Программа дисциплины (syllabus) Павлодар, 2013 Лист утверждения программы дисциплины (Syllabus)



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3

Титульный лист программы

дисциплины (SYLLABUS)






Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19


Министерство образования и науки Республики Казахстан


Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова
Кафедра «Производство и стандартизация строительных материалов»

ПРОГРАММА ДИСЦИПЛИНЫ (SYLLABUS)

Павлодар, 2013





Лист утверждения

программы дисциплины

(Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19





УТВЕРЖДАЮ

Декан АСФ

__________ М.К. Кудерин

«___»__________20___ г.


Составитель: __________ ст. преподаватель Абильдинова Г.К.


Кафедра «Производство и стандартизация строительных материалов»
Программа дисциплины (Syllabus)

для студентов очной формы обучения специальности 5В010700 «Изобразительное искусство и черчение»


Программа разработана на основании рабочей учебной программы, утверждённой «___» ___________ 20___ г.


Рекомендована на заседании кафедры от «___»___________20___ г.

Протокол №____
Заведующий кафедрой __________ Станевич В.Т. «___» _________20___ г.

Одобрена учебно-методическим советом архитектурно-строительного факультета «___» ___________ 20___ г. Протокол № _______


Председатель УМС ___________ Жукенова Г.А. «___» __________ 20___ г.




1. Паспорт учебной дисциплины
Наименование дисциплины: профессиональный казахский язык
Дисциплина вузовского компонента

Количество кредитов и сроки изучения

Всего –2 кредита

Курс: 2

Семестр: 3



Всего аудиторных занятий – 30 часов

Лекции - нет

Практические /семинарские занятия – 30 часов

Лабораторные - нет

СРС – 60 часов

в том числе СРСП – 15 час

Общая трудоемкость - 90 часов
Форма контроля

Экзамен – 3 семестр


2. Предмет, цели и задачи
Предмет дисциплины: дисциплина профессиональный казахский язык составляет основу языковой подготовки, позволяющих общаться и читать литературу по профессии на разных языках.
Цель преподавания дисциплины: формирование компетенции профессионального общения на казахском языке студентов групп с русским языком обучения на основе учета языка специальности.
Задачи изучения дисциплины:

Основными задачами изучения дисциплины является:

- изучение казахского языка как средства профессионального общения;

- освоить казахский язык как средство делового общения;

- обогащение знаний студентов энциклопедическими и интеллектуально- культурными сведениями о специальности.
3. Требования к знаниям, умениям, навыкам и компетенциям
В результате изучения данной дисциплины студенты должны:

знать:


- лексико-грамматический строй речи казахского языка;

- - языковую систему и стилистические ресурсы на лексико-грамматическом уровне;

- - язык специальности (терминологический минимум, минимум речевых тем);

- язык и особенности делового общения (лексико-грамматический минимум, минимум этикетных формул и правил, типы и виды служебных документов);

уметь:

- анализировать языковые и стилистические средства;



- вести служебно-деловые беседы, переговоры;

- создавать тексты научного, делового, публицистического стиля;

- строить высказывания-монологи в рамках языка профессии и специальности;

иметь практический опыт:

- употребления языковых средств в общении;

- строить стратегию общения для достижения успешной коммуникации;

- правильно оформлять официальную служебно-деловую документацию.

быть компетентным:



– в диалогической и монологической речи на казахском языке в устной/письменной форме.

4 Тематический план изучения дисциплины
Распределение академических часов по видам занятий


п/п

Наименование тем

Количество аудиторных часов по видам занятий

СРС

лекции

практические (семинарские)

лабораторные студийные, индивидульные

Всего


в том числе СРСП

1

Тема 1 Байланыстырып сөйледің кейбір психологиялық педагогикалық және лингвистикалық ерекшіліктері

-

5

-

10

2

2

Тема 2 Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары




5

-

10

3

3

Тема 3 Кәсіби тілдің стиль нормалары

-

5

-

10

3

4

Тема 4 Терминдік сөздер. Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы

-

5

-

10

2

5

Тема 5 Кәсіби стильде мәдениетті сөйлеу

-

5

-

10

2

6

Тема 6 Кәсіби кездесулер, оған қажет коммуникативтік дағдылар

-

5

-

10

3




Всего:180 (4 кредита)




30

-

60

15


5. Список литературы:

Основная


1) Бектұров Ш. К., Бектұрова А. Ш. Казахский язык для всех. – Алматы : Атамұра, 2008.

2) Бектұров Ш. К. Қазақ тілі. – Алматы : Атамұра, 2009.

3) Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. – Алматы : Арыс, 2007.

4) Франк В. Ю. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. – Алматы : Болашақ балапандары, 2009.

5) Зейнулина А. Ф., Рахимжанов К.Х., Акошева М.К. Практический курс казахского языка для стройтельных специальностей. Учебник. – Павлодар, 2003 – 241 с.
Дополнительная

1) Зейнулина А.Ф., Балпанов Н. М. Кәсіби-іскери қазақ тілі. - Павлодар, 2007.

2) Зейнулина А. Ф., Жұмабаева З. Е., Шаһарман Ә. П., Пазыл Ә. Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. – 2009.

3) Зейнулина А. Ф. Кәсіби қазақ тілі : ақпараттық жүйелер, информатика. -2012.

4) Төлеуп М. М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту : оқу құралы. - Алматы, 2005.


7. Содержание практических занятий – 30 часов

1 апта

БІРІНШІ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Байланыстырып сөйледің кейбір психологиялық педагогикалық және лингвистикалық ерекшіліктері»

Грамматика: Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, оларды сауатты жазуға дағдыландыру


  1. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз.

Жобалау, салу, кешен, таңдандыру, күйдірілген кірпіш, сом тас, капитель (колоннаның үстіңгі бөлігі), ордер (колонна тәрізді бағаналардан құралған композиция), ғибадатхана (храм), тоғысу, құрылыс қаңқасы.

  1. «Салу» етістігінің түрлі контексте қолданылуына сөйлем жазыңыз.

Үлгі: Хат салу; жол салу; су салу; көз салу т.б.

  1. Мәтінді оқыңыз.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни «құрылысшы» деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар адамның әр түрлі қажеттіліктерін атқаруға арналған және оның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Ніл, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді.

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан елдің бірі – Грекия. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, ал олардың ұшар басы «капитель» деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Римнің таңқаларлық құрылыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда «ордерлер жүйесі» қолданылды.

Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды.

Ал, Готика стилінің ерекшелігі – оның құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Соборға бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған.

Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған.



Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

4. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Сәулет өнері қандай өнерлерді тоғыстырады?

2. Мәтінде сәулет өнерінің қандай стильдері жайлы сөз болған?

3. Әр стильдің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?



Грамматика: заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

(обозначение факта возникновения/исчезновения предмета, явления, состояния)



Назар аударыңыз!

Пайда болу фактісі пайда болу, көріну, құрылу, қалыптасу, орнау (глаголы обозначающие факт возникновения) сияқты етістіктерімен беріледі. Олар субъектінің көңіл күйінде, ойында бір нәрсенің пайда болуын пайда болды, ой туды, оянды, орнады, қалыптасты т.б. етістіктермен береді.

Мысалы: қызығушылық пайда болды, ой туды, сенім пайда болды, үміті оянды, күдік туды /пайда болды, пікір қалыптасты.

1-жаттығу. Пайда болу фактісін білдіретін етістіктерге назар аударыңыз. Өзіңіз мысалдар жазыңыз.

Органикалық заттар Күн энергиясының негізінен пайда болады. Лингвистикалық университет шет тілдері институты негізінде құрылды. Бұлт судың булануынан пайда болады. Күлтегін жазуы ІV ғасырда пайда болды. Аспанда ай көрінді (появилась). Шахмат ең алғаш Индияда пайда болды (появилcя). «Білім және ғылым» журналында дельфиндер туралы қызық мақала шықты (появилась). Көптеген ғалымдар тірі материя ең алғаш сулы ортада пайда болды деп санайды. Сәуірдің соңында ағаштарда алғашқы жапырақтар пайда болады.

(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан 132-133 бет)

2-жаттығу. Мәтін бойынша пайда болу фактісін білдіретін сұхбат жазыңыз.

Үлгі:

- «Архитектура» сөзі қандай ұғымнан пайда болды?

- --------------------------------------------------------------- .

- Архитектура туындылары нені қалыптастырды?

- -------------------------------------------------------------- .

- Тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіптік кешендер қандай мақсатпен салынды?

- --------------------------------------------------------------------------------------- .

- Ніл, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында қандай мемлекеттер пайда болып, сәулет туындылары дүниеге келді?

- ----------------------------------------------------------------------------------------- .


Екінші сабақ. (Мәтіннің жалғасы)
Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі. Еуропа елдерінде 17–19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған.

Шығыс архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды.



Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Мәтін тақырыбы не туралы?

2.Мәтіндегі мамандығыңызға қатысты кәсіби сөздердің астын сызыңыз.

3.Мәтіннен нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз.

4.Мәтінде сәулет өнеріне тән қандай стильдер жайлы сөз болады?

5.Шығыс стилінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

6.Сізге сәулет өнерінің қандай стилі ұнайды?

7.Өзіңізге ұнаған сәулет стилінің бір туындысы туралы әңгімелеңіз.



БӨЖ тақырыбы: Шығыс сәулеті жайлы материалдар дайындаңыз

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Сәулет өнерінің даму тарихы туралы айтыңыз.

2. Сәулет өнерінің қандай стильдерін білесіз?

3. Ұлттық сәулет өнері туралы ақпарат дайындаңыз.


Сабақтың тақырыбы: «Құрылыс материалдары»
Грамматика: Зат есімнің түрлері. Жалғауды қайталау.
Сабақтың мақсаты: студенттердің құрылыс материалдары бойынша сөздік қорын молайту, оларды күнделікті сөйлеуде қолдана білуге дағдыландыру, сауатты жазуын қадағалау.

Ойтүрткі сұрақтар:

1.Қандай құрылыс материалдарын білесіз?

2.Табиғи күйінде қолданылатын құрылыс материалдырының түрлері бар ма?

3.Жасанды құрылыс материалдарын атаңыз.



1. Мәтінді оқыңыз.

Құрылыс материалдары

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:



  • табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

  • органикалық  (қарамай, синтетикалық шайыр , т.б.) және бейорганикалық  (цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

  • жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика , бетон , темір – бетон, асбест, цемент, темір және силикаттан жасалған бұйымдар);

  • ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

  • металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, рельстер құбырлар, 

  • синтетикалық шайырлар мен пластмасса линолеумпенопласт т.б.

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады.

Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді.

Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан құрылыстық қоспалар дайындалады.

Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай

1) байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары;

2) саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын материалдар болып бөлінеді.

Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Металдардан, негізінен, болат құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады.
2. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз:

қиыршық тас (щебня), қарамай, шайыр(смола), шыны,іргетас, жылыту жүйелері, жабын материалдары.



Үлгі: Үйге құрылыс үшін қиыршық тас әкелінді.

3. Төмендегі сөйлемдерді тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.

Мен жақында ... қала... бардым. Қала өте ... . Онда ... ... көптеп салынып жатыр екен. Ғимараттар тым ..., ... . Бұл қалада мен... дос... тұрады. Мен Академия... магистатурасы... оқуға түскенмін. Академия ма... жатақхана... орын берді. Менің дос... пирамида... жанында тұрады. Мен жексенбі күні досым... үй... барамын. Пирамида... жанында үлкен жаңа мешіт салын... . Оған да бар... .


4. Оқытушының көмегімен төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап, ұғып алыңыз.

Құрылыс индустриясы, өнеркәсіптің қайта дамуы, үлкен белсенділік, құрылыс нысандары, сыртқа шығаратын заттар, ішке кіргізетін заттар, алға басу үстінде, өнімнің құндылығы, шаралар белгілеу.



Екінші сабақ

  1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Қамтамасыз ету, ішкі нарық, құрғақ қоспа, саусақпен санарлықтай, сұраныс, алыпсатарлар, тапшы, сең қозғалды, тасымалдау, мәрмәр.


  1. Мәтінді оқымағынасын ұғып алыңыз.

Құрылыс заттарын қашанғы сырттан тасимыз?

Бүгінде Қазақстан қарқынды құ­ры­­­лыс алаңына айналып отыр. Құры­лыс саласына қажетті материалдардың көбі шеттен тасы­мал­дануда. Отандық өнім жоқ деп айтуға болмас. Дегенмен отан­дық құрылыс материал­дарын өндіретін кәсіп­орын­дардың барлығы өнім өндірсе де, ішкі нарық­ты толық қамтамасыз ете алмайды. Индус­т­рия және сауда ми­нистр­лігінің мәліметтері бойынша, қа­зақстандық құрылыс компаниялары жыл сайын 900 миллион доллардың құрылыс материал­дарын сырттан әкеледі екен. Техника ғылымының докторы Медiрбай Сә­дуақас­ов: «Еліміздегі компаниялардың 90 па­йы­зы шетел­ден әкелiнетiн құрылыс заттарымен жұ­мыс iстеуге мәжбүр. Елімізде құрылыс өнiмдерiн шы­­ға­ратын за­уыт­тар баршылық, бірақ ол зауыттар­дың өнiм­ге қосатын құр­ғақ қоспаларының барлығы шет­­елден әкелiнедi. Сол себептен де құрылыс ма­териалдарының бағасы да қым­бат», – дейді. 

Үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың бірі – цемент. Оны өндіретін өндіріс орындары елімізде сау­сақпен санарлықтай ғана. Жамбыл облысындағы Мың­арал цемент зауыты мен Шымкенттегі цемент зауыты, Састөбе зауыты бар. Құры­лысқа аса қажетті материалдың бірі – ағаш өнімдері. Үйдің еденінен бастап, шатырын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті ағаш­тарды амалсыз тағы да шеттен тасы­мал­даймыз. Еліміз орман қорымен мақ­тана алмайды.. Сол себептен де осы аса құнды материалды импорттауда Ресей алдыңғы орында. Одан бөлек линолеум, терезе, тұсқағаз, әйнек, шегеге дейін шетелден тасымалданады. Күйген кірпіш, шлако­­блок өндіретін кішігірім өндіріс орындары бар. Бірақ оның өзі де аз.
Отандық өндірушілердің арасында бетон плита шығаратын салада Павлодар қаласындағы «Казстрой-меридиан» ЖШС сияқты бірді-екілі ғана өндіріс орындары бар. Былтыр Шымкентте де шеге шығаратын цех ашылды. Бірақ өнім отандық болғанымен, оны шығаруға атсалысатын технологиялар­дың бәрі шетелдікі. Бетон плитаны немістің технологиясымен шығарса, шегені Қытайдың техникасы жасап шығарады.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА

  3.   Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Мәтінде қандай мәселе туралы айтылады?

ә) Мәтіндегі кәсіби сөздерді анықтап, астын сызыңыз.

б) Мәтінде тұрақты тіркестер кездесе ме, анықтаңыз.

в) Мәтінде сіздің мамандығыңыздан басқа қай саланың терминдері жиі кездеседі?

г) Еліміздегі құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орны туралы ақпарат дайындаңыз.



  1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ішкі рыноктағы тұтыну, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа еңбек орындары, мақсатқа қол жеткізу.


5. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Төмендегі сөйлемді толықтырыңыз.

Қазір елдің әлеуметтік-экономикалық ... жақсарды.

А.тұрмысы

Ә. өмірі

Б. жағдайы

2. «Қайта даму» сөзінің синонимі

А. жаңару.

Ә. жақсару

Б. өркендеу

3. Құрылыс өндірісіне қажетті материалдарды көрсетіңіз.

А. жоба, дизайн, зауыт, техника

Ә.ғимарат, цемент, бояу, металл өнімдері

Б. қоспалар, резина, пластмасса бұйымдары, керамика

4. Жіктік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.

А. қызметтесің

Ә. қызметтессің

Б. қызметтес

5. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.

Алматы арналған қаласында басқосу болды өндіру мәселесіне жуырда құрылыс материалдарын.

А. 1,2,5, 7,6,3.

Ә. 6,1,3,7,5,2,4.

Б. 6,1,4,3,7,2,5




БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандағы құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз?

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Құрылыс материалдарының түрлері туралы айтыңыз.

2. Заманауи құрылыс материалдарының ерекшеліктері мен жасалу технологиясы туралы не білесіз?

3. Отандық құрылыс материалдарының өндірісі туралы мәлімет дайындаңыз.



3 апта

Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй»

Грамматика: септік жалғауларын қайталау

Сабақтың мақсаты: студенттердің киіз үй және оның құрылысы жайлы мағлұматтарын кеңейту, кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту және берілген ақпараттар нәтижесінде олардың танымдық қабілетін арттыру, жаңа терминдермен таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.


  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының даму көзі-тілі, діні, салт-дәстүрі. Біз осы уақытқа шейін ғылым мен білімге тек еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз.



Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда, бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді.

Балманова Г.С.

  1. Жаңа сөздердің аудармасын жазыңыз.


Ежелгі- Ыңғайлы -

Баспана - ауа алмасу-

Ағаш - Көшпелі құрылыс –

Киіз - дауылға шайқалмайды -

Ши - күмбез –


  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.


Үлгі: Қазақтың ежелгі баспанасы – киіз үй.



  1. Тиісті сөздерді мағынасына қарай орнына қойып, мәтінді толықтырыңыз.

Киіз үй – көптеген ... бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ... халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше ... болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. 2 мыңжылдық тың соңы – 1 мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы ... тұрғын жайлар пайда бола бастады.

Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз ... кезіп жүрген. Арба үстіндегі жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.


Керекті сөздер: ежелгі, үй-ордалар, жылжымалы, тұрғын, ғасырлар, қолайлы.
5. Кестені толтырыңыз.



Сөздер

атау

ілік

барыс

табыс

жатыс

шығыс

көмектес

халықтың






















баспанамен






















тұрмысы






















даласында






















ағаштан






















киіз үйін























Екінші сабақ

1. Мәтінді оқыңыз.

Киіз үй өлшемдері.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады: 1) үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері); 2) киіздері (ши де осыған кіреді); 3) бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары). Киіз үй бөліктерін дайындағанда, экологиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни олардың құрамында ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін синтетикалық қоспалары жоқ.

Киіз үйді тіккенде, алдымен керегелерді бір–біріне қосып, оның екі жағы есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан–жағынан уық шаншылады. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабылып, түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабылады да, ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады.


2. Мәтіннен киіз үй құруға қажетті заттардың атын тауып, теріп жазыңыз.
3. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.
Киіз үй жасаулары

Сағақты кереге

Шаңырақ біреу,

Шаңыраққа сексен уық болар тіреу

Алты қанат боз үй дейсің мұны,

Сынамаққа сұрай қалса біреу-міреу.

Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,

Керегенің басында адалбақан.

Төрдегі текеметке малдас құрып

Көнеден хикаясын шертер атаң.

Іргеден маңдай төсеп еспе желге

Қымыз іш


Сырқат қалмас еш денеңде.

Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық

Артық мүлік болмайды көшпелі елде.

Тап-таза,

Есетұғын ауасы жас,

Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.

Жылы, жеңіл

Тігуі, жығуы оңай

Үй басуды үйренер зерделі жас.
4. Жоғарыда берілген өлең жолдарынан қазіргі кезде тұрмыста қолданбайтын (көнерген сөздер) заттардың атауын тауып жазыңыз.
БӨЖ: Киіз үй материалдарының физикалық қасиеттері жайлы ақпарат дайындаңыз.
Ағымдық бақылау тапсырмалары:
1. Киіз үй құрылысы туралы айтыңыз.

2. Киіз үй құруға қажетті заттарды атаңыз.

3. Киіз үйдің физикалық қасиеті туралы не білесіз?
4 апта

Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ағашқа ою салу өнер».

Грамматика: етістіктің өткен шақ категориясы

Сабақтың мақсаты:  студенттерге кәсіби мәтін негізінде ағаш өнері жайлы мағлұмат беру, олардың танымдық қабілетін арттыру және сөздік қорын молайту, жаңа терминдермен таныстыру, мемлекеттік тілде ауызша жылдам әрі сауатты сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.


  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.


Ағашқа ою салу өнерi.
Ағашқа ою салу өнерi Қазақстанның солтүстiк аудандардан бастап барлық аумақтарға кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен тығыз байланысты. Ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаудың да ағаш оюы өнеріне қатысы көп. Мысалы, киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер, түрлі тоқымалар, кестелеу сияқты халық өнерiнiң түрлерi киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп отырған. Үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған.

Қазақтардың ағашты өңдеп, пайдалануы, ең алдымен, оның көшпендi өмiр салтының қажетiн өтеуге байланысты болған. Киiз үйдiң сүйегi мен есiгі, босағасы ағаштан жасалған. Киiз үйдiң сүйегiне әдетте ою салынбаған, ал есiк пен жиналмалы босағаларға ою ойылып, олар түрлi бояулармен әшекейленiп отырған. Кейде, әсiресе салтанатты ордалардың ағаштары сүйекпен, алтын, күмiс, мыс-жезбен оюлап безендiрiлген. Көшпендi өмiр салтына қарамастан қазақтардың ағаштан жасалған үй жиһазы болған, мысалы төсек, сандық, адалбақан, кебеже т.с.с.




  1. Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Ағашқа ою салу- көркем бұйымдар-

өнері- өрмелер -

халықтық қолөнер- тоқымалар-

өнер туындысы- ағашты өңдеу-


  1. Мәтіннен Не істейді? деген сұраққа жауап беретін етістіктерді теріп жазыңыз.

Ағашты өңдеп ______________________________________________ ___________________________________________________________




  1. Асты сызылған етістіктерге бұрынғы өткен шақ жұрнақтарын жалғап жазыңыз.

Қазақ шеберлерi көбiне қаптамалы өрнектеудi қолдан.... Аса қымбат бағалы дүниелердi жасағанда, сүйекке алтын-күмiс жапсырмаларын қосып безендiретiн бол.... Сүйекшi шеберлердiң еңбегi өте жоғары бағалан.... Қазақ шеберлерi қайыңның қатты безiнен қымыз iшетiн тостаған, саптаяқтар ой.... Қымыз құятын ожаулардың өзi де әр алуан қалыпта жасал.... Салтанатқа ұсталатын ыдыс-аяқтарға күмiстелген өрнектермен қоса iрi асыл тастар салынып зерленетiн бол.... Ою салынған дүниелермен қатар станокта жонылған ыдыс-аяқтар кеңiнен қолданыл....


Екінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Домбыраның кұрылысы

Грамматика: етістіктің келер шақ категориясы


  1. Мәтінді оқыңыз.

Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.
3. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
4. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ формасын жасаңыз:

пайдалану, кесу, әзірлеу, бекіту, қолдану, ою.


5. Мына етістіктерді мақсатты, болжалды, ауыспалы келер жіктеңіз:

орындау, салыстыру, бейнелеу, дайындау.



Үлгі: орындамақ, орындар, орындайды.
6. Мәтінді оқыңыз.
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет