Психологиялық зерттеу әдістері



бет3/5
Дата09.10.2023
өлшемі1.34 Mb.
#480175
1   2   3   4   5

  • Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады.
  • Бақылау әдісіне қойылатын талаптар:

    • Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау.
    • Үнемі мақсатты болуы қажет,
    • Нәтижесін тіркеу.
    • негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).

    Эксперимент әдісі

    • Экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды.
    • Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы.
    • Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады.

    Психологиялық зерттеулерде негізінен 2 түрлі эксперимент қолданылады.

    • Зертханалық (лабораториялық) және табиғи.
    • Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі.

    Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі, т.б.

    • Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі, т.б.
    • Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді.

    Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

    • Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.
    • Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.
    • Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
    • Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
    • Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
    • Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет