|
Бұл əдісті шағын топпен, жалпы сыныппен сондай-ақ жеке оқушының өзімен жүргізуге де болады.
Нақты құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады.
|
–Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды деп ойлайсың?
–Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін ата.
Дескриптор:
Дыбысты өңдей білу не үшін маңызды екенін əңгімелейді.
Дыбысқа жасалатын 3 əрекет: тыңдау, жазу, өңдеудің бір-бірінен басты ерекшеліктерін атайды.
|
Оқушылар өзін- өзі «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту.
Рефлексия
|
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
(Ұ) «Екі жұлдыз, бір тілек» əдісі
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды жəне бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат.
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нəрсе. Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» əдісі бойынша бағалайды.
Сабақтың соңында оқушылардың қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған жұлдызшаларын санайды. 5 жұлдызша: Өте жақсы!
|