Q вагранканың пен алынған өнімділігі



бет2/3
Дата14.02.2022
өлшемі72.99 Kb.
#455366
1   2   3
металдарды балқыту

Қалыпқа металл құю. Балқыған металды құю конвейерінде немесе арнаулы алаңда алдын ала дайындалып қойылған қалыптарға құяды. Көп сериялы бұйымдар майда, орташа құймалар құю конвейерінде құйылады. Балқытылған металл шөмішке құйылып, шөміш бір рельсті көпірлі кранмен құю алаңынан құю конвейеріне жеткізіледі. Металл қалыпқа шөміш ернеуінен немесе оның түбіндегі тесігінен құйылады. Құю процесінде құйманың сапасына күшті әсер ететін шаманың бірі - температура. Құю кезінде металдың температурасы тым жоғары болса, металл қалыпқа жабысады, ал төмен болса, оның аққыштық қасиеті нашарлап, металмен толмаған жарамсыз құйма пайда болады. Сондықтан металды тағайындалған құю температурасы аралығында құйып үлгіру керек. Сұр шойынның құю температурасы 1200 - 1400 0С, ол температура көміртекті және аз легірленген болаттар үшін 1490 - 1585 0С, қалайылы қола үшін 1120 - 1200 0С, алюминийлі қола үшін 400 - 1160 0С.

Қалыпқа металл құйылғаннан соң ішіндегі құйманың температурасы белгілі шамаға дейін төмендегенше оны қалыпта ұстайды. Шойын, болат құймалары қалыпты (600 - 400 0С) температураға дейін, ал жұқа қабырғалы құймалар бұдан да төмен температуға дейін қалыпта ұстап суытылады. Егер құйманы қалыптан ерте алсы, құйманың суыну жылдамдығы артып кетеді де, оның бетінде сызаттар пайда болып, ішкі жағында кернеулер қалады, ал кеш алынса, құю өндірісінің өнімділігі төмендейді, яғни құйманы суытуға көп уақыт кетеді.

Ірі құймалардың суыну уақытын азайту үшін қалыпты түтіктері бар арнаулы орынға қойып, түтіктер арқылы компрессормен каналдарға ауа үрлейді. Үрленген ауа құйма мен қалыптың сыртқы ортамен жылу алмасуын тездетіп, құйманың суыну уақытын 2 - 2,5 есе азайтуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет