Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)


Python тілінде программалауға кіріспе



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата07.11.2022
өлшемі1.76 Mb.
#464166
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Python тілінде программалауға кіріспе 
Python тілі туралы оның негізін қалаушы голландиялық программалаушы Гвидо ван 
Россум былай дейді:
"Python – интерпретацияланатын, объектіге бағытталған программалаудың жоғары 
деңгейдегі динамикалы семантикасы бар тіл. Кірістірілген жоғары деңгейлі құрылымдар 
динамикалық типтендірумен және байланыстырумен қатар тілді қосымшаларды жылдам 
программалау үшін қызықты етіп көрсетеді (RAD, Rapid Application Development). Сонымен 
қатар, оны программалар құрамдастарын байланыстыратын сценарийлік тіл ретінде пайда-
лануға болады. Python синтаксисі өте қарапайым, онда кодты оқу түсінікті болуына мән 
беріледі, сол арқылы программалық өнімді құрастыру шығыны азаяды. Python ішінде 



модульдер мен пакеттерге қолдау жасау қарастырылған. Кодты қайталап қолдануға болады. 
Python интерпретаторы және көлемді стандарт кітапханалар бастапқы және орындалатын код 
ретінде барлық негізгі платформаларда қолжетімді және тегін таратыла алады.»
Python – программалаудың әмбебап тілі. Оның артықшылықтарымен бірге кемшіліктері 
де бар, сол сияқты қолданылу аясы да анықталған. Python-мен қатар көптеген міндеттерді 
шешуге көмек беретін өте үлкен көлемді стандарт™ кітапхана ұсынылады. Интернетте 
әртүрлі сала бойынша Python-ra арналған сапалы кітапханалар саны көп: мәтіндерді өңдеу мен 
Интернет-технологиялар, суреттер мен бейнелерді өңдеу, қосымшаларды жасайтын механиз-
мдер, деректер қорына қолжтемділікті қамтамасыз ететін, ғыпыми есептеулерге арналған 
пакеттер, графикалық интерфейсті құру кітапханалары және т.б. Сонымен қатар, С, C++ (және 
Java) тілдеріне интерпретаторды кірістірудің (embedding) қарапайым құралдары және сол 
тілдерде жазылған программаларды Python тіліне кірістіретін құралдар да бар. Python тілі 
программалаудың бірнеше парадигмасын қолдайды: императивтік (процедуралық, құрылым-
дық, модульдік көзқарастар), объектілі бағытталған және функционалды программалау.
Java платформасындағы және С компиляторы бар 32 және 64 биттік платформалардың 
барлығына да қолжетімді.
C/C++, Java, Visual Basic, С#-тан басқа программалау тілдері қолданылмайтындай 
көрінеді. Бірақ осы құралды оқи отырып, Python тілінің жақтаушылары да пайда болатынына 
сенуге болады. Тілдің сипаттамасы. Бұл құрал басқа нұсқаулықтарды қайталауды мақсат етіп 
отырған жоқ. Әртүрлі қырынан қарай отырып, нақты программалауға үйретуді көздеп отыр. 
Программаны құру дегеніміз – программалаушы мен компьютер арасындағы коммуникация, 
соның нәтижесінде программалаушы компьютерге белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға 
бұйрық береді. Іс-әрекеттерді программалаушының түсінуі – семантика деп аталады. Осы 
магынаны синтаксис көмегімен жазу қажет. Берілген ақпаратқа интерпретатордың орындай-
тын амалы прагматика деп аталады. Программаны жазған кезде осы тізбектің ішінде іркілу 
болмау керек. 
Синтаксис – толығымен формалданған бөлік: оны синтаксистік диаграммалар тілінде 
(анықтамалық нұсқаулықтар сияқты) сипаттауға болады. Интерпретатор синтаксис бойынша 
жазылған «бұйрықтарды» езіндегі алгоритмге сәйкес іс-әрекеттерге айналдырады. Семантика 
ғана формалды емес құрамдас болып қала береді. Мағынаны формалды сипаттауға ауыс-
гырған кезде программалаудың ең қиын күрделілігі туындайды. Python синтаксисі 
программалаушының мәселесін интерпретатордың ұғынуына жақындатады. Python тілінің 
тарихына қысқаша тоқталсақ, 1991 жылы Гвидо ван Россум (Guido van Rossum) бірнеше желі-
ге таратылатын Амеба операциялық жүйесін жасау барысында осы тілді құрастырды. Жүйелі 
сын-тегеуріндерге жауап бере алатын кеңейтілген тіл кажет болды. Негізі ретінде ABC және 
Модула-3 алынды. Тілдің атауы ретінде жыланның аты емес, ВВС телеарнасынан көрсетілетін 
«Летающий цирк Монти-Пайтона» комедиялық сериалы алынды. Содан бері Гвидо ван 
Россум жұмыс істеген ұйымдардың барлығында да Python тілі қолданыла бастады. Қазір тілді 
дамытуға программалаушылардың қауымдастығы да кірісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет