Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет335/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Шығыс ағымының итераторы элементтерді 
<<
операциясының көмегі-
мен өзі үшін арнайы құрылған шығыс ағымына жазады. Егер конструктордың 
екінші аргументі символдар тіркесі болса, ол əрбір шығарылатын мəннен 
кейін жазылады: 
ostream_iterator os(cout, " кг"); 
*os = 100; 
// 100 кг шығарылады
++os; *os = 2; // 2 кг шығарылады
Меншіктеу операциясының жүзеге асырылуын қарастырайық:
ostream_iterator& operator=(const T& value){ 
 
*out_stream << value; 
 
if(delim != 0) *out_stream << delim; return (*this);
}


363
Мұндағы 
out_stream 
– итератор конструкторының бірінші параметрі 
ретінде берілген шығыс ағымына сілтеме
delim
– конструктордың екінші 
параметрінде көрсетілген тіркес.
Ағымдық итераторларды кітапхана алгоритмдерімен бірге қолдану мыса-
лы 380 б. келтірілген.
Ф ункционалдық объектілер
Функционалдық объект деп функцияны шақыру операциясы 
анықталған класты (211 б. қараңыз) айтады. Функционалдық объектілермен 
басымдылықтары бар кезектерді (339 б.) қарастыру кезінде танысқан бола-
тынбыз. Көбінесе бұл объектілер объектілерді салыстырудың қолданушылық 
критерилерін немесе оларды өңдеу тəсілдерін тағайындауға арналған стан-
дартты алгоритмдердің параметрлері ретінде қолданылады.
Параметр ретінде функционалдық объектіні қолдануға болатын алгоритм-
дерде функцияға нұсқауышты да қолдануға болады. Мұндайда 
()
операция-
сын құрамдас операция ретінде анықтауға болатындықтан, функционалдық 
объектіні қолдану тиімдірек болып шығуы мүмкін. 
Стандартты кітапханада оны тиімді түрде қолдануға жəне кеңейтуге 
қажетті көптеген функционалдық объектілер бар. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет