Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



бет5/22
Дата15.04.2023
өлшемі318.13 Kb.
#472283
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Сөз тіркестері. Сөз тіркестері немесе тіркестер (string – строка) дегеніміз – бірбірімен жалғасқан символдар тізбегі. Көбінесе олар сөздер жиынынан тұрады. Мұндағы Unicode стандарты бойынша жазылатын тіркестер кез келген тілдегі (қытай, араб, жапон, т.б.) сөздер мен сөйлемдерді таңбалауға мүмкіндік береді.
Ескерту: Python 3 программасында ASCII кодындағы таңбалар жоқ, өйткені ASCII таңбалары Unicode құрамына енгізілен. Егер ASCII кодындағы сөзді жазу керек болатын болса, str.encode("ascii") командасын қолдану керек. Жалпы мұнда келісім бойынша символдардың бәрі де Unicode арқылы беріледі.
Тіркестер (қысқаша str) кез келген мәтіндік ақпаратты жазу үшін қажет. Олар бір-біріне жалғасқан символдар тізбегі болып келеді. Python программалау тіліндегі тіркестердің барлығы да Unicode арқылы кодталған символдар болып табылады. Тіркестерге қолданылған операциялардың ешқайсысы да бастапқы берілген тіркесті өзгертпеуі тиіс. Тіркестер қостырнақша немесе жалқы тырнақшамен (апостроф) қоршалып жазылады ("тіркескен символдар" немесе 'символдар тіркестері'). Тіркестерді өңдейтін операциялар нәтижесінде жаңа тіркестер пайда болады, бірақ бастапқы берілген тіркестер тұрақты түрде сақталуы тиіс, тіркес құрылған соң, оны өзгертуге болмайды. Егер оларды өңдеп өзгертетін болсақ, басқа атпен сақтау қажет.
Тіркестерді тырнақшалармен қоршап жазу кезінде олардың ішіндегі бос орындар мен табуляция белгілері де бір символ болып саналады. Қос тырнақшалар мен жалқы тырнақшалар бірдей мағынада қолданылады. Мысалы, "What's your name?"
Python тілінде үшем жалқы тырнақшалар (''') да қолданылады. Олар бірнеше жолдардан тұратын түсініктемелердің (комментарийлердің) алды-артына қойылады.
Тіркестерді біріктіру. Егер екі тіркес жалғаса қатар жазылатын болса, Python оларды автоматты түрде біріктіріп жібереді. Мысалы, 'What\'s ' 'your name?' автоматты түрде "What's your name?" түріне айналады. C/C++ тілдерінде программа жасайтындар Python тілінде char (символ) жеке мәліметтер түрінің жоқ екеніне назар аударуы тиіс. Оған аса қажеттілік те туындамайды. Реrl/РНР тілдерінде программа жасайтындар жалқы тырнақшамен қоршалып жазылатын тіркес пен қос тырнақша арқылы жазылған тіркестер арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін есте сақтағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет