Программалау" тақырыбына электрондық кешен жасау создание электронного комплекса на тему "



бет2/5
Дата03.10.2022
өлшемі4.69 Mb.
#461822
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Аида жоба 2022

Белгілеулер мен қысқартулар


CSS – Cascading Style Sheets
HR – Human resources
HTML – Hypertext Markup Language
JS – JavaScript
АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
ЖАОК – Жаппай ашық онлайн курс
ЖОО – Жоғарғы оқу орны
ҚО – Қашықтықтан оқыту
ОБП – Объектіге бағытталған программалау
ЭК – Электрондық кешен
ЭОӘК – Электрондық оқу-әдістемелік кешен
ЭОР – Электрондық оқу ресуртары
МАЗМҰНЫ

Түйіндеме 1
Белгілеулер мен қысқартулар 1
Кіріспе 3
1. Программалау пәндеріне арналған электронды кешендердің қазіргі дамуы 6
2. Электрондық кешендерге қойылатын талаптар 7
3. Электрондық оқу ресурстарын құру 10
4. Электронды кешенді ұйымдастыру маныздылығы 10
5. Электронды кешеннің жіктелуі (классификациясы), оның түрлері 12
6. Электронды кешен платформаларына шолу 13
7. Электронды кешен «Nicepage» жүйесін құру 21
3.2«Nicepage» платформасына шолу жасау 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24
Қосымша. Қолданылған терминдердің қысқаша сөздігі 26

Кіріспе


Білім берудің заманауи дамуының негізгі тенденциялары оқу орын­дарының оқыту бағдарламаларының үлкен көлеміне байланысты оқушылар пәндерді жетік меңгеруі үшін теориялар, семинарлар, практикалық жұмыс­тар­дан бөлек өздігінен білім алуды қажет етеді. Өздігінен білім алу оқу үдерісінің шамамен 45%-ын құрайды, және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артып келеді.
Пәндерді өздігінен оқу үшін түрлі ресурстар: кітапханалардан немесе сатып алынған кітаптардан алынған материалдар, Ғалам­тор желісінен алынған ақпараттар қолданылады. XXI ғасырдағы заманауы ғылым­ның даму жылдамдығына қарасақ, кітаптардағы, басылымдардағы ақпа­рат­тардың өзектілігі мәселесі туындайды. Онымен қоса алғанда, кітаптардан, басы­лымдардан мәлімет алу көп уақыт шығындайды.
Бүгінде ең үлкен ақпарат айналымы Ғаламтор желісінде болып жатқаны барлы­ғымызға белгілі. Мұнда кез келген ақапаратты оңай, әрі тез табуға болады. DataReportal компаниясының құрған Digital 2021 қорытынды есебі бойынша, қазіргі таңда әлемде 7,83 млрд. халық бар десек, соның ішінде 4,66 млрд. халық ғалам­тор-қолданушыларын болып табылады. Ал TNS мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылдың басында Қазақстанда ғаламтор қолданушылардың саны 15,47 млн., ең көп құраушылары 18-34 жас аралығындағы жастар болып табылады. Осыдан Қазақстанда ең көп сұранысқа ие ақпарат көзі Ғаламтор екенін біле аламыз.
Соңғы жылдары қашықтықтан оқытудың танымалдылығы артып келеді. Бірақ қашықтықтан оқыту идеясы жаңадан ашылған жаңалық емес. Алғаш рет қашық­тықтан оқыту форматы Европада XVIII ғасырларда пошталық байланыс негі­зінде пайда болған. Техникалық прогресске байланысты сол кездегі қашық­тық­тан оқыту тұжырымдамасы қазіргі уақыттағымен салыстырғанда тек қатынас жасау түрлері ғана өзгерген. Сол себепті, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту­дың дамуын бірнеше кезеңдерге бөледі. Олар:
І кезең (XVIII ғасыр мен 1960 жылдар): бұл кезеңде қашықтықтан оқыту техно­логиясы ретінде баспа өнімдері, пошталық жөнелтілулер, теледидарлар мен радиолар қолданылды.
ІІ кезең (1965-1980 жылдар): бұл кезеңде қашықтықтан оқытудың жаңа техно­логиялары: аудио- және видеокассеталар, факстар қолданылды.
ІІІ кезең (1980-1995 жылдар): бұл кезеңде қашықтықтан оқыту компьютер және интернет технологиялар негізіндегі ақпараттық коммуникациялық техно­ло­гиялардың пайда болуына байланысты жаңа деңгейге көтерілді. Осының арқа­сында «тоқтаусыз» білім алу мүмкіндігі пайда болды және бүкіл әлемнен қашық­тық­тан білім алатын студенттер қатары көбейді.
IV кезең (1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) алдыңғы кезеңдегі техно­логиялармен қатар, қазіргі кездегі видео-конференциялар мен вебинарлар, жоғары сапалы компьютерлік технологияларды қамтиды.
Қазақстанда алғашқы қашықтықтан оқытудың дамыту мәселесі қолға алын­ған күн ретінде 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «E-learning» электрондық оқыту жүйесінің пилот­тық жобасын енгізу бойынша комиссия құру туралы» № 521 бұйрығының шық­қан күнін алса болады. Осы бұйрық шыққаннан кейін, 2011 жылы «E-learning» жүйесі қазақстандық 44 мектепке енгізілген болатын және жоспар бойынша 2020 жылы 90%-дан аса мектептерде электрондық оқу моделін қолданылу жоспар­ланған еді. Бірақ 2020 жылғы эпидемеологиялық жағдайдағы орта білім беру жүйе­сінде қиындықтар туындағанын көре отырып, бұл жоспардың іске аспаға­нын білеміз. Және де бұл жоспар тек орта білім беру жүйесіне ғана негізделген болатын.
Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа жолдауында «Коронавирус індетінің салда­рынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашық­тан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашық­тан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұға­лім­дер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтер­мей­тін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірың­ғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» деген болатын. Осы мәселені шешу жолдарының бірі қашықтықтан оқытудың заманауы фор­масы жаппай ашық онлайн курстарды ұйымдастыру болып табылады.
Жобалық жұмыстың зерттеу нысаны – электронды кешен құру.
Жобалық жұмыстың зерттеу пәні – «Алгоритмдер, мәліметтер құры­лымы және программалау» пәнінен электронды кешен жасау.
Жобалық жұмыстың өзектілігі – технологиялардың дамыған заманында қашық­тықтан білім берудің маңыздылығы жыл санап артып келеді. Сонымен қатар әлемде орын алған карантиндік шаралар уақытында адамдардың қатынас жасауына шектеу қойылғанда қашықтықтан білім беру мәселесі өзектілігі одан сайын арта түсті. Жобалық жұмыста қашықтықтан білім берудің танымал түрі – оқу үдерісіне арналған электронды кешен құрылады. Элек­трон­дық кешен «Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және прог­раммалау» пәнінен мәтіндік және презентация түріндегі теориялар, практикалық жұмыстар, тест тапсырмаларымен жабдықталады. Бұл электрондық кешен жүйесін құру арқылы келешекте онлайн оқыту үдерісін пайдалануға арналған электрондық кешеніне қолжеткіземіз.
Жобалық жұмыстың мақсаты – алгоритмдеуді, программалау негіздерін және программалау тілін үйренгісі келетін оқушыларға және кез келген адамға «Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау» пәні теориясына, мате­риалдарына қолжетімді ету. Осы мақсатқа жету үшін келесі қадамдар жаса­лын­ды:

  • Пәнді зерттеу, мәліметтер жинақтау;

  • Пән бойынша оқу материалдарының бағдарламасын жоспарлау;

  • Оқу бағдарламасы бойынша теориялық, практикалық жұмыстар, тест тап­сыр­маларынан тұратын кешен әзірлеу;

  • Электрондық кешенді орналастыру.

Жобалық жұмыс құруылымына келетін болсақ, ол кіріспе бөлімінен, негізгі бөлімі және қорытынды бөлімінен тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында электронды кешендерді құруда қолданылатын теориялық негіз­демеге әдеби шолу жасалған. Екінші бөлімде қазіргі уақыттағы электронды платформаларға шолу жасалды. Қорытынды бөлімде жұмыс нәти­жесі бойынша жасалынған электрондық кешеннің құрылуы талданды.

1. Программалау пәндеріне арналған электронды кешендердің қазіргі дамуы


Қазіргі кездегі оқу орындарында заманауи мамандарды даярлау жүйеленген заманауи, сонымен қоса, ұйымдастырудың сапасын және оқу процесін басқару­ды қамтамасыз ететін қажетті әдістемелік, технологиялық және техникалық қол­дауы бар электрондық білім беру ресурстарының кешені ретінде қарастырыла­тын ақпараттық білім беру ортасында жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда білім сапасы саласындағы жұмыс екі негізгі бағытта дамып келеді:
1. Білім беру процестерінің сапалық сипаттамаларына бағдарланған про­цестік (технологиялық) тәсіл;
2. Оқу қызметі субъектілерінің сапалық сипаттамаларына баса назар аудара отырып, құзыреттілікке негізделген тәсіл.
Білім беру практикасында бұл екі тәсіл бір-бірімен байланысты және бір-біріне параллель дамиды. Оқушыларға арналған электрондық кешен интеграциялық элемент бола алады.
Заманауи білім беру үдерісі дәстүрлі баспаға ғана емес, сонымен қатар электрондық білім беру ресурстарын қолдана отырып, жаңа оқу материалдарына еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге негізделген. Мұғалім мен оқушының міндеті – ақпа­раттық білім беру ортасының дидактикалық мақсатымен ерекшеленетін компо­ненттерін белсенді, мақсатты және жүйелі пайдалану. Сонымен бірге білім беру процесінің субъектілері жаңа ақпараттарды ала алатын және оларды өзара алма­сатын ақпараттық арналардың саны едәуір артып келеді.
Электрондық кешен – бұл оқу процесін теория­лық материалмен толықтырып, оның дидактикалық циклінің үздіксіздігі мен то­лықтығын, практикалық оқу әрекеттері мен білім деңгейін бақылауда ұстауын, сонымен қатар интерактивті кері байланысқа ие компьютерлік визуалдау және қызмет көрсету функциялары, математикалық және имитациялық модельдеу мен ақпаратты іздеуді қамтамасыз ететін интеграцияланған білім берудің бағдарла­малық жүйесі.
ЭК-ді жүйе ретінде қарастыра отырып, оның элементтерін (компонент­терін) бөліп, әрқайсысының жүйеде алатын орнын белгілеп, компоненттердің байланыстарын анықтау керек. ЭК ерекшеліктерін келесідей бөліп қарастыр­ған жөн:
1) ақпараттық жүйе – бұл әртүрлі форматта ұсынылған және де желіде ор­на­лас­ты­рыл­ған оқу-әдістемелік материалдар, сонымен қатар, оқыту үдері­сі­нің кейбір функцияларын басқаруда оқытушы жұмысын жеңілдететін элек­трон­дық оқыту бағдарламалары;
2) оқытудың автоматтандырылған жүйесі: негізгі жүйелік талабы дидакти­ка­лық тәсілдің бірлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды қол­дану аясында мұғалім мен оқыту бағдарламасы арасындағы білім беру үде­рі­сін басқару функцияларын ұтымды бөлу міндеттері шешіледі; ұйымдастырушылық және мазмұндық компоненттерінің бір­лі­гін қамтамасыз ету; жаттығу сабағының моделі жасалады;
3) техникалық жүйе: ЭК құру үшін халықаралық стандарттарға сәйкес қа­шық­тық­тан оқытуды қолдау жүйесін пайдалану маңызды талап болып та­бы­ла­ды. Оқу бағдарламаларын құруға арналған құралдарды таңдағанда, же­тек­ші критерий осындай өнімдерді өндірудің технологиялық сипаты бо­лып табылады. Бұл программа мен құралдарды оңтайлы таңдау мәселесін ту­ды­ра­ды.
Оқулық немесе оқу құралы – бұл білімді игеруді басқарудың жетекші функ­ция­сы бар электроныд кешеннің негізгі элементі, бірақ олар мұғалім мен оқушының білім беру қажеттіліктерін толығымен жүзеге асыра алмайды. Олар білім беру мазмұнының орташа нұсқасы ғана, өйткені бұл оқытудың адап­тив­ті басқаруы әр оқушының немесе оқушылардың әр тобының өздерінің оқу траек­тория­сын құрып, өздерінің білім беру мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асы­руына мүмкіндік береді.
Білім беру мәселелеріне немесе оқытудың таңдалған формасына байланыс­ты бір-бірімен топтастырылған электронды кешеннің әртүрлі компоненттері маз­мұ­нын, формаларын және оқыту әдістерін таңдаумен байланысты ақпараттық бі­лім беру ортасымен еркін білім берудің өзара қарым-қатынасын жеке тәселмен ұйым­дастыруға мүмкіндік береді.
Электронды кешен (ЭК) – қоршаған ортаның бір бөлігі ғана. Бұл бі­лім беру деңгейлері, пәндер бойынша, мақсатты пайдалану және дидактикалық функ­циялар бойынша жүйеленген баспа және электрондық заманауи ақпараттық білім беру ресурстарының жиынтығы.
Кәсіби іс-әрекетінде жаңашылдықтың талап етілетін қасиеттері бар зама­науи маман даярлауға бағытталған оқыту мен оқу әдісінің арасындағы түбегейлі айырмашылықтар бар. Оларға өзгергіштік, бейсызықтық, білімді игерудің жеке бағытталған тәсілі, оның құрылымдық мүмкіндігі, білім беру процесін ұйымдас­тыруға және қамтамасыз етуге қойылатын қазіргі талаптарды ескере отырып, функционалды және мазмұнды бейімдеу жатады.

2. Электрондық кешендерге қойылатын талаптар


Қазіргі заманғы білім берудің стандар­тының талаптарының ерекшеліктерін ескере отырып, кешен оқушыларды оқыту моделіне бағытталуы керек, бұл жерде қозғаушы идея – олардың белсенді қыз­меті. Бұл оқушылардың білімді белсенді алу, білім алу жағдайларына және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бейімделген жеке білім беру маршрутын құру, оқушылардың шешім қабылдау қабілетін дамыту стратегияларын жүзеге асырудан көрінеді.
Заманауи оқу материалдары келесі бағытта болуы керек:

  • оқушыларға тақырып бойынша теориялық ақпаратты, отандық және шет­елдік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін зерделеуге арналған материал­дар­мен (әр түрлі форматта) жедел қамтамасыз ету;

  • оқушылардың халықаралық ұйымдардың ұсынымдары мен нұсқаулықта­рында, әртүрлі елдердің мамандарының еңбектерінде келтірілген зерттеу прак­ти­ка­сы­ның әдістерін меңгеруі;

  • оқушыларда түрлі бағдарламалар мен жобаларды қоса алғанда, прак­ти­ка­лық қызметке қатысуға мүмкіндік беретін түрлі құзыреттіліктерді дамыту; мәсе­ле­лер­ді кәсіби түрде шешу;

  • оқушылардың рефлексиялық тәжірибесі мен проблемалар мен мәселелерді ше­шу қабілеттерін дамыту.

ЭК келесі міндетті (инвариантты) блоктарды қамтуы керек: ақпараттық блок, коммуникативті (ұйымдастырушылық) блок және басқару блогы. Атап айтқанда, ақпараттық блоктың мазмұны 1.1-суреттегідей болуы мүмкін.

1.1-сурет. ЭК-ның ақпараттық блогының мазмұны
Оқушыларға материалды жақсы түсіну және игеру үшін оқу ақпаратын ұсыну келесі талаптарға сай болуы керек.
Біріншіден, кешеннің материалдары оқушының танысуына мүмкіндік беруі керек: оқылатын пәнде қазіргі уақытта болып жатқан өзгерістермен; зерт­тел­ген мәселелер бойынша заманауи тәсілдермен, әдістермен және практикалық тәжі­рибемен; зерттеу тақырыбы туралы алуан түрлі ақпарат алу, өңдеу және тал­дау­дың заманауи әдістерімен таныстырылуы керек.
Екіншіден, рефератта берілген мазмұнға тыңдаушылар өздері үшін қол жетімді әдебиеттерден таба алатын сұрақтарды қоспағаны жөн. Негізгі мазмұн бір­ліктерінің тізімімен қатар негізгі процедуралардың сипаттамасы, ақпараттық кес­телер, талқылауға арналған тақырыптар, өзіндің жұмыстарға арналған тап­сыр­малардың ықтимал нұсқалары (инвариантты және өзгермелі бөліктер) ұсы­ны­луы керек. Сондай-ақ, қысқаша терминологиялық сөздік қажет, ол оқушыға бір­дей ұғымдардың әр түрлі анықтамаларын бағдарлауға көмектеседі.
Үшіншіден, ақпараттық блоктың мазмұндық бөлігінің құрылымы қатаң түрде анықталуы керек, оған келесі компоненттерді қосу ұсынылады: тұжы­рым­дал­ған мақсат пен міндеттер; қарастырылып отырған мәселелердің тізімі; оларды зерт­теу мақсатымен әдебиеттерден алынған дереккөздер тізімі; әр мәселе бойын­ша оқу-әдістемелік мәтін, оның ішінде: жетекші сарапшылардың ақпарат көз­де­рі­не аналитикалық шолу; әдеиеттер дереккөздерін талдаумен байланысты кіші­гі­рім тапсырмалар; жаңа дереккөздерді іздеу және оларды рефераттау; сту­дент­тің тәжірибесін ескере отырып, проблемаларды анықтау компоненттері болуы керек.
Көптеген ЭК авторлары кешендегі міндетті ішкі жүйелерді бөліп көр­се­теді:

  • ғылыми әдістемелік талаптар;

  • технологиялық талаптар.

Оқушылардың зерттелетін пәндік саладағы білімді ойдағыдай игеруін қам­та­масыз етуге арналған ЭК-ге қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар:

  • қорытынды материалдардың дәйектілігін анықтауға және пәннің ғылыми әдіс­терінің құрылымын түсінуге мүмкіндік беретін оқу материалын ұсы­нудың нақты логикасы;

  • когнитивті визуализация құралдарын қолдану;

  • оқушыларды / тыңдаушыларды ынталандырылған психикалық іс-әрекетке ын­та­ландырудың түрлі жеңілдету әдістерін, құралдары мен тәсілдерін қол­да­ну;

  • тапсырмаларды біртіндеп күрделендіру (типтік, күрделі, стандартты емес), бір­қатар жетекші сұрақтар, тестілеу, түзету әдістері мен құралдарының жүйесі арқылы оқушылардың / тыңдаушылардың танымдық іс-әрекетін бас­қару;

  • білімді, қалыптасқан құзыреттілікті жүйелі бақылаудың болуы.

ЭК-нің технологиялық талаптары:

  • оқушының іс-әрекетін көмек және қолдау арқылы басқару (түсінікті интер­фейс­ті, навигациялық жүйені, анықтама мен кеңестерді қолдану арқылы);

  • оқу материалын ұтымды зерделеу (бөлімді, тақырыпты, курсты модульдік құ­ры­лымдау; мультимедиялық құралдарды пайдалану);

  • көпфункционалды бағдарламалық қосымшаларды қолдану;

  • оқушыларға ақпарат беру технологиясына әсер ететін web тех­но­ло­гия­ла­ры­ның, басқа да Интернет-қызметтердің мүмкіндіктерін пайдалану (бұлт­ты технологиялар, мультимедиялық ақпаратты тарату жүйелері (YouTube) және т.б.);

  • ғылыми және білім беру ресурстарына және университет ре­по­зи­то­рий­ле­рі­не ашық қол жетімділік мүмкіндіктерін пайдалану;

  • заманауи ғылыми коммуникациялық құралдарды – вебинарларды, бей­не-кон­ференцияларды, интернет форумдарды, ғылыми әлеуметтік желілерді қол­дана отырып білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығын оқыту және коммуникативтік дағдыларын дамыту [4].

Ресейлік ГОСТ 53620-2009 стандартының зерттеулерінің нәтижелері бойынша ЭК-дердің болуы оқушылардың әр түрлі деңгейлерін оқытуда электрондық білім беруді бел­сен­ді қолдануға мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады. Бұл ақ­па­рат­тық қоғамның сын-қатерлеріне және қазіргі заманғы еңбек нарығының білім беру мамандарын интенсивті, қоғамдық, тең, инновациялық және сапалы да­яр­лау қажеттіліктеріне жауап болып табылады.

3. Электрондық оқу ресурстарын құру


Электрондық оқу ресурстарын (ЭОР) құру – бұл жалпы алғанда оқу үдері­сін, оның ішінде электрондық оқытуды ақпараттық қолдауды құрудың негізгі проб­ле­маларының бірі. Бұл оқушылардың өзіндік белсенділігін арттыру тұр­ғы­сы­нан білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын қа­на­ғаттандыруға бағытталған жаңа электрондық интерактивті ақпараттық ре­сурстар мен дидактикалық оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеумен байланысты. ЭОР оқушылардың негізгі ақпараттық ресурсы – мемлекеттік білім беру стан­дар­ты­ның талаптарына сәйкес жоғары сапалы пәндік білім алудың ақпараттық кепілі ре­тінде жұмыс істейтін оқулықтың мүмкіндіктерін кеңейтеді және толықтырады.
Сырт­қы ақпараттық білім беру ресурстарымен, соның ішінде ЭОР-мен жұ­мыс жасау оқушылардың ақпараттық әлеуетін едәуір кеңейтеді және байытады, олар­ды өмірге, кәсіби салаға, нақты жағдайда жұмыс істеуге бейімдейді, оларды ақ­паратқа бай қоғамда өмір сүруге және жұмыс істеуге үйретеді, оларды эмо­цио­нал­ды етеді сфера жарқын. ЭОР – бұл іс жүзінде жеке білімге айналуы мүмкін түр­лі ақпараттың қуатты көздері.
Мультимедия, интерактивтілік, өзгергіштік, қол жетімділікті қамтитын бір­қатар ЭОР-дың сипаттамалары олардың дидактикалық маңыздылығын оқу прак­тикасында жүзеге асыру тұрғысынан көрнекілік, оқытудың бейімділігі, сту­дент­тердің белсенді позициясы, оқу материалын ұсыну және түсіну қа­ра­пайым­ды­лығы, оқу материалдарын кең қолдану қағидаларын негіздейді.
Ұлттық стан­дарт­қа сәйкес ЭК – бұл өзара байланысты білім беру мазмұнын қамтитын және бі­лім беру процесінде бірлесіп қолдануға арналған электрондық білім беру ре­сурс­тарының құрылымдық жиынтығы.
ЭК құрылымы мен білім беру мазмұны білім деңгейлерінің ерек­ше­лік­те­рімен, білім беру бағдарламаларының және басқа нормативтік-әдістемелік құжат­тардың талаптарымен анықталады. ЭК жеке пәндерді, оқу модульдерін, пән­дер жиынтығын, жалпы білім беру бағдарламалары үшін оқуды қамтамасыз ету үшін құрылуы мүмкін.

4. Электронды кешенді ұйымдастыру маныздылығы


Қазіргі уақытта күнделікті өмірде икемділікті сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдана отырып білім алу өте маңызды. Осыған байла­нысты, онлайн білім беру барған сайын танымал және қол жетімді болып келеді.


Электронды кешен оқу орындарындағы ең маңызды және сонымен бірге даулы құбылыстардың бірі болып табылады. Электронды кешенді қолдаушылар білім берудегі төңкеріс туралы айтса, қарсыластар білім беруді жеңілдетудің төмен тиімділігі мен жағымсыз процесі туралы айтады. Бірақ академиялық қоғамдастық өкілдерінің көпшілігінде білім беру кеңістігінде бұқаралық курстарды дамытудың келесі траекториясы туралы түсініктері жоқ. Соған қарамастан, қазіргі кезде көптеген жетекші көптеген білім беру орындарында, электронды кешенді құрумен және дамытумен айналысады, бұл ЭК өзіндік сұранысы бар екенін көрсетеді.
Ал соңғы жылдары эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаппай ЭК ерекше белсенді дамып келеді, олардың танымалдылығы тез арта бастады және миллиондаған адамдарға карантиндік жағдайларға қара­мастан әлемнің жетекші білім беру орындары танымал ғалымдардың курстарын пайдалануға мүмкіндік туды. Massive Online Open Course терминін алғаш рет Джордж Сименстің «Connectivism and Connective Knowledge» (сонымен қатар ССKO8 деген атаумен танымал) қашықтықтан оқыту курсын сипаттау үшін 2008 жылы Дэйв Кормье ұсынған. 2008 жылғы «Connectivism and Connective Knowledge» (Манитоба университеті) онлайн-курсында әр түрлі университеттер­дің 2000-нан астам тыңдаушылары оқыды. Дәл сол уақытта, 2009 жылы «Академиялық Жер» жобасы басталды. Academicearth.org сайтының беттерінде Массачусетс технологиялық институты, Калифорния, Гарвард, Принсли, Стэнфорд және Йель университеттері оқытушыларының әр түрлі білім сала­ла­рында дәрістері пайда болды. Кейін, 2011 жылы Себастьян Тран (Google вице-президенті және Стэнфордтың информатика профессоры) және Питер Норвиг ұсынған «Жасанды интеллектке кіріспе» курсына 190 елден 160 мың адам жазылды. Кейбір ғалымдар бұл жалпы білім беру тарихындағы үлкен жаңалықтардың бірі болды деп санайды.
MOOC термині төрт бөлек терминнен құралады:

  • Massive (жаппай) – бұл курста бүкіл әлем бойынша көптеген қаты­су­шы­лардың оқитынын білдіреді;

  • Open (ашық, тегін) – кез-келген курс тегін, оған кез-келген адам кез-келген уақытта қосыла алады;

  • Online (онлайн) – барлық курстар Интернетте қол жетімді. Курста оқыту­дың барлық жауапкершілігі тыңдаушының мойнына артылған кезде син­хронды оқыту әдістері, процесс мұғаліммен нақты уақыт режимінде жүзеге асырылған кезде асинхронды оқыту әдістері қолданыла алады;

  • Course (курст) – әр курстың әр қатысушы үшін түзетуге болатын өзінің ережелері, құрылымы және өз мақсаттары болуы мүмкін.

Сонымен қатар, курстың матери­ал­дары мен бірлескен жұмыстың нәтижелері Интернетте көпшілікке қол жетімді, курс тегін және оған кез-келген адам кез-келген уақытта қосыла алады. Кейбір курстар сертификат үшін ақы төлеуді талап етеді.
Бастапқыда Еуропалық білім беру ұйымдары, негізінен қаржылық жағынан, оқуға мүмкіндігі жоқ тыңдаушыларды оқыту үшін ұйымдастырылды.
Курстың негізгі мазмұны – оқытушының бейне материалдары. Оқу материалы әдетте жеке тақырыптарға бөлінеді. Кейбір жағдайларда тақырыпты түсінуді тексеру үшін интерактивті тест қолданылады. Тесттер мен тапсырмалар көбінесе автоматты түрде бағаланады. Кейбір тақырыптар бойынша қосымша онлайн ресурстар ұсынылуы мүмкін. Мұндай платформаларда тапсырмаларды орындауға немесе басқа оқушылармен зерттелетін тақырыпты талқылауға мүмкіндік бере­тін бірлесіп жұмыс жасау кең таралған. Тек бейне материалдар сайт­тар­дан айырмашылығы, ЭК – бұл белгілі бір білім саласын игеруге мүмкіндік беретін тұтас оқыту платформасы. ЭК платформасының қашықтықтан оқытудан айыр­машылығы, адамның мансап пен кәсіби өсуіне қажет нақты білімді игеру болып табылады.
ЭК көптеген курстың авторынан кері байланыс алады. Егер курс бойынша авторлық кеңес берілмесе, оқушы форумға мәселесі туралы жаза алады, ал оқушылардың бірі сол сұраққа жауап береді. Тапсырмаларды, тестілерді және емтихандарды орындау қажет емес, бірақ курстардың сәтті аяқталғандығы туралы сертификат алу үшін барлық курстың талаптары орындалуы керек.
Сонымен, ЭК келесі атрибуттармен сипатталады:

  • Бұқаралық сипат пен жаһандылық;

  • Тегін;

  • Әлемдегі барлық оқу орындарынан білікті кадрларды тарту;

  • Білім беру саласының барлық элементтері арасында кері байланыс орна­ту­дың көптеген арналарының болуы: тыңдаушы – оқытушы, тыңдаушы – тыңдаушы, оқытушы – оқытушы;

  • Платформадан кейін ақпарат Интернетте қалады және қатысушылармен толықтырылып отырады;

  • Оқытушының рөлі жойылады. Оқытушы тек делдал немесе әріптес болады;

  • Материалдың қарапайым электрондық мазмұнын емес, арнайы дайын­дал­ған материалдарды қолдану.



5. Электронды кешеннің жіктелуі (классификациясы), оның түрлері


Бүгінгі таңда Интернетте оқу үрдісіне әртүрлі тәсілдердің болуына байла­нысты пайда болған онлайн-платформалар, олардың өзара әрекеттесу форматы, іске қосу түрі және орындалу мерзімі, мақсаттары, аралас модельдерде қолдану, қолданылатын технологиялар және т.б. байланысты бірнеше бағыттарға бөлінеді. Ашық білім алудың дамуы онлайн-платформалардың жіктелуі барған сайын бөлшектеніп жатқандығына әкеледі.
AQL Learning Innovation Consultancy негізін қалаушы және бас директоры Заид Альсагов ЖАОК-тарды 8 түрге бөледі:

  1. xMOOC – үлкен білім ағыны бар орталықтандырылған жүйе;

  2. FLOOC – шет тілін жанама оқыту курстары, «foreign language» сөзінен шыққан;

  3. BOOC – хMOOC-пен бірдей, бірақ 50 қатысушыға дейін, «big» сөзінен шыққан;

  4. SPOC – жеке сынып курстары, «small private» сөзінен шыққан;

  5. SMOC – синхронды уақыт бойынша оқылатын дәрістер, «synchronous» сөзінен шыққан;

  6. cMOOC – өзін-өзі ұйымдастыру оқыту түрі, «connectivism» сөзінен шыққан. Көбінесе, бұл ішінара жеке, білім беру мекемелерінде жасалады.

  7. corpMOOC – тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін корпорациялар құрған оқшауланған топтық курстар.

  8. DOCC – сMOOC-пен бірдей, тек географиялық және институционалдық шектеулері жоқ, «distributed» сөзінен шыққан.

Осыған ұқсас классификация Монтеррей технологиялық институтының білім беру инновациялары обсерваториясының «Edu Trends» есебінің инфо­гра­фикасында көрсетілген.
Ал Epic Group plc компаниясының бас директоры және құрылтайшысы Дональд Кларк басқа негізде 8 түрді ажыратады:

  1. transferMOOCs – университеттік аудиториядан платформаға аударылған («transfer») курс, дәстүрлі білім беруді модернизациялаудың алғашқы қадамы. Көбінесе, білім беру ағымын тарту кезінде университет пен оқыту­шының беделіне баса назар аударылады. Мысалы: Coursera.

  2. adaptiveMOOCs – динамикалық бағалау мен деректерді талдаумен бейім­делген («adaptive») немесе дараланған оқыту курсы. Идеяның авторлары – Гейтс қоры. Мысалы: Cogbooks.

  3. madeMOOCs – бұл платформаның ойластырылған құрылым, виртуалды инновациялар техникасына баса назар аудара отырып жасалған («made») курс. Мысалы: Khan academy, Udacity.

  4. groupMOOCs – бірлескен, топтық («group») курстар. Ол жалпы география, қызығушылық және білім деңгейі негізінде қалыптасады. Мысалы: Стэнфорд университеті, NovoEd.

  5. synchMOOCs – синхронды («synchronous») және нақты кестесі бар курс. Бұл тыңдаушыны ынталандыруға көмектеседі және жүктемені үйлесімді түрде бөлуге мүмкіндік береді.

  6. connectivistMOOCs – өзін-өзі ұйымдастыруға және қарым-қатынас желі­сіне баса назар аударатын коннективизм («connectivism») курсы. Автор­лары – Джордж Сименс пен Стивен Даунс.

  7. asynchMOOCs – өту уақытына, орналасуына тәуелсіз, яғни, асинхронды («asynchronous») курстар. Өздігінен білім алу қабілетін жоғарылатады және белгіленген мерзімде курсқа қатыса алмайтын тыңдаушыларды азай­тады. Мысалы: Udacity, Coursera (кейбір курстары).

  8. miniMOOC – Open Badges-ті пайдаланатын курстар немесе нақты мақсат­тары бар коммерциялық курстар.

Осы аталған электронды платформалар ішінде негізгілері: cMOOC, task-based MOOC, xMOOC болып табылады.
cMOOC курстарында оқу мақсатын пайдаланушы анықтайды. Мұндай курстар белгілі бір білімі бар материалды өз бетінше оқуға бағытталған пайдаланушы үшін қолайлы. сMOOC курстарын пайдаланудың негізгі және тиімді тәсілі – бұл үздік­сіз білім алу және кәсіби даму формасы.
task-based MOOC пайдаланушы нақты тапсырмалар жиынтығын орындайды деген тұжырымға негізделген. Сонымен қатар, тапсырмаларды басқа пайдаланушымен ортақ қол жетімділікте орындауға болады.


6. Электронды кешен платформаларына шолу


Қазіргі таңда әлемде ЭК-платформалар немесе онлайн білім беруге арналған сайттар өте көп. Олар өз қолданушыларын табуы үшін платформаның интерфейсі қолданудың ыңғайлы, көзге жағымды болуы, платформада орналас­тырылатын курстардың пайдалы, түсінікті болуы, маңызды ақпараттарды қам­тыған болуы, курс бағаларының қолжетімділігі, платформаның білім берудегі тәжірибесінің болуы, платформаның өзіндік ерекшеліктерінің болуы секілді бірнеше жағдайларды қарастыруы керек.
Жыл сайын bitdegree.org сайты ЖАОК-платформаларының тізімін жинап, олар туралы ақпараттарды талдап, қолданушылардың пікірлерін біліп құрған «2020 жылдың ең жақсы онлайн білім беру платформалары» рейтінгі бойынша ең жоғары рейтінгті 5 платформа 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. bitdegree.org сайтының «2020 жылдың ең жақсы онлайн білім беру платформалары» рейтінгісіндегі 5 платформа
Осы платформалардың рейтингтегі жоғары орын алуына әсер еткен ерек­шеліктерін, олардың тарихын, артықшылық, кемшілік, интерфейсін және тағы басқа мәліметтерді қарастырып, әрқайсысына жеке шолу жасасақ:

  1. Udacity платформасы Стэндфорд университетінің информатика сабақ­тарын өткізуге арналған шағын жоба ретінде 2011 жылы құрылған (2-сурет).

Артықшылықтары:

  • Дизайнның қарапайымдылығы (пайдасыз ақпарат жоқ);

  • Сапалылығы (тіпті тегін курстардың да);

  • Оқу мүмкіндіктерінің әртүрлілігі.

Кемшіліктері:

  • Бағаларының жоғарылығы;

  • Клиенттерді қолдаудың болмауы (кейбір жағдайларда);

  • Тек ағылшын тілінде.


2-сурет. Udacity-платформасының басты беті
Udacity-де курстардың барлығы программалаудың әр түрлі сала­ларын оқуға бағытталған. Сайт каталогында барлық курстарды 9 бөлімге бөлген, олар: жасанды интелект, автономды жүйелер, бзнес, бұлтты есептеу, кибер­қауіп­сіздік, data scientists, product management, программалау, мансап. Осы бөлімдерге бөлінген 79 программалау бағыттарын таңдау мүмкіндігі бар. Қазіргі сәтте 259 курс бар, оның 189-ы тегін курстар. Куратар арасында C# тілін оқыту курстары жоқ, есесіне 3 C++ курсы , 3 Kotlin, 5 Swift, 16 Python, 20 Java курсы орналас­ты­рылған. Курстардың барлығы тек ағылшын тілінде, курс тілдерін таңдау немесе субтитрлар қолдану мүмкіндіктері қарастырылмаған.
Ерекшеліктері. Udacity-дің Udacity Nanodegree және Udacity Nanodegree Plus атты бірнеше ерекше ерекшеліктері бар. Udacity Nanodegree – бұл студент ай сайын қызметтерге ақы төлейтін және белгілі бір пәнді 2-12 ай бойы оқитын, содан кейін аяқталғандығы туралы куәлік алатын оқу түрі. Бұл оқу түрінде студенттер көптеген жаңа ақпарат алады және нақты программалауды үйренуге мүмкіндік алады. Алайда, мұның бәрі басқа оқу түрлеріндегідей студенттің қалауы мен оқуға қызығушылығына байланысты. Бірақ, бұл бағдарлама Nanodegree Plus сияқты жұмыс тауып беруге кепілдік бермейді. Udacity Nanodegree Plus – Udacity студенттері қатыса алатын оқытудың ерекше түрі. «Plus» бағдарламасының басты ерекшелігі – студенттер қажетті бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін Udacity жұмысқа орналастыруға кепілдік береді немесе ол курстың бағасының толық құнын қайтарады. Бірақ бұл бағдарлама 2017 жыл­дың 5 желтоқсанынан бастап жұмысын тоқтатты.

  1. Datacamp – 2014 жылы құрылған құрылған платформа (3-сурет).

Артықшылықтары:

  • Дизайнның қарапайымдылығы;

  • Сапалы ақпарат ұсынады;

  • Бағаларын ашық көрсетеді;

  • Бағалары оның сапасына сәйкес келеді.

Кемшіліктері:

  • Кей курстарда мәтін өте көп;

  • Тегін курстар мен олардағы мәліметтер аз.


3-сурет. Datacamp платформасының басты беті
Сайттың басқа платформалардан айырмашылығы – ол негізінен деректану және R программалау бойынша курстарға маман­дан­ды­рыл­ған (4-сурет). Олардың пікірінше, әлемдегі деректердің 90%-дан астамы соңғы екі жылда ғана жасалған, сондықтан бұрын болмаған деректер зерттеушілеріне деген сұраныс өте зор. Платформа адамдарға деректермен жұмыс істеуге қажетті негізгі дағдыларды үйретуге бағытталған. Қазіргі уақытта платформада 357 курс орналастырылған, C# тілін оқыту курстары жоқ, бірақ әр түрлі бағыттағы 145 Python курсы бар. Курстардың барлығы ағылшын тілінде.
Курстардың сапасына келетін болсақ, көптеген қолданушылардың пікірін­ше курстардағы ақпарат тәжірибеде қолданылуға келмейді, ақпараттың барлығы мәтіндік ақпаратқа негізделген. Көптеген курстардың видео-дәрістері болғаны­мен, тапсырмалардың барлығы мәтін түрінде беріледі. Бірақ, осыған қарамастан қолданушылар курстың бағасына ескере отырып, беріліп отырған ақпарат сапалы деген ойда.

4-сурет. Datacamp платформасының оқытатын технологиялары
Ерекшелігі. DataCamp пайдаланушыға өте пайдалы емес болса да қызықты мүмкіндіктер ұсынады. Олардың бірі «XP» немесе басқаша айтқанда «тәжірибе ұпайлары» деп аталады. Әрбір пайдаланушы курсты аяқтау, белгілі бір тапсыр­маларды орындау және сайттағы басқа әрекеттерді орындау арқылы XP таба алады. Егер пайдаланушы курста қандай да бір тапсырманы шешудің әдісін тап­қысы келсе, белгілі бір XP көлемін қолданады. Пайдаланушының тәжірибесі жеке парақшасының жоғарғы жағында көрсетілген. Сонымен қатар, XP-дің арнайы мақсаты жоқ. Тәжірибе жинағы арнайы тәсілмен пайдаланылмайды, бұл XP пайдаланушыға курста алға жылжуға, қызығушылығын көтеруге көмектесу үшін қызмет етеді. Онлайн оқыту платформаларының көпшілігі бұл әдісті қолдан­байды. XP-ді шын мәнінде қолдану мүмкіндігі болмаса да, пайдаланушыға оқуға және курстардан өтуге ынталандыратын тамаша әдіс болып қала береді.

  1. Udemy – 2010 жылы білімді қолжетімді ету мақсатында құрылған білім беру платформасы; 35 милионнан астам пайдаланушысы және 100 мыңнан аса курсы бар қазіргі таңдағы ең ірі платформаның бірі (5-сурет).

Артықшылықтары:

  • Түрлерінің көптігі;

  • Қолдану қарапайымдылығы;

  • Техникалық мәселелер жоқтығы;

  • Материалдар тілдерін таңдау немесе субтитрлар қолдану мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

  • Бағалары түсініксіз;

  • Кері байланыс жасауда ақаулар бар.


5-сурет. Udemy платформасының басты беті
Платформаданың көрсеткіші бойынша қазір 130 мың видео-курс­тар бар. Олар 13 категорияға бөлінген, ішіндегі танымал категориялар 6-сурет­те көрсетілген. Әр категория бағыттарға бөлінген. «Разработка» категориясы веб-программалау, деректерді талдау және өңдеу, мобильді қосымша құру, прог­раммалау тілдері, ойындар құру, деректер қорын жобалау және құру, прог­рам­малық жасақтаманы тестілеу, программалық жасақтама инженериясы, прог­рам­малау құралдары, кодсыз программалау категорияларын қарастырады. Соның ішінде C# тілі программалау тілдері мен ойындар құру категорияларында оқы­тылады. C#-тан басқа Python, Java, C++, JavaScript, C, Go тілдері оқытылады. Курсты сәтті аяқтағанда сертификат бірледі, және де курс материалдары онлайн түрде шексіз қолжетімді болады, тіпті кей материалдарды жүктем алу мүмкіндігі бар.

6-сурет. Udemy платформасындағы курстардың танымал категориялары
Сайтта 619 C# тілі курстары және оларда оқитын 4 020 111 пайдалаушысы бар. Бұл курстардың барлығын білім алушының дейгейіне қарай бөлу мүмкіндігі бар, бастапқы деңгейде 255, орта деңгейде 107, кәсіби деңгейде 10 және жалпы дең­гейде (білім алушы деңгейін ескермегенде) 247 курс бар. Курстарда материалдар тілін таңдау мүмкіндігі бар. Курстар негізінен ағылшын тілінде, олардың саны 289 курс, сонымен қатар түрік тілінде 89, испан тілінде 65, португал тілінде 59, француз және қытай тілдерінде 23 курс, орыс тілінде 14 курс бар, ал қазақ тілін­дегі курстар жоқ.
Coursera – 2012 жылы Стэнфорд университетінің компьютер ғылым­дарының профессорларымен құрылған онлайн білім беру платформасы (7-сурет).
Артықшылықтары:

  • Кәсіби қызмет көрсету;

  • Икемді оқу кестесі;

  • Оқу нұсқаларының түрлерінің көптігі;

  • Ғылыми дәріжеге ие болу мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

  • Бағасы қымбат;

  • Жаңадан оқушылар үшін қиын.


7-сурет. Coursera платформасының басты беті
Coursera-да курстардың көпшілігін университеттер немесе университет профессорлары құрады. Платформа 200-ден аса ірі кәсіпорындар мен университеттермен серіктеседі. Платформада 77 миллионнан аса пайдалаушы білім алады. Қазіргі уақытта 8006 курс бар, олар 11 категорияға бөлінеді. Кате­гориялар ішіндегі танымалдарына деректер ғылымы, бизнес, компьютер ғылым­дары, ақпараттық технологиялар, тілдер жатады (8-сурет).

8-сурет. Coursera платформасындағы курстардың танымал категориялары
Компьютер ғылымдарында 1503 курс бар, оның ішінде 96 C# тілі курстары бар. C# тілі курстарының 84-і ағылшын тілінде, 28-і орыс және испан тілдерінде, 27-і француз тілінде және де араб, португал, неміс, итальян, қытай тілдерінде де курстар кездеседі. Курстар сонымен қатар программалау деңгейіне қарай да бөлі­неді, бастапқы деңгейде 54, орта деңгейде 34, кәсіби деңгейде 1, аралас деңгейде 6 курс бар.

7. Электронды кешен «Nicepage» жүйесін құру


Құрылған оқу-әдістемелік кешен пайдалаушы пен программалауды үйренгісі келе­тін кез келген талапкерге алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы, прог­раммалау тілдерінің негіздерін үйренуге арналған теориялар, практикалық жұмыстар, тест тапсырамалар жинағын ұсынады.
Қазір XXI ғасыр – технологияның дамыған уақытында түрлі программалау тілдері бар. Программалауды қай тіл негізінде оқыса да, барлық тілдің құры­лымы ұқсас болып келеді. Жобалық жұмысты жасау барысынды құрылған элек­трондық кешенде программалау тілін оқытудың басты себебі – осы тілдің танымалдылығы мен оны қолдануда ұсынатын мүмкіндіктерінде.
Қазіргі кезде программалау тілі – бұл ақпараттық технологиялар индус­трия­сындағы ең қуатты, тез дамып келе жатқан және сұранысқа ие программалау тілдері. Қазіргі уақытта программалау тілдерінде әр түрлі қосымшалар: шағын программалардан бас­тап үлкен веб-порталдар мен күн сайын миллиондаған пайдаланушыларға қыз­мет көрсететін веб-қызметтер жазылған.
«Алгоритм, мәліметтер құ­ры­лы­мы және программалау» пәні­нен электронды кешен жасау 2 кезеңнен тұрды:

  • Теориялық блок кешенін құру;

  • Практикалық тапсырмалар жүйесін құру.

  • Тест тапсырмасын құру



    1. «Nicepage» платформасына шолу жасау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет