3.Иерархиялык файлдық жүйе. Файлдық жүйенің барлық файлдары бағана деп аталатын құрылымда тұрғызылған. Бағана түбінде файлдық жүйенің түбі болады. Егер бағана түйіндері беттік болса, онда бұл файл каталогты файл болып табылады. Мүндай иерархиялық файлдық жүйеге ат қою әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.
Бірінші түрі - файлға ат қою, жақын каталогқа сай болады, яғни біз Ғ0 каталогына жақын болатын файлды қарастырсақ - бүл файл 1 немесе Ғ2 файлы болады. Мұндай жүйеде ат қойғанда аттар бір деңгейде қайталана бермейді. Басқа жағынан барлық файлдар бағана көмегімен байланысты болғандықтан, біз файлдық жүйеден накты нақты файлға жол ашатын, барлық файл атгарынан тұратын файлдың толық аты туралы айта аламыз. ҒЗ файлының толық аты мына түрде белгіленеді: /ҒО/Ғ1/ҒЗ/.
Мұндай ұйымдастыру толық және қысқа атты файлдармен жұмыс істеуге мүмкіңдік береді. Толық атты файлдың өз жолы бар, ал кез келген бағана түбінен кез келген түйінге дейін бір- ақ жол болады, демек осымен аттарды ерекшелеу мәселесі шешіледі. Алғаш рет бұл 60- жылдар соңында
Беркли университетінде жасалған Multex операциялық жүйесінде қолданды. Бұл шешім көптеген операциялық жүйелер нәтижесінде пайда болады. Бұл жүйенің құрылымы ат қою мәселесі болмаған жағдайда көп рет қолдану жұмыстарын ұйымдасыру үшін жақсы және мұндай жүйе өте жақсы жетістіктерге ие.
4. Персонификация және операциялық жүйедеі мәліметтерді қорғау. Бұл нюанс қарапайым сонымен қатар күрделі. Қарапайымдылығы – ол туралы бірнеше сөз ғана айтамыз, күрделігі – ұзақ айтылатын мәселелері бар.
Персонификация – бұл нақты қолдану идентификациялаудағы операциялық жүйе мүмкіндігі және осыған сәйкес мәліметтерді сақтау бойынша әрекеттер қабылдай аламыз.
Егер біз MS DOS операциялық жүйесін қарастыратын болсақ, онда ол - бір рет қолданылады. Операциялық жүйесінің екінші деңгейі - бұл қолдануларды тіркеуге мүміндік беретін операциялық жүйелер, бірак барлық қолданулар кейбір субъектілерді жинақтау түрінде көрсетіледі және бір-бірімен байланыспайды. Мұндай операциялық жүйелерге мысал ретінде main frame – компьютерлер үшін IBM фирмасының кейбір операциялық жүйелері бола алады. Мысалы, дәріс беруші тыңдаушыларының қайсы топтан екенін білмейді, бірақ барлық отырғандар оның курсын қолданушылар. Бұл бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман. Дәрісті тыңдау - бұл жақсы, бірақ осы дәріс беруші сұрак беру жаман, себебі ол бір күнде барлығынан сұрап үлгермейді. Оған барлық тындаушыларды қалайда бөлу керек, ал калай бөлу керек - белгісіз.
Осындай персонификация жағдайында функциялармен қамтамасіз етеді, бірақ ұйымдастыру қолдану тобының түзілуін болжамайды.
Құрылымдық ұйымдастыру тәсілдері. Құрылымдық ұйымдастыру – файлдық ақпараттарды орналастыру ережелерін анықтайды.
Құрылымдық ұйыдастыруды былай ажыратады:
байланысты файлдарды орналастыру
байланыссыз файлдарды орналастыру
Байланысты үлестіру кезінде файлдық. ақпаратты элементтері физикалық тасушыда орналасады. Адрестік аймақ бойынша (диск үшін-бұл секторлар). Мұндай тәсіл үздіксіз файлдар үшін тән, дискті кеңістікті қолданумен тиімді..
Бастапқы кемшіліктері - оның жеке элементтеріне жету және файл тазалауындағы қиындық. Бұдан басқа жазуларды есепке алуды жүргізу және дискті кеңістікті қолдану бөлшектер деңгейінде жүргізіледі. Блокты файлдарды тарату стратегиясы едәуір тиімді болып табылады. Бұл жағдайда араласқан бөлшектер үздіксіз немесе ауыспалы өлшем блоктарында біріктіріледі.
Байланыссыз үлестіру кезінде файлға жады бөлінеді, тасушының элементтері ретінде секторлар немесе блоктар болуы мүмкін. Бұл жағдайда басқару жүйесі бос блоктар немесе секторлардың тізімін жүргізеді. Олар қажет уақытта бөлінеді. Әр бөлінген кезде бос блок босатылып және оны сұраған файлдың бөлінген секторына байланыстырады.
Тізімде бос секторлар немесе блоктар қалмаған жағдайда жадыны бөлуге оның бос болмағандығынан бұғатталу фазасы болады.
Файлдарды ұйымдастырудың блоктік тәсілдері.
Блоктык тізбекті құрылым
Белгілер
Адрестік бөлік деректер теруімен байланысқан және осымен байланысты келесі блоктың адресін табу үшін оны ОЖ-дыға оқу қажет..
Қарапайым орындалуы (блоктарды тізімге қосу және алу).
Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі ол тізбекті блоктардың ішіндегі блоктарға тікелей қатынау мүмкінділінің жоқтығы. Белгілі кемшілікті жою үшін келесі тәсіл қолданылады, ол блоктты индексті үлестіру тәсілі..
2. Файлдарды блокты-индексті үлестіру.
Бұл кестелерде жолды енгізу үшін өрістер бар.
І-қадам. Индексті блокты файлға жалғау (тіркеу).
Физикалық блоктар алдын ала индексті блокқа жалғанбайды.
2-қадам. Әр физикалық блоктың файлмен байланысуы индексті тізімнің элементіне белгіленген блок адресі жазылуы арқылы жасалынады.
3-қадам. Блокқа адрестеу индексті белгілеу арқылы жасалынады.
3. Файлдар картасы арқылы үлестіру.
FAT файлдар үлестіру картасы. Бұл кестінң сыйымдылығы тасушыдағы деректер блогінің санына тең.
0... I 5-тасушыдағы физикалық адресі. Бұл үлестіру вариантында FAT блоктан бөлінген. FAT –та әр файлға блокаралық байланыс тізбекшесі беріледі..
Кестені қалыптастыру үшін екі өлшемді жиын қолданылады., мұнда жол саны дискідегі физикалық блок санына тең. Кестедегі элементтердің позициялайтын нөмірі дискідегі блок нөміріне сәйкес. Массивтің екінші элементі ағымдағы нөмірді байланыстырады және сілтейді. Әр ағымдағы нөмір тек қана беруімен байланысады. Директоридің адрестік бөлігінде тізбекшінің басқа блогінің адресі беріледі.
Блоктың ерекшелену принципі.
Стандарт-ерекшелену-файлды құру, файлға бірінші бос блокті қосымша блоктардан таусылғанша болады және бір блокты бірнеше файл қолдануы мүмкін емес. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі ол жұмыстың тиімділігі әсер ететін дискілік жадының колемінің шектелуі.
Файлдық жүйе менеджері (ФЖМ) файлдық жүйедегі қажеттіліктердің жұмыс істеу тәртібін түзеді. Әрбір жеке талап осы тізімнің элементтері түрінде көрсетіледі (жүйелік тізім элементі ЖТЭ).
Сонымен ФЖМ функциясы екі параллель немесе тәуелсіз үрдістерді басқаруда анықталады:
Үрдістен файлдық жүйеге талаптар.
Талаптарга кызмет көрсету
Менеджердің нақты функциялары фазалар бойынша аяқталады:
I -фаза: оларды жұмыс істеу тізіміне қажет үрдістерден талаптар бойынша жүйелік тізім элементтірі.
2- фаза: жұмыс істеу тізімініне элементті таңдау және оның файлдық жүйе қызметіне берілуі.
Файлдық жүйе менеджерінің функциялану механизмдері синхронды қызмет ету жағдайына келіп түскен талаптардың біреуі ғана қабылданады (калғаны жабылады).
Асинхронды сұлба түрі - дестеленген қызмет ету. Талаптар жұмыс тізіміне асинхронды дестеленіледі. Элементтер талаптар түсудің шамасы бойынша белгілі қадамға дейін түзіледі, содан кейін екінші фаза толығымен толтырылады. Одан келіп түскен талаптар не жабылып қалуы мүмкін, не болмаса қабылдануы мүмкін.
ФЖМ- толық асинхронды кызмет ету барысында екі тәуелсіз урдіс түзеді
1 - олардың түзілу шамасы бойынша
2 – олардың қызмет етуі.
ФЖМ негізгі функциялары сұлбамен және жүйелік тізім элементтері аныкталады.
ЖТЭ- бұл нақты файл бойынша талаптарға қызмет ету үшін қажетті мәліметтер келтірілген параметрлік кесте.
ЖТЭ мыналар кіреді:
файл аты және файлдық жүйе бойынша анықталатын талап етілген функция
талап етілген үрдіске қайтарылатын мәлімет коды.
тарату қызметі үшін арна нөмсрі, яғни физикалық құрылғы және оперативті жады арасындағы деректреді беру
Жады картасының индексі - файл және оперативті жады арасындағы деректер алмасу арқылы жады мекенін анықтау