Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет117/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

IV кезең. Құрылымдық программалау. Программалау процесі де 
«жоғарыдан төмен қарай» принципі бойынша жүзеге асырылады: алдымен 
ең жоғарғы деңгейдің модульдері кодталады жəне оларды тексеріп түзетуге 
арналған тестілік мысалдар құрылады, бұл кезде əлі жазылмаған келесі деңгей 
модульдерінің орнына «жапсырмалар» – уақытша программалар қойылады. 
Көбінесе «жапсырмалар» қарапайым жағдайда өздеріне басқару берілгені ту-
ралы қарапайым хабарламалар ғана береді, содан кейін басқару шақырушы 
модульге қайтарылады. Басқа жағдайларда «жапсырма» алдын ала берілген 
немесе жеңілдетілген қарапайым алгоритм бойынша есептелген мəндерді ғана 
экранға шығара алады.
Осылайша, алдымен программаның логикалық қаңқасы құрылып, кейіннен 
ол код түріндегі мəліметтермен толықтырылады.
Программалау үрдісінде «төменнен жоғарыға» бағытталған технологияны 
қолдану ісі – алдымен төменгі деңгей модульдерін жазып алып түзету, содан 
кейін барып оларды көлемдірек фрагменттерге біріктіру дұрыс шешім сияқты 
көрінгенмен, оның да бірқатар кемшіліктері бар.
Біріншіден, жоғарғы деңгейді кодтау үрдісінде программаның төменгі 
деңгейлерін жобалаудың кейбір қиындықтары ашылуы мүмкін (себебі, 
программаны жазуда оның логикасы жобалау процесіне қарағанда мұқият 
ойластырылады). Егер мұндай қателік ең соңында анықталса, дайын 


121
болған төменгі деңгей модульдерін өзгертуге қосымша шығындар қажет 
болады.
Екіншіден, əрбір модульді, содан кейін барып программаның көлемдірек 
кодтарын жазу үшін əр жолы жекелеген тест мысалдарын қарастыру қажет 
болады, осылайша программалаушының кейін модуль жұмыс істейтін орта-
ны жиі модельдеуіне тура келеді. Программалаудың төмен қарай бағытталған 
технологиясы тесттерді құрудың табиғи реттілігін – оның төменге қарай 
бағытталған түзету мүмкіндігін қамтамасыз етеді, оны кейінірек қарастыратын 
боламыз.
С++ тіліндегі алгоритмдер жазуға арналған ұсыныстар (осы ұсыныстардың 
басым бөлігі жоғарғы деңгейдегі басқа программалау тілдері үшін де дұрыс 
болып табылады) алдыңғы бөлімде көрсетілген. Мұндағы негізгі мақсатымыз 
– жалпы программаның жəне оны құрамындағы кез келген функция 
құрылымының қарапайым болуы жəне кейіннен жеңіл оқылуы екенін еске 
саламыз. Программалау барысында интерфейсті (функцияның, модульдің
кластың интерфейсі) оның жүзеге асырылуынан бөле отырып, қажетсіз 
ақпаратқа қол жеткізуді шектеу керек. Тіпті программалаудағы ұсақ-түйек 
ұқыпсыздықтың өзі түзету кезеңінде қателерді іздеуге кететін шығындардың 
артуына алып келуі мүмкін.
Жобалау жəне программалау кезеңдері қатарласа жүргізілуі тиіс: ең 
дұрысы – алдымен жоғарғы деңгей, содан кейін келесісі, т.с.с. сатылы түрде 
жобаланады жəне кодталады. Мұндай стратегияның қолданылу себебі –кодтау 
кезінде төменгі деңгей модульдеріне əсер ететін өзгерістер енгізу қажеттілігі 
туындауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет