58
- әлемдік және отандық психологиядағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерді талдау, бағыттар
және идеяларымен студенттерді таныстыру.
- адам
психологиясы қалыптасуының негізгі тенденцияларын
қарастыру;
- студенттерде қалыптасып келе жатқан тұлғаны жоғары құндылық
ретіндегі көзқарасын қалыптастыру;
- әрбір адамның психикалық пішінінің
психикаға тікелей араласуды
қарастырмайтын бірегейлігі мен қайталанбастығы идеясын қабылдау.
Курста берілетін білімдер мен ептіліктер психикалық процестердің
негізгі теориялық жағдайларын игерудің теориялық негізін құрайды,
әрбір
адамның психикалық құрылымының қайталанбастығы және дарындылығы
туралы пікірін қабылдау. Курсты оқу кеңейтілген семинар сабақтарымен
қамтылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ
«Балалық шақ» ұғымын тарихи талдау
Балалық шақ кезеңінің парадокстары мен қарама- қайшылықтары.
Балалық шақ тарихының мәселесі. Филип Ариестің балалар киімінің
эволюциясы туралы үш тенденциясы. Адам өмірінің жастық дифференциясы.
Балалық шақты зерттеудің тарихи қағидалары. Бала дамуының психикалық
спецификациясы.
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Даму психологиясының теориялық және практикалық міндеттері.
Даму психологиясының пайда болу тарихы.
Даму психологиясының басқа
ғылымдармен байланысы. Даму психологиясының мәселелері. Психикалық
дамудың
әрбір
кезеңіндегі
адамдар
арасындағы
жеке
дара
айырмашылықтарын оқып үйрену. Даму психологиясының әдістері және
олардың сипаттамасы (бақылау,
эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер
әдісі,
лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу). Даму психологиясының негізгі
категориялары (жас, периодизация, даму және т.б.). Даму психологиясының
бөлімдері.
Достарыңызбен бөлісу: