Психологические механизмы становление и развитие



бет1/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#178366
түріАнализ
  1   2   3   4   5


Р Е Ц Е Н З И Я
____________________________________________________________

на тему "Психологические механизмы становление и развитие

самооценки подростков"
Данная выпускная работа посвящена исследованию важной для подросткового периода проблемы, а именно, особенностей понимания самооценки подростков взрослыми.

Как мы знаем, характерными для подросткового возраста новообразованиями являются развитие самооценьки, интереса к себе как к личности, к своим возможностям. Для подростка, важно не только знать, какой он есть на самом деле, но и насколько значимы его индивидуальные особенности. Оценка этих качеств во многом зависит от особенностей иоиимания его самооценки родителями.

Данная дипломная работа состоит из введение, двух раздел заключение и списки психологических источников. Во введение обосновывается актуальность, формируется цель, задачи и гипотезы исследование, определяется научная новизна, теоретические и практические значимость темы.

В теоретичсской части ____________________ дает достаточно полный обзор психолого-педагогические литератур по проблеме исследование.

В контексте дипломной работы раскрыты базовые психологические такие проблемы, как роль понимания в процессе семейного взаимодействия, механизмы влияние интерперсональных взаимосвязей мсжду подростков.

В опытно-экспериментальной части исследования дается характсристика формирование самооценки родителями и детьми, а особенности психологического инструментария, применяемого автором для диагностики детско-родительских отношений в семье, рассматриваются особенности организации и проведения психологического исследования.

Анализ содержания представленной работы психокоррекции семейных конфликтов. позволяет сделать вывод, о правильном планировапие и организации исследования.

Сделанные выводы автором соответствуют полученным результагам и носят репрезентативный характер.

На основании выше изложенного, мы считаем, что данную выпускную работу студентки _______________________ можно допустить к защите.

Рецензент: Т. X Хамракулов к. пс. н., доцент

Мазмұны

Кіріспе

1 бөлім. Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
1.1. Мінез-құлықты зерттеуге негіз болатын көрсеткіштері

1.2. Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез-құлық үйлеспеуінің себептері


2 бөлім. Жеткіншектердің мінез-құлық ерекшеліктерін психодиагностикалау маңызы
2.1. Мінез акцентуациясын зерттеу әдістері

2.2. Жеткіншектер акцентуациясын зерттеу нәтижелері


Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі - жеткіншек жасындағы оқушылар жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсету. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін осы жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр жеткіншектің өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеу қажет.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологияльщ қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.

Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен дәл көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Тек соңғы кезде С.Х.Бектенгалиева, Н.Қ.Ддгарова «Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» кітабы, жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекбаеваның «Психологиялық қызметті ұйымдастыру», Т.Р.Нұрмұхамбетова, Ш.Е. Рсмаханбетова «Тәжірибелік психология» кітабы осы олқылықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.

Дегенмен жеткіншек жас кезеңінің қыр-сырын нақты көрсететін құрал жоқ. Осы жұмысқа біршама дасрлықтан өту үшін дипломдық зерттеу тақарабын «Жеткіншек жасындағы балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін диагностикалау жолдары» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы жеткіншектермен жүргізетін жұмыстардың бағыттары мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.

Зерттеу міндеттері:

- Жеткіншектердің даму ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық қызмет көрсету проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;

- мектеп психологі жеткіншектер ерекшеліктерін зерттеу жұмысының негізін құратын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

- жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласынығы № 47 мектеп-гимназиясы.

Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Шмишек, Стреляу тестерін пайдалану жолдарын үйрену, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» әдістемесі, балалардың мазасыздану деңгейін пиктограмма және басқа әдістемелер көмегімен зерттеу, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған материалдарды жинақтау.

Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.

Бірінші кезеңде жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының жекелік және жас ерекшеліктері жүйелі түрде зерттелінді және оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды.

Екінші кезеңде психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты көрініс беретін ерекшеліктері зерттелініп, балалардың психологиялық портреті жасалынды, жеткіншектерді зерттеуге және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
1.3. Мінез-құлықты зерттеуге негіз болатын көрсеткіштері
Адамның психикалық қасиеттерін зерттеп, оның қыр-сырына түсінуге қызығушылық адам өмірінде барлық уақытта үлкен орын алады. Адам өзі өмір сүретін ортаның қасиеттерін, тірі табиғат қасиеттерін, жеке тұлға ерекшеліктерін зерттеуді ежелде басталған. Қазіргі кезде Жер бетінде өмірдің пайда болуы, олардың эволюциялык дамуы заңдылықтарын түсінгеніне сүйене отырып, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген табиғатта жоқ жаңа қасиеттері бар түрлерін адамдар жасап шығарып жатыр. Дегенмен адам өзінің психикалық ерекшеліктерін әлі де болса терең және жан-жақты танып біліп алуға шамасы келген жоқ.

Психофизиологиялылық зерттеулер нәтижесінде барлық жекелік қасиеттердің көптеген ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан толық бағалауға, сол қасиеттердің дамыу нормада, немесе одан ауытқуы бар екенін бағалауға мүмкіндік жасалған. Жеке тұлға, оның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу және оны анықтау әдістемелерін жасау 19 ғасырдың ортасынан басталып қазірге дейін жетілдіруде. Осы зерттеулер нәтижесінде жеке тұлға анықтамалары, адамдардың жекелік ерекшеліктеріне байланысты оларды типологиялау, әр адамның жан дүниесінің профилін жасау т.б. өте күрделі зерттеу жүргізуге арналған әдістемелер қалыптасты.

Типологиялық зерттеулер 20 ғасырдың басында Кречмер, Шелдон зерттеулерінен басталды. Бұл ғалымдар адамның мінез ерекшеліктерінің дене құрылысымен байланыстыты деп болжамдап, осы болжамды дәлелдеу үшін көптеген зерттеулер жүргізді. Кречмер Еуропе елдері мен АҚШ-тағы психоз ауруға ұшырағандарды зерттеу барысында адамның дене қрылысы мен оның психикалык; ауруының түрі арасында корреляциялық байланыс бар екенін анықтады. Осы байланыстың заңдылықтарын зерттей отырып ол адамдар мінездерінің типологиясын жасады.

Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.

Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, үяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.

Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.

Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.

Адамның мінзінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.

Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тығыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.

Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.

Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қоқақ - батыл, сезімтал - катыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.

Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.

Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетуіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:

а) кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді;

б) сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса ол адамның барлық басқа қасиеттеріне теріс белгі береді. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.

в) доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды.

Доминантадан басқа мінез құрылымының келесі көрсеткіштері бар.

1. Қоршаған ортаға көзқарасы. Қоршаған ортадағы ең маңызды құндылық - басқа адамдар. Егер әр адам басқа адамдарды сыйласа, олармен тіл табысып өмір сүргісі келсе, ешкімге зиян келтірмесе, туған-туысқандарына қамқорлық білдірсе оны басқаларда силайды.

2. Өзіне деген көзқарасы. Адам өзін сыйлап, өзінің беделін, іскерлігін, қоршаған өмірге икемділігін барлық уақытта жетілдіріп жүрген адамның өзін-өзі бағалап, сыйлағанын көрсетеді. Эгоизм, эгоцентризм, өзін ерекше деп есептеп, өзінен басқа ешкімді сыйламау - теріс көрсеткіш.

3. Іс-әрекетке, еңбеккке көзқарасы. Адамды адам қылған еңбек. Жұмысқа ынталы болу, тілалғыштық, өз мамандығының барлық қыр-сырына жақсы түсініп, шебер, іскер болу - оң көрсеткіштер. Барлық уақытта тәртіп бұзып, тапсырманы уақытында орындамай жүрген теріс көрсеткіштер, өзін сыйламағандықтың белгісі.

4. Заттарға көзқарас. Барлық заттар адамның еңбегінің нәтижесі. Оны ұқыпты ұстау керек. Заттарға деген салақтық, өзіңікі емес заттарға, киім-кешекке, оқу құралдарына көзқарастар адамгершіліктің көрсеткіштері.

Мінезінің оң көрсеткіштері басым келсе ол адамды адамгершілігі күшті, жақсы адам деп бағалайды. Сондықтан, мінез адамдық қасиеттердің қалыптасқандығын, адамдар ортасында өмір сүруге икемділігін анықтайтын қасиет болып табылады.

Мінез адамның барлық басқа жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты.

1. Ерікпен тығыз байланыстылығы адамның барлық істеген тіршілігін тиянақты, уақытында орындауы, іс-әрекет барысында басқа адамдармен қарым-қатынасын қалыптастыруы, ұйымдастырғыштық, іскерлік, жауапкершілік т.б. көрсеткіштермен сипатталады.

2. Сезіммен байланыстылығы оның іс-әрекет барысында күйгелек немесе жайбарақаттығы, байсалдылықпен мәселелерді шешу жолдарын іздеуі, өзінің және басқалардың табысына қуанатындығы, ашушаңдығы, көңіл-күйінің тұрақты немесе тұрақсыздығы, тілектестіктің көрініс беруі.

3. Ақыл-оймен байланыстылығы интеллектуалдық қабілеті, іс-әрекетте пысықтық, іскерлік, ізеттілік, жеңілтектік, шалғайлық көрсетуі.

Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі қасиет. Мінездің осы көріністері әр адамда әр түрлі вариантта болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарға байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді). Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы мүмкін ал сол мақсатқа жету үшін қолданған әркеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі болады.

Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балалрды психологияда жеткіншек жас кезеңіңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалың т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялың процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялың және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондыңтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уахытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.

Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едауыр орын алады.

Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

- барлық нөрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;

- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан өлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

1. Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

2. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.

3. Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.

4. Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі.

5. Акцентуацияның көрініс беруі.

6. Агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткінніектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.



1.2. Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез-құлық үйлеспеуінің себептері
Жеткіншек кезең балалардың қатарластарымен қарым-қатынас жасауға тырысу және мінез құлқында тәуелсіздікке, тұғалық автономдыққа тырысуын белгілейтін белгілер сияқты бірқатар спецификалық қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Жеткіншектік кезеңнің ерекшелігі - дамудың барлық жақтарына әсер ететін бірден болатын саналы өзгерістер. Бұл өзгерістер әртүрлі жеткіншектерде әртүрлі уақытта жүреді. Мысалы, қыздар балаларға қарағанда барлық жағынан тез өседі. Сонымен қатар жеткіншектердің психикалық дамуы да әртүрлі жүреді, психикасының бір жағы тез дамыса, басқа жағы жай дамиды. Бұл кезеңде интериндивидуалды ассинхронды даму да (жеткіншектердегі бір хронологиялық жасқа жататын психикасын түрлі жақтарының даму уақытымен сай келмеуі) интроиндивидуалды ассинхронды даму да (бір оқушының дамуының түрлі жақтарын сипаттайды) тән. Сондықтан да белгілі бір оқушыдағы психологиялық ерекшеліктердің пайда болу уақытының ерте де кеште пайда болатынын ескеру керек. Сонымен қатар жеткіншектік кезең һ-танымдық процестердің күшті дамитын уақыты. 11-16 жасқа дейінгі кезең қабылдаудың мақсаттылығымен, тұрақты, ырықты зейіннің және логикалық естің қалыптасуымен сипатталады.

Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады. Оның пайда болу себептері, сипаты мен мағынасы әртүрлі психологтармен түрліше түсіндіріледі. Көптеген авторлар бұл кезеңді кедергісіз де өтудің мүмкіндігін атап көрсетеді. Кризис бұл жағдайда үлкендердің толығымен жеткіншектерге деген дұрыс емес қатынасы ретінде қарастырылады және баланың жаңа жас кезеңіндегі алдында тұрған мәселелерді қарсы ала алмауынан түсіндіріледі (Ремшмидт X. 1994) Л.С. Выготский кризистің әрбір негативті симптомдарында «белгілі бір позитивті мазмұн болады» деп атап көрсетеді. Яғни, бұл мәлімет бойынша, үлкендердің жаңа қажеттіліктерді реализациялау үшін жағдай жасау жолымен кризистің пайда болуымен қашуы нәтижесіз болып табылатындығы шығады. Жеткіншектер үлкендерді ақырлы жағдайға дейін алып келеді де сөйтіп өзі осы ақырлы жағдайларды басынан өткеру үшін өзінің күшін тексеруге мүмкңндік алып, нақ осы қарама-қайшылықтар арқылы жеткіншек өзін, өзінің белгілі бір мүмкіндіктерін біледі, өзінің пайымдау қажеттілігін қанағаттандырады. Егер, жеткіншек жас, ешқандай қарама-қайшылықсыз ететін болса немесе «тәуелді кризис» типімен көрінетін болса арықарай кеш, сондықтан да ауыр. 17-18 жастағы қатты өтетін кризис тіпті кейінірек адамдарды жас және ересек жас кезіндегі сипаттайтын созылмалы инфантилді балалық позиция қалып қояды. Олай болса, «жеткіншектік кризистің позитивті жағы» деп отырғанымыз тәуелсіздікке күресу арқылы, яғни, қауіпсіз жағдайда жүріп жатқан және ақырлы формаларға келтірмейтін күрес арқылы бала өзіндік танымы мен пайымдауын қанағаттандырады, балада тек қана өзіне деген сенімдік сезім, өзіне ғана арқа сүйеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар балада өмірлік қиындықтарды да қарсы алу мінез - құлқы қалыптасады. Жеткіншектік кезеңдегі кризис дамудың басқа да критикалық кезеңдері сияқты үш фазамен орындалады:

1. Негативті, яғни ескі әдеттердің, стереотиптердің қалуы, бұрынғы қалыптасқан құрылымдардың құлауы.

2. Кризистің кульминациялық нүктесі жеткіншектік жаста -13 жас.

3. Посткритикалық фаза, яғни, жаңа құрылымның қалыптасуы, жаңа қатынастың құрылуы.

Әдебиеттерде жас ерекшелік кризисінің пайда болуының екі негізгі бағыты көрсетілген:

1. Тәуелсіз кризис-біршама кең тараған түрі. Оның симптомдары - еріктік мінезділік, негативтілік, үлкендерлі мойындамау, олардың талаптарына деген бейкөзқарас, қызғаныш т.с.с. Әрине бұл «симптомдар жиынтығы» әр жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі көрінеді.

2. Тәуелді кризис - бұл біріншіге қарама-қарсы: шектен тыс тыңдаушылық үлкендерге немесе күштілерге тәуелділік, бұрынғы қызықтарға, мінез-құлық формаларының регрестілік т.с.с.

Егер тәуелсіздік кризисі - алға ұмтылу, ескі нормалармен ережелерден шығу болса, тәуелділік кризисі- артқа шегіну болып табылады. Бұл екеуі де өзін анықтау варианттары. Бірінші жағдайдаймен енді бала еемеспін қызбын» десе, екінші жағдайда «мен әлі баламын және бала болып қалғым келеді» деген бір-біріне қарама-қарсы ағымдар. Даму бойынша біршама жақсы әсер ететін бірінші вариант. Ж.Плаженің зерттеулеріне сүйенетін болсақ, тұлғаның ағымдық қасиетерінің дамуы 12-13 жаста жаңа мағынаға ие болады екен.,яғни шын өмір рамкасынан шығатын бағалықтар мен идеалдар мен адам үшін маңызды болып табылады: әлеуметтік шындық, бостандық достық , махаббат, ашық, ашықтық т.б.

Бұл түсініктердің барлығы жеткіншектер үшін эмоционалды боялған, жекелік маңызды. Бірақ бұл құндылықтар даму ерекшеліктері қабылдауға әсер етеді, ең алдымен «танымдық эгоцентризм» жеткіншек үшін айналадағы өмірге қарағанда біршама реалды болып табылады. Жеткіншектер қызығуларының өзіндік сипаты болып, олардың алды-артына қарамай бір нәрсемен айналысу. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлқына әсер ететін нақты әсерлер - қажеттіліктің күштілігі, интенсивтілік және эмоционалды реакцияның өткірлігі. Бұл кезеңдегі оқушылардың жоғары бағалылық орын алады, бұл кезде оқушы еш нәрсе көрмейді де естімейді де. Егер мүның бәрі ситуативті туса онда одан оншалықты қорқуға болмайды. Бірақ оның жиі қайталануы жеткіншектерді инфантелизмге ұшыратады, өйткені 13-14 жастағы балада мотивтер иерархиясы қалыптаса қоймаған, жүйелі қызығушылық жоқ, оның мотивацияльщ сферасы әлі кедей. Бұлармен жұмыс істегенде олардың қызығушылығын арттыру керек. Жеткіншек өз мұңына, кінәлі сезімінің жуынуы да мүмкін. Бұл жағдайда олар «жүйкеге әсерететін» музыка немесе шамамен алғаш танысу сияқты мінез-құлықтық қатерлі формасы тән. Бұлардағы аффективті реакция күшті бұзылған сипат алып отырады. Аффект дегеніміз адамның белгілі бір жағдайдан шығуының адекватты шешімін таба алмауы. Жеткіншектік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

1. Дисгармониялық отбасы-ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттарын кіргізеді:

- отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не химиялық бағыныштылықта болуы мүмкін;

- отбасыдағы негізгі мәселе - сол отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы болып табылатын дисгармониялық отбасылар: әдебиеттерде дисгармониялық семьялардың түрлі типтері көрсетілген: гармониялық емес, дестругенді, құлап бара жатқан және құлаған отбасылар сонымен бірге сырт көзге күшті болып көрінетін отбасылар (Личко А.Е. 1985), отбасы «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» (Спиваковская А.С. 1986)

2. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық аурулар дұрыс емес тәрбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.

3. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

Жасөспірімдік жас - адамның жаткіншектік жаспен ересектік арасындағы кезең. 15-17 жас аралығын ерте жасөспірімдік кезең деп атайды. Нақ осы жасөспірімдік кезеңде ағзаның барлық физикалық дамуы аяқталады, ерте жасөспірімдік жастағы психикалық дамудың ерекшеліктері дамудың әлеуметтік ситуациясының спецификасына байланысты. Жасөспірімдердің болашаққа қарауы, өмірлік жоспарлар мен перспективалардың құрылуын Л.И. Бажович жоғарғы сынып оқушысының өмірінің аффективті орталығы деп есептеледі. Ерте жасөспірімдердің жаңа құрылуы балаладың жекелік және өмірлік өзіндік анықталуға дайындығы болып табылады. Э.Эриксон осы жастағы дамудың түрлі варианттары мен жалпы заңдылықтарын талдай отырып, ерте жасөспірімдік псипотологияға эдентикалық кризиспер тығыз байланысты уақытша перспективаны ауытқуы тән болып табылады. И.С.Кон өзінің қазіргі мені толғандырып жүрген балалардың саны жеткігшектік және жасөспірімдік жаста бірдей болса, 15-16 жаста өзінің болашақ «мен» туралы ойлануы күрт өседі.

Жасөспірім кезеңінде конструктивті даму барысынан келесі ауытқулар болуы мүмкін:

- идентентификациялауының диффузиялылығы: адамның иденттілік қалыптастыруға қысқа мерзімді мүмкінділігінің жоқтығы.

- уақыт диффузиясы: екі көрініспен пайда болатын уақыт сезімінің бұзылуы. Уақыт диффузиясы қорқыныш немесе өлімді тілеумен байланысты;

- жұмыстың тұрып қалуы: көбінесе идентика диффузиясымен көрінетін табиғи жұмыс қабілетінің бұзылуы;

- жат идентитификцияның орын алуы: идентификцияа қалыптасуында нормамен әсер ететін барлық факторлар мен рольдердің мойындалмауы. Яғни, мұны үлкендер керек емес немесе кауіпті деп бағалайды (Ремшмидт X. 1994)

Негізінен бұл ауытқулар аса қауіпті көрінгенмен көп жағдайда есею процесі рамкасы толығымен дұрыс вариация болып табылады бірақ егер де ақырғы жағдайда психикалық ауруларға немесе антисоциалды мінез-құлықтың анық формасына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі ерте жас өспірімдердің жыныстық қатынасқа деген қызығуы артып отыр. Жыныстық қатынастың ерте басталуы түрлі жат қылықтармен (төмен үлгерімділік, қылмыс жасаумен, алкоголизммен, жүйкелік психикалық аурулармен) байланысуы мүмкін, және мұны дәлелдейтін статистика бар. И.Кон пікірімен келісетін болсақ, ол - «ешқандай да сексуалды ережелермен заңдар немесе идеалдар интровертті және экстровертті, невротикпен тұрақты индевидті тепе-тең жағдайда толығымен билей алмайды, өйткені бір адамның қорегі басқа адам үшін у болып табылуы мүмкін. Осыны түсінуден барып психикалық саулық басталады» - дейді Кон И.С. Соңғы 30 жылда сексуалды мінез-құлықтың стереотиптері өзгерді. Оның негізгі тенденциялары келесі деп анықталған: а) сексуалдылық ләззаттануды туғызады да, конфликтімен стресті төмендетеді; б) жасөспірімділік сексуалдық махаббатқа, шыншылдыққа және қызметтестікке бейімделеді; в) екі жақтың да адамдарының яғни қыз балалардың да ер балалардың да бір-бірінен өз мінез-құлқы жағынан тіпті айырмашылығы жоқ деуге болады. Бұлар жыныстық қатынасқа ерте түсіп өз жақтасын жиі ауыстырып отырады.

Атақты американдық рок музыкант Ди Снайдер «жеткіншектерге арналған өмір сүру курсы» кітабында өз досының теориясы туралы айтады. Ол өз теориясын «мұның себебі не» деп атап, мүмкін деген мотивтерді талдайды. Олар:

1. Өзін жалғызбын деген сезінуден арылу немесе танымал болғысы келу;

2. Өзінің ата-аналардан тәуелсіздігін білдіргісі келгендік;

3. Көмек керектігі туралы ішкі санадағы дауыс;

4. Махаббатты ұстап қалу үшін;

5. Себебі «мұны барлығы істеп жатыр». Жасөспірім үшін өз қатарластарымен қарсыласу қиынға түседі.

Сонымен, жыныстық қатынасты меңгеру әр бір жасөспірімнің міндеті. Өйткені ол адамның ертеңгі өміріне негіз болады, бірақ бұл жөніндегі кедергілердің болуы жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына негіз болады (өзіне сенбейді, қорқыныш сезімі билейді, өзін кем санайды, ішкі сөйлеуге ұшырауы мүмкін т.с.с.)

Жаспірімдік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын факторлар жан-жақты. Олар ауытқып отырады. Психологияда бұл кезеңдегі проблеманы мінез-құлық ерекшеліктерін екіге бөліп қарастырылады:

1. Интернализацияланған (өзіне бағыттылған);

2. Экстернализацияланған басқаларға бағытталған.

Экстернализацияланған мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі - негізі мен олардың ерекше жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В. жасөспңрімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық жағдайларды атап көрсетеді. Олар:

1. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.

2. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды тұрақсыздық білдіруі.

3. Агрессиясының анық байқалуы.

4. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.

5. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.

6. Өзін-өзі төмен бағалауы.

7. Өзін бейадекватты төмен бағалау. Бұл жағдайларға әсер ететін факторлар:

1. Микроәлеуметтік фактор - бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы: отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының болуын көрсетті. Айта кететін нәрсе истереоидты және гипертандты сипаттағы акцентуыацияның қалыпты емес типі үшін қатерлі болатын гиперсүйемелдеу, ал гипосүйемелдеу-шизоидті және эмоционалды мобильді тип үшін қатерлі болып келеді (Трудные судьбы, 1991). Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеудің Александров А.А. «фрустрациялау» деп атап оның екі типін көрсеткен.

1. Агрессивті қорғану типі - бұл отбасындағы эмоционалды итерілуден қалыптасады;

2. Оппозициялы тип - «бұл отбасы кумирі» тәрбиесі негізінен қалыптасады.

Аграссивті қорғану типі - ерекше қиын агрессивті сипатпен ерекшеленеді. Мұндай балалар төбелескіш, жаушыл, конфликтігі түскіш, тұрақсыз, мектептегі тәртіптің дезорганизаторы болып, бұл балалар дөракі бұзылысқа барады. Алкогольдікке салынуы мүмкін. Мұның негізгі себебі баланың туылуы қажетсіз болған жағдайда ол соны сезінеді. Баланың қағылып тастауы түрлі формаларда көрінеді, құпиялық өтті. Ата-аналардың олардың қатты сөйлесуінен көрінеді. Бұл негізінен конфликтідегі, достығы жоқ отбасыларда көрінеді. Бала барлық уақытта нервті жағдайда жүреді, отбасыдағы үлкендерді өтпелетуінен қорғанудан агрессивті қорғану қалыптасады. Балалар айналадағыларға сенбеушілікпен қарайды, «біреу барлығына қарсы» позициясы отбасыдан тыс уақытта да қалыптасады, осының негізінде айналадағы адамдармен де конфликтіге түседі, олар оны қаға бастайды, оны эгоист қатал деп есептейді, бірақ ол мұның бәріне өзін кінәлімін деп есептемейді, барлығына басқаларды кінәләйді.

Оппозициялы тип бұл ата-аналардың өз балаларын "соқыр махаббатпен" жақсы көруі, балалардың барлық еркеліктерін көтеруі, кемшілігіне мән бермеу, оларды аспанға көтеру т.с.с. Осының негізінде олар әлеуметтік ортаға тиісінше бейімделе алмайды. Сондықтан да оларда "ішкі конфликт" туады. Бұл сонымен бірге, тіктелген, жоғары өкпелегендік, айналамен конфликтілік қатынас туады. Мұғалімдер оларды дұрыс бағаламайды, мұндай оқушылар өзін көрсеткісі келіп тұрады. Сондықтан қанағаттанбаған олар кері мінез-құлық көсете бастайды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлық жасөспірімдерге ата-аналарының тәуелсіз өмір сүргісі келгеннен және олардың шектен тыс қаталдығынан туады. Сондықтан жасөспірімдерде олардың көңілін өзіне аударғысы келіп тұрады. Осы себептен оппозициялы типтегі балалар қалыптасуы мүмкін.

Микроәлеуметтік фактор-қазіргі уақытта жасөспірімдердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл негізінен қоғамның идеологиялық тенденциясынан экономикалық тенденцияға өтуінен көрініп отыр. Сондықтан жасөспірімдерде статистикалық тұрғыдан кері мінез-құлық кең деңгейде көрініп отыр. Оған бірден бір себеп "орта" болып отыр. Бұларда олардың бір сезімдердің орнына потологиялық сипаттағы келесі бір сезімдердің келуі мүмкін.

Жалпы, оқушылардың мінез-құлқының ауытқып немесе бұзылып келе жатқанын неден байқауға болады. Мәліметтерге сүйенсек бала тырнағын тістеп отыруы мүмкін, ол ішкі мазасызданудың пайда болуынан да және түнгі шытырман жағдайлардан дакөрінеді, яғни мінез-құлықтың өзгеруінің көріністері болып табылады.

Сонымен қорыта келе жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік кезең бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға әсер ететін себептердің мазмұны да бірдей және бұл екі жас бір-біріне тәуелді. Мысалы, жеткіншектік кезең психикалық процестермен, жекелік дамуын, ағзаның физикалық жетілуімен сипатталса, жасөспірімдік кезеңде ағзаның жетілуі аяқталады, жасөспірімнің ішкі позициясының күрт өзгеруімен сипатталады.

Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар, түсінбеушіліктер. Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен қарым-қатынас жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп қойған талабы олардың арасындағы қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.

Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлығында осы ауытқулардың орын алуына қарсы алдын-алудың (профилактикилық жұмыс жүргізу) маңызы үлкен. Бұл мәселені зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уахытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты - жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны маңтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзақ уахыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын ойындарды жаңтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда -эпилептикалық психопатия.

4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоңтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

6. Тұрақсыз тип (Қозғыштың). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, әмоциясы тұрақсыз. Патологияда - эпилептоидты психопатия.

7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.

8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашың-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін коп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдың әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.

9. Циклоидтың тип (тұйықталып ңалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыңқа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бұл түрі көрініс бергендер майда-шүйде сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін

10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетіге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда - параноялды психопат.

Жеткіншектерде кездесетін акцентуацияны және мазасыздануын көптеген түрлерге бөліп қарастырады. Оның түрлерін нақты анықтау үшін Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері ңолданылады. Олардың бірнешуі төменде берілген.

Сонымен іс-тәжірибе барысында мектептегі оқитын бастауыш сынып оқушыларының қарым - қатынас барысында шешілмеген мәселелермен жиі кездесіп отыратындығымен соқтығыстық. Егерде кіші мектеп жасында мұндай дефектілер белгілі бір бұзылысқа әкелмегенімен жеткеншектік немесе жасөспірімдік кезеңде белгілі бір қарама - қайшылықтарға келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, өтпелі кезеңнің балалардың педагогтар назарынан тыс барлық мәселелерін тереңдетіп жіберетіндігі белгілі. Бірақ, әрбір «мәселелі» бала өздерінің ерекшкліктерімен де, басынан кешіріп отырған қиындық сипатымен де, дамуының әлеуметтік жағдайымен де дара. Сондықтанда оларға жүргізілетін диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған болуы керек. Осыған байланысты біз Е.В.Новикованың кіші мектеп жасындағы дезадоптацияның себептерін шығаруға арналған схемалық тестісін жүргіздік зерттеудің диасностикалық бағдарламасының негізгі мазмұны мынадай:

1. Оқу әрекетінің бүзылу шегі және оның сақталған жақтары;

2. Оқу әркетінің бұзылуының баланың сыныптастары мен мұғалімдермен, ата - аналармен қарым - қатынас ерекшелігі;

3. Басқалармен қарым - қатынас ерекшелігі;

3. Компенсаторлық формалар бар ма: олар баланың өзіндік әреккетінің нәтижесіне, әлде біреудің тәрбиелеу әрекетінің есебінен туған ба.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет