Психологиялық- педагогикалық практикум


-тапсырма. Арт-терапиялық тренингке арналған жағдаяттар дайындаңыз



бет17/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
семинарға қосымша материалдар

4-тапсырма. Арт-терапиялық тренингке арналған жағдаяттар дайындаңыз.


Тапсырма: 12 жасар ұл баланың мінез-құлқы мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерін түзету.
Осы жылдың басынан жалпы білім беретін мектепте, музыкалық мектепте, отбасында үнемі қысым күшейіп тұрады.
Бұл баламен өз қатары арасында мұғалімдермен отбасында кикілжің қатынастары пайда болуда. Бұл жағдайлар баланың өзі күткеніндей болмағандықтан орын алып тұр. Мақсат қатты аушланып кейде заттарды лақтырып, сындырып та тастайды. Бөлмеден жұлқынып шығып, есікті қатты жабады, бірде жылып бірде айқайлайды, өзіне-өзі жағымсыз әрекет жасайды және басын ұрғыштап өз қолымен өзін қылғындыруға тырысады. Ол өмір сүргім келмейді, маған өте қиын, бұдан да өлгенім артық деп айқайлайды. Кикілжің жағдайлар үйден тыс жерде болған жағдайда оны тоқтату әрекеттеріне қарсы күш көрсетеді, айқайлап балағаттайды.
Достарымен қарым-қатынасы өте қиын болатын ал қазір ол мүлдем жалғыз қалды. Мақсаттың қарым-қатынасқа деген қажеттілігі өте жоғары, сол себептен ол өте талапшыл, әрдайым жанында әкесінің немесе анасының болғанын қалайды. Ол өзіне көп көңіл аударылғанын қалайды, кез-келген ескертуді ауыр қабылдайды.
Тыныш жағдайда бұл өте жақсы, ақылды бала. Оны дәл осы күйінде білетін адамдар оны қатты жақсы көреді. Фрустрациялық жағдайда ол өзгеріп кетеді. Ол ұжымда болғысы келеді, балаларға жақын болуға және олармен қарым-қатынасты нығайтуға тырысады. Алайда өзінің қызуқандылығын ұстай алмай кикілжіңге түсіп қала береді.
Сіздің тобыңыздың түзету арт-терапиялық тренингті жобалап көрсету мақсатында қолданатын арт-терапиялық әдіс:

  1. Қуыршақ - терапия;

  2. Ертегі - терапия;

  3. Суреттерапия;

  4. Библиотерапия;

  5. Маско-терапия;

  6. Драма-терапия;

  7. Түймелі терапия;

  8. Балшық -терапия;

  9. Құм - терапия;

  10. Мандалотерапия;

  11. Ермексаз-терапия;

  12. Фольклорлық терапия;

  13. Коллаж;

  14. Матефориялық карты;

  15. Фото-терапия

Тапсырма:

  1. 1 сағат 20 минуттық тренинг сабағының толық жоспар-конспектісін құрастырыңыз.

Тренингтің мақсаты, міндеттері және кезеңдерін көрсетіңіз.
(1) байланыс құру; (2) негізгі мәселемен жұмыс; (3) кері байланыс; (4) рефлексия – рефрейминг. Тайм-менеджментті көрсетіңіз.

  1. Тренингтің 15 минуттық бөлігін өткізіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет