Түрі (Вид – View) мәзірінің құрамында Visual Basic 6 ортасының терезелерін және саймандарды шақырушы командалар бар.
Жоба (Проект-Project) мәзіріңде жобаны және оның элементтерін басқару командалары топтастырылған. Олар пішін, программалық модуль, класс сияқты, жоба элементгерін жобаға қосуға және одан алып тастауға мүмкщдік береді. Берілген мәзірдің командаларының көмегімен Сіз қосымша қасиеттерінің терезесін ашасыз, кітапхананы іске қосатын сілтемені, элементтер панеліне қосымша саймандарды (қүрауыштарды) қоса аласыз.
Пішім (Формат - Format) мәзірінде пішіндегі объектілерді пішім дейтін командалар бар.
Іске қосу (Пуск - Run) мәзірінің комаңдалары қосымшаны іске қосуды басқару үшін пайдаланылады. Берілген мәзірдің комаңцасын пайдалана отырып, қосымшаны компиляциядан немесе компиляциясыз және оның орындалуын тоқтатып немесе үзіп іске қосуға болады.
Диаграмма (Диаграмма-Diagramm) мәзірінде деректер қоры-кұрылымын бейнелейтін диаграммаларды салушы командалар топтастырылған.
Саймандар (Инструменты-Tools) мәзірінің командалары Visual Basic 6 ортасының саймандарын баптауды басқарады. Олар процедураларды қосуға және оның тол белгілерін (атрибуттарын) анықтауға, Мәзір редакторының терезесін шақыруға, Параметрлер (Параметры-Options) сұхбат тсрезесіндегі программалардың баптауын озгертуге, сондай-ақ жобаларды сақтайтын Sourse Safe қоймасын басқаруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |