189
рылу тиімділігі төмен болғандықтан, кең қолданыс таппады. C++ тіліне бұл
концепциялар тиімді, көркем, əрі қайшылықсыз жүзеге асырылды, осының
арқасында бұл тіл кең таралып, оның көптеген мүмкіндіктері басқа да про-
граммалау тілдеріне енгізіле бастады.
ОБП – бұл тiлге қосылған жай ғана жаңа құралдар жиынтығы емес (С++
тілінде ОБП қолданбай-ақ жақсы программалар жазуға жəне керісінше,
объектілерді сүйемелдеудің арнайы құралдары жоқ тілде де объектілік про-
грамма жазуға болады). ОБП-ны жиі программалаудың
жаңа парадигмасы деп
атайды.
«Парадигма» термині білімді ұйымдастыру тəсілін құратын теориялар,
стандарттар жəне əдістер жиынының бірігуін, басқаша айтқанда, əлемге де-
ген жаңа көзқарасты білдіреді. Программалауда бұл термин есептеу моделін
анықтау үшін, яғни ақпаратты құрылымдауда, есептеулер мен мəліметтерді
ұйымдастыруда кең қолданылады. Объектіге бағытталған программа
объектілер мен солардың өзара байланыстарын көрсететін терминдер арқылы
құрылады.
Абстракция дəрежесін таңдау шешілетін есеп типімен анықталады.
Қарапайым есептерді шығару үшін күрделі
технологияларды қолданбаған
жөн, ал күрделі мəселелерді қарапайым құралдармен шешуге тырысу
сəтсіздікке ұшыратады. Басқа жағынан қарасақ, күрделі технологияларды
меңгеру уақыттың мол жұмсалуын талап етеді.
Мысалы, егер хат мəтінін теру керек болса, онда бұл үшін 10 минутта өз
əжеңді де үйретуге болатын, мүмкіндіктері аз, қарапайым мəтіндік редак-
тор жетіп жатыр; формулалары бар мақала дайындау үшін одан күрделілек
Microsoft Word сияқты мəтіндік
процессорды меңгеру қажет, ал көрнекі
суреттері бар жарнамалық құжат дайындау үшін үйренуге бірнеше апта
жұмсалатын шағын баспа құралдарының бірін игеру керек. Программалауда
да дəл осылай: ОБП идеяларын түсініп, оны тəжірибе жүзінде қолдану оңай іс
емес (оларды дұрыс қолданбаудың пайдасынан гөрі зияны көп болып келеді),
ал қазіргі қолданылып жүрген стандартты кітапханаларды меңгеру уақытты
да жəне бастапқы дайындықтың да жоғарғы деңгейін талап етеді.
Мəліметтер типінің «класс» ұғымының нақты шамалары
класс даналары
(экземплярлары) немесе объектілер деп аталады.
Объектілер бір-бірімен ха-
барламаларды жіберу жəне қабылдау арқылы өзара əрекеттеседі. Хабарлама –
бұл керекті параметрлер жиынын қамтитын, белгілі бір іс-əрекетті орындауға
арналған сұраныс. Хабарламалар механизмі соларға сəйкес функцияларды
шақыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, объектіге бағытталған про-
граммалау көмегімен «оқиғалық-басқарылатын модель» жеңіл жүзеге асыры-
лады, мұнда мəліметтер екпінді түрде болады жəне программалық кодтың кез
келген бір бөлігін шақыруды басқарады
1
.
1
Оқиғалық-басқарылатын модель ОБП-ның бір бөлігі емес жəне ол объектілерді қолданбай-ақ жүзеге
асырылуы мүмкін (мысалы,
API функцияларын қолданып
Windows ортасында С тілінде программалау).
1