Курстың саясаты мен рәсімдері
Сабаққа қатысу міндетті болып табылады. Сіздің пәнге деген қарым қатынасыңыз студенттің Ар ұят кодексіне сәйкес келу керек. Студент сабақтан себепсіз қалмауы, сабақтан кешікпеуі тиіс, аудиторияда өзін тәртіпті ұстауы, оқытушы және басқа студенттерге сыйластық қарым-қатынаста болуы қажет. Студент материалды талқылау, сұрақтар қоя білу үшін сабаққа дайындалып келуі және өзіне қажетті білімді алуы үшін тапсырмаларды орындауға мұқият қарауы қажет.
Студент оң баға алуы үшін үнемі ізденіп, дайындалуы тиіс. Бұл білім алушының бағасы семестрдің өн бойында құрылатынын білдіреді. Сіз сабақ уақытында белсенділік танытуға мүдделі болғаныңыз жөн. Жұмыстардың барлық түрлеріне ең жоғары баға егер қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауаптар берілген, жазбаша жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, презентациялар толық көлемде мұқият орындалған жағдайларда қойылады. Білім алушының сабақтан кешікпегені, сабаққа қатысы жоқ әңгімелер айтпағаны, газет оқымағаны, ұялы телефонды өшіргені, оқу үдерісіне белсене қатысқаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |