Психологияның теориялық-методологиялық негіздері



жүктеу 1.92 Mb.
бет4/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

- анкеталау психолого-педагогтық зерттеулерде тартымды әдіс, бірақ нәтижелілігі төмендеу, оны алғашқы деректерді жинау және сыналушылардың зердесіндегі мәселелерді анықтау үшін қолдануға болады.

Мысалы: үй жұмысы, жалпы мектептік және сыныптық өзін-өзі басқаруды қалыптастыру, педагогтар мен оқушылар арасындағы әрекеттестіктер, бос уақытты пайдалану, күзгі, қысқы каникулдар және т.б. сияқты, зерттеушінің жоспарына қосымша гипотетикалық жағдайларды тудыра отыратын мәселелер. Тәжірибе көрсеткендей, тиімділеуі ашық – забық анкета, яғни сыналушы анкетаның кейбір сұрақтарына дұрыс вариантын белгілеу арқылы, ал кейбіреулеріне өзінің пікіріне, иетеллектуалдық даму деңгейіне сай тікелей жауап бере алады.

Анкеталау әдісін эксперттік баға беру үшін де қолдануға болады, зерттеуші жақсы нәтиже алуы да мүмкін, бірақ ол үшін іс-әрекеті зерттелетін сыналушымен алдын-ала келісу керек.
Қорытынды
Психолого-педагогтық зерттеулердің жақсы ойланып, түйінделген стратегиялық және тактикалық мақсаттары ғалымдар ұсынған көптеген әдістердің арасынан ең сенімді, адекватты әдістерді таңдап алуға, олардың әртүрлі комбинациясын құрастыруға (зерттеушінің технологиясы) көмектеседі және жетістікке жету жолында жоғары дәрежедегі ықтималдықпен тәжірибелі-эксперименталды әрекеттерге кірісуге мүмкіндік береді.

Эксперименттің анықталған мақсаттары зерттеушінің оперативтік, реттеушілік және үйлестірушілік мақсаттарына жету үшін қажетті тиімді әдістер тобын анықтайды.


Тапсырмалар:

1-ші тапсырма. Өзіңіздің таңдап алған зерттеу тақырыбына байланысты анкеталар жиынтығын дайындаңыз және семинарлық (практикалық) сабақтарда оларды қолдану Сізге қажетті деректерді алуға көмектесетінін, психолого-педагогтық экспериментті бастауға мүмкіндік беретінін дәлелдеңіз.

2-ші тапсырма. Өзіңіз бір проективті экспресс- әдістемені құрастырыңыз және оқытушының қатысуымен, топ мүшелерінде қандай жеке тұлғалық сапаның бар екенін анықтау үшін, топта оперативті зерттеу жүргізіңіз. Анкеталауды жасырын түрде жүргізіңіз (анонимно) және ол біткеннен кейін, оқытушымен келісе отырып, дискуссия арқылы тестің сәйкестілігінің және сенімділігінің дәрежесін анықтаңыз.
5-Дәріс. Психодиагностиканың әдіснамалық негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:

1) Психодиагностиканың негізгі функциялары;

2) Психодиагностик - экспериментатордың принциптері;

3) Эксперименталдық іс-әрекеттердегі психолого-педагогикалық диагностиканың мазмұны;

4) Практикалық психодиагностиканың нәтижелілігінің және нәтижеліліксіздігінің критерийлері;

Психодиагностиканың функцияларын анықтаудағы, яғни толық және терең мағынасын түсіну үшін, сонымен қатар оны нәтижелі қолдану педагоикалық- психологиялық тәжірбие аумағын зерттеу іс- әрекетінде негізгі фактор болып табылады.



Бірінші және ең маңызды функция – бұл тәжірибелік контингентке кіретін оқушылар тұлғасын, мектептегі шағын топтар, ұжым сол сияқты көше бірлестіктері, қосымша білім беру ұйымындағы ұжым мен топтардың психологиялық- жеке тұлғалық негізін анықтайтын психодиагностикалық функция болып саналады. Бұл зерттелуші адамның актуалды қалпын, әсіресе интеллектуалды және эмоционалды- ерікті, сонымен бірге арнайы және жалпы қабілеттерін анықтау.

Екінші функция - бұл педагог- тәжірибешінің мағлұмат жиынтығына тәжірибе негізі жеткізіп және оның интеллектуалдық іс- әрекеті эксперементалдық контингентпен міндетті түрде байланыста болуы керек. Тәжірибелік зерттеулер жүргізетін директордың орынбасарлары, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және тәжірибеші психолог мынадай функционалды міндеттерді орындауы керек- қолайлы, қарапайым, дәлелді сөздерін күрделі терминдермен және академикалық сөйлемдермен қиындатпай баланың, жасөспірімнің, сол сияқты топтардың, ұжымның нақты актуалды жағдайының психологиялық негізін тәжірибешінің санасына жеткізу болып табылады.

Бұл функция оқушылардың ата-аналарымен байланысты болады, себебі ата- аналардың көбі өзінің балалары туралы ғылымилық түсініктері болмайды; кейбір ата- аналар баланың тұлғалық қабілеттерін гипертрофиялық формада қабылдайды, ендігі біреулері керісінше түсінеді.



Үшінші функция- тәжірибеші ұйымдастырған мақсатқа бағытталған және міндеттелген педагогикалық- психологиялық жүйеде ата – аналарды психологиялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.

Зерттеушінің психодиагностиалық іс- әрекеті ережелер мен принциптер жиынтығынан құралған және одан бас тарту қиын жағдайларға әкелуі мүмкін.



Бірінші принцип- құжаттар негізінде жетілдіреген сол сияқты білім беру басшысының бекітуі бойынша психодиагностика жоспарына, Қазақстан Республикасының білім беру заңына сәйкес толық бағынышта болуы тиіс. Бұл принципті ұстану зерттеушінің психодиагностикалық эксперимент жүргізу кезінде білікті емес адамдардың араласуынан қорғайды, дегенмен тәжірибелі педагогтардың кеңесінен бас тартпау керек және өз тәжірибелік іс-әрекетіне түзетулер егізілуі мүмкін.

Екінші принцип- тәжірибелік контингенттегі балаларға деген сүйіспеншілік пен кәсіпкерлік, олардың қызығушылықтарын сақтап қалу және нағыз азаматтық сезімдерін қалыптастыру.

Бұл принцип кейбір ата-аналардың көзқарастарымен сәйкес келмеуі мүмкін. Содықтан да қиындықтарға көңіл аудармай оны дұрыс ұйымдастырап , жүзеге асыру зерттеуші- экспериментатордың міндеті болып табылады.



Үшінші принцип- психодиагностика нәтижелерінің толық конфиденциалдығы, яғни бұл тәжірибені тек зерттеуші мен зерттелуші ғана біледі және олар бірге қорытынды шығарады. Бұл принципті ұстанған зерттеуші керек емес сұрақтардан құтылып сол сияқты зерттелуші де жат адамдардың өзінің ішкі дүниесіне араласуынан қорғайды.

Төртінші принцип – бүкіл психодиагностикалық ақпарат интеллектуалдық іс-әрекетінде қолданылуы керек. Зерттеуші бұны зерттелушінің жан-жақты дамуын қамтып, атап айтсақ қабілетін, когнитивтік процесстерінің дамуы, ойлау, эмоционалды-ерікті қасиеттерін және құқықтарын қорғауы болып табылады. Мәселен, кейбір зерттеушілер балаларды өз міндеттерін орындауынан босатады, яғни оған сенбеушілігін білдіріп ҚР "Білім туралы" заңын бұзады деуге де болады.

Бесінші принцип – психодиагностикалық әдістемені таңдаған кезде мақсат, міндет және гипотеза тарапынан жүзеге асырылуы керек. Зерттеуші-экспериментаторда жоғарыда айтылғандар практикалық әдістеме мен технологиялар бір формада тұрып, ортақ іс-әрекеттерде қолданылады. Бұны мынадай комбинацияларда көруге болады:

1) Зерттеуші құрастырған тестер өзіне басқа көптеген тест компоненттерін кіргізеді. Бұл тестерді жүзеге асыруын құзырлы бірлестіктер ұсынады да, зерттеушіні автор ретінде тағайындайды;

2) Авторлық әдістемелер (анкета, тест, бақылау жоспары, зерттеушілерге берілетін тапсырмалар және т.б) проблемаларды рационалды түрде шешу үшін және зерттеушінің интеллектуалды құзырлығы негізінде құрастырылады;

3) Пысықтау психодиагностика жүргізгенде ғана стандартталған тесттер қолданылады және олар қалыптастырушы (түрлендіруші) эксперимент аяқталғаннан кейін, бақылау тестер ретінде жүзеге асырылады.

Психолог – маманның іс-әрекеттерінің принциптері туралы мынадай адамдардың еңбектерінен көруге болады: Немов Р.С. [9, 521-524 б], Болотова А.К, Макарова И.В. [23, 10-18 б.], Овчарова Р.В[28, 7-12 б.] және т.б.

Психодиагностикалық әдістеме мынадай жалпы талаптарға сай болуы тиіс:



  1. Әдістеме жеке тұлғаның дамуына сол сияқты оның жалпы және арнайы қабілеттерінің қалыптасуына бағытталып, эксперименттің қорытындылар жиынтығымен жүзеге асырылады. Бұл талаптар білім беру жүйесінде іске асырылады.

  2. Әдістеме оқушылар мен оқытушылардың жеке тұлғалық даму процесі туралы керекті мәліметтерді жинау мақсатында оптималды түрде жағдайлар жасалыу керек.

  3. Әдістеме валидті болуы, яғни нақты бір іс- әрекеттерге бағытталуы керек. Өйткені, есті зерттеу кезінде апперация, ойлау, қиялға бағытталған әдістемі қолдануға болмайды.

  4. Валидтік әдістеме сенімді болуы керек және мына критерийлерге сай болуы тиіс:

- өзін-өзі тану процесінде, яғни алынған ақпарат әдістемеге сай болып, сол сияқты индивидте бар психикалық процесстер мен жағдайлар жиынтығына дәл келуі керек.

- Отбасы мүшелерін зерттеу процессі (ата-аналарын, аға-апаларын, ата- әжелерін, құрбыларын және т.б).

- Басқа валидтік әдістемелерді қолдану және алынған нәтижелерін салыстыру арқылы жүзеге асыру.

- Зерттеуші мен зерттелінуші арасындағы өзара әңгімелесу және жеке сұрақтарды, түйінділерді нақтылау.



  1. Әрбір әдістеме алынған мәліметтердің кілттері және интерпретациаларымен аяқталуы міндетті.

Біздің көптеген әдістемелерді, соның ішінде стандартталған тесттерді анализдік талдауымыз бойынша, жалпылама түрде келесі кемшіліктерді бөлуге болады:

- әдістеме текстерінің мазмұнындағы сұрақтардың кілттерінің берілмегендігі.

- кейбір тесттердің сұрақтары нақты тексерілмегендіктен негізгі ойдың жоғалуы.

- көптеген тестер, әсіресе, шетел авторларының ұсынымдары бұрын пайда болғандықтан, қазіргі кездегі жүріп жатқан өзгерістерге сай келмеуі. Сол сияқты спецификалық менталитетке бағытталғандықтан қайта терең зерттеуді қажет етеді.

- кейбір тесттерде біздің мемлекетімізде әлеуметтік ақиқаттылығы жоқ фактілерді, процесстерді және іс-әрекеттердің ұсынылуы.

- мәселен, құрастырылған барлық тесттер тек ғана фактілерге сүйеніп, нақты кепілдемелерді қолданбаушылығы. Ол индивидтің жеке тұлғалық прогрессивті қасиеттерін дамыту мен мінездегі жат қылықтарды көрсетпеушілігі және интеллектуалды-шығармашылық потенциалдарын жетілдіру.

- өндіріске және болашақ маманнның профессионалдық іс-әрекетке дайындалу деңгейін жетілдіру үшін керекті әдістемелердің жоқ болуы.

Сондықтан практикада белгілі бір әдістемені қолданар алдында мұқият тексерулерден өткізіп, сұрақтарын өңдеп, кілттерін және жауаптарын нақтылап алу керек. Сол сияқты мәнсіз, тексерілмеген әдістерін мүлдем қолданбау қажет. Сонымен бірге тесттерді құрастырған ғалымдардың жұмыстарының мазмұнын, нақтылығын, валидтілігін және психодиагностикалық стандарттылығын ұқыпты тексерулерден өткізу керек. Бұны мынадай авторлардың еңбектерінен көруге болады: Столяренко Л.Д. [24, б. 54-60], Болотова А.К, Макарова И.В. [23, б. 85-124] және т.б. Жоғарыда айтылған авторлардың жұмыстарынң негізгі ойларын ескеріп, өз тарапынан қорытынды шығаруға болады. Соның негізінде тәжірбиелі- эксперементалды іс-әрекеттерде нақты педагогикалық- психологиялық зерттеулер жүргізуге болады.

Психодиагностиканың мазмұны мақсатқа, гипотезаларға, зерттеуші - экспериментатордың қойған міндеттерін және жас ерекшелік қасиеттеріне байланысты болады. Сондықтан жас ерекшелік теориясына сай даму заңдылықтарын зерттеу керек.

Әдетте, зерттеуші кішкентай балалармен, орта жастағы және кейбір жеткіншектермен жұмыс жүргізгенде көптеген қиыншылықтарға тап болады. Жеткіншектердің психикалық түсініктерін жеңілдету үшін қосымша материалдарды қолдануға болады. Бұндай қосымша материалдарға мынадай ақпарат жиынтығын кіргізуге болады: ересек адамдардың "Мен жеткіншек болғанда" деген анкета мәліметтерін қолдануға болады. Сонымен бірге өзіндік «Мен» ашық ретроспективтік анализін өзкізіп, зерттеуші өзінің бала кездегі уақытын және соны ойда қайтадан жаңғыртып интеллектуалды- эмоционалды жағдайын, ерік-жігерін, ішкі өзгерулерді ескеру арқылы жүзеге асыру.

Психодиагностиканың мынадай жалпы мазмұнын айқындауға болады. Одан бұрын зерттеуші- экспериментатордың іс- әрекетіне көңіл бөлейік.

Психодиагностикалық ақпарат жиынтығы зерттеуші- экспериментатор үшін түрлендіруші (қалыптастырушы) экспериментті бастап, әрі қарай жалғастыруында өте маңызды болып табылады, себебі, эксперимент кезінде анықталған ақпарат алуы , ол ақпаратты алу процесінде зерттелінушілердің мінез-құлқын қадағалап, ым-ишарасы, реакцияларын және т.б эмоционалдық қозғалыстарын жазып алып, оларды зерттеу нәтижелерін өңдеу кезінде дұрыс қолдануы қажет.

Өзіндік тәжірибеге сүйеніп, (өйткені педагогикалық- психологиялық кейбір әдебиеттерде нақты технологиялар жоқ болғандықтан мұндай іс- әрекеттерге барады) келесі ұсынысқа көңіл бөлуге болады: белгілі бір эксперименталдық жұмыс жүргізіліп жаңа іс-әрекеттер жүйесі құрастырылады да зерттелінушілерге сол туралы хабарлайды. Содықтан зерттеуді бастамас бұрын көңілдерін аудару үшін былай деп бастаймыз: "Мен сіздерден өтінетінім мына берілген сұрақтарға сізге лайықты жауаптар нұсқаларын белгілеңіз" немесе мына топ іс- әрекеттерін орындаңыз. Жауап бергенде ашық болыңыз, шыныңызды айтуға тырысыңыз. Бұны мен қандай мақсатпен жүргізіп отырғанымды кейін айтамын. Барлық нәтижелер конфиденциалдық сипатында құрастырылған және сіздің креативтілігінізді дамыту мақсатымен жеке жұмыстар жүргізіледі сонымен қоса сіздің өзіндік даму онтогенезіңізбен тығыз байланысты болады. Жауабыңызды берілген нұсқау бойынша беріңіз. Жауаптарды берген соң зерттелінуші өз жауаптарын бағалаған кезде арнайы балалармен тексереді, яғни оларды санап және жалпы санын ұсынып береді.

Келесі бір тапсырмалар тізбегіне көңіл аударайық: қандай да болсын сурет салыңыз; сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемнің бас жағын ойдан шығарып аяқтаңыз; өзіңізге маңызды жағдайларды деңгей бойынша бөліп беріңіз; берілген іс- әрекеттерді маңыздылығы бойынша жасаңыз; ең керектісін, яғни сізге өте маңызды заттардың сатып аламын деген тізімін жазыңыз. Осы берілген тапсырмаларды бір-бірлерінен еркін орындалуы тиіс. Жауаптарды өңдеу кезде тек ғана зерттеуші жүргізеді де, әрбір зерттелінушіге жеке айтылады. Бұл әдісті біз педагогикалық институттың бірінші курс студенттеріне қолданып, акцентуациялық мінез-құлықтарын зерттегенде олардың қақтығыстық, бәсекелестік қабілеттерінің деңгейін, еріктің түрлі жағдай- көріністерін және басқа да тіршілікте өте қажетті психикалық жаңа пайда болған құрылымдар туралы алынған мәліметтер нәтижесінде мынадай тұжырымға келу мүмкіндігін алдық:

Студенттер туралы жоғарыэффективті мәліметтер базасын алу.

Студенттердің дамуы мен жетілдіру әрекетін сырттай биязы етіп басқару. Сол тарапынан теріс қасиеттерді жойып соның орнына интеллектуалдық қабілетімен қамтамасыз ету.

- 1-курс студенттерін ғылыми- тәжірибелік жұмыстарға баулу әрекеті олардың шығармашылық потенциалын дамыту мен жоғарғы оқу орнының жағдайында жүзеге асыру.

- Студенттердің ақыл-ой, сөйлеу-логикалық және басқа да профессионалдық жаңа білімдерін интенсивті түрде дамыту, қалыптастыру, жетілдіру.

Психодиагностика мазмұнын белгілеу кезінде екінші бір ерекшелігі бұл жеке тұлғаның сұраныстарына, білім беру мекемелеріндегі оқу процесіне қатынасатын зерттелушілердің, оның ішінде эксперимент контингентінің мүшелерінің қажеттіліктеріне бағытталғандығы.

Дифференциалдық таңдап алу мазмұнының шеңберін анықтауда және бұған қандай адам контингенті жататындығын мынадай адамдардың еңбектерінен білуге болады: Немов Р.С, СтоляренкаоЛ.Д, Андреев В.И, Овчарова Р.В, А.К.Болотова, Г.С. Абрамова, Джакупов С.М, С.Ю.Головин, А.Анастази және т.б.

Кіші жеткіншек жастағы балаларға тән өте маңызды сұрақтарға мыналар жатады: неге мен қияңқы және тіл алмайтын болдым; неге мен төбелес ортасында жүремін; неге мен мұғалімдерді бұрынғыдай тыңдамаймын, неге менің жігерлілігім әлсіздікке, немқұрайлылыққа айналды және тағы сол сияқты сұрақтар туындай бастайды.

Жоғарғы сынып оқушыларында келесі бір сұрақтар туындайды: менімен не болып жатыр; неге мен берілген уақытты дұрыс қолданбаймын; неге мен күні бойы М немесе А туралы ойлай беремін; көптеген мәселелер пайда болғанда кімге айтамын, кімнен кеңес сұраймын, сұрасам ұят болады-ау, мен неге тез шаршаймын, неге жиі тітіркенемін? деп уайымдап жүреді. Ол сұрақтарға зерттеуші-практик валидті және сенімді әдістер кешенін, зерттелушілер контингентін тиімді ойластырып, балалармен зерттеу жүргізгенде толық конфиденциалдықты сақтайтын технологиялық процесті тапқанда жауап бере алады. Осы ережелерді сақтағанда ғана Е.И.Рогова [25, б. 154-270] мен Р.С.Немовтың [22, б. 270-410] ұсыныстарын қолдануға болады.

Дегенмен тестілеу процедурасы, алынған ақпаратты өңдеу, біздің ойымызша, өте күрделі, көбінесе, қалыптастырушы (түрлендіруші) экспериментті тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетте емес.

Жоғарғы сынып оқушыларын (10-11(12) сыныптар), әрине, өз тағдырын шешудегі өзекті мәселелер, «Кім боламын және қандай боламын», қарама-қарсы жынысты жолдастарымен достасу сияқты сұрақтар, сонымен қатар, мінез-құлық сипатын, эмоционалды-еріктік қасиеттерін, интеллектуалдық потенциалдарын, қарым-қатынас ерекшеліктерін, басқа адамдармен өзара қатынасын анықтау және әрекеттестік мәселелері туралы маманның ғылыми негізделген жауаптары көп толғандырады. Олар «Қалай, қандай жолмен өзімнің психикалық тіршілік әрекетімен айқындалған жексұрын құбылыстарды жоқ қыламын». Біздің ұсыныстарымыз осы дәрістің соңында берілген тапсырмаларда көрсетілген.

Мектеп директорының орынбасарларын оқыту процесін жетілдіру және ықыластарын нақты іспен біріккен бөлінбейтін кешенге айналдыру мәселелері, яғни Қазақстан Республикасының білім туралы заңының талаптарына сәйкес жас ұрпақтың жоғары сапалы білім алу деңгейі ойландырады және олар психодиагностан өз сұрақтарына жете ұғынылған немесе ұғынылмаған жауап күтеді.

Бірінші жетекшіні әзірге белгісіз себептермен қолданылмаған әртүрлі мекемелермен, ұжымдармен, мамандармен әрекеттестікті жетілдірудің ішкі резервтері, сонымен қатар, өзінің потенциалы арқасында район, облыс, Республика аймағында, тіпті оның да шекарасынан шығатын маңызды, таңдап алынған (элитный) білім беру мекемесін құру ойлары мазалайды.

Әрине, мұндай диагностикалық әдістер аз, әрі олар әртүрлі әдебиеттерде «шашыраңқы» кездеседі, сондықтан зерттеушінің міндеті – оларды тауып, кәсіби деңгейде бағалау және психолого-педагогикалық тестердің, сауалнамалардың валидті және сенімді кешенін, оның кілттерін және сапалы интерпретациясын құрастыру.

Зерттеуші-экспериментатор психодиагностика саласында (зерттеудің бірінші кезеңі) оның критерийлер жүйесін ұғынуы керек. Келесі кестеде қажетті бағдарланған көрсеткіштер берілген.


Кесте 4 - Практикалық психодиагностиканың критерийлері

Мемлекеттің қазізгі әлеуметтік-экономикалық даму этапындағы жас ұрпақтың потенциалдарын дамытудың эффективті әдістемелерін таңдау мүмкіндігін

туғызатын критерий.

Жеке тұлғаның интеллектуалды- шығармашылық дамытудағы эффективті әдістемелердің таңдауын тежейтін критерийлер.

Диагностикалық экспериментке қатынасатындардың жоғары жүйке әрекеттер типтерін (темперамент), мінез ерекшеліктерін анықтайтын валидті және сенімді әдістер таңдап алынған.

Экспереиенталдық контингентті визуалды түрде зерттеу. Әрбір зерттелінушінің ішкі дүниесін ашудағы қолданылатын сенімді және валидті әдістемелерін қолданбау.

4 кестенің жалғасы

1

2

Эксперименталдық контингенттің өзара қарым- қатынастарын терең зерттеудегі сенімді әдістемелерді қолдану. Оның ішінде Р.С Немовтың әдістемесін және т.б қолдану.

Мақсатталған өзара қарым-қатынастарын зерттеу. Бұнда ұжымның, жеке тұлғаның жалпы және жеке даму әдістерінің анықталмағандығы.

Жалпы дамудың, оның ішінде интеллектуалдық, ойлау түрлері, қиял, қабылдау және т.б тану процесстерінің валидті және психология жағынан сауатты әдістерін таңдау.


Стандартталған тесттердің сапасын айқындағанмен де оның қазіргі жағдайларға бейімделінбеуі.

Тәжірибелік тақырыптарға тәуелді болатын сапалы әдістемелерді қолдана отырып, зерттелінушілердің бәсекелестік, коммуникативтік, конфликтік және т.б сол сияқты өзін-өзі актуализацияландыру деңгейін анықтау.

Экспериментатордың зерттелінушілерге психодиагностика жүргізудегі белгілі бір қабілеттерін айқындайтын әдістемелердің мүлдем болмауы.

Экспериментатордың жеке арнайы кестелерде белгіленген қысқартылған түрде диагностикалық мәліметтерді ұсыну.

Экспериментаторда зерттелінуші туралы барлық мәліметтері бар кестенің болмауы.

Тәжірибенің диагностикалық нәтижелері мен қорытындылары талданған, соның негізінде гипотеза мен нақты әдістемелерді қалыптастыру. Тәжірибенің мақсатқа жету этаптарын белгілеу.

Болжам эксперименттің диагностикалық қорытындыларынен емес , оның қалыптасуы тек тәжірибенің бастауларынан ғана болады. Тәжірибенің қалыптастырған дамыту әдістері диагностика нәтижелерінен тыс жүргізілуі.


Экспериментатор тәуелді емес мамандар тобын ұйымдастырып, соған жоғары білікті психологтар мен

педагогика еңбегінің шеберлері таңдалады. Олардың негізгі міндеттері диагностикалық тәжірибеге және әдістемелерге сапалы баға бере отырып, сәл ғана қателіктерін түзету болып табылады.



Ұсынылған тәжірибеде ешқандай тәуелсіз адамдар тобының қатыспаушылығы. Тәжірбиенің мазмұны жаңа

ойлармен қамтылмаған, яғни әлеуметтанушылар, педагогика еңбегінің шеберлері мен психологтардың ұсыныстарының жоқ болуы.



Диагностикалық тәжірибенің нәтижелері білім беру ұйымының бас басқарушысы және оның орынбасарларымен мақұлданылады.


Білім беру басқарушылары диагностикалық тәжірибенің жүргізуіне рұқсат бергенмен де, оның нәтижелерін нақты тексеруден өткізбеген.

Диагностикалық тәжірибенің нәтижелері эксперименталдық контингенттерін қызықтырып оның, әрі қарай дамуына үлесін қосып, соған қатысты теріс жақтарын айқындап жою жөнінде әртүрлі әдістемелер мен тәсілдер бойынша жұмыс жүргізу.

Берілген тәжірибе зерттелінушілердің ешқандай қызығушылықтарын айтпай, оның нәтижелері ойда сақталынбай, қайта жүргізу іс-әрекеттеріне түрткі тудырмауы.

Біздің ойымызша, берілген кесте экспериментаторға өзінің диагностикалау әрекеттері кезінде жіберілген қателіктерін уақытында аңғарып, осы кестенің нәтижелілік критерийлеріне сүйене отырып, оны жөндеуге мүмкіндік береді.


Тұжырым
Экспериментатордың ізденіс жұмыстарында психодиагностиканың методологиялық негіздері басты роль атқарады, өйткені зерттелуші контингенттің әрбір мүшесі туралы көптеген нақты мәліметтерді алуға және ұжым картасын құрастыруға болады.

Бұндай жағдайларға сүйене отырып екінші бір қалыптастырушы іс- әрекет бағытына өтуге болады. Түзету жұмыстарын орындағанда ұжыммен және жеке тұлғаның әлеуметтік бағалы потенциалдарын дамыту мен қалыптастыруды ұйымдастыруға болады.



Тапсырмалар
1- тапсырма. Білім беру мекемелерінің басшыларымен келісе отырып, зерттелетін жас өспірімдер контингентін және әңгімелесу барысында олардың өздері туралы не білгілері қажет екенін анықтау керек. Ақпаратты жазып алып, зерттеп танып, оның негізінде психодиагностиканың жоспарын дайындау керек және оған сәйкес:

- психодиагностикалық әдістемелер арасынан, жас өспірімдердің және өзіңіздің жеке сұранымдарыңызды қанағаттандыратын валидті және сенімділерін таңдап алыңыз;

- ұстанымдық мақсаттарыңызды құрастырыңыз және бірнеше ұқсас тестердің, тест-сауалнамалардың, анкеталардың арасынан нақты сапаны немесе сапалар кешенін анықтайтын әдістерді таңдап алыңыз;

- қажет болған жағдайда (психолого-педагогикалық әдебиеттерден әдістемелерді таба алмасаңыз), тәжірибелі зерттеушінің тестілеріне, тестер топтамасына сүйене отырып, өзіңіздің нұсқалық (оригинальный) әдістемеңізді жасаңыз.

- Психодиагностикалық экспериментті жүзеге асыру (бір айға, аптаға, күнге) жоспарын дайындаңыз.

Орындалған тапсырманы семинарлық (практикалық) сабақта қорғаңыз, жолдастарыңыздың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, жаңартып, пән оқытушысына тапсырыңыз.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет