Аффилиация (лат. affiliate -қосу,қосылу)- адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация – өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.
Басқа адамды түсіну және сезіну мейірбикенің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, мейірбике алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіруі қажет. Егер науқаста дәрігерді таңдау құқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда дәрігердің алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды. Эмпатия – өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Басқаның қунаыш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Дәрігердің эмоционалды қатынасы науқаспен психоолгиялық қатынас орнатуға, ол жайлы толық және нақты ақпарат алуға, оның ішкі күйі жайлы білуге және науқасқа сенім тудыруға, ем-шараның дұрыс қолданып жатқанына науқастың көзін жеткізу.
Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым-қатынаста болғанда өз-өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде-бір септігін тигізеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қаыблдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қорытындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшйтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.
Қоршаған адамдардың дәрігерді шынайы сезіммен қабылдамауында, яғни науқастардың, дәрігерге ем-шара барысында өзіндік кері байланыс орнатуында сезімталдық септігін тигізеді. Бірақ дәрігердің науқастарға деген сезімталдылығы тым жоғары болмауы керек. Себебі дәрігердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Науқастың жағымсыз қатынасы дәрігердің сезімталдылығының жоғары болуы кәсіби құзіреттілігіне күмәндануға әкеліп соғады.
Рефлексия латынша бейнелеу ұғымын береді, адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Рефлексия үдерісі тұлағның өзіндік өсуіне, өзіндік жетілуіне көмектеседі. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде тұлғаның өзі жайлы позитивті көзқарас қалыптасады және сақталады. Негативті рефлексия кезінде адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Ондай адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерінің төмен екені әрдайым есіңде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |