80
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тұлға және қоғам. Тұлға әлеуметтенуі.
Тұлға әлеуметтік-психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
Тұлға мен қоғамның өзара байланысы әлеуметтік психологияның
түйінді мәселелерінің бірі ретінде. Тұлғаны түсінудің
әлеуметтік-
психологиялық бағытының ерекшелігі. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық
теориялары. Тұлғаның әлеуметтік даму процесі. Әлеуметтік сәйкестілік:
«Мен» бейнесі. Әлеуметтік психологиядағы тұлғаны зерттеудің дәстүрлері
мен қазіргі жағдайлары.
Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Әлеуметтену
түсінігі. Әлеуметтену механизмдері мен институттарының жалпы
сипаттамасы. Тұлға әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері.
Жасөспірімдік
дағдарыс түсінігі. Ересек жастағы әлеуметтену сфералары мен динамикасы.
Егде адамдарды зейнеткер атағына әлеуметтік-психологиялық бейімдеу.
Қартаю
процесінің
әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктері.
Әлеуметтенудің түрлі кезеңдеріндегі тұлғаны психодиагностикалау мен
түзету әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Қазақстанның этномәдени ортасы
мен әлеуметтік өзгерістері
жағдайындағы (саяси, діни, жыныстық, этникалық)
тұлғаның әлеуметтенуі
мәселелері. Тұлғаның әлеуметтену мәселесінің теориялық және қолданбалы
аспектілерінің қазақстан ғалымдарының еңбектерінде өңделуі.
Достарыңызбен бөлісу: