Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет123/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Этиологиясы және патогенезі 
Невроз пайда болуы психикалық жарақаттың болуына байланысты. 
Невроздардың жеке варианттарының тҥзілуінің ӛзіндік ерекшеліктері бар - 
психикалық жарақаттың сипаты мен тҧлға типіне тәуелді патогенетикалық 
механизмдері. Невроздың тҥзілуі психогенді зияндылықтар мен тҧлғаның 
ӛзара әсерлесуі нәтижесінде болады. Психикалық тҧрғыдан адам 
қаншалықты тӛзімді болса, невроз тудыратын психогенді зияндылық 
соғҧрлым интенсивті және ҧзақ әсер етуі керек, және керісінше. Сонымен 
қатар тҧлға невроздың жеке тҥрлерінің дамуына себепкер болады, сондай-ақ 
психикалық жарақат сипаты пайда болатын невроз тҥрін анықтайды. 
Мысалы, жоғары эмоциональды қозу ерекшелігімен тҧлға неврастенияға 
бейім келеді, психастениялық мінез-қҧлықпен тҧлға – жабысқақ жағдайлар 
неврозына бейім. Жоғары эмоциональды бақылауды талап ететін психикалық 
жарақат жағдайы неврастенияға жиі әкеледі, сәттәләкке және ӛмірге қауіп 
тӛндіретін психикалық жарақат - истериялық немесе фобиялық неврозға 
алып келеді.
Невроздардың 
психопатологиялық 
симптоматикасы 
әртҥрлі 
соматовегетативті және биохимиялық кӛріністермен бірге жҥреді. Кӛптеген 
батыс психологтары мен психиатрлары невроздарды З. Фрейд теориясы 
тарапынан тҥсіндіруге тырысады, яғни олардың психопатологиялық 
кӛріністерін ерте балалық шақта орын алған психикалық жарақаттармен, 
мысалы, баланы ана кеудесінен ажырату және т.б. байланыстырады. 
 
Дифференциальды диагностикасы 
Невроздарды психоздардың психотикалық формасынан ажырату жеңіл. 
Невроздарға мынадай психикалық бҧзылыстар тән емес: галлюцинация, 
сандырақ, 
интелектуальды-мнестикалық, 
кататониялық 
және 
ауыр 
аффективті бҧзылыстар. Әртҥрлі невроздардың симптоматикасы ӛзіндік 
сезім және ӛз жағдайының дертті ӛзгеруін бейнелейді. Науқас ӛз жағдайына 
сын кӛзбен қарап, ӛзінің науқас екендігін тҥсінеді. 
Дерт психикалық жарақатпен байланысты екенін кейде науқастардың 
ӛздері де айтады. Олардың интелектуальды қызмет сапасы тӛмендемеген. 
Аса шаршағыштық байқалады, бірақ оларға жҧмыс алдында демалуға 


~ 198 ~ 
жеткілікті уақыт берілсе олар жҧмысты дҧрыс орындайды. Науқастарда 
туыстарына деген жылы қатынасы сақталады. 
Невроздарды невроз тәрізді жағдайлардан ажырата білу керек, олар 
кӛптеген ауруларда, соның ішінде психоз кезінде де кездеседі. Соңғы аталған 
жағдайларда невротикалық бҧзылыстардан бӛлек негізгі ауруға тән тҧлғалық 
ӛзгерістер болады. Сондай-ақ, невроз тәрізді симптоматиканың ӛзіндік 
бірқатар ерекшеліктері бар, олар сәйкес бӛлімдерде келтіріледі. 
Емі 
Невроздар емі кешенді болуы керек және ол тек жҥйкелік-психикалық 
бҧзылыстарды және оның себептерін жоюға бағытталып қоймай, сонымен 
қатар науқастың жалпы жағдайын мығымдандыруға бағытталуы керек. Ең 
алдымен эмоциональды кернеліс пен ҥрейді басу керек. Бҧл 
транквилизаторлар кӛмегімен іске асырылады. Терең невротикалық 
бҧзылыстар кезінде кейбір нейролептиктерді де қолданады. Депрессивті 
кӛріністер орын алғанда антидепрессанттар тағайындалады. Неврозбен 
науқастарда ҥнемі ҧйқы бҧзылысы болады, ол транквилизатормен қалпына 
келтіріледі; егер транквилизаторлар кӛмектеспесе онда қосымша ҧйықтар 
алдында ҧйықтататын дәрі беру қажет. Мҧндай жағдайда гипнотикалық 
қасиеті бар дәрілер қолданылады, мысалы, радедорм, эуноктин, феназепан, 
хлорпротиксен. Ҧйқыға кету (қиындағанда) уақыты ҧзарған жағдайда 
димедрол, пипольфен сияқты дәрілер жақсы әсер етеді, сондай-ақ 
транквилизатордың жеңіл гипнотикалық әсері бар тҥрлері - элениум 
рудотель және т.б. жақсы нәтиже береді. Физотерапиялық емдеу тәсілдері де 
жақсы нәтиже береді: гидропроцедура, электроҧйқы, ионофорез. 
Невроздарды 
емдеуде 
психотерапияға 
ҥлкен 
рӛль 
беріледі. 
Психотерапияның алдындағы міндет әртҥрлі, біріншіден, невротикалық 
жағдайға әкелген жарақаттаушы ситуацияның науқас ҥшін актуальдылығын 
басу керек. Бірінші міндетті ҧтымды орындағанда, келесі міндеттерді 
шешуге, соның ішінде, стресстік жағдайларға адамның бейімделу дәрежесін 
жоғарылату жолдарын қарастыру. Егер психогения кӛзі бҧрыс жанҧялық 
қатынас болып табылса, онда дәрігер оны қалыптастыруға кӛмектесуі қажет. 
Невроз кезіндегі психотерапия мен оның міндеттері психопатияларды 
емдеу кезіндегі мақсат пен принциптерге ҧқсас (14 тарау қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет