~ 262 ~
Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық ӛзгерістер
Бас–ми жарақаты кезіндегі пайда болатын бҧзылыстар,
соның ішінде
психикалық бҧзылыстар оның ауырлық дәрежесіне,
орналасуына, сонымен
қатар, басқа да кӛптеген жағдайларға - бір уақытта басқа мҥшелердің
зақымдалуы, жалпы қан жоғалту, инфекциялар, интоксикациялар қосылуына
және басқа да клиникасына әртҥрлі
симптоматика беріп, психикалық
бҧзылыстардың полиморфизмін кӛрсететін факторларға байланысты.
Бас-ми жарақатының жедел кезеңіндегі
психозды ми гемодинамиканың
жедел бҧзылыстармен байланыстырады. Жарақаттық психоз кӛрінуінде,
дамуында және ағымында капиллярлар ӛткізкізгіштігінің жоғарылауы
нәтижесінде болатын ми ісінуінің едәуір маңызы бар.
Бас–ми жарақатының жабық және ашық тҥрлерінде де
жедел кезеңінде
жалпы милық симптомдар кӛрінеді. Ашық жарақаттың клиникалық кӛрінісі
ми зақымдалуына, инфекциялық ҥрдістің,
жиі іріңді менингоэнцефалит
дамуына байланысты болады.
Бас-ми
жарақатының
жедел
кезеңіндегі
психоздар
кезіндегі
патоморфологиялық
ӛзгерістер
бас
миының
ісінуімен
және
геморрагиялармен кӛрінеді. Бас-ми жарақатының алыс салдарының
патоморфологиялық субстраты энцефалопатия болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: