~ 119 ~
Ментизм (ой ағымы) –
науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс
ойлар ағыны, оларды басқара алмау, олардың жасандылығы сезімімен
жҥреді. Бҧл идеаторлы автоматизм қҧбылысына жатады, шизофрениямен
науқастрда байқалады.
Шперрунг (ойлау ҥрдісіндегі ҥзіліс) – анық сана фонында кенет пайда
болатын ассоциациялар ағымындағы ҥзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы.
Шизофения ауруында байқалады.
Ойлау мазмҧнының бҧзылуы
Сандырақ ойлар – аурудың санасын
толық жаулап алатын және
тҥзетуге келмейтін қате ой тҥйіндеулер.
Қате талдау, ой тҥйіндеу әрбір адамда болады. Дегенмен сау адамдарда
логикалық қателіктер қосымша тҥзетулер немесе фактілер арқылы тҥзетілуі
мҥмкін. Сандырақ кезінде науқас ӛз ойларын тҥзетуге қабілетсіз ғана емес,
дҧрыс емес пікірлерді сырттан тҥзетулерге, сыни кӛзқарастарға мҥлдем
берілмейді. Бҧл науқастың сӛздерінен ғана емес, оның жҥріс-тҧрысынан да
кӛрінеді. Жалған дҧшпандарының бар екендігіне сенімді сандырақ
жағдайындағы науқас, жаудан қашады, жасырынады
немесе оған шабуыл
ҧйымдастырады, жауларының әсер кӛрсетіп отырған аппараттары,
биоӛрістерінен қорғанатын тәсілдер ойлап шығарады, ӛздерін қатаң
жазалауды ӛтінеді, жалған қылмыстары ҥшін ӛздерін қинайды, ӛздерінің
жасаған жобаларын жоғарғы инстанцияларға жібереді.
Жоғарыда келтірілген сандырақ анықтамасының дҧрыстығын ескере
отырып, жиі сандырақ дамуы толық аяқталмай, оны аса бағалы идеялар және
жабысқақ ойлармен дифференциалды диагностика жҥргізу қажеттілігі пайда
болады. Сандырақпен науқас сандырақ
дамуының ең жоғарғы шыңына
жеткенде тҥзетулерге саңыраулық танытады. Психоз баяу, ал сандырақ болса
ӛте тӛмен қарқында – айлар, кейде жылдар бойы тҥзілуі мҥмкін. Мҧндай
ауруларда ҧзақ уақыт ауруына аздап критикалық кӛзқарас сақталады,
олардың дҧрыстығына кҥмәнданады; тҥзетулер қысқа уақытқа оң нәтиже
береді. Мҧндай жағдай сандырақ жҥйесі ем нәтижесінде ыдырай бастағанда
да байқалады.
Кейбір жағдайда сандырақты сау адамның шатасуынан ажырату
қажеттілігі туады. Мҧндай адасу қандай-да бір дәрежеде тҧлғаның әлеуметтік
орнын, ҧстанымын анықтайтын адамның бҥкіл ӛміріндегі тҧрақталған жҥйе
ретінде болғандықтан ажырату қиынға соғады. Бҧл жерде сӛз жиі діни сипат
алған ҧстанымдар жӛнінде болып тҧр. Мҧнда әдетте білім жеткіліксіздігі,
кейде қарапайым надандық бірге жҥреді.
сандырақ психикалық науқас
сандырағы дертті жағдайда (ауру негізінде) оның ӛнімі және белгісі ретінде
пайда болады; сандырақ жҥйесі жиі алынған білім деңгейіне қарама-қайшы
болады.
~ 120 ~
Сандырақтың біртіндеп дамуында оның қҧрам бірлігі болып табылатын
компоненттер динамикасын кӛруге болады. Сандырақ пікірдің пайда болуы
алдында эмоциональды кҥйдің ӛзгерісі орын алады. Ішкі кернеліс, тҥсініксіз
тынышсыздық, ҥрей, тӛніп тҧрған бақытсыздықты сезіну байқалады. Науқас
шарқ ҧрып не болғанын, қоршаған орта неліктен ол ҥшін жаңа, тҥсініксіз
ішкі мағынаға ие болғанын тҥсінуге тырысады.
Осындай сандырақты кӛңіл- кҥй дамуына сандырақтық қабылдау бірге
жҥреді: айналадағылардың
барлығы шындық емес, жасанды, немесе бір
қауіпті қҧпия тҧнып тҧрғандай кӛрінеді. Сандырақтық қабылдау
сандырақтық елестетулер тҥзілуімен тікелей байланысты, осының негізінде
аурудың ӛткен ӛмірінің кейбір сәттері жаңа мәнге ие болады. Сонымен,
сандырақтық тану пайда болады – бҧрын тҥсініксіз болған қҧбылыстардың
интуиция арқылы айқындала тҥсуі. Осы сәттен
бастап сандырақ нақты
мазмҧнға ие болады, бҧл субьективті жеңілдену сезімімен, эмоционалды
тынышталумен жағдайымен бірге жҥреді -
сандырақ кристаллизациясы.
Қолданыстағы сандырақ классификациясы
оның жеке сипаттамасына
негізделеді және бір жағдайда кҥйзелістер тақырыбын, келесі жағдайда –
жҥйелілік дәрежесін, қҧрылымын, пайда болу ерекшеліктерін немесе ӛзге де
белгілерін ескереді. Мағынасына байланысты сандырақ соңына тҥсу, әсер
ету, уландыру, қызғаныш, ӛзін - ӛзі кінәләу, ӛзін - ӛзі кемсіту, ҧлылық және
т.б. бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: