Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі



Pdf көрінісі
бет128/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі 
Реактивті кҥйге алып келетін этиологиялық факторлар психикалық 
жарақаттар болып табылады. Реактивті жағдайлар екі жағдайға байланысты, 
олар реактивті кҥйдің клиникалық кӛрінісін анықтайды: психикалық 
жарақаттың кҥші және оның тҧлға ҥшін мәні. Ӛмірге тікелей қауіп тӛнген 
жағдайда бас миының қызметі бҧзылады, нәтижесінде кейбір ситуацияларда 
адамның саналы жҥріс-тҧрысы шектеледі немесе іс-әрекетін (қозу, ступор) 
ситуацияға сәйкес басқара алмайды. Жоғарғы жҥйке және психикалық 
қызмет бҧзылысына әкелетін факторлар шамадан тыс аффект (қорқыныш, 
қайғы және т.б.), осындай жағдайларға бейімдейтін тҧлғалық ерекшеліктер -
эмоциялық тҧрақсыздық болып табылады. 
Реактивті кҥйлердің ӛзге тҥрлерінің пайда болуында тҧлғалық 
ерекшеліктердің маңызы зор. Ганзер және псевдодеменция синдромдарымен, 
сондай-ақ пуэрильді реакциялармен кӛрінетін реактивті жағдайлар 
истериялық мінез сипатымен адамдарда жиі бақыланады, реактивті параноид 
- кҥдікшіл, ӛзін-ӛзі жоғары бағалайтын, инертті ойлы және жағымсыз 
кҥйзелістерге қадалып қалуға бейім адамдарда бақыланады. 
Реактивті психикалық бҧзылыстарды болжау ҥшін психикалық жарақат 
пен науқас жағдайының маңызы бар. Мысалы, науқаста психикалық жарақат 
жағдайы ол ҥшін шешімін таппаса реактивті ступор ҧзақ сақталуы мҥмкін. 


~ 203 ~ 
Реактивті кҥйдегі науқастарда бас миы қызметінің қосалқы бҧзылыстары 
органикалық, токсикалық әсерлерден, эндокринді ауытқуларға (жас кезеңіне 
байланысты) байланысты жағымсыз болжамға алып келеді.
Мҧнан басқа, әр адамның стрессті ситуацияға реакциясы 
индивидуальды екендігін ескеру керек, және бір адам қайталанған 
ситуацияға алғашқыдан ӛзге реакциямен жауап беруі мҥмкін. Сондықтан 
реактивті психоз мазмҧны жиі ізінен реактивті психоз туындатқан 
психикалық жарақат ерекшеліктеріне емес, субьект ерекшелігімен 
анықталады. 
Реактивті кҥйдің дамуына әкелетін бірқатар факторларды ескерген 
жӛн. Біріншіден оған қажу, мәжбҥрлі сергектік, алкоголизация, соматикалық 
аурулар және т.б. жатады. Бҧл шартты-патологиялық факторлардан басқа 
реактивті психоздың пайда болуына жҥктілік, жасқа байланысты криздер 
(пубертатты,инволюциялық) тәрізді физиологиялық жағдайлар әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет