Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив



бет4/46
Дата26.12.2023
өлшемі101.18 Kb.
#488015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
психология

6.Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив..
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі..
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:
Индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
Әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. Жатыр.
Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. Қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. Және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. Қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. Кезегі келесідей: органикалық – материалдық – әлеуметтік – рухани.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет