119
Осылайша, программа функция мен кіріс жəне нəтижелік (шығыс)
мəліметтер анықталған «қара жəшік» ретінде қарастырылады.
II кезең. Ішкі мəліметтер құрылымдарын қалыптастыру. Көптеген
алгоритмдер мəліметтердің қалай ұйымдастырылғанына тəуелді болады,
сондықтан программаны жобалауды алгоритмнен емес, шығыс, кіріс жəне
аралық мəліметтерді бейнелейтін қажетті құрылымдарды қалыптастырудан
бастау керектігі белгілі.
Мұндайда көптеген факторлар, мысалы, мəліметтер
көлемдеріне қойылатын шектеулер, қажетті дəлдігі, программаның
жылдамдығына қойылатын талаптар назарға алынады. Мəліметтер
құрылымдары статикалық немесе динамикалық түрде болуы мүмкін
(динамикалық құрылымдар келесі бөлімде қарастырылады).
Достарыңызбен бөлісу: