Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет54/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Қабылдау бҧзылысы 
Қабылдау – материальды әлемнің заттары мен қҧбылыстарын 
бейнелейтін психикалық ҥрдіс. Қабылдау кҥрделі акт, ол ес, ойлау 
ҥрдістерімен тығыз байланысты. Қабылдау тҥйсіктен басталады.
Түйсік - қабылдаудың ажырамас бір бӛлігі, ол психикалық ҥрдістің 
бірінші элементі, оның кӛмегімен біз әрбір заттар мен қҧбылыстардың 
сапасын, жеке қасиеттерін: кӛлемін, формасын, салмағын, тҥсін, тҧнықтығын 
және т.б. бейнелейміз. Ең алғаш Аристотель «Біздің санамызда ешқашан 
болмаған зат біздің тҥйсігімізде болмаған» деп айтып ӛткен. Тҥйсік пен 
қабылдау біздің санамыздың қақапасы. Тҥйсік пен қабылдау біздің барлық 
біліміміздің қайнар кӛзі. 
Тҥйсік пен қабылдау бҧл заттар мен қҧбылыстар әсер еткендегі 
анализаторлар функциясының нәтижесі. Сезім мҥшелерінің келісілген және 
дҧрыс қызметі психикалық ҥрдіс ҥшін маңызды. Әртҥрлі ауруларға және 
хирургиялық 
араласуларға 
байланысты 
анализаторларды 
жоғалту 
психикалық белсенділіктің тӛмендеуіне, жоғарғы жҥйке жҥйесі қызметінің 
бҧзылыстарына әкелуі мҥмкін. Павловтың жануарлардың бір немесе бірнеше 
анализаторларының церебральды бӛлігінің экстрипациясымен жануарларға 
жасаған экспериментінде және кӛптеген авторлардың сенсорлы изоляция мен 
депривация жағдайында сурдокамерада адамның сезімі мен жҥріс-тҧрысын 
бақылауы осының дәлелі бола алады.
Затты қабылдау тҥйсіктер жинақтығына саяды, бҧл тек жаңа туған 
нәрестеде бақыланады. Ӛмір сҥру барысында ересек адамдардың қиялында 
барлық заттардың бейнесі, ӛзіндік эталоны қҧралады, осылайша біз ол 
заттарды біле отырып, бір – бірімен салыстырамыз. Ересек адамдар 
қабылдауын кӛрнекілік ҥшін мына формуламен бейнелейді: қабылдау = 
тҥйсік сомасы + елестету.
Елестету - заттың ойша бейнесін еске тҥсіру. Елестету нақты болуы 
мҥмкін, ол ӛткен шақта қабылданған нақты объекттер жӛнінде естелікке 


~ 103 ~ 
ҧласуы мҥмкін. Елестетулердің ӛзара әрекеттесуі нәтижесінде заттар мен 
қҧбылыстар жӛнінде жаңа кҥрделі елестетулер пайда болады. Елестету адам 
қызметінің барысында қҧрылады және ҥнемі жетіліп отыратын заттар туралы 
білім қоры тәрізді.
Патологиялық жағдайда тҥйсік ӛзгерісі сапалық және сандық болуы 
мҥмкін. Сандық ӛзгерісі тітіркену табалдырығының тӛмендеуіне немесе 
жоғарылауына байланысты.
Тітіркендіргішке сезімталдықтың тӛмендеуі гипестезия деп аталады. 
Сезімталдықтың жоғалуы анестезия. Тҥйсік жеткіліксіздігі кез-келген 
анализаторға қатысты болуы мҥмкін, ол шығу тегі жағынан орталық не 
шеткі, шынайы немесе ӛзін - ӛзі иландырудың нәтижесі болуы мҥмкін. 
ОЖЖ-нің органикалық ауруларымен науқастарда жҥйке бағаналары 
мен орталықтарының зақымдалуы кезінде терілік анестезия иннервация 
зоналарына сәйкес келеді. Ӛндірістік және басқа интоксикация әсерінен 
болған 
энцефалопатияларда, 
наркоманияда, 
алкоголизммен 
зардап 
шегетіндерде, жҧқпалы инфекциялық психоздардан кейін неврит пен 
полиневрит дамуымен байланысты гипо-немесе анестезия дамуы мҥмкін. 
Жарақаттан кейін, мидың мерездік және қантамырлық зақымдалуларынан 
кейін астения қҧбылыстары және интеллектуалды жеткіліксіздікпен бірге 
тері сезімталдығының орталық және ошақты бҧзылуы байқалады. 
Истериямен ауруларда тері сезімталдығының ӛзгеруі шҧлық, қолғап, 
жакет тәрізді немесе дененің жарты бӛлігіне жайылған тҥрде болады. Олар 
жиі психикалық жарақаттан кейін дамиды және сипаты жағынан салданудың 
клиникасы жӛнінде науқастың білетініне сәйкес келеді. Сонымен бірге 
истериялық соқырлық, саңыраулық, дәм мен иіс сезудің басылуы кездеседі, 
олар әдетте қайтымды және қысқа уақытқа созылады.
Тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық – гиперестезия деп аталады. 
Ол жиі астенизацияланған ауруларда тітіркенген әлсіздік белгілерімен 
кӛрінеді. Кҥннің сәулесі, жай дыбыстар, иістерді кӛтере алмайды, киімнің 
денеге жанасуы да тітіркендіреді.
Тҥйсіктің сапалық ӛзгерісінің ішінен парестезия мен сенестопатияны 
бӛлеміз. Бҧл кездерде науқас буында, аяқ – қолда, теріде, барлық денеде 
болатын буып - қысу, шаншу, қозғалу т.б. осы секілді жағымсыз сезімдерге 
шағым айтады. Парестезия кезінде сезім нақтырақ, физикалық, сезімдік 
сипатта болады. Сенестопатияда сезімдер айқын емес, нақтылығы жоқ кейде 
оғаш, тҥсініксіз болып келеді; науқастар оны жиі ішкі мҥшелермен және бас 
миы жағдайымен байланыстырады. Парестезияның шығу тегі неврологиялық 
бҧзылыстар нәтижесі, сенестопатия кезінде жҥйке және жҥйке 
орталықтарының кӛрінерліктей патологиясы болмайды. Сенестопатия мәні 
жағынан жалпы сезімнің иллюзиясы және галлюцинациясы болып табылады 
(тактильді және интероцептивті). Қабылдау мазмҧнының патологиялық 
ӛзгерістері, сапалық бҧзылыстарына сезім мҥшелерінің алдануы – иллюзия 
мен галлюцинация жатады. Иллюзияда қабылдау бҧрмаланған және 
қабылдау объектіне сәйкес келмейді. 


~ 104 ~ 
Галлюцинацияда тітіркендіру кӛзі мҥлдем болмайды, бірақ адамда 
әртҥрлі сезімдер пайда болады, жоқ қҧбылыстар мен заттар қабылданады. 
Осы қҧбылыстарға толық сипаттама беру ҥшін тоқталамыз. 
Иллюзия – шындығында бар әлденені қате қабылдау. Иллюзия тек 
психикалық аурудың белгісі емес, жиі сау адамдар арасында да кездесуі 
мҥмкін. Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мҥшелерінен 
тҥсетін ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Қараңғыда, жарық 
кҥнмен салыстырғанда шатасу, бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. 
Осыған байланысты иллюзия қандай-да сезім мҥшесі функциясы әлсіреген 
адамдарда кездеседі: мысалы, саңырауларда - есту, кӛзі нашар кӛретіндерде - 
кӛру иллюзиясы т.б.
Иллюзияларда 
ақпарат 
жеткіліксіздігі 
елестету 
арқылы 
толықтырылады. Бҧл жағдайда елестету ӛздігінен емес, осы уақытта санада 
ҥстемдік етуші ойға байланысты пайда болады. Мысалы, қорқыныш 
жағдайындағы адам қаранғыда бҧрыштағы ілулі пальтоны жасырынып 
тҧрған қастандық жасаушы деп ҧғады.
Патологиялық жағдайда иллюзияның дамуы осы заңдылық бойынша 
жҥреді. Кейбір психоздар (ақ қызба, шизофрения ӛршуі, кәрілік алдындағы 
психоз, қантамырлық психоздар) қорқыныш, ҥрей, мазасыздық, жақындаған 
қайғы-қасіретті сезінуден басталады. Ауру ӛзіне тӛнген қауіпті сезінеді, істің 
мәні неде екенін тҥсіну ҥшін қоршаған ортаға кҥдікпен қарайды. Ӛткінші 
адамдардың сӛз ҥзінділерін кӛше дыбысымен біріктіріп ӛз кӛніл-кҥйіне 
қатысты қабылдайды: соғыс басталды, оған қарсы шабуыл ҧйымдастырылып 
жатыр; кӛшеде ойнаған балалар шуылын, подвалда зардап шегіп жатқан 
туыстарының дауысы деп ойлайды, оларды қинамауын ӛтініп, жылайды. Бҧл 
аффективті иллюзия деп аталады, бҧл кезде сандыраққа дайындық бар.
Сезім жеткіліксіздігіне байланысты қабылдауда елестету рӛлі ӛсе 
тҥседі. Қалыпты жағдайда пайда болған қабылдау қателіктері сау пікір 
кӛмегімен тҥзетуге келеді. Сандырақпен науқастарда елестету де, ойлау да 
патологиялық ӛзгерген болып саналады және де сандырақты елестету санада 
ҥстемдік етеді. Осылайша, тітіркендіру кҥшінің жеткіліктілігіне қарамастан 
сезім мҥшелеріне тҥсетін ақпарат сандырақ ойлармен бҧрмаланады. 
Шизофрениямен ауыратын науқас айнаға қарап отырып, бетінің 
тӛмендегі бӛлігі алға қарай қозғалатындығын «қасқыр тҧмсығына» 
ҧқсайтынын кӛреді; преcенильді психозда, ӛзін тірі ӛлік санайтын адам, 
денесінен жанының қалай шыққандығын, ӛлік дақтарын, ӛлім белгілерін 
«кӛреді». Осы тәріздес интерпретативті иллюзия жедел сезімдік 
сандырақпен, интерметаморфоза сандырағымен, оң және теріс егіздік 
сандырағымен науқастарда да кездеседі. 
Иллюзияның ҥшінші тҥрі – парейдолиялық деп аталады. Иллюзияның 
бҧл тҥрінде қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық 
елестерімен бҧрмаланады, сана кҥңгірттенуі жаңа басталып келе жатқан 
науқастар елестерінің таңғажайып ойынымен бейнеленеді. Қалтырау 
жағдайындағы балада сезім мҥшелеріне тҥскен тітіркендіргіштер бір сәтте 


~ 105 ~ 
ертегі сюжеттеріне айналады, мысалы, тҧсқағаздағы дақтар, қабырғалардағы 
жарықтар, шам кӛленкесі еденге тҥскенде қозғалатын жануарлар бейнесіне 
енеді, ҥйлер тәрізді қабылданады; бҧлттар қорғандарға айналып, оның 
контурынан ҥлкен қалаларды, әдемі пейзаждарды кӛреді. Одан әрі науқас 
жағдайының ауырлануына байланысты шынайы қоршаған ортамен арадағы 
байланыс біртіндеп жойылады, елестер басым бола тҥседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет