Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ


-бап. Прокуратура органдарының жауаптылығы



бет20/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Прокуратура туралы заң

46-бап. Прокуратура органдарының жауаптылығы
1. Прокуратура қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңда белгіленген жауаптылықта болады.
2. Прокуратура органдарының әрекеттерімен келтірілген залал заңнамада көзделген тәртіппен өтеледі.
47-бап. Прокуратура органдарында еңбекті құқықтық реттеу
Мыналардың:
1) прокуратура қызметкерлерінің еңбек қатынастары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі;
2) прокуратураның әскери қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі;
3) прокуратураның өзге жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.
48-бап. Прокуратура органдарындағы қызмет
Прокуратура органдарындағы қызмет – Конституцияға, осы Заңға және өзге де заңнамаға сәйкес прокурорлар жүзеге асыратын құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртібі мен ерекшеліктері "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
49-бап. Қызметтік куәліктер және мөр
1. Бас Прокурорға, Бас Прокурордың орынбасарларына белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі береді.
2. Бас Прокурор, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бағынысты қызметкерлеріне белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктер береді.
3. Бас прокуратураның, оған бағынысты прокуратуралардың және прокуратура ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет