~ 1 ~
БІРІНШІ БӚЛІМ
ПСИХИАТРИЯҒА КІРІСПЕ
1 тармақ
ПСИХИАТРИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1 тарау
Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
Психиатрия клиникалық медицинаның бір бӛлігі, оның міндеттері-
психикалық аурулардың пайда болуын, клиникалық кӛріністерін зерттеу,
емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-
психиатриялық, әскери сараптама, психикалық бҧзылыстармен науқастардың
еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б жӛнінде сараптамалар жҥргізу кіреді.
Психиатрия курсын жҥргізгенде талапкерлерге теориялық білім мен
ауруды тану ҥшін тәжірибелік дағдыларды және психикалық бҧзылыстары
бар ауруларға бірінші реттік дәрігерлік кӛмек кӛрсетуді оқыту керек.
Болашақ дәрігер ӛзінің мамандығына байланысты психикалық сау және
ауру адамды ажырата білуі керек. Егер, ол
психикалық ауру болса, оған
қажетті кӛмек кӛрсетуді ҧйымдастыруды білуі керек. Психиатриялық кӛмек
тҥрі жӛніндегі сҧрақ аурудың психикалық жағдайымен байланысты шешілуі
керек.
Тәжірибелік емдеу сҧрақтарын шешуде, әсіресе гигиеналық
профильдегі дәрігер міндетіне, алдын-алу жҧмыстарын жҥргізу кіреді.
Профилактика кеңестік медицинаның айрықша ерешеліктерінің бірі болып
табылады және адамдардың денсаулығы ҥшін кҥресте маңызды рӛль
атқарады. Тиімді профилактика тек психикалық аурулардың емес, сонымен
бірге соматикалық патологияның әртҥлі формаларының туындауына бӛгет
болады, ӛйткені олардың туындауында эмоциональды стресс ҥлкен орын
алады. Жалпы медициналық профилактика
мен психопрофилактика
психиатрияға ҥлкен ҥлес қосады. Сәйкес келетін мәселелерді талдай отырып,
бҧл тәртіптер адам денсаулығының психикалық және физикалық нығаюы
жӛнінде ҧсыныс береді, әртҥрлі аурулардың пайда болу мҥмкіндігін
тӛмендетеді, жеке бастың гармониялы дамуын қабілеттендіреді.
Біздің елімізде, жалпы мемлекеттік деңгейде әртҥрлі зияндылықтарды,
адам денсаулығына кері әсер ететін факторларды аластау жолында белсенді
және кең тҥрде іс-шаралар жҥргізіледі. Қоршаған ортаның ластануына
қарсы кҥрес жҥргізіледі, ӛндіріс жағдайында кәсіби зияндылықтар
аластатылады және т.б. Елімізде адам денсаулығына кері әсер ететін
әлеуметтік сипаттағы алғы шарттар жоқ. Азаматтардың білім алуға,
еңбек
етуге, квалификацияланған медициналық кӛмек алуға қҧқықтары
конституциямен кепілденген және заң жҥзінде бекітілген. Кӛлемді жалпы
және арнаулы қызмет кӛрсетуден тҧратын медициналық кӛмек ауруларды
~ 2 ~
анықтауды, емдеуді және де оларды бақылаудың қажет тҥрлерін таңдауды
қамтамасыз етеді.
Психиатрия ең негізгі медициналық саланың бірі ретінде ӛзіне
кӛптеген ғылыми және практикалық мәселерді қосады. Теориялық, және де
практикалық аспекттерден тҧратын осындай
мәселенің бірі психикалық
бҧзылыстардың таралуын және кӛрініс беру формаларын анықтау болып
табылады. Психикалық бҧзылыстардың таралуы және олардың тҧрғындар
арасында кӛрініс беру ерекшеліктері жӛніндегі мәліметтер мен
психиатриялық кӛмекті жоспарлау, этилогиялық маңызды факторларды
анықтау ҥшін ғылыми нақты материал бола алады,
сонымен бірге оның
негізінде алдын-алудың тиімді шараларын жасауға мҥмкіндік береді.
Психикалық аурулар ӛздерінің кӛрініс берулеріне байланысты біртекті
емес. Олардың жеке формаларының таралу дәрежесін, кӛріністерін бағалау
дҧрыс әдістемелік негізде жҥргізілу керек. Бҧл принциптен ауытқу жалған
теориялық және практикалық шешімдерге келтіреді. Психиатрлар
психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны
танудың бҧзылуына, ӛз жеке басын саналы қабылдаудың ӛзгеруіне алып
келетін бас миы қызметінің бҧзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми
қызметінің бҧзылуы сыртқы (интоксикациялар, жарақаттар, ми қоректенуінің
бҧзылуы, психогениялар және т.б.)
немесе ішкі себептердің, бейімділікпен,
сонымен қатар ӛзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары
әсерінен пайда болуы мҥмкін. Осының нәтижесінде науқастың ӛмір сҥруге
қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бҧзылады.
Бас миы қызыметінің бҧзылуы пайда болу сипатына және айқындалу
дәрежесіне қарай әртҥрлі болады және психикалық аурулардың
ерекшеліктеріне, тҥрлері және ағымның стадияларына байланысты болады.
Ми қызметінің терең емес бҧзылысы бар ауруларда бейнелеуге қабілеттілік
және қоршаған ортаны дҧрыс тануы бҧзылмайды, психикалық ауытқулар бҧл
жағдайда
ӛзін
нашар
сезінумен
және
әлеуметтік
адаптация
қиыншылықтарымен басым кӛрініс береді. Ми қызметінің терең бҧзылуымен
жҥретін ауруларда науқастың жҥріс-тҧрысы мен мінез-қҧлқы ӛзгеруі
мҥмкін, қоршаған ортаны тануы және қабылдауы дертті мотив сипатын
алады. Аурулардың бірінші тобы шекаралық бҧзылыстар деп аталады. Бҧған
негізінен невроздар мен психопатиялар жатады.
Олар психикалық саулық
пен психикалық бҧзылыстар арасындағы шекарада болады. Екінші топты
психоздар қҧрайды. Аурулардың осы топтарының әр біреуі біртекті емес
және әрқайсысының ӛзінің табиғаты, клиникалық ерекшеліктері, болжамы
бар.
Психикалық науқастардың сырқаттарының
ерекшеліктерін ескере
отырып, олардың жағдайын ажыратып анықтау маңызды орын алады. Осы
сҧраққа кӛп зерттеулер арналған, олардың негізінде психикалық аурулардың
әртҥрлі жіктеулері ҧсынылған. Этиологиялық принцип бойынша қҧрылған
жіктеулер аса ғылыми негізделген деп айтуға болады. Бірақ психикалық
аурулардың шығу тегі әлі жеткілікті анық емес, және психикалық
~ 3 ~
аурулардың жҥйесі этиологиялық, клиникалық және басқа принциптерден
қҧралады. Психикалық аурулар жіктелу жҥйесіне
психиатрия дамуының
әртҥрлі этапында орын алған жалпы теориялық ҧстанымдар да ықпал етеді.
Кеңес
психиатрларының
кӛптеген
шет
елдік
психиатрлардан
айырмашылығы, олар психикалық ауруларды соматикалық аурулар тәрізді
этиологиясы, патогенезі және клиникасын топтай келе жҥйелендіру мҥмкін
деп санайды.