Психодинамика, сондай-ақ психодинамикалық психология



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі18.54 Kb.
#453112
1   2
З.Фрейд теориясы

Ығыстыру дегеніміз ─ тұлға қабылдамайтын, белсенді құбылыстарды жою.

Сублимация ─ тиым салынған  жыныстық  қуаттың  басқа әрекет түрінде  шығу  механизмі.

Психоанализдің  негізгі дәрежесі  болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ адамның  мінез-құлқының   серіппелері мен  қуат қоры туралы адамның өзі жайлы ұғымдарынан  көбірек айтуға  тырысты. Бірақ  З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы қойды.З.Фрейдтегі  психикалық  қуаттылық  биологиялықты алмастырды  және қоғамдық дамудың  басты қозғаушы күшінің  рөлін  атқарды. Ағза да, қоғам да пішінделетін  материал түрінде қарастырылды.

З. Фрейд жеке тұлғаның дамуының әр түрлі міндеттерін жүзеге асыратын кезеңдерін  бөліп және анықтай отырып жеке тұлғаның даму теориясын тұжырымдады, және даму дағдарыстарын сипаттады; психолог бұл дағдарыстардың мазмұнымен жұмыс жасай отырып адамға интенционалдылыққа жетуге көмектеседі.

Эмоционалды және мінез-құлықты стереотиптерді тану үшін  жеке тұлғаның қорғаныс механизмдерін оқи отырып жүзеге асыруға болады. Пситхоаналитикалық консультация клиент мәселесінің бастауын тануын ортаға қояды. Инсайт, саналы түрде түсіну тұлғалық өзгерістердің басталуына жиі жеткілікті болады.

Тұлғалық қақтығысты З. Фрейд Ол (Оно), Мен (Я), және Жоғары-Мен (Сверх-Я). Қазіргі теориялар модификациясында психолог міндеті Мен көмегімен белгілі қарсылықсыз  Ол мен Жоғары-Мен арасында қатынасты адам табуы керек. Ол – санадан  тыс облысы. Жоғары-Мен — әлеуметтену үрдісінде алған тұлға қасиеттері. Мен – Жоғары-Мен мен Олардың арасындағы сілтеуші. Әлді Мен Ол мен   Жоғары-Мен арасындағы қатынасты жасаушы – интенционалдылыққа жетудің маңызды шарты.

Мен-нің негізгі міндеті адамға әсер ететін  сыртқы (әлеуметтік) күштер мен ішкі (санасыз) арасындағы балансты сақтау болып табылса, онда психолог үнемі тұлғаның өзін қорғайтын механизмдерімен жұмыс жасайды. Психодинамикалық теорияларда көптеген қорғану механизмдері сексуалдылықты тежеу үшін деп саналады.



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет