Психологияның теориялық-методологиялық негіздері



бет7/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1- сабақ. Психология пәні. Психологиялық қасиеттер, үрдістер, жағдайлар.

Сабақтың түрі: ғылыми-танымал әңгіме.

Үй тапсырмасы: тыныш жағдайда өзіңіздің психологиялық өмір сүруіңіздің мазмұнын анықтап, келесі кестені толтырыңыз.

Кестені толтыру барысында түрлі авторлар ұсынған теорияның мазмұнымен танысып алыңыз (ұсынылған әдебиеттердің тізімін қараңыз).


Кесте 7- Менің психологиялық өмір дағдымның жақындық сатысы





Өте айқын көрінеді

Айқын көрінеді

Орташа көрінеді

Әлсіз байқала

ды


Менің психологиялық қасиетім

1.

2.



3. т.б.

Менің психологиялық қасиетім


1.

2.



3. т.б.

Менің психологиялық қасиетім

1.

2.

3. т.б.















Әдебиет
1 Немов Р.С. Психология Кн. 1 – М. : ВЛАДОС, 1998. – Б. 5 – 12.

2 Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов н/Д. : Феникс, 200. – Б. 7–45.

3 Столяренко Л.Д. Психология. – СПб. : Питер, 2005. –Б. 5–14.

4 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб. : Питер, 2002. – С. 10–17.


2- сабақ. Жоғарғы жүйке әрекеті. Темперамент. Мінез-құлық. Мінез-құлық акцентуациясы:

1) Толтырылған кестені талқылау. Пікір алмасу. Психолог – «оқытушы» кеңестер мен ұсыныстарды талқылау;

2) Темперамент туралы ілім. Мінез-құлық деген не? Акцентуация қалай қалыптасады? Оларды психикалық жағдайлар мен ахуалдардан толық немесе жартылай ығыстыруға бола ма?

Сабақ өткізу түрі: пікірталас элементтерімен ғылыми-танымал әңгіме.

Практикалық бөлімі: Психологиялық бөлменің кеңес мүшелерінің ЖЖӘ-нің типін анықтау. Нәтижелерін талқылау. Адамның өзінің мінез-құлқын дамытудағы, одан акцентуациялық белгілерді ығыстыру мүмкіншіліктері.

Үйге тапсырма: валидті және сенімді әдістемелерді қолдана отырып, өз мінезіңізде акцентуалдық белгілердің барын немесе жоғын анықтауға тырысыңыз.



Әдебиет

1 Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. – Ростов н/Д. : Феникс, 2000. – С. 229 –234.

2 Рогов Е.И. – М. : ВЛАДОС, 2004. – кн.1. – с. 297–304.

Немов Р.С. Практическая психология. – М. : ВЛАДОС, 1997. – Б. 78–122.


3- сабақ. Адамның когнитивтік қабілеттері:

1) Орындалған үй жұмысын талқылау;

2) «Өзіңіздің психикалық жағдайлар мен ахуалдарыңыздан акцентуалдық белгілерді қалай ығыстыруға болады?» деген тақырыпта әңгіме өткізу;

3) Адамның когнитивтік қабілеттері. Қабылдаудың, зейіннің, есте сақтаудың әлеуметтік ролі.

Үйге тапсырма: Хронометражды картаны қолдана отырып, өзіңіздің қбылдау, зейін, есте сақтаудың даму деңгейін анықтаңыз.
Әдебиет

1 Практическая психология в тестах или Как научиться понимать себя других. – М. : АСТ – ПРЕСС, 1998. – Б. 12 – 93.

2 Психологические тесты В 2 т. / под ред. А.А. Карелина. – М. :

ВЛАДОС, 2003. – Т. 2. – Б. 229 – 238.


Осындай жоспарларға сәйкес «Ойлау. Қиял. Интеллект», «Қарым-қатынас», «Тұлғаның ерік касиеттері» сияқты көкейкістілігі жоғары тақырыптарына сабақтар өткізіледі. Кейін психологиялық білім жоспарлы өзін-өзі білімін арттыруына айналып, психологиялық кабинеттің кеңесінің мүшелері жеке даралық қатынас жүйесінде психологтан түрлі сұрақтар бойынша кеңестер алады.

Психологиялық кеңес берудің әдістемесінде ең көкейтістті мәселесі ол оқушылардың ата-аналарына және әжелері мен аталарына кеңес беру болып саналады. Әжелері мен аталары болса, яғни үлкен жастағы адамдарда тұрақталған ескі стереотиптер қалыптасып, оларға немерелермен қарым-қатынас жасаудың инновационды әдістемелерін, онымен бірге балаларға ойлаудың одан әрі даму мен қалыптасудың жаңа тұрғыларын ұсыну жеңіл емес.

Қазіргі кезде баспада басылып жатқан теориялар мен парадигмалар ғылыми негізінде көптеген кепілдемелер мен кеңестерге толы болса да, тәжірибеде толымды жүзеге асыра алмайды да, авторлардың үміттерін ақтамай, тәжірибелі психолдогтарда ұзақ уақыт алады.

Негізінен кеңес берудің ескі формалары қолданылады:

- Ата-аналар жиналысына келген сынып жетекшілері мен ата-аналарына кеңес беру;

- Мектепке шақырып келген ата-аналарға түрлі пәндерден сабақ беретін мұғалімдердің жасаған кеңес беруі;

- Психологтың өзі ата- аналарға беретін сирек кеңес берудер және т.с.

Осындай жағдайда ата-аналардың психодиагностикасы және кеңес беру жүйесіндегі олардың психикалық өмір сүру әрекетінің ерекшеліктері мен тәрбие процесін дамытудағы ата-аналар мен мектеп мұғалімдері арасындағы өзара қарым-қатынас дамуының ерекшеліктері де ескерілмейді. Визуалды бағалау, яғни тұратын үйлеріне барып, оларды көру тиімді болмайды, өйткені бөлек көрсеткіштер нақты бағасын бере алмайды. Сондықтан да ата-аналар мен жанұядағы үлкен жастағы мүшелеріне психолог-педагогикалық кеңес берудің жаңа парадигмасын құрастыру – бұл тек білім мекемесінің көкейкесті мұқтаждығы ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Біз ұсынып жатқан парадигмада ұйымдастырушылық қиындықтарды, бөлек материалды шығындарды қарастырдық сол шартымен, егер олар болашақта жас ұрпақты өмірге дайындауға қабілеті, жоғары көрсеткішті квалификациялы категориясы бар психологтар, педагогтар және басшылықтың қызыққан әрекеті арқылы ұтымды болса.

Жаңа парадигма келесі бағдарлама бойынша құрастырылады:

1) Мұғалімдердің оқушылардың үйлеріне баруы, сынып және жалпы мектеп ата-аналар жиналыстары мен психолого-педагогикалық кеңес берудің барлық ескі, дәстүрлі түрлері мен формалары енді өткізілмей, өздерінің бар болуынан айырылады. Өйткені ата-аналары педагогика мен психологияның негізін білмей, өткізілген жиналыстарда мұғалімдердің берген кеңестерін не қабылдамайды, не керісінше, дұрыс түсіне алмай, механикалық түрде әрекет етіп, өздерінің балаларының тұлға ретінде дамуына ешқандай пайдасын әкелмейді.

Жоғарыда айтылып өткен әдістердің орнына ата-аналарды психолого- педагогикалық оқыту енгізіледі және 11 (12) жылдық оқу мерзіміне созылған ата-аналар университеті ұйымдастырылады. Мұнда ата-ана баласы бірінші сыныпқа барған кезден бастап өзі университеттің бірінші курсына түседі. Бірақ үлкен жастағы ата-аналар өз еркі бойынша баратын болуы керек. Бірінші сыныптағы оқушы жазу, сызу, кітапты оқу, математикадан санауды үйренудің негіздерін алса, бірінші курстағы ата-аналар өз баласына оқу жағынан қалай көмектесуге болады, ғылыми негізінде онда ес, зейін және т.б. танымдық үрдістерді қалай дамытуға болатыны туралы ақпарат алады. Егер де алдында қиыншылықтарға тап болса, онда психолог-кеңес берушімен (университетінің бірінші курсты оқытатын маманы) ақылдасады;

2) Психолого-педагогикалық білімдер университетін ұйымдастыру (еркі негізінде кадрларды таңдау, айда 1-2 рет сабақ кестесін құрастыру, аудиторияларды анықтау, ғылыми дәрежесі мен атағы бар ақылы мамандардың іс-әрекеттерін бақылау және тағы басқа ұйымдастырушылық әрекеттер) – бұл оқу ісі меңгерушілердің жұмысы, ал бірінші басшысы университеттің бүкіл жұмысына араласып, оған жалпы бақылау жасап, спонсорлармен пәндік байланысты ұйымдастырады;

3) Университеттегі мамандар қолданған оқыту әрекетінің әдістері, формалары мен түрлері өздерінің мазмұнына келесілерді кіргізеді: бірінші курста оқитын ата-аналар ең алдымен балаларды психодиагностикалау мен оларға психотүзету жасау туралы білімдер алады; Р.С.Немовтың бұл бағытта берген кепілдемелер мен кеңестер өте пайдалы болады. Олар әр ата-анасына түсінікті болады, ал мұғалім-психологтың интерпретациясы одан да барлық ата-аналарына түсінікті болады.

Ата-аналар психодиагностика, өз баласының зейінін дамыту және коррекциялау, оны дұрыс бөлу, қайта қосу мәселелері туралы білімді игеріп, оны баланың тұрақты жеке тұлғалық сапасына айналдыру үшін қолдана білуі қажет, сонымен қатар, балаларда естің түрлерін, ойлауды, қиялды және т.б. дамыту мәселелерін игереді.

Екінші – төртінші курстарда ата-аналар білімнің мемлекет стандарттарымен, жұмыс бағдарламалар мен жоспарлармен танысады, өсіп жатқан баласына әдістемелік көмектің ерекшеліктерін меңгереді, балалардың жан-жақты дамуы мен балалармен жеке даралық жұмыс жасау, яғни жоғарғы жүйке әрекет түрлері (темпераментттер) туралы толымды білім алады. Мұғалімдермен келісіп, балалардың сабақтарына, сыныптан тыс сабақтарына келе алады; маманның дидактикалық әрекеттердің ерекшеліктерін енді инновациондық санамен қабылдап, талдай алады; балаға көмекті жайдан жай емес, ал бастауыш сынып оқушыларының білім тәжірибесінде ғылыми негізінде тексерілген әдістер арқылы көмек көрсетуге болады.

Университеттің бесінші – тоғызыншы курстарда ата-аналар мен үлкен жастағы жанұя мүшелерінде психолого-педагогикалық ойлаудың кеңдігі, тереңдігі мен дамуы байқалады. Әсіресе, үлкен жастағы жанұя мүшелері өздері жас өспірім болған кездегі өз мінез – құлқын ұмытады. Бұл уақытта мұғалімдер мен психологтың әрекеттері мен жұмысы қиынға соғады. Өйткені ұл балаларда да, қыз балаларда да және флегматиктерде де психикалық үрдістер мен қалпылар күрделене түседі.

Университеттің сабақтарында, ғылыми білімдерді меңгеру үрдісінде, педагогикалық және ата-аналар тәжірибесін алу үрдісінде, түрлі тапсырмалар орындалу кезінде, үй тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалары, іскерлік және рөлдік ойындар үрдісінде, топтық тренингтік сабақтарында ата-аналардың психолого-педагогикалық интеллектісі дамып, кейін олар нағыз «мұғалімдер», кейбіреулері психолого-педагогикалық еңбектің іскері және мектеп психологының белсенді көмекшілері, психолог-педагогикалық ойлардың тартушылары болуға тырысады. Сонымен бірге 10, кейін университеттің 11(12) курстарына өтуге дайын болады. Сол кезде олардың балалары да 10 - 11 (12) сыныптарына өсіп, жетіп барады.

Оныншы – он бірінші (он екінші) курстарда көптеген ата-аналар өздерінің балаларына тілдер, математика және тағы басқа пәндер бойынша көмек көрсете алмаған кезде, олар психолого-педагогикалық ұйымдастырушылық білімдермен, дағдылармен, бір-бірімен, білімнің түрлі мекемелеріндегі (ЖОО, колледждер, лицейлер) мұғалім-мамандармен, мамандар-зейнеткерлермен, материалды және рухани құндылықтар өндірістерінің іскерлерімен дұрыс қарым-қатынас жасау тәжірибесін меңгереді.

Бұл жылдарда психолог басқарып жүрген мұғалімдердің назарын келесі үш факторларға аудару қажет:

Мамандықты таңдауға бағытталған теориялар мен парадигмалардың ата-аналарының санасына өтуі, оны қабылдау, бала таңдаған мамандықтың мазмұнын ұғыну, ұл баламен де, қыз баламен де арнайы ғылыми психолого-педагогикалық әдебиетің таңдау, оны түсіну, оған анализ жасау, мамандықты таңдауға бағытталған мақалаларға көңіл аудару, ата-аналар мен өсіп жеткен балалардың бірге іскерлік ойындарға (вакантты орынға сайыс өту, көкейкесті парадигманың қалыптасуына ой талқылау, «конфликтті шеше алу» және т.б.), пәндік дискуссияларға, мамандықтарды қорғауда және т.б. жерлерде белсене қатысу.

Ұл немесе қыз баланың өзін-өзі диагностикалау, кейін онымен бірге алынған нәтижелерін талдау, мамандық көзқарастар мен шыққан қорытындыларын салыстыру, керек жағдайда психолог-кеңесшіге бару.

Ата-аналардың балаларының Мен-концепциясын жұмсақ түрде бақылап жүруі кезіндегі ұлдар мен қыздардың дамуы; өзін-өзі тәрбиелеу, шығармашылық өзіндік даму, өзіндік басқару, өзіндік білім алу үрдісі арқылы жоспарлы өзін-өзі толымды жүзеге асыру жүйесін құрастыру.

Біздің ойымызша, бұл фактордың әрекеттері кадрлардың тұрақтауына әкеліп, олардың ауыспалығын минимумға дейін төмендетеді; Ата-аналар мен балаларда жағымды өмірін жасайды, өйткені әлі де болса қызықты және сүйген жұмысты ауыстыратын ешқандай құндылықтар жоқ.

11 (12) курстарды бітірген ата-аналар емтихан тапсырады. Ең үздік тапсырғандар «Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагог» атағына ие болып, арнайы сертификат алады. Осындай педагогтардың ұжымы - әр білім мекемесінің «алтын қоры» болып саналады.

Қазіргі уақытта біз университеттің келесі құрылымын ұсынамыз:

Бірінші сыныпта оқитын оқушылардың ата- аналары университеттің бірінші курстың тыңдаушылары болады. Бұл фундаменталды құрылым болады.

Екінші құрылым бұл жас өспірім балаларының ата-аналарына арналған практикум болса, үшінші құрылым ретінде мектеп түлектерінің ата-аналарына арналған практикум болып табылады.

Біз ұсынып жатқан парадигманы іс жүзіне асыру кезінде екінші және үшінші құрылымдар жойылып, жоғарыда аталып өткен құрылымымен ауыстыратын болады.

Психологиялық әдіснаманың маңызды сұрақтарының және мәселелерінің бірі психологиялық кеңес берудің тиімді критерийлерін анықтау мәселесі болып саналады.

Білім мекемесінде қолданылатын мониторинг жүйесі біздің көзқарасымыз бойынша жағымсыз жақтарға толы:

- ол өте үлкен, өзінің ішіне тексерушілер іс жүзіне асырылмайтын көптеген пунктарды кіргізеді;

- психолог әрекетінің критерийлері жалпылаған, сондай жалпылаған нұсқаулармен және «жоғарғы деңгей», «тиімді іс-әрекет» т.с. сияқты дәлелденбеген сентенцияларымен сипатталады, басқа сөзбен айтқанда бұлардың бәрін әлі анықтау қажет;

- критерийлердің ішіне психологтың керек емес іс-қағаздары кіргізілген.

Павлодар қаласының мектептерін визуалды түрде зерттеген кезде келесі жағымсыз факторларды анықталды: көптеген ата-аналар, оқушылар мен жас өспірімдер өз мектебіндегі психологтың аты-жөнін де білмейді. Мектепте психологтың кабинеті бар ма екендігін де біле қоймас.

Біз ұйымдастырушылық мекемедегі психолог жұмысындағы жағымды және жағымсыз критерийлерін анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс және валидтылығы жоғары әдістемесін арнайы аттестациялық коммиссиясына немесе инспекторлы топ адамдарына ұсынамыз. Ол жоғары сынып оқушылары, ата-аналары, мектеп мұғалімдерінің психологтың жұмысы жөнінде айтылған пікірлері мен берген бағаларын қосып, ортақ жалпы бағасын беруде анықталады. Төменде біз үш анкетаны көрсеттік. Олардың әрбіреуі ұйымның бірінші басшысымен түзетіледі, талданады, кейін егер басшы оны қаласа, онда ресми түрде ол әдістеме ретінде қарастырылады.

Анкетаның екі маңызды белгісі бар: біріншіден, психолог жұмысының шын критерийлерін анықтауға көмектеседі; екіншіден, мектеп басшысының, оқу ісі меңгерушілерінің, мұғалімдерінің және психологтың өзінің әрекеттерін дамытатын ең негізгі түрткі болатын факторы ретінде байқалады. Мұнда психологтың кеңес беруі жоғары сапалы болып, әдістемелер мен құралдармен толық жабдықталған болады, өйткені анкета оқу жылының басында дайындалады.



1 –ші анкета. Құрметті коллега! Сізден мектеп психологының қызметін объективті бағалауыңызды өтінеміз, себебі, ол мектеп администрациясына мектептегі оқыту жүйесінің маңызды звеносы болып саналатын психологиялық жұмыстарды жетілдіруге әсерін тигізеді. Қалаған санның және сәйкес графаның тұсына тек бір ғана плюс белгісін қойыңыз.

Рахмет айтамыз. Аттестациялық комиссия.

Кесте 8 Аттестациялық комиссия

Мектеп психологының іс-әрекеттерінің түрлері


Менің кәсіби квалификацияма маңызды әсерін тигізеді


Әсері бар, бірақ шамалы ғана


Ешқан- дай әсері жоқ

8 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Өзекті психолого-педагогтік мәселелер бойынша мектеп психологы дайындаған психолого-педагогтік консилиум өткізу










Менің психолого-педагогтік қабілетімнің деңгейін анықтау үшін конфиденциалды жағдайда жүргізілетін дербес тестілеу.










Менің сабақтарыма, сыныптан тыс жұмыстарыма қатынасу және психолого-педагогтік талдау.










«Қиын» балалармен, аддитивті, девиантты,сонымен қатар, әртүрлі акцентуациялары бар балалармен өткізетін менің дербес жұмыстарыма консультация беру.










Инновациялық дидактикалық технологиялар.










Психолог енгізген балалардың шығармашылық ойлауын дамытудың инновациялық технологиялары .










Балаларда тиімді сипаттағы өнегелі-еріктік

қасиеттерді қалыптастыру және дамытудың инновациялық технологиялары.












Менің тәрбиеленушілерімнің ата-аналарымен өзара тиімді әрекеттестіктер мәселелері туралы консультациялар.










Ашық басылымдарда шығару үшін ғылыми статьялар дайындауда консультация беру.










Сабақтарда және сабақтан тыс өткізілетін дидактикалық ойындарды дайындауда және өткізуде консультация беру.










Психология кабинеттерінде психологиялық тренингтер өткізу










Менің мінезімді жоғары сатыға көтеруге бағытталған аутотренингтерді дайындауда және жетілдіруде консультация беру.










Менде және менің тәрбиеленушілерімде мінездің акцентуалданған жақтарын ығыстыру мақсатында берілетін нұсқаулар.









Толық емес жанұялардан шыққан балалармен жүргізілетін жұмыстар бойынша консультация беру.












Өзіңіздің психологыңыздың басқа да іс-әрекеттерін қосыңыз.

Анкетаға қол қоймай-ақ қоюға болады.


2-ші анкета. Құрметті біздің мектептің түлегі! Көрсетілетін психологиялық қызметті жетілдіру мақсатымен, мектеп психологының әртүрлі әрекеттерінің сапалық деңгейін объективті бағалауыңызды өтінеміз. Қалаған санның және сәйкес графаның тұсына тек бір ғана плюс белгісін қойыңыз.

Кесте 9 –Аттестациялық комиссия




Мектеп психологының қызметтерінің негізгі түрлері мен бағыттары.


Психолог менің мамандық таңдауыма және ЖОО-ға түсуіме, өз-өзімді жоспарлы тәрбиелеу жүйесін дамытуыма көмектесті.

Менің қалыптасуыма психолог қызметінің бұл түрінің әсері жеткіліксіз болды.


Менің қалыптасуыма психолог қызметінің бұл түрінің әсері болған жоқ.


Мектеп түлегінің ішкі әлемінің психодиагностикасы










Кәсіби ниеттердің

психокоррекциясы












Жеке тұлғалық негативтік қасиеттерді ығыстырып, жақсы жағын дамыту

мәселелері бойынша консультация.












Өзін-өзі шығармашылық дамыту, өз бетімен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу жүйесіндегі жоспарлы өзін-өзі актуалдандыру мәселелерінде консультация беру.










Өзекті проблемалар бойынша психологиялық практикумдарды ұйымдастыру және өткізу.










Креативтікті дамыту мақсатымен іскерлік ойындар, ми штурмдары, рөлдік ойындарды ұйымдастыру және өткізу.










«Таңдап алған мамандықты қорғау» іскерлік ойынын ұйымдастыру.










«Өзін-өзі кәсіби анықтау кезінде нерв жүйесінің негізгі қаситеттерін ескеру» тақырыбы бойынша дербес консульация жүргізу.










Жанұя мүшелерімен,

педагогтармен, құрдастарымен және басқа да адамдармен әрекеттестік және тиімді қарым-қатынаста болу проблемалары туралы дербес консультациялар беру.












Сырластық, ашыналық проблемалары туралы дербес консультация беру.










Анықталған табиғи қабілеттерді дамыту туралы дербес консультация беру.










Қажет болған жағдайда, психологтың басқа да іс-әрекеттерін қосуға болады.

Анкетаға аты-жөнін жазбауға да болады.



3 –ші анкета. Құрметті ата-ана! Сізден мектеп психологының жұмысын адал бағалауыңызды өтінеміз. Сіздің бағаңыз мектептегі психологиялық қызмет көрсетуді жақсартады және Сізге, Сіздің балаңызға нәтижелі психологиялық көмек көрсетуге әсерін тигізеді. . Қалаған санның және сәйкес графаның тұсына тек бір ғана плюс белгісін қойыңыз.
Кесте 10 Аттестациялық комиссия


Психолог жұмысының негізгі түрлері мен бағыттары


Психологтың бұл жұмысы маған өмекткесті және өз аламның дамуының және білімінің жақсы нәтижелерін көріп жүрмін

Психология және педагогика мәселелерін аздап түсіне бастадым


Психолог ешқандай әсерін тигізген жоқ


10 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Ата-ананың жекетұлғалығын психодиагностикалау және оның нәтижесі бойынша психокоррекциялық консультация беру.










Жанұяға (ата-анасы, семьяның ересек мүшелері, балалар) психологиялық консультация беру










Үрейлі балалардың ата-аналарына және ол балаларға психологиялық көмек көрсету











Балаларда танымдылық процесстері мен қажеттіліктердің даму мәселелері бойынша психологиялық консультация беру.










Өзекті психолого-педагогтік тақырыптарға консультация тәріздес сабақтар өткізу










Есте сақтау, зейін, ойлауды дамытудың күрделі емес, бірақ эффективті әдістерін үйрету










Психологтың менімен психологиялық жеңілдету комнатасында жүргізген жұмысы









Психолог жүргізген психологиялық тренингтер












Маған мінез-құлығымды өзім реттеу проблемалары бойынша аутотренингтардың текстісін дайындауды үйрету.










Жеке тұлғалық негативтік қасиеттерді ығыстырып, жақсы жағын дамыту мәселелері бойынша консультация









Кесте 11 Анкетада аты-жөніңізді көрсетпеуге болады




































































































































































































































Анкетаны тұжырымдау және қорытындыларын интерпретациялау :паботу психологической службы, безусловно, важного звена в системе школьного образования.совершенстовать льтирования, его метод

1) берілген үш анкетаның үшінші графаларындағы әрбір плюс бір балл алады, төртінше графадағы плюс – 0,5 балл, бесінші графадағы плюс - 0 балл алады;

2) бірінші анкета бойынша интерпретация былай жүргізіледі 50 % және одан жоғары балл - психологтың пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен тығыз байланысы бар. Олар психологпен өздерінің қиындықтарымен бөлісіп отырады, консультативтік сабақтарына үзбей қатысады, оларда ғылыми психолого-педагогтік білімдердің қажеттілігі және оны шығармашылықпен жүзеге асыру белсенді қалыптасады.

20 - 40 % балл – психологтың педагог ұжымына жеткілікті әсері болса да, әлі олардың көбіне ғылыми психолого-пелагогтік негізде жұмыс жасау - ол өзіңнің жеке дара психологиялық денсаулығыңды сақтауыңа, керегі жоқ іс-әрекеттерден айырылуыңа, сол керек нәтижені 2 - 3 рет аз уақытта алуға болатынына сендіре алмай келеді;

5-19 % балл - психолог бұл баллды көбінесе төртінші графадағы плюстер есебінен алады. Педагогтар ұжымында авторитеті жоқ және оған демалыс кездерінде өзінің квалификациясын интенсивті жоғарылату керек немесе жұмыстан кету керек. Екінші анкетаның көрсеткіштері төмен болған жағдайда соңғы шешімге келген жөн.

Екінші анкетаны өңдеу және қорытындысын интерпретациялау былай жүргізіледі:

80 % және одан жоғары балл алған психолог – педагогикалық еңбектің шебері, түлектердің арасындағы авторитеті берік және жоғары. Іс-әрекеті шығармашылық негізде дамиды, еңбегі оның категориясын көтеруге, қызметте өсуіне әбден лайықты.

40 - 79 % балл болса - бұл жақсы көрсеткіш, әсіресе еңбек жолын жаңа бастаған маманға. Шығармашылық потенциалы жеткілікті толық дамыған. Дегенмен, психологқа өзінің кәсіби мамандығының деңгейін үзбей көтеріп, мектептің жоғарғы сыныптарында өз жұмысының технологиясын жетілдіріп отыруы керек.

20 - 39 % балл психологтың интеллектуалды деңгейінің төмендігін, кәсіби дағдылар мен шеберліктердің жетіспеуін, мектеп түлектерімен өзара әрекеттестіктердің қиын екенін, тәрбиеленушілердің арасында авторитетінің төмендігін көрсетеді.

Оны шарт қоюмен ғана аттестациядан өткізуге болады, себебі, әлеуметтік-мемлекеттік мүдделер мен қажеттіліктер бірінші кезекте тұрады, мектеп түлектерінің де мүдделері сондай.

Үшінші анкетаның өңдеуін біздің кеңестерімізге сүйене отырып, жасауға болады:

- 40 балл және одан жоғары - ата-аналар мен жанұяның ересек мүшелерінің арасында психологтың әлеуметтік статусының жеткілікті жоғары екенін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш психологтың категориясының және қызмет жолында жоғарылауының негізі болып саналады. Басқа көрсеткіштер тек екінші анкетаның көрсеткіштері төмен болғанда ғана есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет