2-тақырып. Сыпыра жырау өмір сүрген дәірі,шығармашылығы.жыраулар институтының қоғамнан алар орны: ақын, жыршысекілді шығармашылық тұлғалардан жыраулар атанатын көркемсөз шеберлерінің айырмашылықтары мен ұқсастық жайлары.
Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны.Жыраулар мұрасының қазақтың ұлттық әдебиетінің ауызша дәстүрмен өмір сүрген бірнеше ғасырлық тарихынан деректі мәліметтер беретіндігі. Жырау атанатын
Шығармашылық тұлғаның әлем халықтарының, түркі жұртының ішінде қазақтарға тән екендігі. Ежелгі батырлық жырлар мен тарихи жырларды дүниеге әкелуші жыраулардың бірден-бір беделді өкілі болып саналатын Сыпыра жыраудың ел басқару ісіне араласқандығы. Тоқтамыс хан мен Едіге арасындағы жанжалды оқиға кезінлегі абыз жырау Сыпыраның елдің бірлігін сақтау мақсатында айтқан жырының мәні мен мазмұны.Жырау шығамасынан
көрініс тапқан оқиғаның Сыпыраның өмір сүрген дәуірін айқындауға куәлік ететіндігі.
3-тақырып. Асанқайғы Сәбитұлы шығармашылығы.Қарақалпақ,қырғыз
әдебиетеріндегі Асанқайғы бейнесі.Асанқайғы және қазақ хандығының
қалыптасу кезеңдері.Асанқайғы және Алтынорда заманы.Асанқайғының дін,ғылым,адамгершілік, ел бірлігін жырлаған шығармалары.Сыпыра жырау және Тоқтамыс,Едіге би заманындағы қазақ елі.
Асанқайғы Сәбитұлының қазақ әдебиетінен алар орнын пайымдауға қызмет
Ететін 1897жылы «Дала уалаяты» газетінде басылған Асан жайлы,Жәнібек хан туралы ел аузынан жиналған деректі әңгімелердің мәнділігі. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтар. Асанның 1393 жылы Тоқтамыс хан атынан Литва билеушісі Яголаға екі адамның бірі болып елшілікке баруы. Қазақ хандығының 15 ғасырдағы хал-жайын баян ететін «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармаларында баяндалатын тарихи оқиғалар болмысы. Жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған туындылары.
4-тақырып. Қыдан тайшы шығармашылығы.Қыдан тайшы дәуіріндегі қазақ елінің жай-күйі.
Қыдан тайшының өмір сүрген дәуірі. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен Қобыландының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылғы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау, жылау, жылау күн» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы мен М.Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындыларға байланысты пікірлері. Жыраудан қалған зарлы жыр оқиғасының ХХ ғасырдың 70-жылдарында өмірге келген І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына өзек болуы.
5-тақырып. Қазтуған жырау Сүйінішұлы шығармашылығы.Қазтуған жырау және қазақ хандығы. Қазтуған шығармаларында көрініс тапқан
1480-1481жылдардағы тарихи оқиғалар.
Қазтуған жыраудың шығармашылық келбеті. Автор туындыларында баяндалатын 1480-1481 жылдардағы оқиғалар. Көркем сөз иесінің ата-анасы, өзі туралы, туып-өскен ата жұрты жайлы жырлары. Жыраудың Асанқайғы, Абаттармен ара-қатынасынан мағлұмат беретін туындысы. Толғау иесінің «Шығыстан туған хандарды» аңсауының түпкі себебі, бұл мәселенің Иван үшінші мен Ахмет, Меңлігерей мен Иван үшінші арасындағы қатынастарды баян ететіндігі.
6-тақырып. Шалкиіз (Шәлгез) жырауТіленшіұлы.Шәлгез(Шалкиіз) мұрасының жариялануы, зерттелуі(ХІХ-ХХғасырлар.Шәлгез(Шалкиіз) шығармаларында бейнеленетін тарихи тұлғалар, олардың қазақ халқының азаматтық тарихындағы орны. «ЕрШобан» жыры: зерттелуі, жариялануы.Шығарма туралы әдебиеттану ғылымындағы ғалымдар пікірі.
Шәлгез жыраудың революцияға дейін жарық көрген шығармалары. Шәлгез есімін ғалымдарымыздың әр түрліше оқу себептері. Шәлгездің Би Темірді жырлаған туындылары. Жыраудың өзі өмір сүрген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй азамат, қол бастаған сардар ретінде жастай танылуы, Шәлгездің ерекше қасиеттерін күндегендердің оны Би Темірдің қасынан кетуге мәжбүр еткендігі. Жыраудың «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» жырының өмірге келу тарихы. Автордың «Ер Шобан», «Шағырмақ бұлт жай тастар», т.б. туындыларында суреттелетін жауынгерлік рух. «Ер Шобан» жырына байланысты Ә.Дербісәлин, М.Мағауин пікірі. Ғалымдардың Шалкиізді сахара эпосын жасаушылардың бірі деп есептейтіндігі.
7-тақырып. Доспамбет жырау .Доспамбет жырау шығармашылығы.
Доспамбет мұрасына байланысты ғылымдағы көзқарас
Азаулы жұрты туралы тұңғыш жырлаған жыраудың автопортреті. Доспамбеттің әйелі, балалары туралы шығармалары. Туындыгердің «Ер Мамайдың алдында шеит кештім өкінбен» дейтін сөзіне орай оны 1549 жылы өмірден өткен Мамайдан бұрын өлген деп білетін М.Мағауин пікірі. А.А.Новосельский зерттеуіне сүйене отырып, жыраудың 1593-1594 жылдарға дейін өмір сүргені анық деп танитын Ә.Дербісәлин тұжырымы. Жыраудың «Озушылар, озмаңыз», «Азау, азау дегенің» туындыларында баяндалатын жайлар, автордың өмірбаянын анықтауға тигізер жәрдемі.
8-тақырып. Жиембет жырау: өмір сүрген дәуірі, шығармашылығы .
ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи тағдырын танытатын Жиембет туындылары. Жиембет атының әдебиет тарихында қалуына негізгі себепкер болған – Жолымбет пен Есім хан арасындағы қалмақ ханының қызына байланысты оқиға. Жиембеттің Жолымбет оқиғасына дейінгі Есім ханмен арадағы байланысын көрсететін жыр жолдары. Жағдай ушыққаннан кейінгі Жиембет қылығын дәлелдейтін автор туындысы. Жыраудың қазақ хандығының іргесін нығайтуға қосқан үлесін көрсететін жыр шумақтары. Автор туындыларындағы «Есім, сені есірткен есіл менің кеңесім. Ес білгеннен Есім хан, қолыңа болдым сүйесін, қолтығыңа болдым демесін... Менің ер екендігімді көргенсің, Әзелден бірге жүргенсің, Дегенімді қылғансың» - деп келетін жолдарының Жиембеттің сол кездегі қазақ хандығының ірі тұлғасы, Есім ханның әрі ақылшысы, әрі досы болғандығына куәлік ететіндігі. Профессор Х.Сүйіншәлиев зерттеуінде айтылатын Жиембет жайлы ел аңызы. Есім ханның, оның билігіндегі елдің көшпенділіктен отырықшылыққа бет алғандығынан мәлімет беретін жырау шығармасындағы жекелеген шумақтар.
9-тақырып. Марғасқа жырау .
Марғасқаның Есім ханмен Тұрсын хан арасындағы трагедиялы жағдайды баян ететін «Қатағанның хан Тұрсын» атты шығармасы. Бұл оқиғаның сол кезді көзімен көрген Әбілғазы хан шығармасында, бергі заман тарихшылары Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, М-Ж.Көпеев жазбаларында суреттелуі. Қырғыздың Шоңбағыш руының билеушісі Көкемнің Тұрсын ханның опат болуына байланысты оқиғаға қатынасы. Көкем мен Есім хан достығы. Есім ханның Ташкентте Көкемнің еткен еңбегін ескеріп, «Көкемнің көк күмбезі» деген ескерткіш-мұнара тұрғызғандығы. Тұрсын ханның Қоңырбике атты қызынан өрбіген ұрпақтар: Өскембай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім т.б. Күнгей Алатаудағы Санташ асуына орнатылған ескерткіш. Осы жайлардың барлығын Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы қантөгіс жайлармен тікелей және жанама байланыстылығы.
10-тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы .
Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген азамматтық, шығармашылық еңбегі. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясаты кезінде Бұқар ұстанған принцип. Жыраудың Бөгенбай батыр ерлігін әспеттейтін шығармалары. Абылай ханның ерлік жолын көрсететін туындылары. Үмбетей жыраудың Абылай ханға Бөгенбай өлімін естіртетін шығармасында жырланатын ХҮІІІ ғасырдағы қазақтар мен қырғыздар арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз етпеу себебі. Бұқар жырау дипломатиясы. Абылайдың Ресеймен араздасқан тұсында жыраудың Қазыбек би мен Қабанбай позициясын ұстануы. Еділ бойы қалмақтары мен арадағы соғыстың жай-күйінен, Қасым Абылайұлының өмірге келген сәтінен мәлімет беретін туындылары. Бұл шығармалардың деректілігінің тарихи жазба ескерткіштер мен фольклорлық мұралар арқылы дәйектелетіндігі.
11-тақырып. Ақтамберді шығармашылығы.
Қазақ жұртының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Ақтамбердінің найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығын хабардар ететін Қ.Халидовтың «Тауарих-хамсасының» берер дерегі. Дулат Бабатайұлының «Ер Еспембет» дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен Найман елдерінің арасындағы араздық кезінде автордың «Уа, қарт Бөгенбай» туындысының әлеуметтік мазмұны. «Жағалбай деген ел бар», «Атадан тудым жалқы боп», «Жеңіме жамау түскенін» шығармаларынан жас кезінде көрген қорлығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген «Әділ жан болғым келеді», «Әкем көрген зорлықты» туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.
12-тақырып. Үмбетей жырау.
Үмбетей жыраудың Абылай ханды идеал тұтатындығын көрсететін туындылары. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту» жырларында көрініс беретін Бөгембай, Қабанбай, Сары, Баян, Сағынбай батырлардың ерлік бейнелері. Бұқарға, Жауқашарға, Ақтамбердіге арнап айтылған туындыларындағы ел бірлігі, азаматтық, кісілік парасат мәселесі. Үмбетей есімі мен шығармасына байланысты М.Мағауин пікірлері. Жырау мұрасында сөз болатын қырғыздар мен қазақтар арасындағы тарихи оқиғалардың азаматтық тарихтағы шынайы көрінісі. Осы оқиғаларға байланысты А.Левшин, Ш.Уәлиханов еңбектерінде айрықша аталатын «Яны кыргиз» жұрты жайлы мәліметтер. Бөгембай батырдың қол бастаған сардар ретіндегі жырау шығармасындағы кескін-келбеті. Абылай ханның өмірбаянын сөз ететін автор туындысының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен байланысы. А.Левшиннен бастап, орыс тарихында ерекше сөз болатын Абылайдың Жоңғар ханының тұтқынынан құтылуына себепкер болды деп есептелетін майор Миллер елшілігінің жырау шығармасында сөз болмау жайы, осы мәселенің кейінгі Көкбай Жанатаевтың «Сабалақ» дастанында жырлануына негіз болған жағдайлар. Аталмыш мәселелердің әдебиет тарихын зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылатындығы.
14-тақырып. Көтеш Райымбекұлы шығармашылығы.
Ақындық өнердің алғашқы өкілдерінің бірі болып саналатын Көтеш ақын өмірге келген орта, тарихи жағдай. «Жасыбайдың өлімі» атты жау мергені қолынан қапыда өлген Жасыбай батыр жыры, оның қазақ өлеңінен алатын орны. Көтештің «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» туындысы туралы зерттеушілер пікірі, сол кездегі тарихи жағдай. Абылайдың өз кезінде шексіз билікті иеленген хан болғандығын дәлелдейтін Ш.Уәлиханов еңбегінде келтірілетін деректер, оның осы шығармамен байланысты жайлары. Көтеш ақынның шығармашылық тұлға ретінде қазақтың қара өлеңіне қосқан үлесі. Ақынның әкесі Райымбекке, Шоң мен Шорманға арналған шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен тарихи деректілігі.
15-тақырып. Шал ақын Құлекеұлы
Ел шежіресін хатқа түсіріп жырлаған Шал ақын туралы Ш.Уәлиханов мәліметі. Ақын мұрасын жазып алушылар мен зерттеушілер еңбегі. Ақынның өлеңдерін ХХ ғасырдың басында хатқа түсірген Хасен Шаяхметұлының Қазан университетінің кітапханасында сақталған материалының сонылығы. Шалдың Абылайға айтылған «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» туындысының қандай жағдайда өмірге келгендігін дәлелдейтін деректер. Осы шығармаға байланысты Ғ.Әбетов, М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев, Ө.Күмісбаев, Ж.Тілепов, т.б. пікірлері. Шал ақынның әкесінің жасына байланысты, оның Абылай ханмен арадағы қатынастарына байланысты Сейтен Сауытбеков жазбасы арқылы жеткен деректердің мәні мен маңызы. Ақынның перзент, ұрпақ мәселесіне орай шығарылған туындысының қазақ әдебиетінің ХІХ-ХХ ғасырларда өмір кешкен көрнекті сөз шеберлері Қашаған мен Аралбай, Кенен шығармаларымен дәстүрлік жағынан туыстастығы мен өзгешелігі. Ақынның діндәр автор екендігін көрсететін туындылары. Шалдың қазақ әдебиетіндегі алғашқы айтыскер ақын болғандығын дәлелдейтін өлеңдері.
16-тақырып. Қобылан Бөрібайұлы .
Қобылан Бөрібайұлының ақындық, сазгерлік өнері, мақал-мәтелге айналып кеткен туындылары. Ақынның ХҮІІІ ғасырдағы қазақтардың жоңғарлармен, торғауыттармен арада өткен айқастарда қол бастаған аруақты ер – батыр Баянды жырлауы. Саққұлақұлы Нұралыға арнаған шығармасының өз кезінде аса өткір айтылған туынды болып есептелетіндігі. Сондай-ақ, Қобыланның жарлылықты, жоқшылықты жырлаған туындыларының қоғамдық теңсіздікті қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып жеріне жеткізе өрнектеген автор болып табылатындығы. Кәрілікті жырлаған ақын шығармаларының Бұқар жырау, Шал ақынның осы мәселеге арналған туындыларынан тақырыптық тұрғыдан ұқсастығы мен айырмашылығы.
Абыл Тілеуұлының Сүйінғара, Құлбарақ секілді ел қорғаған ерлер туралы толғаулары. Баймағанбет, Қайыпқалиға айтқан сындары. «Қырымның қырық батырын» жырлаушы ретінде Мұрат, Нұрым, Қашаған, Марабай секілді ақындарға жасаған ұстаздық қызметі.
3.5 С¤Ж мазм±ны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
ҚФил-201
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1х15)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1х15)
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
16
|
4
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
Реферат
|
Семес-лік тапсырманы қорғау
|
10
|
5
|
Бақылау жұмысын орындау
|
|
Бақылау жұмысын қорғау
|
|
6
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
|
4
|
|
Барлығы
|
|
|
60
|
Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1.Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
¦сынылатын єдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.
2. М.Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші.
¦сынылатын єдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.
3. Толғау жанрының табиғаты туралы.
¦сынылатын єдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
4. Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет.
5. Жыраулар шығармашылығындағы арнау толғаулар.
¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет.
Выписка из рабочего Форма
учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10
специальности(ей)
050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығыныњ оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме
Пәннің атауы ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихыі
Оқу түрі
|
Бақылау формасы
|
Студент жұмысының көлемі
|
Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі
|
Емт.
|
сынақ
|
К.ж
|
К.жұм.
|
ЕГЖ
|
бақ.жұм
|
Барлығы
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОС¤Ж
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОС¤Ж
|
СӨЖ
|
жалпы
|
Аудитор.
|
СӨЖ
|
Күндізгі
ЖОБ негізінде
|
3
|
|
|
|
|
|
90
|
30
|
60
|
3-семестр
|
4- семестр
|
15
|
15
|
15
|
45
|
|
|
|
|
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
-
Абай. Шығармаларының 2 томдық жинағы. 1т. –А, Жазушы, 1995; 2т. 1995.
-
Алдаспан. А, Жазушы, 1971.
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы. А, Білім, 1991.
-
Байтұрсынов А. Ақжол. А, Жалын, 1991.
-
Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Құрастырғандар: М.Мағауин, М.Байділдаев. 1т. А, Жазушы, 1989.
-
Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А, Ғылым, 1990.
-
Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. А, Ғылым, 1986.
-
Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А, Мектеп, 1967.
-
Исмайылов Е. Ақындар. А. ҚМКӘБ, 1956.
-
История Казахской ССР. 5 томдық. 2т. А, Наука, 1979.
-
Қабдолов З. Сөз өнері. А, Қазақ университеті, 1992.
-
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т, 2-кітап. А, Ғылым, 1960.
-
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы, 1т. А, Қазақ университеті, 2001.
-
Қазақ әдебиетінің тарихы, 3т, А, Ғылым, 2000.
-
Мағауин М. Ғасырлар бедері. А, Жазушы, 1991.
-
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. А, Жазушы, 1985.
-
Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А, Ғылым, 2002.
-
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А, Санат, 1997.
-
Сәтбаева Ш. Уақыт шуағы. А, Ғылым, 2000.
-
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. А, Ғылым, 2001.
Ќосымша:
-
Байырғы түркі өркениеті. Жазба ескерткіштер. А, Ғылым, 2001.
-
Богданова Н. Киргизская литература. М: Советский писатель, 1957.
-
Бердібаев Р. Байкалдан Балқанга дейін. А, 1998.
-
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 томах. Том 1. А, Наука, 1985.
-
Ғабдуллин М.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А, Мектеп, 1974.
-
Давкараев Н. Очерки по истории дореволюционной каракалпакской литературы. Ташкент: Изд. АН Узбекской ССР, 1959.
-
История калмыцкой литературы. В 2 томах. Том 1. Элиста: Калмыцкое книжное издательство, 1981.
-
Қожа Ахмет Йасауи. Хикметтер. Аударған Жәмішев Ә –А, Жазушы, 1991.
-
Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А, Мектеп, 1988.
-
Левшин А. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей. Ч.2. СПб,1832.
-
Сәтбаев Қ. Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары. А, Ғылым, 1989.
32.Сыдиықұлы Қ. Біртума жыр саңлақтары. А, Ғылым, 2001.
«ХҮ-ХҮІІІғ.әдебиетінің тарихы» пәнінен дәрістер топтамасы.
2-дәріс.
Тақырыбы: Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы (ХІҮ ғасыр)
Толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп ең алдымен Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Аталық жыраудың бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері
Ш.Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен
Бірінші жыршы-Қорқыт» та бар.
Бұлардан Сыпыра жырау жырларының табиғаты өзгешелеу.
Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай
эпикалық жырлар («Ер Тарғын», мен ертегілерде («Құбағұл», т.б.)
ғана ұшырасады. Бұларда ол ел- жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз,сәуегей кісі болып суреттеледі.
Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тығылғанда, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды.Мұның бәрінде де Сыпыра Алтынорданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады.
Қазақ жырлары мен ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» ұсқынсыз қарт.Ертегілер мен батырлар жырларында жиі аталып, өзінің 180 жасаған өмірінде 9 ханды қолынан өткізіп, 9 ханды түзеткен делінетін, Сыпыра жырау туралы нақты деректердің жоқтың қасы.
Алайда Сыпыра жырау туралы айтқанда, ең алдымен көне дәуір әдебиетін көп зерттеген білікті ғалым Ә.Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың
Соның ішінде Сыпыраның рөлін өте жоғары бағалай отырып, оны
«ХҮ-ХҮІІІ ғ көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және қазақ-ноғай эпостарын бірден- бір жасаушы кісі,- деп көрсетеді.
Заман талабына сай жыраулар үнемі хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел.Ол алғаш Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластыру талабында, енді бірде Едіге мен
Тоқтамыс арасындағы қанды кек жанжалды басу орайында, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуы тұсында жыр толғап асқан кемеңгерлігімен көзге түскен деседі.
Ал енді, осы жоғарыда аталғанСыпыра тұлғасына келетін болсақ, ол бір себептен үнемі батырлар жыры мен ертегілердің басты қаһарманы ретінде суреттелсе де, сондағы азды-көпті жыр- толғауларының өзінен-ақ оның жыраулық поэзияның туып қалыптасуына кезінде елеулі үлес қосқаны айқын аңғарылады. «Ер Тарғын» жырында айтылғандай ,ел-жұрт одан ханға қатты ренжіп кеткен Тарғын батырдың қайтып келер-келмесін болжап айт дегенде, ол ел бірлігі мен татулығын көксеп алғаш хан тобындағыларды әдейі сақтандыра сөйлесе, ал Тарғын батырға арнаған келесі толғауында Сыпыра жырау ханның екіжүзділігі мен аярлығын әйгілеп ашып берумен бірге, батырды татулық, бірлікке, елдікке шақырады, «хан берген сыйлықпен бітіс, хан қызын алып қайтесің?» деп салиқалы кеңес береді. Бұны дәстүрлі толғаудың бастапқы сипаттарын бойына сіңірген синкреттік көне үлгілердің бірі деп айта аламыз. Мұндағы басты ерекшелік: бейнелеу тәсілдерініңқарапайым да байырғы түрінен саналатын- психологиялық параллелизмнің жиілігі мен ұтымды қолданылуы дер едік..Жырау Тарғын батыр мен ханның өзара кектескен дүрдараз қарым-қатынасын меңзеген тұстарда «сұңқардан сескеніп,көгілдірін ерткен аққуды» әдейі параллель етіп, поэзиямыздағы ертеден келе жатқан етене дәстүрді ұтымдылықпен қолданып, тиімді жалғастыра білген: Әй, батырым, батырым,
Таудан тарлан ақырса,
Тас мұрнын ару сұңқар сызғырса,
Көгілдірін ерітіп,
Көлден қулар ұшар ма?-
Деп басталатын параллельдік салыстыру түпкі айтылар ойға біртіндеп барудың сатысы ғана. Сондықтан осындағы:
Әділ туған хандарды
Қара берен батырға
Беремін деп бермейді,
Өтірік сөзден өлмейді,
Бұл сықылды батырды.
Жалған сөзбен қысар ма?
Хан мен қара келген соң,
Сіз сықылды батырға
Ашуын бермей кетсе ұнар ма?,-
Деген жолдар бітімге шақыратын басалқы да байсалды пікірдің бұлтартпас қазығы іспетті.
Аталған толғауда жыраулар поэзиясының табиғатымен қашанна егіз- тұрақты қайталауларға да елеулі орын берілген. Бұлар әрбір тирада
Сайын тұтас тармақты түгелдей қайталау арқылы жасалып («Неғыласың бір қызды»), негізгі ой-түйінін өткірлеп ұштау мақсатына сәйкес алынады.Үнемі тапқырлық пен ұтымдылыққа, алғыр шешендік ойға құрылған бұл рефрендерді толғау жанрындағы жыраулық тәсілдің қажетті бір белгі сипаты деп айта аламыз.Сөйтіп, бұлардағы образдар жүйесінің бірлігі мен парелелльдік салыстырулардың өзара ұқсастығынан,авторлық ойға қажетті қайталаулардың орындылығы мен жиілігінен, жалпы түзілім-құрылысы мен мазмұны жағынан осы топтағы жырлардың дәстүрлі толғауларға мейлінше жақындығын, ертеден етене табиғи бірлігін көргендей боламыз.Дәл осы сипаттар жыраулар поэзиясы мен эпостарыдың көне жанрлық тұтастығынан тыс, тіпті эпикалық жырлардың тууына әуел бастан жыраулар елеулі үлес қосқан болжам-тұжырымның дұрыстығын да әдемі аңғартатын сияқты. Мұны «Ер Тарғын» жырындағы біз атап көрсеткен толғаулар мен Сыпыра жыраудың авторлық үлесінің елеулі екендігін де мойындап, құптауға болатын тәрізді.
Сыпыраның өз атынан сақталып қалған «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты жалғыз толғауына келетін болсақ, мұнда ол «180 жас
жасаған» ұзақ өмірінде өзі көзбен көрген әр алуан хандардың атын шетінен тізіп атаса да, олардың тұсындағы қат-қабат әлеуметтік өмірге баға беріп жатпайды.Тек кейбір қаһарлы хандардың күш-құдіреті мен айбатын танытатындай ара тұра сын-сипаттамалары ғана жүр.
Жыраулық поэзияның ең көне түрінің бірінен саналатын бұл толғау бастан-аяқ қайталауға құрылған өзінің сыртқы түзілісі мен өлеңдік құрылысы жағынан да айрықша дараланады. Сондықтан мұндағы сөздік референдер мен тұтас тармақ күйінде келетін жолдық қайталаулардың жиілігінен ең әуелгі көне толғауларға тән белгі-сипаттарды да танып көргендей боламыз.Дәл осындағыдай бастан-аяқ қайталауларға құрылған бітім-сипатымен бұлар тым ертедегі «Ұлық жыршы Шыңғыс ханға айтқан әйгілі естірту жырға» («Теңіз бастан былғанса, кім тұндырар, а,ханым?-Теңіз бастан былғанса, тұндырар ұлым Жошы-дүр») көп ұқсас, алайда соңғы жырдың нақтылық сипатынан гөрі көне аңыздық мәні басымдау.
Сонымен қорыта келгенде мыналарды атаған жөн: әдебиетімізде ең алғаш эпикалық жырлардың ішінде көрінсе де, авторлығы мәлім толғау жанры туып пайда болды. Толғаудың қалыптасып даму кезеңінің ірі өкілдері Асан қайғы,Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Ер Шобандар бір кезде Сыпыра жырау негізін салған жыраулық поэзияның әдебиетімізде ең алғаш жеке сала болып тұрақтап қалыптасуына, өркендеп дамуына айтарлықтай үлес қосты.Соның нәтижесінде толғау жанры жыраулар поэзиясының бірден бір жүйелі әрі дәстүрлі түріне айналды.
3-дәріс.
Тақырыбы :
Достарыңызбен бөлісу: |