Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет162/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

16-нұсқа
Кітапханадағы кітаптар туралы ағымдағы ақпаратты қамтитын программа 
кұрыңыз.
Əрбір кітап туралы төмендегідей ақпараттар бар:
□ ƏОЖ – əмбебап ондық жіктелу (УДК) нөмірі;
□ автордың тегі мен инициалдары;
кітап аты;
□ басылып шығарылған жылы;
□ кітапханадағы осы кітап саны.
Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
□ кітапханадағы барлық кітаптар туралы мəліметтерді бастапқы тізім 
түрінде қалыптастыру;
□ кітапханаға жаңадан түсетін кітаптар туралы мəліметтер қосу;
□ есептен шығарылатын кітаптар туралы мəліметтерді өшіру;
□ сұраныс бойынша кітапханадағы басылып шығарылған жылы бойынша 
реттелген кітаптардың бар-жоқтығы туралы мəліметтер беріледі.
17-нұсқа
Қаларалық телефон станциясындағы телефондар мен олардың иелері 
туралы ақпарат жазылған абоненттер картотекасы сызықты тізім түрінде 
ұйымдастырылған. 
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ картотеканы сызықтық тізім түрінде бастапқы қалыптастыруды 
қамтамасыз етеді;
□ картотеканы толығымен экранға шығарады;
□ телефон нөмірі мен сөйлесу уақытын енгізеді;
□ телефон арқылы болған байланысты төлеуге хабарлама шығарады.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен 
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
18-нұсқа
Қаларалық телефон станциясындағы телефондар мен олардың иелері 
туралы ақпарат жазылған абоненттер картотекасы екілік бұтақ түрінде 
ұйымдастырылған. 
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ картотеканы екілік бұтақ түрінде бастапқы қалыптастыруды 
қамтамасыз ету;
□ картотеканы толығымен экранға шығару;
□ телефон нөмірі мен сөйлесу уақытын енгізеді;
□ телефон байланысын төлеуге хабарлама шығарады.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен 
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет