Психологиялық тренинг Тақырыбы: Ашуынды тежей біл Мақсаты



Дата05.07.2016
өлшемі33.5 Kb.
#179584
Психологиялық тренинг

Тақырыбы: Ашуынды тежей біл

Мақсаты: Оқушылардың өз-өзін ұстау, өз ашуларын тежей білуге үйрету.

  1. Жаттығу : Ашудың пайда болуы

Оқушылар, екі топқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы бұрылып тұрыңдар.Енді екі қолдарынды жоғары көтеріп, йықтың бойында ұстап, алақандарынды жазыңдар.қарама-қарсы тұрған оқушыменалақандарыңды түйістіріп бір-бірлеріңді итере бастаңдар, кім кімді орнынан қозғалта алғанша осылай жалғастырындар. Бірақ бір-бірлеріне зақым келтіріп алмаңдар. Ойын аяқталғаннан кейін өздеріңнің не сезгендеріңді айтып берулеріңді сұраймын.

  1. Жаттығу

  1. Менің ашуымды келтіреді, егер..........

  2. Мен ренжіп қаламын, егер........

  3. Мен өз-өзімді ұстай алмай қаламын, егер........

  4. Мен біреуге балағат сөз айта аламын, егер.....

  5. Мен өзімнің ашуымды баса алмаймын, егер....

  6. Мен біреуге қол жұмсай аламын, егер.........



  1. Жаттығу: Өткенге үңілу

Бұл жаттығу арқылы оқушы өз өмірінің өткен күндеріне көз жүгірту арқылы, бұрын болған және қатты ашуланған, ренжіген кездерін еске түсіру арқылы бұл жағдайлардың не себепті және не үшін болғаның талқылайды.

  1. Балалар қазір сендер көздеріңді жұмып, жайланып, денелеріңді босаңқы ұстандар.

  2. Енді, өздеріннің өмірлеріңде қатты ашуланып, немесе басқа адамдардың сізді ашуландырған кездерін еске түсіріңдер.

  3. Бұл жағдай не себепті болды? Кімнің араласуымен болды?

  4. Осы кезде сіз қандай сезімде бодыңыз, ашуланудан басқа не сездіңіз? (Қорқыныш, үрей, реніш)

  5. Енді ақырын, асықпай деміңді сыртыңа шығарып, көзіңді аш.

  1. Жаттығу

Ендігі кезекте құрметті балалар, осы ашулану себебінен туындаған басқа адамдарға деген реніш, қамығу сезімдерінді, немес өздерің ренжітіп алған болсаңдар, осының барлығын бір парақ қағазға жазып, жыртып тастаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет