Операторларды орындау реттілігі және олардың приоритеттері (бірінші кезекте орындалатындары) Бірінші өрнек мысалында біз + смиволын пайдаландық және осы символдың жанында
қатар тұрған екі санды қосу операциясын орындауға нұсқау бердік. Бұл жағдайда + оператор,
бір немесе екі операнд мәніне қарапайым амал орындайтын команда.
Программадағы көптеген сөйлемдер (логикалық жолдар) өрнектен құралған. Өрнекке
қарапайым мысал: 2 + 3. Өрнекті оператор мен операндтарға бөлуімізге болады. Оператор деп
амалдарды, ал операнд деп сандарды айтуға болады. Өрнектегі операндтар 2 және 3.
Мына мысалдарды теріп жазыңыз:
>>> 2 + 3
5
>>> 3 * 5
15
Жауабы бірден есептеліп отыр.
2+2 деген тізбекті өрнек деп атадық. Программалау тіліндегі өрнек термині – аяқталған іс-
әрекетті орындайтын команда. Өрнек – сандардың, айнымалылардың және функциялардың
арифметикалық амалдармен біріктірілген тізбегі. Қандай да бір мәнді есептеу, деректердің
қандай да бір құрылымын жасау, программалық кодты орындауды басқару, функцияны немесе
әдісті шақыру командасы іс-әрекет деп аталынады.
Python тіліндегі кез келген өрнек каретаны кері қайтару және жолды ауыстыру
символымен аяқталуы керек. Олар программалық кодқа батырмасын басу арқылы
қойылады.
Тағы да бірнеше өрнек қарастырайық.
>>> 3*4+8
3-ті 4-ке көбейтеміз, пайда болған көбейтіндіге 8-ді қосамыз және 20-ны аламыз. Көбейту
амалы қосу амалынан бұрын орындалады.
>>> 5/6 5-ті 6-ға бөлеміз және – 0,8333333333333334 мәнін аламыз.
Программадағы жолдың ретіне қарай іс-әрекеттер де рет-ретімен орыңдалады. Программа
кодын жазғанда кері шегіністерге мән беру аса маңызды болып табылады. Сондықтан, іс-
әрекет реттілігіне кіретін операторлардың барлығы да бірдей шегініспен жазылуы тиіс:
а = 1
b = 2
а = а + b
b = a - b
а = а-b
print (a, b)