Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары


Тесттің параллельді формаларының сенімділігі



бет7/17
Дата18.10.2023
өлшемі193.5 Kb.
#480985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Лекциялар

Тесттің параллельді формаларының сенімділігі. Мұнда тесттің параллельді формалары арсындағы корреляция есептеледі. Негізінен тесттің параллельді формалары тестті екі тақ және жуп бөліктерге бөлу арқылы алынады. Тұтастай тесттің сенімділігін анықтау үшін Спирмен-Браун формуласы қолданылады. Осындай сенімділкті есептеу тек қана тапсырмалары гомогенді тесттер үшін пайдаланады.
Тесттің гомогендігі, немесе тест тапсырмаларының үйлесімділігі. Дихотомиялық жауаптары (ия және жоқ) бар тесттер үшін қолданылады. Ол үшін бірінші және екінші тестілеу барысында алынған нәтижелердің матрицасы жасалады Тест 1
.
Тест 2

А

В

С

Д

Бұл кестеде А - зерттелінушінің бірінші және екінші тестілеуде бірдей «ия» жауаптарының қосындысы. В- зерттелінушінің бірінші тестілеуде «жоқ» екінші тестілеуде « ия» жауаптарының қосындысы. С- зерттелінушінің бірінші тестілеуде «ия» екінші тестілеуде « жоқ» жауаптарының қосындысы. Д- зерттелінушінің бірінші және екінші тестілеуде бірдей «жоқ» жауаптарының қосындысы. Содан кейін фи коэфициентті есептеледі. Егер фи коэфициенті 0,5 жоғары болса, онда тест пунктілері сенімді емес деп қорытынды жасалады.


Лекция 6.
Валидтілік.
Тесттің валидттілігі сенімділіктен жоғары болмайды. Валидттілік сенімділікке тең, немесе одан төмен болады. Валидттілік деген тесттің өлшенетін қасиеттерді өлшеуге «жарамдылығы», яғни өлшенетін қасиеттерге сәйкес болуы. А.Анастази бойынша валидттілік деген - өлшенетін жүріс-тұрыс саласына қатысты тесттің репрезентативтілігі. Валидтіліктің түрлері: мазмұндық, эмпирикалық, конструктті, инкременталды. Мазмұндық валидтілік - тест тапсырмаларының мазмұны өлшенетін психикалық құбылыстарға сәйкес келуі. Тесттің мазмұндық валидттілігі сәйкес келетін тапсырмаларды таңдау арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл валидттілікті анықтау үшін эксперттер әдісі қолданылады. Мазмұндық валидттілік қандай да болмасын тестке қойылатын талап, бірақ негізінен бұл валидттілік жетістіктер тесттерінде қолданылады. Эмпирикалық валидтілік – валидттіліктің сыртқы әлеуметтік-прагматикалық критерийі мен тест бойынша алынған нәтижелер арасында корреляция көрсеткіші. Егер ондай корреляция жоғары болса, тест валидтті деген сөз. Эмпирикалық влидизацияны жасаған кезде экстремалды (контраст) топтар әдісі қолданылады. Ол үшін таңдалған критерий бойынша қарама-қарсы топтар алынады (мыс. психикалық ауруы бар және жоқ), оларға тест жүргізіліп нәтижелері салыстырылады. Таңдалған критерий тән топ тест бойынша жоғары бал алады, және керісінше. Егер таңдалған критерий болашақ оқиға болса, онда бұл проспективті валидизация, ал өткен шақ оқиғасы болса, ретроспективті валидизация деп аталады. Конструктті валидтілік – тесттің негізінде жатқан психологиялық конструкт немесе ғылыми түсінікке қатысты тесттің валидттілігі. Бұл валидттілікті 1955ж.бірінші рет сипаттаған Кронбах пен Мил болатын. Конструктті валидттілік өлшенетін психологиялық қасиет туралы автордың теориялық көқарастарына тесттің тәуелділігін көрсетеді. Конструктті валидттілікті орнату үшін өлшенетін айнымалыны толық сипаттау, басқа теоретикалық айнымалыларымен байланысы туралы болжам шығару және осы болжамдарды статистика жолымен тексеру керек. Конструктті валидттілікті орнатудың тәсілі: тест нәтижелері басқа белгілі тесттермен салыстырылады. Теоретикалық конструкттілері жағынан ұқсас болатын тесттермен корреляция болса – конвергентті валидттілік деп аталады. Теоретикалық конструкттілері жағынан қарама-қарсы болатын тесттермен корреляция болмаса – дискриминантті валидттілік деп аталады. Инкременталды валидтілікбұл туынды валидтілік, яғни эмпирикалық валидтіліктің негізінде анықталады. Бұл валидтілік тестті қолдану арқылы таңдалған қызметкерлердің әрекеттерінің нәтижелігі қаншалықты жоғары болатындығын көрсетеді. Басқаша айтқанда тесттің болжамдық валидттілігінің өсуін көрсетеді. Инкременталды валидтілік 3 факторға тәуелді: таңдау коэфициенті (қабылданатын адамдар саны), тесттің валидтілігі, базис нормасын (тестті қолданбай алынған адамдардың ішінен табысты жұмыс істеп жүрген адамдар саны). Тесттің валидтілігі не ғұрлым жоғары, ал таңдау коэфициенті неғұрлым төмен болса инкременталды валидтілік жоғары болады. Осылайша тесті қолдану арқылы болашақта табысты жұмыс істейтін адамдардың санын анықтауға болады. Ол үшін бізге Тейлор-Рассел кестесі көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет