



Дата16.06.2016
өлшемі285.76 Kb.
#141132
түріПрограмма
 

Программа дисциплин Форма

для студентов ФСО ПГУ 7.18.2/07



Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы
«Жас ерекшелік психологиясы» пәнінен
050119 – Шет тілі: екі шет тілі

мамандығы бойынша


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА


Павлодар





Ұстаз туралы мәлімет
Казбекова Муршида Елубайқызы – психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы

Ауд. 149, СҰӨЖ қабылдау күндері – сенбі күні, 149 ауд.


Пән туралы мәлімет

Қазіргі кезде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі қалыптаса бастады. Бұл жағдайда мұғалім тек ғылымдар саласынан хабарлама беруші ғана емес, сонымен бірге студенттердің дүнитанымдық іс-әрекетін өзбетінше бірігіп жұмыс орныдауын, ғылыми шығармасын ұйымдастырушы. Педагогикалық бағытта мамандар даярлауда оқу процесі жаңа оку әдістемесімен қамтамасыз етуде, жаңа оқу формалары ізденіс үстінде, соның бірі кредиттік технология арқылы оқыту.



Пәнді оқу мақсаты: жас ерекшелігі психологиясы- психология ғылымының негізгі саласының бірі болып есептеледі. Әсіресе, мамандыкқа бағытталған психологиялық білім мен іскерлікті меңгеру үшін мүғалімдік маманды алатын жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге Жас ерекшелігі психологиясы курсын оқыту міндет.

Міндеттері:

-болашақ мұғалімдерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру;

-мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу процесінде олардың бойындағы икемділігін, өзіндік қабілетін барынша дамытып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға баулу;

-кейбір жекелеген оқушылардың сабаққа үлгермеу себептерін анықтап, олардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын түзетіп отырудың тиімді жолдары мен пайдалы әдістерін іздестіру;

-жалпы тәрбие ісінің жемісті болуын қамтамасыз ету.

Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:

-тұлғаның оқу және дамуының негізгі ғылыми теориялық заңдылықтары мен принципін;

-отандық және шетел психолигиясындағы негізгі даму теорияларын;

-психикалқы дамудың алғы шарттары мен талаптарын;

-оқу мен қарым-қатынастың және іс-әрекеттің психикалық дамудағы байланыстарын.

Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:

-психологиялық көріністі психологиялық заңдылықтарға негіздей отырып талдау;

-тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби педагогикалық нәтижесін жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

-оқу процесінде студенттер өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көтерулері керек.



Пререквизиттер:

- философия, жалпы психология, физиология, әлеуметтану, педагогика.

Сабақ түрлері ұжымдық, топтық және жеке дара.

Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер емтихан тапсырады.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1.Возрастная и педагогическая психология /под. ред. А.В.Петровского М.,1986

2. Возрастная и недагогическая психология / под ред. МВ.Гамезо, М.В.Матюхиной, Т.С.Михальник-М.,1984 .

З.Возрастная психология /под ред.Л.Ф.Обуховой.-М.,1996

4.Детская психология /под ред.Я.Л.Коломинского,Е.Н.Панько-Минск.,1988

Люблинская А.А.Детская психология.,-М.1971

6.Мухина В.С.Возрастная психология.-М.,1998

7.Немов Р.С.Психология,В 3 кн. Кн.2.-М.,1995

8.Обухова Л.Ф.Детская психология.-М.,1995

9.Рыбалко Е.Ф.Возрастная дифференциальная психология.-ЛГУ.,1990



  1. Смирнова Е.О.Психология ребенка.-М.,1997

  2. Грейс Крайг.Психология развития.-СПб,2000

  3. Райе Ф.Психология подросткового и юношеского возраста.-СПб,2000.

13.Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии / под ред.И.П.Ильясова, В.Я.Ляудис-М.,1980

14.Аверин В.А. Психология детей и подростков. Уч. пособие 2-е изд. СПб, 1998.

15.Абрамова Г.С. Возрастная психология. Екатеринбург, 1999г.

16.Абрамова Г.С. Психология человеческой жизни: исследованиягеронтопсихологии М, 2001 г.

17.Мухина В.С. Детская психология М, 1999 г.Қосымша:

18.Выготский Л.С.Собр.соч.,: В 6 т.М. 1982-84.

19.Гальперни П.Я.,Запорожец А.В., Карпова С.Н. Актуальные проблемывозрастной психологии. М.МГУ.,1978

20.Леонтьев А.Н.Избр.психол.произв.: В 2 т.М. 1986 4.Кон И.С.Психология ранней юности. М.Просвещение.1989.

21.Лисина М.И.Проблемы онтогенеза общения.М. 1986

22.Мұқанов ММ. Жас және педагогикалық психология. А., 1982

23.Эльконин ДБ.Психология игры. М.:Педагогика,1978
Қосымша әдебиеттір тізімі:
24.Ұлттық психология. Елікбаев Б.Н. А., Қазақ университеті. 1992

25.Ұлттық психологияныњ сипаты. Жукеш К. А., 1993

26.Қызықты психология. Алдамұратов Ә. А., Қазақ университеті. 1992

27.Курс общей возрастной и пед. психологии. М.В.Гамезо. М., Просвещение, 1982

28.Общая психология. А.В.Петровский. М., Просвещение, 1986

29.Общая психология. В.В.Богословский. т.б. М., Просвещение, 1981

30.Хрестоматия по общей психологии. МГУ, 1979

31.Практикум по общей психологии. М., Просвещение, 1990

32.Практикум по возрастной и пед. психологии. М., Просвещение, 1981

33.Психология. Немов Р.С. М.ѓ, Просвещение, 1996.

34.Жантану негіздері. Сәбет БАП-БАБА. А., Дәнекер 2001.


Тематический план Форма



дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07

Пәннің тематикалық жоспары



Тақырыптардың атауы

Сағат саны

теор

семинар

СҰӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Жас және педагогикалық психологияның пәні, зерттеу әдістері және міндеттері

1

1

1

3

2

Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы

1

1




2

3

Мектеп жасына дейінгі баланың психикалык дамуы

1

1

1

2

4

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы және олардың жеке басын қалыптастыру

1

1

1

3

5

Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері және жеке басының қалыптасуы

1




1

3

6

Баланың жасөспірімдік психологиясы және жеке басының қалыптасуы.

1

1

1

3

7

Тәрбие психологиясы

1

1




2

8

Оқыту психологиясы




1

1

2

9

Ұстаз психологиясы

0,5

0,5

0,5

2,5

Барлығы 45

7,5

7,5

7,5

22,5


Теоретикалық курстың мазмұны

1 тақырып. Жас және педагогикалық психологияның пәні, зерттеу әдістері және міндеттері

Жас және педагогикалық психология пәні және оның міндеттері. Жас және педагогикалық, психологияның шығуы және дамуы туралы қысқаша тарихи мәлімет. Жас дамуы психологиясының негізгі тармақтары: мектепке дейіңгі балалар психологиясы, бастауыш мектеп жасындағы балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, ересек балалар (жасөспірім) психологиясы. Педагогикалық, психологияның тармақтары: тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы, оқыту психологиясы, жалпы және кәсіптік білім беру психологиясы, ұстаздық қызмет пен мұғалімнің жеке басының психологиясы. Жас дамуы мен педагогикалық психологияның жас ерекшелігі физиологиясымен, жалпы психологиямен, педагогикамен және жеке пәндерді оқыту методикасымен байланысты болуы.

Жас және педагогикалық психологияның зерттеу әдістері: бақыту, оның түрлері, эксперимент және оның түрлері. Сынақ (тест) әдісі. Социометрия әдісі. Анкета әдісі. Адамның психикалық дамуында мінез-құлықты анықтайтын әдістер.

Негізгі ұғымдар: психикалық даму, даралық сана, онтогенез, жетекші іс-әрекет, әрекеттану, интеллект (ақыл-ой), ғылыми пәннің зерттеу объектісі, әдіс, проблемды ситуация, методика, теориялық ойлау, психологиялық білім, психодиогностика.

2 тақырып. Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы

Жеке адамның психикалық дамуы мен жеке адамның қалыптасуы туралы ілім. Баланың психикалық дамуы мен оның жеке басының қасиеттерін қалыптасуда оқыту мен тәрбиенің шешуші маңызы, осы істердің өзара ұштастыра жүргізілуіне тәуелді екендігі. Мектеп оқушысының психикалық даму процесінде сыртқы факторлардың (экстероризация) ішкі факторларға айналуы. Таным процесінде қоғамдық пайдалы істердің нақтылы білімнің, ептілік пен дағдының ақыл-ой әрекеттері арқылы ішкі факторларға (интериоризацияға) айналуы.

Баланың сезімдік танымынын дамуы және оның түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгерулеріне тәуелді болатындығына. Баланың сыртқы болмысты қабылдап, оның әлеуметтік құбылыстар жайындағы түсініктердің қалыптасуына маңындағы адамдармен қарым-қатынас жасап, нәрселердің мән-жайын білуге тигізетін ықпалы. Баланың алдына қойған мақсаты мен тілегіне жету үшін талпынушы.

Бала психикасынын біркелкі дамымау себептері. Сенсорлык кемшілігі бар баланың психикалык дамуы. Бала психикасынын дамуындағы уақытша тоқырау-оқу тәрбие істерінің салғырт жүргізілуінен. Психикалық дамуды тездету (акселерация) проблемасы. Адам психикасынын дамуын кезеңдерге бөлу. Жас кезеңдеріне орай адам психикасының дамуы.



Негізгі ұғымдар: психикалық, даму, акселерация, даралық сана, өзіндік сана, адамгершілік, өзін-өзі бағалау, жеке адамның жас кезеңдеріндегі ерекшеліктері, даралық ерекшеліктер, білім, адамның қоғамдық тәжірибесінің нәтижесі, ептілік пен дағды, психикалық дамудың қозғаушы күші, акыл-ой әрекеттері, сезімдік таным, ақыл-ой мен ойлау әрекетімен жаттау, психикалық дамуды кезеңдерге бөлу.

3 тақырып. Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық, даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдеріне бөлінуі. Нәрестелер мен сәбилердің ересек адамдармен қарым-қатынасы және оның балалар психикасынын дамуына ықпалы. Сезім мүшелері мен қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дамуы. Олардың заттар мен құ-ралдарды пайдалану әрекеттері. Ойлануының ерекшеліктері мен сөйлеуінің дамуы. Сәбилер сөйлеуінің дамуындағы сензитивті (қарқынды) кезең. Үш жастағы баланың дамуындағы дағдарыс. Баланың ана тілін меңгеріп сөйлеуі. Ақыл-ойының даму ерекшеліктері және олардың адамның өмір тәжірибесінен үйреніп, әлеуметтік ортамен шындықты тани бастауы.

Мектеп жасына дейінгілердің психикалық дамуында ойынның негізгі рөлі. Баланың іс-әрекетіндегі оқу мен еңбек әрекетгері элементтері және мұндай әрекет түрлерінің баланың жеке басының өсіп жетілуіне ықпалы. Олардың іс-әрекеттеріндегі қылығы мен ниеттерін белгілі мақсатқа бағындыру. Мектепке дейінгілердің танып-білуге ынтасын арттыру. Осы кезеңде олардың ептілігін, дағдысын, әдетін, өзіндік ойлауын, адамгершілік қасиеттерімен әлеуметтік ортаға бейімделуін өрістету. Оларды жан-жақты тәрбиелеп, кемендендіру проблемасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен адамдар және өз құрбыларымен қарым-қатынастары, түрлі әрекеттеріне олардың сезім эмоциясының ерікті әрекеттерінің қалыптасуы.

Балалардың этикалық түсініктері мен адамгершілік қасиеттер жайындағы бастапқы ұғымдарының қалыптасуы. Олардын іс-әрекеттері мен қылықтарындағы негізгі ниеттері. Мектепке оқуға даярлаудын психологиялық ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуындағы уақытша кедергілерге ұшырау себептерінің психологиялық сипаты.



Негізгі ұғымдар: балдырғандарды жас кезеңдерге бөлу, мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттерінің жетекші түрі, сензитивті кезең, дағдарыс кезеңі, баланың тікелей сезімдік және нақты бейнелеу арқылы дүниетанымының дамуы, баланың шындықты жанама және жалпылау тәсілдері арқылы танымының өсуі, алты және жеті жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлау.

4 тақырып. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы және олардың жеке басын қалыптастыру

Баланың мектепке алғаш барып, оқуға түсуіне сәйкес психикасының өзгеруі. 6-7 жасар балаларды мектептегі оқу мен тәлім-тәрбиеге даярлаудың басты талаптары. Оқу - бастауыш класс оқушыларының психикалық дамуындағы іс-әрекет түрлерінің жетекші саласы. Бастауыш мектеп шәкірттерінің түрлі даму сатыларында оқу мен ойынды өзара ұштастырып жүргізудің динамикасы. Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басын қалыптастыру 1-4 класс оқушыларының оқуға ынталы болуы және езгелермен қарым-қатынасында мінез-құлықтарының өзгеруі. Олардың дүниетанымының дамуы мен өзіндік сипаты. Осы жастағы балалардың мінезінің қалыптаса басталуы. Олардың адамгершілік қасиеттерді түсініп, оларға еліктеп өсуі. Кіші мектеп жасындағылардын өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерінің ерістеуі (зейінділігі, қабылдау мен бақылампаздығы, есінің жетілуі, ақыл-ой әрекетінің өрістеуі, қиялының дамуы). Бастауыш мектеп жасындағылардың ауызша сөйлеуімен жазба сөзінің және үнсіз сөйлеуінің дамуы. Олардың психикалық жетілуінде сейлеу әрекеттерінің ролі.

Мұғалімнің бастауыш мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жеке басының өнегесі. Мектеп пен жанұяның баланы тәрбиелеу жұмысындағы бірлігі. Білім берудің көлемі, тереңдігі және оның жүйелі болуы. Оқу ісінің амал-тәсілдері. Балаларды еңбекке баулу және олардың еңбек дағдыларын қалыптастыру.

Ерікті іс-әрекеттерін дамытып, мінез-құлықтарын қалыптастыру. Адамгершілік қасиеттерін арттыру. Өзара қарым-қатынасын өрістетіп отыру тәжірибелері.



Негізгі ұғымдар: даралық, жеке адам, даралық ерекшелік, ақыл-ойдың дамуы, осы балалардың сезімдік әсерленуі, мінезіндегі адамгершілік нормалар, дүниетанымдық көзқарасы, жеке адамның бағыты, танымдық процесс, сенім, мектепте жеке пәндерді оқып үйренуге даярлығы.

5 тақырып. Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері және жеке басының қалыптасуы

Жеткіншек жастағылардың психикалық дамуындағы әлеуметтік факторлардың жетекші рөль атқарып, олардың жеке басының қалыптасуындағы ықпалы. Орта мектепке түсіп оқуына сәйкес оқушылардың өміріндегі сапалы өзгерістер: оқу процесінің күрделене түсуі, балалардың өзара қарым-қатынасы, мұғаліммен қатынасы, әртүрлі ұйымдарға кіруі, олардың қоғамдық істерге қатынасып, үй ішіндегі туған-туыстарымен қатынасының өзгеруі. Баланың жыныстык жағынан жетіле бастауы - оның денесі мен психикалық дамуына әсер ететін биологиялық қажетгі факторлар. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланысты болуы. Жеткіншектердің өрістеп отыратын өзбеттілік қажеттіліктері және оларды жүзеге асыруда кездесетін қайшылықтар.

Жеткіншек жасындағы балалар санасындағы өзіндік қате түсініктерінің мінез-құлқының жағымсыз жақтарын өрістетуге әсері және мұндай жәйттерді психикалық тұрғыдан түсіндіру. Жеткіншектердің жеке басындағы пайда болатын психикалық сапалар, олардың өзін-өзі бағалауы мен сана-сезімінің өсуі. Жеткіншектердің өзіндік қажеттілігін қанағаттандыру жолында алдына қоятын талабы, өзін бағалай білу, өзгелермен қарым-қатынасы, сезімі мен қызығуының өрістеуі, ниет-тілектері, ерік-жігері, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуы, кісілік қасиеттерді игеруге бейімділігі. Ұжымның жетекші рөлі, референттік топ, өзгелермен қарым-қатынасында жеке басының өсіп-жетілуі. Жеткіншек ұлдар мен қыз балалардың өзара қарым-қатынасы. Жеткіншектердің танымдык әрекеттерінің ерістеуі. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы сапалы өзгерістер. Ұлдар мен қыздардың психикалық дамуындағы жалпы сапалар мен айырмашылықтар. Жеткіншектердің психологиялық даралық өзгешеліктері және олардың психикалық даму заңдылықтары, мінез-құлқының қалыптасу сипаты.

Жеткіншектер арасындағы тәрбиесі "қиын" балалардың психикалық дамуы және қалыпты дамудан ауытқу себептері. Бала тәрбиесіндегі жанұяның рөлі, оның қателіктері. Жалпы даму процесінде психикалық кемістіктің "қиын" балалар мінезінің қалыптасуына әсері.

Жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу істерінің психологиялық негіздері және олармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері. Ұстаздық әдеп. Ұстаздық ықпал мен сенім. Оқушылардың қатар- құрбыларымен жүргізілетін істер және олардың мақсаты: - мүделерін қалыптастыру. Ата-аналармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының психологиялық принциптері.

Негізгі ұғымдар: жеткіншек жас, психикалық дамудағы биологиялық факторлар, жыныстык жетілу, жеке адам, өзіндік сана, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, референті топ, қатынас, достық, мүдде.

6 тақырып. Баланың жасөспірімдік психологиясы және жеке басының қалыптасуы

Баланың жасөспірімдік кезеңі және өзіндік ерекшеліктері. Жасөспірімнің оқу мен мамандыққа ұмтылуы. Олардың іс-әрекетіндегі жетекші сала. Жастардың оқу мен дүниетанымының өсуі және белгілі мамандықты игеруге ұмытылуы, ниет-тілектерінің бірлігі, олардың мінез-құлқының қалыптасуындағы шешуші фактор. Өзіндік санасының дамуы. Өзіндік даралық ерекшелігі мен кісілік қасиетін түсінуі. Жастардың дүниетанымының, табиғи-ғылыми, саяси, адамгершілік, эстетикалық таным-түсініктері мен сенімдерінің есіп жетілуі және қалыптасуы. Өзін-өзі бағалаумен өзгелерді бағалау. Жеке басының қоғамдық қажеттіліктері мен мүделерінің бірлігі. Олардың сезім дүниесі мен ерік-жігер, мақсат қасиеттерінің ерекшеліктері.

14-17 жас арасындағы жастардың ақыл-ой әрекеттерінің сыр-сипаты. Ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі мен теориялық ойлауын қалыптастыру. Ойшылдығы, арман-қиялы, мақсат-мұраты. Баланың жастық кезеңіндегі достық пен сүйіспеншілік сезімдері. Әсемдікті сезуі, талғамы мен қызығулары, ондай сезімдерін өрістетудің психологиялық ерекшеліктері.

Сыныптағы қатар-құрбыларымен, топ-аралас, өзара қатынастарының дамуы. Үлкен адамдармен қатынасы. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы.

Ұлдар мен қыздардың жеке басын қалыптастыруда қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануы, қоғамдық істерге араласу нәтижесінде олардың мамандық таңдауға ынталанып, психологиялық тұрғыдан даярлануы. Ересек жастағы мектеп оқушыларының еңбек етуге даярланып, мамандық тандауға икемделуі.

Жастардың белгілі мамандыққа бейімділігін, қабілеттерін және ынтасын қалыптастырудың психологиялық шарттары. Жастардың өзіндік ақыл-ой сапаларын қалыптастыра білуі - ғылым негіздерін игеріп, мамандыққа қажетті ептілік пен дағдыларды тиянақты меңгерулерінің кепілі. Жеке адамның белгілі мамандықты тандауының ұжымының қоғамдық пікірінің рөлі. Ұжым ішінде болу, олармен қарым-қатынас жасау, адамның творчестволық ойы мен қабілетін, адамгершілік қасиеттерін өрістетіп отыруына ықпал етуші қолайлы жағдай тудырушы факторлар екендігі. Өзін-өзі басқарумен өзіне-өзі қызмет көрсету тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі пайдалы құрал.

Негізгі ұғымдар: жеке адам, даралық, дүниетаным, өзіндік сана, әлеуметтік белсенділік, кәсіптік оқу әрекеті, еңбек сүйгіштік, кәсіптік бағдар, жыныс тәрбиесі, білім және әлеуметтік кемелдену, жас дамуы және оқыту, өзіндік ақыл-ой, шығармашылық ойлау, ұжымдық және еңбек сүйгіштік, оқу әрекетіндегі ниет, өздігінен білім алуға ептілігі, мамандық (квалификация), шеберлік.

7 тақырып. Тәрбие психологиясы

Тәрбие психологиясының басты міндеті жеке адамды қалыптастырудың психологиялық механизмін зерттеу. Іс-әрекет және жеке адамды қалыптастыру. Жеке адамның даму деңгейі мен оның белсенділігімен ара-катынасы. Ниеттің негізгі мақсаты - адамның қажеттіліктерін анықтау. Оқушылардың басты ниет-тілектерінің өсуі мен қалыптастыру заңдылықтары. Оқушының өзіндік ерекшелігі мен кісілік қасиеттерінің өзге адамдармен қарым-қатынасында айқын байқалуы. Жеке адамның өзіндік қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық механизмдері. Адамның тұғалық құрылымының өзгеру сипаты. Оқушының мінез-құлық қасиеттеріндегі уақытша қайшылықтардың кездесуі және олардың бірізді дамымау себептері. Тәрбие ісін меңгеру мәселесі және оның психологиялық мәні. Адамның сыртқы қимыл қозғалысы мен ішкі жан дүниесін билеуі. Адамның өзін-өзі тануы мен өз басын бағалауы тәрбие ісіндегі өзін-өзі билеу шарты. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның өзін билеудегі табандылығы. Оқушылардың ғылыми көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отырудың психологиялык негізі. Еңбекке баулудың психологиясы. Оқушыларға кәсіптік бағдар сілтеп, олардың мамандық тандауына психологиялық тұрғыдан даярлығын арттыру. Жас буынды тәрбиелеудегі жанұяның ролі. Тәлім-тәрбие істерін психологиялық тұрғыдан негіздеу. Оқушылардың тәрбиелік және әдептілік деңгейін анықтау мәселелері, ондай қасиеттерді қалыптастырудың тірегі мен көрсеткіштері.

Негізгі ұғымдар: жеке адам, іс-әрекет, жеке адамның қасиеттері, қатынас, ниет, ықлас-ынта, жеке бойындағы тұрақты адамгершілік қасиеттер, адамның өз мінез-құлқын басқару мен өзін-өзі тәрбиелеуі.

9 тақырып. Ұстаз психологиясы.

Ұстаздық қызмет. Ұстаздың психологиялық құрылымы. Мұғалімнің қызметі мен творчестволық ісінің педагогикалық сипаты. Мүғалім - оқу-тәрбие процестерінің ұйымдастырушысы. Мұғалім қызметінің мақсат-міндеті, оны жоспарлы ұйымдастыруы мақсатты істерін жүзеге асырып отыруда жетекшілік ролі. Оқушылардың іс-әрекеттерін белгілі мәселелерді шешуге бағдарлап, оларды ұйымдастырып, жүзеге асыруына қойылатын психологиялық талаптар. Оқу әрекетінде шәкірттердің өздік іс-қимылдарын дамыту. Мұғалім қызметінің жемісті болуын бағалап отыру өлшемі.

Мұғалімнің мамандығы мен ұстаздық кызметтің тұрақты сапалары: оның мақсатты істі орындауға табандылық көрсетуі, өз ниетгері мен қажеттіліктерін орындауға күш салуы, білімін жан-жақты өрістетіп отыруға ынта-жігерін жұмсауы, мамандық қабілетін жетілдіру, адамгершілік касиеттерін шындап, өз ісіне адал, ұстанымды (принципшыл), талап қойғыш және игі ниетті қасиеттерді меңгеруі. Оның жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелеу, оқу ісінде жауапкершілік пен борыштылықты терең сезінуі. Мұғалімнің кәсіптік маңызды сапасын қалыптастырып отыру. Балаларды сүю, оларға қамқорлық жасау, шәкірттердің жан дүниесін ұғыну, даралық ерекшеліктермен санаса отырып, әр қилы шиеленісті жағдайлардан тиімді жол тауып шығу сияқты игілі қасиеттер көрсету. Мұғалімнің сөйлеу тілі. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жасаудың психологиялық және педагогикалық мәселелері. Мұғалімнің сөйлеу мәнері және мінез-қүлқының шәкірттердің жеке басының қалыптасуына ықпалы. Ұстаз бен шәкірт арасындағы механизм. Мұғалімнің шәкіртгерінің жан дүиесінің сырын ұғынуы. Оқушыларға психологиялық мінездеме құрастыру. Ұстаздық әдеп және шәкірттердің өз ұстаздарын бағалау, құрмет тұтуының психологиялық ерекшіліктері. Мұғалімнің өздігінен білім көтеруі.

Мұғалімнің ізденімпаздық қызметі мен оны қалыптастыру жолдары. Мұғалімнің мектептегі ұстаздар ұжымымен қарым-қатынасы және мектепте бірізді шығамашылық, педагогикалық жұмыстарды жемісті етіп отыруда ұжымда жағымды іскерлік, адамгершілік және психология ахуал орнатудың маңызы.



Негізгі ұғымдар: педагогикалық қызмет, мұғалімнің ұстаздық қызметі, ұстаздық әрекет, педагогикалық жағдай, коммуникативті (байланыс жасау) және сөйлеу қабілеттері, ұстаздық қабілет, ұстаздық шеберлік, ұстаздық қызметтің мәнері, ұстаздық қатынас, ұстаздық әдеп, мұғалімнін беделі.

Күндізгі оқу бөлімінің СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу


7,5

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу


7,5


3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Баяндама


Баяндаманы қорғау

5

4

Өзіндік зерттеу жұмыстарын орындау, оларды тапсыру.

Конспект, кестелер т.б.


Коллоквиум немесе сынақ

4


5

Тақырыпқа сай тест құрастыру

Тест


Тесті тексеру

2

6

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Конспект


Аралық және қорытынды бақылау (тестілеу, емтихан)

4

Барлығы:

30



1 тақырып. Жас ерекшелік психология пәні

Жас ерекшелік психология – адам психикасының және де оның жеке тұлғасының онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі дамудың фактілері мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 15-25 бет, [3] 30-35 бет, қосымша әдебиет [4] 10-15 бет.

2 тақырып: Жетекші іс-әрекет және жетекші қарым-қатынас

Жетекші іс-әрекет деп баланың танымдық процестерінің дамуында үлкен жетістіктерін қамтитын іс-әрекет, ал жетекші қарым-қатынас – бала бойында негізгі жағымды жеке тұлғалық бітістер жақсы және тез бекітілетін қарым-қатынас. Балалардың жас дамуына қатысты жетекші іс-әрекет және қарым-қатынас түрлері.



3 тақырып: Ерте балалық шақ

Ерте балалық шақ бала өмірінде негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Ол оның болашақта психологиялық дамуын анықтайды.

Баланың психикалық дамуына тік жүре алуы өте әсер етеді. Ол балада сенімділікті, ересектерден дербестікті, және де қоршаған ортамен дербес және өз бетінше қарым-қатынасты қалыптастырады. Бала алатын заттардың көлемі кеңейеді, кеңстікте бағыт-бағдары және біршама тәуелсіздігі пайда болады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [5] 25-45 бет, [3] 55-75 бет, қосымша әдебиет [4] 14-26 бет



4 тақырып: Бастауыш мектеп шағындағы психикалық даму

Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктер. бастауыш мектеп шағы бала өмірінің 7жастан 10, 11-11жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—IV кластары). 7 жастан 10 жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [2] 14-26 бет, [3] 45-55 бет, қосымша әдебиет [4] 12-28 бет

5 тақырып: Нәрестенің психикалық дамуы

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің калыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше кадам жасауды үйренеді. 3-4 айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 25-36 бет, [3] 22-34 бет, ќосымша єдебиеттер [5] 8-25 бет

6 тақырып: Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы

Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (1-3 жасқа дейін). Бала психикасында алғашқы 3 жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [2] 121 –143 бет, [3] 55-75 бет, қосымша әдебиет [5] 144-161 бет

7 тақырып: Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақта (3-7 жасқа дейін) организмнін қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ұлпадар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуынын үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі.



Бақылау шаралардың календарлық графигі


1 рейтинг

Аптаның

1

2

3

4

5

6

7

8


РК

Балдар жинағы


Барынша көп бал, бақылау түрлерімен соның ішінде

2

15

2

15

2

15

2

17

20


100

Жұмыстардың қатысу, топта жұмыс


Лекцияның

2

2

2

2

2

2

2

2




16

Практикалық жұмыстың

2

2

2

2

2

2

2

2




16

Орындалу және үй тапсырмалардың қорғанышы

( СРС )


6

6

6

6

6

6

6

6




48

Шекаралық бақылау

























20

20

2 рейтинг

Аптаның

9

10

11

12

13

14

15

РК 2

Балдар жинағы


Барынша көп бал, бақылау түрлерімен соның ішінде

2

10

2

24

2

28

2

30

100

Жұмыстардың қатысу, топта жұмыс


Лекцияның

2

2

2

2

2

2

2




14

Практикалық жұмыстың

2

2

2

2

2

2

2




14

Орындалу және үй тапсырмалардың қорғанышы

( СРС )


6

6

6

6

6

6

6




42


Шекаралық бақылау






















30

30

У - қатысу, Дз - үй тапсырма , Б - бақылау жұмыс , П - практикалық жұмыс , РК - шекаралық бақылау

Қорытынды емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Көшіру емтихандарда немесе жазбаша жұмыстардың орындалуы жанында тиым салынған.

Қорытынды бағалау балдарда тәртіппен формуламен анықталады:

Р1+ Р 2

И =---------------*0,3+ Э



2

Қайда Р1, Р 2, КР , Э - балдар сәйкесті , толғандар 1-4 рейтинг қорытындылай , алынғандар орындалу сапасының артынан және қорғаныштың курстық жұмыстың және емтиханда , анықталатындар 100 сәнді шкалаға ;

0,3,0,2 және 0,5- лайықтылар таразылар үлестер, анықталғандар ғалыммен кеңеспен университетті.

Егер сіздер орташасыз бағалауды емтиханда алу ( кемірек 50 балл ), анау сіздердің қорытынды рейтингіңіз тәртіппен анықталмайды , ал ақпартізімге бағалау киіліп тозады « орташасыз ».



Бағыт саясаты
Академиялық мінез-құлық саясат және оқытушы әдептанулары және студенттерді университет ішкі тәртібі ережелеріне тиісті талапқа сай болу . Оқулық процесте белсенді қатысу қажетті қабылдау ( сұрақтардың орнатып қоюы оқылатын оқулық материалмен және өлшенген және қисынды жауаптардың беруі , оқуға арналған маңызды өз өзіне меншікті бақылауларымның келеді ). оқытушыға және курстастарға орынды қатысу. Қашан дауыстап рұқсат етілмейді оқытушы , әңгімелер сөйлегенде , екінші ескертуден кейін студент дәрісханадан алыстатылады . Жұмыстар өткізбеу ( ауру оқиғасында немесе басқа орынды себепке мәліметті қажетті пайдалануына беру ), жіберілген жұмыстар оқытушымен айқын уақытқа жұмыспен өтеу . Жұмыстарға кешікпеу ( кешігу мүмкін 5 минут , болмаған жағдайда студент жұмысқа рұқсат етілмейді . Алдын ала кешігу объективті себебін немесе кіргізуді қажетті хабарлау ). үй тапсырмалар талапты орындау . Дайын жазбаша материалдар дер кезінде тапсыру . Бақылау жұмыс уақытына көшіру , тестілеулер , емтиханды тиым салынған . Оқытушы кеңестерінің қатысуы міндетті . Жұмыстардың уақытына кәрез телефондар тиісті сөндірілген болу . Тиым салынған жұмыстардың уақытына шайнайтын өшіргішті шайнау .

Бағалаулардың ұсыну белгісі бағыт бөлек компоненттілерімен.

Тапсырмалардың дәл және дер кезінде орындалуы жанында барынша көп бал ұсынылады және бағыт жұмыстарының жүз пайыздық қатысуында .

Қатысу учётесі жанында және лекцияларға студент жұмыстары, практикалық жұмыста :

- лекцияларға қатысу , материал конспектілеуі -2 балл ( қатысу 1 балл , конспекті барысы 1 балл );

- қатысу практикалық жұмыста және топта белсенді жұмыс -2 балл ( қатысу 1 балл, белсенді жұмыс тапсырма дұрыс орындалуы 1 балл );

- орындалу және үй тапсырма қорғанышы -6 балл.

Бірінші 20 балл шекаралық бақылау құрастырады , екінші шекаралық бақылау -30 балл . Тестілеу түрінде өткізілуге . 20(30) сұрақ алдын ала ескерілген : сұраққа жауап дұрыс -1 балл .

Дұрыс жауаптардың саны қосындыланады .

Көрсетілген талаптардың орындалусызы жанында толықсыз немесе айып пұл балдарды ұсынылады

Айып пұл бал білімдердің бағалау схемасынан аралап шығуға орналастырады .

Мысалы :


Лекция қатысусызы ( орынды себепсіз ) (-1 балл талапқа сай болады );

(-1 балл лекция толықсыз конспектісі талапқа сай болады );

Қатысу практикалық жұмыста (-1 балл топ жұмысында қатысу ) және т. д.

Барынша көп және айып пұл балдардың арақатынастары есепке ала бағыт аяқтайтын бағалау шығарылады . Бағыт тәртіппен зачет беруімен аяқталынады . Зачетте белгілер келесілер болуға ескеру : әрбір сұраққа анықталады 100 балл , олардан :

100 балл - қойылған сұрақтарға жүйелі және жеткілікті жауап береді ;

85-75 балл - твёрдо материалды біледі, және жетекші сұрақтарсыз жауап береді , проблемамен әдебиетте реттейді ;

74-50 балл - біледі тек ең басты материал, проблемамен әдебиетте шатасады , жеткіліктісіз толық берілген сұрақтарға жауап береді ;

49-0 балл - жеткілікті толық және дұрыс жауап бере алмайды , соның ішінде және берілген сұрақтарға , проблемамен әдебиетті білмейді .



Жинағы емтиханда бағыт аяқтайтын 100 балл студент тиісті теріп алу .
Табыстарды тілейміз !

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет