Психотерапия технологиялары



бет32/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

ОТБАСЫЛЫҚ МИФТЕР (О. М.). Феррейрамен (Ferreira A.J., 1966) ұсынылған термин, әрекетсіз отбасыларда бірлікті қолдауға қолданылатын белгілі қорғаныс механизмдерін білдіреді. «Илану», «пікір», «отбасылық кредо», « рөльдік экспектациялар», «келісілген қорғаныс», «отбасы бейнесі немесе «Біз» бейнесі», «аңғырт отбасылық психология» және т.б. ұғымдары О. М. синонимдері болып табылады (Эйдемиллер Э. ГИПНОТЕРАПИЯ, Юстицкис В., 1999).
О. М. клиникалық және сарапамалық-психологиялық әдістермен қорғаныс механизмдерінің психоаналитикалық түсінігі, рөльдік өзара әрекеттесу теориясы, когнитивтік психология және когнитивтік-мінез-құлық психотерапия шегінде зерттеледі. Т. М. Мишина (1983) бір бүтін интеграцияланған – отбасылық өзіндік сана-сезім деп танытқан «отбасы бейнесі немесе «Біз» бейнесі» ұғымын алғаш рет енгізген. Отбасылық өзіндік сана-сезімнің аса маңызды қызметтерінің бірі отбасы мінез-құлқының үтін реттелуі, отбасының жеке мүшелерінің бағдарлар келісімі болып табылады. «Біз» теңбе-тең бейнесі отбасы өмірінің стилін, нақтырақ, ерлі-зайыптылардың қатынастары, жеке және топтық мінез-құлықтың сипаты мен ережелерін белгілейді. «Біз» теңбе-тең емес бейнесі – әр отбасы мүшесіне және жалпы отбасыға бақыланатын бұқаралық бейне – О. М. жасайтын әрекетсіз отбасылардағы өзара қарым-қатынастар сипаты туралы келісілген таңдамалы түсініктер. Осындай мифтің мақсаты — отбасы мүшелеріндегі бар қанағатсыз қажеттіліктер мен кикілжіңдерді камуфляждау және бірін-бірі туралы идеалданған түсініктер туралы келісу. Үйлесімді отбасыларға «Біз» келісілген бейнесі тиесілі, әрекетсіз жанұялрға – О. М.
Көптеген авторлар О. М. отбасы мүшелері арасындағы белгілі танылмаған өзара келісім деп түсіндіреді, оның қызметі жалпы отбасы және оның мүшелері туралы қабыл алынбаған бейнелерді (ұғымдар) сезінуге кедергі болу. «Бетсалым», «қабыл алмау», «ыдырау» тәрізді мифтер, «аңғырт отбасылық психологияда» сипатталған О. М. белгілі мазмұны бар, заманауи Ресейдегі әрекетсіз отбасыларында жиі кездесетін кейбір когнитивтік таңдамалы сценарийлер жіктеледі (Мишина Т. М., 1983; Эйдемиллер Э. ГИПНОТЕРАПИЯ, 1994). Психологиялық қорғаныс механизмі – «ыдырау» 2 түрде болады.
Біріншісі жұбайлар ұқсас жеке проблемалары болған жағдайда кездеседі. Мұнда «қабыл алмаған жақтар» жұбайлардың әрқайсысы туралы түсініктер олармен отбасыдан тыс көрсетіледі және ынтымақтас түрде екі жұбаймен де қабылданбайды. Мысалы, жұбайлар өздерінің жеңсіктік қажеттіліктеріне байланысты ығыстырылатын жеңсіктік түрткілермен «біз таза, идеалды адамдар» мифін жасауға, ал басқа адамдарды лас, көргенсіз санап, бұл бағалауды жалпы қоғамның моральдық тірегіне таратуға бейім.
Ыдыраудың екінші формасында жұбайдың бірі екнішісінде онымен жеке тұлғаның тұншыққан аспектілерінің символы ретінде санасыз қабылданатын тұлға қасиеттерін іздеген жағдаятты айтуға болады. Өзара тыйым салу келісімінің мәні серіктестің әрқайсысы өзінің жұбайында санасыз түрде өзінде мойындамайтын қасиеттердің айқындалуын қолдайтыны болып табылады. Үйлесімді келісімнің орнына, нақтырақ, жеңсіктік жарамдылық мәселелері бойынша серіктестің бірінде басқасын өзі іске асыруға қорқатын мінез-құлық формаларына ынталандыруға талпыну сезімі пайда болады. Бұл жағдайда өзінің жеңсіктік қажеттіліктерін қанағаттану жолдарын іздеумен бірге сенімсіздік, қорқыныш пен кінә күйзелісі болады.
Отбасы мүшелерімен қабылданатын когнитивтік аспектілер, отбасы қызметі туралы отбасы бірлігі ұсталып тұратын когнитивтік отбасы сценарийлері негізделетін келісілген түсініктердің пайда болуы когнитивтік психология және когнитивтік-мінез-құлық психотерапия шегінде қарастырылады (Ellis A., 1977, 1981, және т.б.). Когнитивтік отбасы жағдаяттары белгілі отбасы контекстіндегі тұлғалардың жеткілікті ұзақ тіршілік ететін, динамикалық және интерференцияға резистенттік қызметінде немесе әрекетіндегі үлгісі болып табылады. Ол бар элементтердің дифференциациясы мен интеграциясы арқасында дамиды (қондырғы, өкім және пікір, эмоциональдық-мінез-құлық реакциялар және т.б.) және екі жеке тұлға, тұлғаның өзара ауысып отыратын әрекеттесу сипатында және отбасы мен ортаның талаптарында қажеттілік бойынша актуалдануы мүмкін.
Э. ГИПНОТЕРАПИЯ Эйдемиллер (1995) бойынша әрекетсіз отбасылардағы неғұрлым жиі келесі О. М.болады:
«Біз сондай керемет жанұямыз, бірақ басқалары оны ұқпайды», «Оның оңбағандығы соншалық (өз баласы туралы), біздің қамқорлығымызға тұрмайды», «Ол өте сезімтал (бала, отбасының сырқат мүшесі) және ерекше қарым-қатынасты талап етеді; біз сол үшін өмір сүреміз». Айналадағыларға (мұғалім, таныс, психотерапевт) ұсынылатын ұқсас О. М. отбасы рөльдерінің белгілі құрылымын белгілейді: «кумирі бар отбасы», «сырқат мүшесі бар отбасы», «қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» және т.б.
Осы мифтер негізінде белгілі түрде отбасы мүшелерін біріктіретін танылмайтын эмоциялар жатыр: күнә, эмоциональдық шеттету, белгілі отбасылық рөльде қатысуға жауапкершіліктен қорқу. «Біз» бара-бар бейнесі отбасылық контекстінің динамиклық жүйесінде мүшелер (элементтер) мінез-құлықының бүтін реттелуіне ықпалын тигізеді, ал теңбе-тең емес жанұядағы әрекетсіз қатынастарды ұстап тұратын септігін тигізетін О. М. формасын қабылдайды, оның нәтиесінде мүшелерінің өсу мен өзгерістегі, өзін-өзі жігерлендіру және кооперацияға деген қажеттілік қанағатсыз болады, ал жанұя үлкен жүйе – қоғамдағы өзгерістерді көп есепке алмай жалпы өзінің бұрыңғы тәжірибесін ебедейсіз жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет