Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрылымдар мен біріктірмелердің кластардан



Pdf көрінісі
бет204/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Құрылымдар мен біріктірмелердің кластардан 
айырмашылығы 
Құрылымдар (
struct
) мен біріктірмелер (
union
) кластардың жеке бір 
түрлері болып табылады.
Құрылымдардың кластардан айырмашылығы – құрылымдарда элементтер-
ге қол жеткізу жəне мұралау кезінде базалық класс келісім бойынша 
public
болып есептеледі. Құрылымдарды барлық элементтеріне қол жеткізуге бола-
тын кластар үшін қолданған жөн.
Біріктірмелердің кластардан айырмашылықтары төменде көрсетілген:
□ біріктірмелерде оларға қол жеткізу тəсілі келісім бойынша 
publiс
бо-
лып табылады, сонымен қатар мұнда қол жеткізу спецификаторларын тікелей 
түрде мүлде қолдануға болмайды;


227
□ біріктірме кластар иерархиясына қатыса алмайды;
□ біріктірме элементтері ретінде конструкторлары мен деструкторлары 
бар объектілерді алуға болмайды;
□ біріктірме құрамында конструкторлар жəне басқа да əдістер болуы 
мүмкін, бірақ онда статикалық əдістер болмайды;
□ жасырын, яғни анонимдік біріктірмеде əдістерді сипаттауға болмайды.
Мұралануға жəне де кластардың басқа да қатынастарына – ассоциацияға, 
агрегацияға жəне тəуелділікке практикумның [12] екінші семинары арналған. 


228
6-ТАРАУ
Класс шаблондары
 
Осы кітаптың бірінші бөлімінде функциялардың шаблондары (88 б.) 
қарастырылды, олардың көмегімен типті параметр ретінде беру арқылы 
алгоритмді ол жұмыс істейтін нақты мəлімет типтерінен бөліп алуға болады. 
Кластардың шаблондары осыған ұқсас мүмкіндіктерді қамтамасыз ете оты-
рып, параметрленген кластарды құруға мүмкіндік береді.
Параметрленген класс туыстас кластар жиынын құрады, оларды параметр 
ретінде берілетін кез келген мəліметтер типіне қолдануға болады. Шаблон-
дар контейнерлік кластарды құруда кеңінен қолданылады. Контейнерлік 
деп қандай да бір жолмен ұйымдастырылған мəліметтерді сақтауға жəне 
солармен жұмыс жасауға арналған класс аталады. C++ тілінің стандартты 
кітапханасында əртүрлі мəліметтер құрылымдарын ұйымдастыруға арналған 
контейнерлік кластар жиыны бар (олар «Контейнерлік кластар» бөлімінде
318 б. сипатталған).
Шаблондарды қолданудың артықшылығы – мəліметтермен жұмыс істеу 
алгоритмі анықталғаннан жəне жөндеп түзетілгеннен кейін, оны кез келген 
мəліметтер типтері үшін кодты қайта жазбай қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет