34.Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А.Б.Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген.
Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:
- перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),
- интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),
- коммуникативті (ақпарат алмасу).
Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
- вербалды,
- вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат Вербалды(сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың Вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.
Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу. Сөйлеу күрделі психикалық процесс. Сөйлеу адамдардың қарым-қатынас құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |