Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет312/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Тӛлқҧжаттық мәліметтер: аты-жӛні, жасы, ҧлты, жҧмыс немесе оқу 
орны, мамандығы, мекен-жайы және телефоны. Туыстарының мекен-жайы 
және телефоны. Тҥскен кҥні. Курация уақыты. 
Науқастың шағымы (тексеру сәтіндегі) 
Anamnesis vitae (ӛмір анамнезі). Бҧл зерттеулер психикалық аурудың 
дамуына алып келген биологиялық, психикалық және әлеуметтік 
факторларды анықтауға бағытталған.
Биологиялық факторлар. Ҧрықтану кезіндегі ата-анасының жас 
мӛлшері, босану барысы мен физикалық даму сипаты. Соматикалық, 
инфекциялық бас-ми аурулары; интоксикациялар – ӛндірістік, алкогольдік, 
наркотикалық, токсикоманиялар. Жыныстық дамуы, менструальды цикл, 
жыныстық ӛмірі, жҥктіліктері, босанулары, климакс, қартаю ерекшеліктері. 
Психикалық факторлар. Баланың жасына сай психикалық дамуы. Науқастың 
психикалық ерекшеліктері - интеллекті, қызығушылықтары, мінез

қҧлқы, 
еліктеулері, темпераменті, қиындықтарға психикалық тӛзімділігі, ӛзін 
бағалауы. 
Ҧнамды 
қасиеттері: 
мейірімділігі, 
әділдігі, 
адалдығы, 


~ 433 ~ 
жауапкершілік сезімі; әртҥрлі теріс кҥйзелістер – кешенді кҥйзелістер, ішкі 
конфликттер, жедел және созылмалы психикалық жарақат, эмоциональды 
депривация, ҧзаққа созылған психоэмоциональды кернеліс жағдайы. 
Әлеуметтік фактор. Әлеуметтік ортаның ерекшелігі - ата

анасының 
жанҧясы, ӛзінің жанҧясы, балалар бақшасы, мектеп, ӛндірістік орта, достары. 
Әлеуметтік дамуы 

оқу, әскери қызметте болуы, қызметтегі жетістіктері, 
қоғамдық қызметі.
Клиникалық медицинада ӛмір анамнезін жас кезеңдеріне байланысты 
жазу және суреттеу қабылданған. Әр жастың ӛзіне тән биологиялық, 
психикалық, әлеуметтік зиянды факторлары болады, бҧл психикалық 
аурулардың қалай пайда болатынын анықтауға жәрдем береді.
Ҧрықтану жағдайы, ата

анасының жас мӛлшері, анасының жҥктілік 
кезіндегі денсаулығы, босануы. Туылу кезіндегі баланың жағдайы.
Баланың ӛсуі мен дамуы. Баланың мінез

қҧлығы: сабырлы, қарым

қатынасшылдығы, ашушаң, ҧялшақ, қорқақтығы және т.с.с. Басынан ӛткен 
аурулары, жарақаттары, олардың асқынулары. Ҧйқы кезінде сӛйлеу, жҥру, 
кіші дәретін ҧсай алмау, ҧстамалар, қорқыныштар, материалдық-тҧрмыстық 
жағдайлар, жанҧядағы жағдайлар, тәрбие ерекшеліктері. 
Мектептегі кезең: оқуға қабілеті, мектептегі, жанҧядағы мінез-қҧлығы, 
мінезінің қалыптасуы, жыныстық жетілуі, сол жастағы ауырған аурулары, 
олардың церебральді және психикалық салдары. 
Осы 
кезеңдегі 
материалдық-тҧрмыстық 
жағдайы: 
жанҧядағы 
жағдайлар, тәрбиелену ерекшелігі – тәрбиенің қатаңдығы немесе ерекше 
қамқорлық, ӛз бетімен аса еркін жҥруі, «жанҧя кумирі» болуы.
Оқу жалғастыруы, мамандық алуы, әскери қызметте болуы. 
Тҧлға дамуы: әлеуметтік ӛсуі, әлеуметтік статусы – жанҧясы, 
мамандығы, 
атқаратын 
қызметі. 
Мінезінің, 
қызығушылықтарының, 
парыздарының тҥзілуі. 
Жыныстық ӛмірі: менструальды кезеңнің ерекшелігі, жыныстық 
ӛмірінің ерекшелігі, жҥктілік, босанғаннан кейінгі жағдайы. 
Хронологиялық рет бойынша басынан ӛткен соматикалық және 
инфекциялық аурулары болуы және олардың церебральді және психикалық 
салдары. Кәсіби зияндылықтар, мамандығына байланысты психикалық 
кҥйзелістер, қиындықтар, сәтсіздіктер. Алкогольді ішімдіктер мен 
наркотикалық заттарды пайдалануы, себептері, қолдану ерекшеліктері, 
жҥйелі тҥрде қабылдауы, мас болу ерекшеліктері, бас жазу. Наркотикалық 
заттарды қолдану дозасы және себептері.


~ 434 ~ 
Инволюциалдық кезең: климактериялық кӛріністер, психикалық 
жарақаттар, жанҧялық-тҧрмыстық ситуациялар, басынан ӛткерген аурулары. 
Жанұялық анамнезі: Психикалық ауру дамуына ықпал еткен 
биологиялық және әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, дерт 
этиологиясын зерттеуге бағытталған. 
Тҧқым қуалаушылық бейімділік туған-туысқандарындағы айқын 
психикалық аурулардың болуымен, психоздардың атипті және жасырын 
формаларының, ӛз-ӛзіне қол жҧмсаулар, мінез-қҧлық ерекшеліктерімен
алкоголизмнің ауыр формаларымен кӛрінуі мҥмкін. Тҧқым қуалауға 
бейімділікті анықтау әсіресе шизофрения, МДП, эпилепсия, психопатия 
ауруларында маңызды. Бҧл факторлар ата-анасы мен жақын туыстарында 
зерттеледі. Қорытынды жасағанда медициналық генетикада қолданылатын 
схема бойынша генеологиялық карта жасалады. Әлеуметтік факторлар – бҧл 
мәдениет, дәстҥрлер, жанҧяда, тҧқымында қалыптасқан тәрбиелеу 
ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет