Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет241/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

 6-нұсқа
Үшөлшемді кеңістікте ұшының координаталары арқылы берілетін объект-
вектолар үшін кластың сипаттамасын құру қажет. Векторларды қосу жəне 
азайту операцияларының көмегімен жаңа вектор (қосындысының немесе 
айырымының векторын) алуды, екі вектордың скаляр көбейтіндісін, вектор 
ұзындығын, векторлар арасындағы бұрыштың косинусын есептеу операция-
ларын қамтамасыз етіңдер. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
7-нұсқа
Қабырғалары координата өстеріне параллель болатын тіктөртбұрыштар 
класының сипаттамасын құру қажет. Тіктөртбұрыштардың жазықтықтағы орын-
дарын ауыстыру, өлшемдерін өзгерту, берілген екі тіктөртбұрышты қамтитын 
ең кіші тіктөртбұрышты жəне екі тіктөртбұрыштың ортақ бөліктері (қиылысуы) 
болып табылатын тіктөртбұрышты құру мүмкіндігін қарастырыңыз. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
8-нұсқа
Бүтін сандардың (векторлардың) бірөлшемді жиымдарын анықтауға 
арналған кластың сипаттамасын құру қажет. Жиымның шекараларынан 
шығуды бақылай отырып, оның жеке элементтерін пайдалану, объектіні құру 
кезінде индекстердің кездейсоқ шекараларын тағайындау, индекстерінің шека-
ралары бірдей болатын жиымдарды элемент бойынша қосу жəне азайту опе-
рацияларын орындау, жиымның барлық элементтерін скаляр шамаға көбейту 
жəне бөлу, берілген индексі бойынша жиымның элементін немесе жиымды 
толығымен экранға шығару мүмкіндіктерін қарастырыңыз. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
9-нұсқа
Бекітілген ұзындығы бар тіркестердің бірөлшемді жиымдарын анықтауға 
арналған кластың сипаттамасын құру қажет. Жиым шекараларына шығуды 
қадағалау, жиымның жеке тіркестерін индекстері арқылы пайдалану, екі 
жиымды элемент бойынша тізбектей отырып біріктіру арқылы жаңа жиымды 
қалыптастыру, қайталанатын элементтерді жоя отырып, екі жиымды біріктіру
берілген индексі бойынша жиымның элементін немесе жиымды толығымен 
экранға шығару мүмкіндігін қарастырыңыз. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.


268


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет