Программа дисциплины для студентов


UNIX жүйесіне арналған үрдістер иерархиясы



бет16/44
Дата14.03.2023
өлшемі1.8 Mb.
#470786
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
БА дарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж П н ба дарламасы (Syll

UNIX жүйесіне арналған үрдістер иерархиясы

Windows -та үрдістер иерархиясы түсінігі жоқ. Бірақ аталық үрдіске, еншілес үрдісті бақылауға мүмкіндік беретін, арнайы таңбалағыш (маркер) беруге болады.


Үрдістердің қалып-күйі
Үрдістің үш қалып-күйі бар:

  • Орындалу (орынға процессор ие болады)

  • Даярлық (басқа үрдіске орындалуға рұқсат ету үшін үрдіс уақытша тоқтатылған)

  • Күту (үрдіс өзінің ішкі себептеріне байланысты іске қосыла алмауы мүмкін, мысалы, енгізу/шығару операцияларын күте отырып)




Қалып-күй арасындағы мүмкін болатын ауысулар
1. Үрдіс блокталады, енгізілетін мәліметтерді күте отырып
2. Жоспарлаушы басқа үрдісті таңдайды
3. Жоспарлаушы тап осы үрдісті таңдайды
4. Енгізілетін мәліметтер түсті
2-ші және 3-ші ауысулар операциялық жүйенің үрдістерді жоспарлаушысы арқылы шақырылады. Үрдістердің өздері осы ауысулар туралы тіпті білмейді. Үрдістердің көзқарасы бойынша орындалудың және күтудің екі қалып-күйі бар. Серверлерде клиент сауалына жауапты тездету үшін, жиі күту тәртібіне бірнеше үрдісті жүктейді. Сервер сауалды алғаннан кейін, үрдіс «күту» тәртібінен «орындалу» тәртібіне ауысады. Бұл ауысу жаңа үрдісті іске қосқаннан көрі едәуір тез орындалады.
Ағындар (жіптер, жеңілдетілген үрдіс)
Ағын түсінігі
Әрбір үрдіске адрестік кеңістік және орындалатын командалардың жеке ағыны сәйкес келеді. Клиентке қызмет көрсету үшін көп пайдаланылатын жүйелерде бір сервиске әрбір қатынаған сайын жаңа үрдіс құруға тура келеді. Бұл, осы үрдіс ішінде бір адрестік кеңістігі бар квазипаралельді ағын құруға қарағанда кемірек пайдалы.

Көпағынды жүйені бірағынды жүйемен салыстыру
Ағын үлгісі
Әрбір ағынмен байланысады:

Ағындар өзара өз үрдісінің элементтерін бөледі:

  • Адрестік кеңістікті

  • Глобальды айнымалыларды

  • Ашық файлдарды

  • Таймерлерді

  • Семафорларды

  • Статистикалық ақпараттарды.
    Қалғанында үлгі үрдістердің үлгілеріне ұқсас.

POSIX және Windows -та түйін деңгейінде ағындардың сүйеуі бар.
Linux –те ағындарды құруға арналған clone атты жаңа жүйелік шақыру бар. Бұл UNIX жүйесінің барлық қалған версияларында жоқ.
POSIX –те ағындарды құруға арналған pthread_create жаңа жүйелік шақыру бар.
Windows –та ағындарды құруға арналған Createthread жаңа жүйелік шақыру бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет