Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-нұсқа ТІРКЕС базалық класын сипаттау керек.  Кластың міндетті өрістері: □  char



Pdf көрінісі
бет247/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

5-нұсқа
ТІРКЕС базалық класын сипаттау керек. 
Кластың міндетті өрістері:
□ 
char
типіне нұсқауыш – тіркес символдарын орналастыру үшін 
динамикалық түрде бөлінген жадының адресін сақтайды.

int 
типті мəн – тіркестің ұзындығын байт есебімен сақтайды. 
Міндетті əдістер келесі əрекеттерді орындау керек:
параметрлерсіз конструктор;
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен 
аяқталады);
□ параметр ретінде символды қабылдайтын конструктор;
көшірме конструкторы;
тіркес ұзындығын алу;
□ тіркесті тазарту (бос тіркес алу);
□ деструктор.
ТІРКЕС класынан туынды ТІРКЕС_ИДЕНТИФИКАТОР класын сипаттаңыз.
Бұл кластың тіркестері С тіліндегі идентификаторларды жазу ережелері 
бойынша құрастырылады жəне оларда тек С-идентификаторлардың құрамына 
18-1140


274
кіре алатын символдар болуы мүмкін. Егер бастапқы мəндер идентификатор-
ды жазу ережелеріне қайшы келсе, онда бос ТІРКЕС_ИДЕНТИФИКАТОР 
құрылады. 
Міндетті түрде болатын əдістері:
□ параметрлері жоқ конструктор;
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен 
аяқталады);
□ параметр ретінде символды қабылдайтын конструктор;
□ көшірме конструкторы;
□ тіркестің барлық символдарын жоғарғы регистрге ауыстыру;
□ тіркестің барлық символдарын төменгі регистрге ауыстыру;
□ символдың тіркеске алғаш енуін іздеу;
□ деструктор.
Келесі операцияларды қайта анықтау қажет:
□ меншіктеу (=);
□ қосу (+) – тіркестер конкатенациясы операциясы;
□ азайту (-) – тіркестен (бірінші операнд) – екінші операнд тіркесіне кіретін 
барлық символдар жойылады, бұл кезде бос тіркес пайда болуы мүмкін;
□ (>) операциясы – үлкен болуын тексеру. Егер бірінші тіркестің і-ші (і 0 
мен n-1 аралығында өзгереді, мұндағы n – екі тіркес ішіндегі қысқа тіркестің 
ұзындығы) позициясындағы символдың коды екінші тіркестің дəл осы 
позициясындағы символ кодынан үлкен болса, бірінші тіркес екіншісінен үлкен 
болып саналады, тіркестердің ұзындықтары бір-бірімен бірдей болмауы мүмкін;
□ (<) операциясы – кіші болуын тексеру. Егер бірінші тіркестің і-ші (і 0 
мен n-1 аралығында өзгереді, мұндағы n – екі тіркес ішіндегі қысқа тіркестің 
ұзындығы) позициясындағы символдың коды екінші тіркестің дəл осы 
позициясындағы символ кодынан кіші болса, бірінші тіркес екіншісінен кіші 
болып саналады, тіркестердің ұзындықтары бір-бірімен бірдей болмауы мүмкін. 
Программа құрушы қосымша өрістер мен əдістердің кез келген санын 
(қажеттілігін негіздей отырып) енгізуге құқылы болады.
Келесі əрекеттерді орындайтын тестілік программа жазыңыз:
□ динамикалық түрде базалық класқа нұқауыштар жиымын бөледі (4-6);
□ сұхбат режимінде осы жиымды туынды кластарға нұсқауыштармен тол-
тырады, бұл кезде туынды кластардың даналары (экземплярлары) бастапқы 
мəндерін беру арқылы динамикалық түрде құрылады; 
□ құрылған туынды кластардың даналары үшін қалыптастырылған барлық 
əдістерді тексере отырып, бастапқы мəліметтер мен нəтижелерді дисплейге 
шығарады. 
Əрбір кластың көшірме конструкторлары үшін дисплейдің белгілі бір 
жеріне оның шақырылу санын диагностикалық түрде басып шығаруды 
қарастырыңыз (кластың статикалық мүшелерін қолданған жөн).
Сұхбат режимі иерархиялық меню көмегімен қамтамасыз етіледі. 


275


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет