тиісті кез келген есепті шығаруға мүмкіндік береді. Алгоритмнің
жалпыламалық қасиеті ұқсас есептерді шешкенде кез келген адам қолдана
алатындай етіп жалпы түрде жазылады. Мысалы, сандарды қосу және
көбейту ережелері тек белгілі бір сандар үшін ғана емес, кез келген сандарға
қолданылады. Сонымен бірге жалпыламалық қасиет белгілі бір алгоритмді
жеке есепте ғана емес, оған ұқсас басқа да есептерді шешуге мүмкіндік бере
алады. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады.
Мысалы,
квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген а, в, с мәндері үшін құралады.
Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы
бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді.
Алгоритмдерді жазудың бірнеше тәсілдері бар. Олар:
1. Табиғи тілде жазылуы;
2.Формулалық-сөздік тәсіл арқылы;
3.Графикалық түрде бейнелейтін блок-схемалар арқылы;
4.Псевдокодтар (жалған кодтар) арқылы;
5. Программалау тілі арқылы.
Алгоритмдерді
табиғи тілде жазылуы – есептеу кезеңдері мазмұны кез
келген түрде табиғи тілде жазылады. Бірақ, табиғи тілде жазылған алгоритм
компьютерде орындалмайды. Себебі, бұл жағдайда дәлдік пен нақтылық
сақталмайды.
Алгоритмдерді
формулалық-сөздік тәсіл арқылы жазылуы – тапсыр
маның математикалық символдар мен өрнектердің және сөздердің
араласуымен берілуі болып табылады.
Алгоритмді
графикалық түрде блок-схемалар арқылы көрсету – оның
логикалық құрылымын графикалық түрде бейнелеу болып саналады. Мұнда
мәліметтерді өңдеудің әрбір кезеңі атқарылатын операцияға сәйкес әртүрлі
геомет риялық фигуралар (блоктар) түрінде көрсетіледі. Сонымен алгоритм
блоктармен немесе геометриялық көпбұ рыштар түрін дегі фигуралармен
өрнектеледі. Әр блоктың ішіне орындалатын іс-әрекеттің (амалдың) мазмұны
жазылады. Есептер шығару кезінде блок-схемалар құру кеңінен
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: