Психологияның пәні, міндеттері және әдістері. Психологияның пәні, объектісі. Субъективтік және объективтің шындықтың өзара қатынасы. Қазіргі психологиялық қалыптасуы. Психология және басқа ғылымдар



бет1/4
Дата30.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#167644
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



СМЖ 3 деңгейлі құжат

Элективті пәндер каталогі



№__басылым «__»_____2012ж

Ф 042-05.1.10.03-2011-01



Бекітемін

Оқу ісі проректоры ___________Рскелдиев Б.А.

«______» ___________ 2012 ж.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГІ

5В071100 – Геодезия және картография мамандығы


№ р/с

Пән

коды


Цикл және пәндер атауы

Пәннің қысқаша мазмұны






Жалпы білім беретін пәндер

1

Pci 0101

Психология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Психологиядан негізгі орын алатын мәселер жөнінде студенттерде ой қалыптастыру: адамның психиқалық феномені, ойлы мен ойсыздықтың өзара қатынасы, психиқалық процестердің механизмдері мен заңдылығын, жағдайы, адамдық қарым-қатынастағы жеке тұлғаның мәселері.

Қысқаша мазмұны: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері. Психологияның пәні, объектісі. Субъективтік және объективтің шындықтың өзара қатынасы. Қазіргі психологиялық қалыптасуы. Психология және басқа ғылымдар. Қызмет және танымдық процесстердің психологиясы: Жеке тұлғаның психолгиясы. Қабілеттер: Темперамент. Мінез. Эмоция және сезім. Мотивизация. Ерік-жігер.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі:

  • жалпы психололгияның негізгі түсініктерін;

  • психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын;

  • бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін;

  • педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.

Икемділік:

  • окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

  • психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағды: Тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: Студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.

2

OOT 0102

Өзін-өзі тану

Кредит көлемі – 2 (0+2+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Икемділік: Өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағды: Өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани – адамгер-шіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым - қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзіреттілігі: Нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы Кейкова Толқын Қызырбековна

3

Mad 0103

Мәдениеттану

Несие көлемі – 2(1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Мәдениеттану категориясының теориялары, концепциялары, базалық ұғымдарының мазмұнын ашу. Мәдениеттану білімінің негізін құру.

Қысқаша мазмұны: Мәдениеттану пәні және әдістері, мәдениеттің мәні, адам әлемі- мәдениет ретінде. Алғашқы қауымдық мәдениет, Ерте Шығыс мәдениеті, Ерте Греция және Рим мәдениеті, ортағасыр мәдениеті, қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті, жаңа дәуірдің Европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениеті, қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, қазіргі кезеңдегі қазақ мәдениеті, Евразиялық мемлекет ретінде Қазақстанның әлеуметтік мәдени перспективалары.

Оқытудан кейінгі күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мәдениеттанудың негізгі катеорияларын, ұғымдарын біледі.

Ептілік: Отандық және әлемдік қауымдастықта әлеуметтік мәдени өзгерістерге талдау жасай алады.

Дағды: Мәдениет және ұлтаралық қатынастар облысында практика-лық білімді қолдана алады.

Хабардарлығы: Басқа елдердің мәдениеті және дәстүрлерін салысты-ра отырып, мәдениеттану облысындағы базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С. Кудратова

4

Ped 0104

Педагогика

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді. Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Икемділік: Педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағды: Педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: Педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.

5

MTIK 0105

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжат-тар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Икемділік: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағды: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Салауатты өмір салты принциптерін жетілдіру.

Қысқаша мазмұны:Денсаулық туралы ғылым. Салауатты өмір салты- бұл жұмыс тәртібін, күнді, ұйқыны қалай дұрыс ұйымдастыру туралы түсінік. Орталық жүйке жүйесіне түсетін күшті, салмақты бөлшектеу. Салауаттану курсы- салауатты өмір салтын дұрыс ұйымдастыруды қалай жүргізу керектігін оқытады.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Валеология негіздерін теориялық және әдістемелік негіздеу

Икемділік: Жеке гигиена ережелерін, жеткiншекке салауатты өмiр салтының қағидаларын ашу.

Дағды: Студенттер және олардың ата-аналарында салауатты өмiр салтына қалыптастыру.

Құзіреттілігі: Денсаулықты күшейту және сақтау әдiстерi туралы бiлiм құрастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А.Нурсафина

7

EAEK HEK 0107

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит - Экономикалық теория

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономи-калық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру. Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі. «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті –құқықтық базасын біледі.

Икемділік: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағды: Халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін , алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Қ. Жұмашбекова

8

Shak 0108

Шәкәрімтану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы.

Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туынды-ларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды меңгереді.

Икемділік: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағды: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.Әубәкір


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет