Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет22/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

 l 
(кіші
L
) немесе
 I
(үлкен 
і
), тұрмауы тиіс. Берілген атаудың 
бөліктерін ажырату үшін астын сызу белгісін қолдануға болады. Айнымалыларға 
шетелдік слэнг сөздерден тұратын атау бермеуге тырысыңыз – халықтың «қайыққа қандай 
ат берсеңіз, солай жүзеді» деген мəтел сөзі есте болсын. Көбінесе əрекет ету аймағы 
кеңірек айнымалыларға ұзынырақ атаулар беріледі (оның тип префиксі болғаны жөн), 
ал программаның бірнеше жолында ғана əрекет ететін айнымалылар үшін бір əріптен 
тұратын ат қойып, оған түсініктеме беру жеткілікті. 
Айнымалыны сипаттау жариялау немесе анықтау түрінде берілуі мүмкін. 
Жариялау компиляторға айнымалы типі мен жады класы туралы мəлімет 
береді, ал анықтама құрамында компиляторға айнымалы типіне сəйкес 
жады бөлу туралы нұсқау беріледі. C++ тілінде жариялаулардың басым бөлігі 
анықтамалар да болып табылады. Жоғарыдағы мысалда тек үшінші сипаттама 
ғана анықтамаға жатпайтын жариялау болып табылады.
Айнымалы бірнеше рет жариялануы мүмкін, бірақ программаның тек бір 
жерінде ғана анықталады, себебі жариялау тек айнымалының қасиеттерін сипат-
тайды, ал анықтама оны жадының нақты бір аймағымен байланыстырады. 
Операциялар
1.5-кестеде C++ тілінде анықталған негізгі операциялар тізімі өздерінің 
басымдықтарына сəйкес (басымдықтардың кемуі бойынша, əртүрлі 
басымдықты операциялар сызықтармен бөлініп берілген) көрсетілген. Басқа 
операциялар жайлы оларды түсіндіру барысында айтылады. Операциялардың 
толық тізімі 1-қосымшада көрсетілген.
Құрамындағы операндтар санына сəйкес операциялар унарлы (бір опе-
ранд), бинарлы (екі операнд) жəне тернарлы (үш операнд) болып бөлінеді. 
Кестеде келтірілген операциялар
sizeof
жəне шартты операциядан 
басқалары, асыра жүктелуі мүмкін. Операциялардың асыра жүктелуі туралы 
келесі бөлімдерде (205 б.) ақпарат беріледі.


26
Енді негізгі операцияларды толығырақ қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет