«Qazaq Banki» АҚ Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы ережелер



бет1/11
Дата12.07.2016
өлшемі1.53 Mb.
#193709
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


«СЕНІМ-БАНК» АҚ Директорлар кеңесімен

бекітілген

(2013 жылғы 26 наурыздағы №16 хаттама)

Тіркеу №01



(2016ж. «05» ақпанда берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



«Qazaq Banki» АҚ

Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы

ережелер

Алматы облысы


2013 жыл

МАЗМҰНЫ


ҚОСЫМШАЛАР:



  1. Қабылданатын депозиттердің шекті сомалары мен мерзімдері. Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемдері

  2. Берілетін несиелердің шекті сомалары және мерзімдері. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемдері (коммерциялық банктерді есептемегенде заңды және жеке тұлғалар үшін)

  3. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін қызмет тарифтері

  4. Жеке тұлғалар үшін қызмет тарифтері

  5. Бөлшек несиелеу бойынша тарифтер

№ 6 ҚОСЫМША Заңды/жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін қызмет тарифтері.

№ 7 ҚОСЫМША Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары үшін құжаттандырылған және несие операциялары бойынша тарифтер.



№ 8 КОСЫМША Төлем карточкалары бойынша жеке тұлғаларға ұсынылатын қызметтерге «Qazaq Banki» АҚ тарифтері

1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. «Qazaq Banki» АҚ Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы ережелері (бұдан былай – Ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Банктік қызметтер ұсыну, банктік қызметтер ұсыну барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін банктердің қарастыру ережелеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, «Qazaq Banki» АҚ Жарғысына, «Qazaq Banki» АҚ басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген.

  2. «Qazaq Banki» АҚ (бұдан былай – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті берген банктік операцияларды және басқа операцияларды жүргізу лицензиясының негізінде қызмет атқаратын, бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын екінші деңгейлі банк болып табылады.

  3. Ережелер банк аралық несиелеу нарығында атқарылатын депозиттік және қарыз операцияларын есептемегенде банктік және басқа операцияларды, бағалы қағаздар нарығында қызметті лицензияның негізінде Банк атқаратын операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын, талаптарын, шектеулерін, процедураларын анықтайды. Сонымен қатар Ережелер банктік қызметтер ұсыну барысында туындайтын Клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібін және Клиенттермен жұмыс істеу тәртібін реттейді.

  4. Ережелердің мазмұны ашық ақпарат болып табылады, коммерциялық немесе банктік құпия мәні бола алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы тармақтың күші Банк банктік және/немесе коммерциялық құпия санаттарына жататын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тікелей қарастырылған негіздер бойынша жариялануға тиісті нақты бір операцияны атқару шарттарына таралмайды.

  5. Ережелер клиенттердің бірінші талабы бойынша олардың танысуына ұсынылады.

  6. Банктің банктік операцияларды нақты жүргізу шарттары Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен, Банк клиенттермен жасайтын шарттардың талаптарымен белгіленеді.

  7. Банктің Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеңілдікті талаптар бермей аффилиирленген тұлғалармен және Банкпен ерекше қатынаста байланысты тұлғалармен жасалатын барлық мәмілелерді бекітуі керек.

  8. Банктік операциялар жасалғанда Банк пен клиенттің арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жасалған шарттардың талаптарымен, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.

  9. Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер мен қысқартулар:

Аккредитив – (аккредитив ұсынғанда төлем арқылы орындалса) банк – эмитенттің ұсынылғанда төлеу, мерзімі кейінге қалдырылған төлем міндеттемесін өзіне қабылдау, (аккредитив мерзімі ұзартылған төлем арқылы орындалса) мерзім басталғанда төлеу, бенефициар жазып берген аудару векселін («траттаны») акцептеу, (аккредитив акцепт арқылы орындалса) аккредитив талаптарына сәйкес құжаттарды ұсыну бойынша мерзім басталғанда төлеу міндеттемесі.

Аффилиирленген тұлғалар — шешімдерді тікелей және (немесе) жанама анықтау және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне әсер ету, соның ішінде жасалған мәміле күшінде әсер ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлғалар (берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын мемлекеттік органдарды есептемегенде).

Банктік қызметтер / Банк Қызметтері – Банктің қолданыстағы Лицензиясының негізінде және Банктер туралы заңға сәйкес Банк атқаратын банктік операциялар және операциялардың басқа түрлері.

Салым – талаптары бойынша Салымшы Салым бойынша сыйақының алдын ала келісілген мөлшерімен немесе онсыз тікелей салымшыға немесе оның тапсыруымен үшінші тұлғаларға толығымен немесе бөліп-бөліп белгілі бір мерзімнен кейін номиналды көріністе қайтару талаптарында Салымшы Банкке ақша беретін банктік өнім. Банктік салым шартында тікелей қарастырылса, Салым Клиенттің /үшінші тұлғаның Банк алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету әдісі болып табылады.

Салымшы – Банкпен Банктік салым шартын жасаған және салымға өкімдік ету құқығына ие заңды тұлға, жеке тұлға.

Салым бойынша сыйақы – жасалған Банктік салым шартының талаптарына сәйкес Салымның негізгі (номиналды) сомасына пайыз түрінде есептелген, Клиенттің пайдасына Салымды пайдаланғаны үшін Банк төлейтін ақшалай сома.

Несие бойынша сыйақы жасалған Банктік салым шартының талаптарына және төлем кестесіне сәйкес Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен негізгі (номиналды) сомаға пайыз түрінде анықталған, берілген қарыз үшін Банктің пайдасына Клиент төлейтін ақшалай сома.

Вексель – бір тарапты шартсыз ақшалай міндеттемені қамтитын, қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты.

Банктік құпия Салымшылардың, Клиенттердің, Банк корреспонденттерінің банктік шоттарының болуы, иелері, нөмірлері туралы, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы, банктік операциялары туралы (жалпы банктік операцияларды жүргізу талаптарын есептемегенде) мәліметтерді, сондай-ақ Банктің сейфтік жәшіктеріндегі, шкафтарындағы, үй-жайларындағы сақтаулы клиенттердің мүлкінің болуы, иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтерді қамтиды. Тарату барысында банк берген несиелер туралы мәліметтер Банктік құпияға жатпайды.

ЖТСМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012ж. №137 Қаулысымен бекітілген «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құн) есептеу қағидаларына сәйкес есептелген қызметтер бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі.

Банктік салым шарты – ол бойынша Банк Банктік салым шартымен қарастырылған мөлшерде, тәртіпте және талаптарда Салымшыдан ақша қабылдауға, ол бойынша сыйақы төлеуге немесе сыйақы төлемей Салымды қайтаруға міндеттенетін шарт.

Банктік шот шарты – ол бойынша Банк Клиентке ашылған шотқа келіп түскен ақша қаражатын қабылдауға және есепке қосуға, тиісті ақша сомасын клиентке немесе үшінші тұлғаларға аудару (беру) жөніндегі Клиенттің өкімдерін орындауға, Банктік шот шартымен қарастырылған басқа да қызметтерді ұсынуға міндеттенетін шарт.

Банктік қарыз шарты – оған сәйкес Банк банктік қарыз операцияларын атқару шеңберінде қарыз беретін шарт.

Қарыз алушы – Банктік қарыз шартына қол қоятын, қарыз алатын және алынған ақшаны, сондай-ақ сыйақыны, қарыз бойынша басқа да төлемдерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайтын заңды немесе жеке тұлға.

Банктер туралы заң «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N2444 заңы.

Кепіл – банктік қарыздың қамтамасыз етуі болып табылатын мүлік немесе басқа құндылықтар.

Қамтамасыз етудің кепіл құныкепілді тарату (сату) мақсатында белгіленетін ағымдағы уақыттағы кепіл қамтамасыз етуінің құны. Төмендеу коэффициентіне көбейту арқылы белгілі бір уақытқа кепіл нысанының белгіленген нарық құнының негізінде анықталады. Төмендеу коэффициенті кепіл түріне және/немесе өтімділігіне байланысты белгіленеді.

АПБК – Банктің Активтер мен пассивтерді басқару комитеті.

Қарыз – ақылы, мерзімді болу, қайтару талаптарында, сондай-ақ банктік қарыз шартында қарастырылған талаптарда Қарыз алушыға ақша беру.

Клиент – банктік қызметтердің тұтынушысы болып табылатын немесе банктік қызметтерді пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға.

Несие тәуекелі – банктік қарыз және басқа операциялар жүргізу кезінде Клиенттің өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындау жөніндегі алғашқы шарт талаптарын бұзу салдарынан шығындардың (шығыстардың) туындау тәуекелі.

Капиталдандыру – салым сомасына есептелген сыйақыны аудару.

Банкпен ерекше қатынаста байланысты тұлғалар:

1) Банктің кез келген лауазымды тұлғасы немесе басшы қызметкері, бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары, жақын туыстары;

2) Банктің ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе Банктің ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ олардың жұбайлары, жақын туыстары;

3) 1) және 2) тармақшаларда аталған тұлғалар ірі қатысушылар болып табылатын заңды тұлға;

4) оған қатысты Банк осы заңды тұлғаның ірі қатысушысы, лауазымды тұлғалары, жұбайлары, жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

5) Банктің аффилиирленген тұлғалары.

Жеке шот – Банк Клиентке ашқан және бағалы қағаздар, басқа қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу үшін арналған жеке шот.

Банктің лицензиялары – Уәкілетті орган банктік және басқа операцияларды, бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға Банкке берген лицензия.

ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Қамтамсыз ету – тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепілдеме, мүлік кепілі, заңнамамен және банктік қарыз шартымен қарастырылған, Клиент қабылдаған міндеттемелердің қайтарылуын қамтамасыз ететін басқа әдістер.

Кепілді қамтамасыз етуді бағалау – бағаланған нысанды егжей-тегжейлі зерттеуге негізделген құн туралы әділ пікір. Тиісті біліктілікке ие және мемлекеттік органдардың лицензияларына ие тәуелсіз бағалаушылар иегердің (Кепіл берушінің) мүлкі мен мүліктік құқықтарының құнын бағалайды.

Салымның шекті мерзімі – Банктің уәкілетті органы бекіткен салымның ең қысқа және ең ұзақ мерзімі.

Сыйақының шекті мөлшерлемесі – Банктің уәкілетті органы бекіткен сыйақының ең көп және ең аз мөлшерлемесі.

Қарыздың шекті мерзімі – Банктің уәкілетті органы бекіткен банктік қарыздың ең қысқа және ең ұзақ мерзімі.

Салымның шекті сомасы – Банктің уәкілетті органы бекіткен салымның ең аз және ең көп сомасы.

Қарыздың шекті сомасы – Банктің уәкілетті органы бекіткен банктік қарыздың ең аз және ең көп сомасы.

Мерзімі кешіктірілген берешек – банктік қарыз шартымен және төлем кестесімен қарастырылған негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша мерзімінде өтелмеген берешек.

Принципал – олардың тапсыруымен Банк Принципалдың Бенефициар алдындағы міндеттемелерінің тиісті орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік беретін банктің клиенттері.

Банктік шотты тікелей дебеттеу – белгілі бір уақыт кезеңінде және/немесе белгілі бір ақша сомасының шегінде алу туралы ақша жіберушінің алдын ала берген рұқсатының негізінде ақша жіберушіден алынатын және бенефициардың пайдасына берілетін төлем төлеу әдісі.

ҚР – Қазақстан Республикасы.

Жинақ шот – оларға сәйкес Банк Салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, Банктік салым шартымен қарастырылған мөлшерде және тәртіпте олар бойынша сыйақы төлеуге, заң актілерімен және Банктік салым шартымен салымның осы түрі үшін қарастырылған талаптарда және тәртіпте салымды қайтаруға міндеттенетін, Банк пен Салымшы арасындағы шарттық қатынастарды көрсету үшін Банк Салымшыға ашатын банктік шот.

Тариф – Клиенттерге ұсынылатын Банктің түрлі қызметтері үшін төлем.

Ағымдағы шот – ол бойынша клиенттің ақшасының болуын қамтамасыз етумен және Банктің оны пайдалануымен; Клиенттің пайдасына Ақшы қабылдаумен (есепке қосумен); Банктік шот шартымен қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімдерін орындаумен; Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) шартпен қарастырылған негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен; Банктік шот шартымен белгіленген тәртіпте Клиенттен қолма-қол ақша қабылдаумен және оған берумен; Банктік шот шартымен анықталған тәртіпте және мөлшерде сыйақы төлеумен; Клиенттің Банктегі ақша сомасы және Банктік шот шартымен қарастырылған тәртіпте жүргізілген операциялар туралы ақпаратты Клиенттің талап етуі бойынша берумен; шартпен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым әдеттерімен қарастырылған Клиенттің басқа банктік қызметті атқаруымен байланысты операциялар орындалатын банктік шот шартының негізінде Банк Клиентке ашатын банктік шот.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе оның құқылы мирасқоры – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Факторинг – төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын клиенттен иелену.

2-ТАРАУ. ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

  1. Банк қызметтері − ақылы. Қызметтерді ұсынудың басты мақсаты ҚР аумағында заңды және жеке тұлғаларға банктік қызметтердің кең спектрін және сапалы қызмет көрсету арқылы табыс табу болып табылады.

  2. ҚР заңнамамен, осы Ережелермен, Банктің басқа ішкі нормативтік құжаттарымен басқаша қарастырылмаса, 18 (он сегіз) жасқа толса, жеке тұлғаларға Банк банктік қызметтер ұсынады.

  3. Банк ұлттық валютада және шетел валютасында келесі операцияларды атқаруға құқылы:

  1. заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  2. жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  3. банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

  4. кассалық операциялар: қолма-қол ақша қабылдау және беру, соның ішінде ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, қаптау, сақтау;

  5. аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;

  6. есептік операциялар: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  7. банктік қарыз операциялары: ақылы, мерзімді болу және қайтару талаптарында ақшалай несиелеу;

  8. шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

  9. аккредитив ашу (ұсыну) және растау, ол бойынша міндеттемелерді орындау,

  10. ақшалай орындауды қарастыратын банктік кепілдіктер беру;

  11. банктік кепілдемелер және ақшалай орындалуын қарастыратын үшінші тұлғалар үшін басқа міндеттемелерді беру.

  1. Банк ұлттық валютада және шетел валютасында басқа операцияларды атқаруға құқылы:

    1. лизингтік қызмет атқару;

    2. меншікті бағалы қағаздарды (акцияларды есептемегенде) шығару;

    3. факторингтік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын иелену;

    4. форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналдырмай вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеу.

    5. сейфтік операциялар: клиенттердің құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын шығаратын бағалы қағаздарды сақтау, соның ішінде сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, үй-жайларды жалға беру қызметтері.

  1. Банк бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқаруға құқылы:

    1. клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет.

  1. Банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес валюталық бақылау агентінің функцияларын атқарады.

  2. Банк Клиенттің тапсырмаларын орындағанда, сондай-ақ Клиентпен жасалған шарттарды орындағанда үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалануға құқылы.

3-ТАРАУ. ЖАЛПЫ БАНКТІК ШОТТАРДЫ АШУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ, ТӨЛЕМДЕР ТӨЛЕУ ЖӘНЕ АҚША АУДАРУ, ДЕПОЗИТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

  1. Банк келесі банктік шоттарды ашады және олар бойынша есеп жүргізеді:

  1. банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары;

  2. заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары (соның ішінде олар бойынша операциялар төлем карточкаларын қолдану арқылы жүргізілетін);

  3. заңды және жеке тұлғалардың жинақ шоттары (салымдары).

  1. Банк пен Клиент арасында Банктік шот шарты және (немесе) Банктік салым шарты жасалғанда банктік шоттар ашылады.

  2. Банктік шот ашқанға дейін Банк:

  1. Клиентке туындаған мәселелер жөнінде кеңес береді;

  2. мөлшерлемелер және тарифтер, банктік қызмет туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімдері (өтініш беру қажет болғанда) туралы ақпарат береді;

  3. Клиентке банктік қызмет ұсыну талаптары туралы ақпаратты, ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған банктік қызмет ұсыну туралы шартты жасау үшін қажетті құжаттар тізімін, клиенттің қалауы бойынша банктік қызмет ұсыну туралы тиісті шарттың үлгі нысанының көшірмесін береді;

  4. банктік қызмет ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда Клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат береді;

  5. пайдаланылатын банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындағанда Банкке, Уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы клиентке хабарлайды. Осы мақсатта Клиентке осы Ережелердің 290-тармағындағы Банктің және Уәкілетті органының орналасқан жері, пошталық, электронды мекенжайы және интернет-ресурстары туралы ақпарат беріледі;

  6. сұрау бойынша Клиентке қаржы есептілігін орналастыру көздері туралы ақпаратты және Банктің басқа ақпаратын береді;

  7. банктік қызмет ұсыну туралы шартқа қол қойылғанға дейін Клиентке талаптарымен танысуға қажетті уақыт береді.

  1. Банк Банктік салым шартын жасағанға дейін осы Ережелердің 19-тармағымен қарастырылған мәліметтер мен құжаттардан басқа Клиентке банктік салымдар жөнінде келесі ақпаратты ауызша береді:

    1. салым түрі (талап еткенге дейін, мерзімді, шартты);

    2. салым мерзімі (болса);

    3. салымның ең аз саны;

    4. сыйақы мөлшерлемесі, соның ішінде Клиент өтініш берген күнгі шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы мөлшерлемесі (нақты құн);

    5. қосымша келісім (болса) жасамай салым мерзімін ұзарту талаптары;

    6. салымды толықтыру, капиталдандыру ықтималдығы;

    7. салымды толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алу талаптары;

    8. міндетті кепілдендіру нысандары болып табылатын банктік салымдар бойынша ҚР заң актілерімен белгіленген кепілдікті өтеу мөлшері.

  1. Банктік қызмет ұсыну туралы шарттарды жасағанға дейін Клиент Банкке сұралған деректерді, сондай-ақ ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған қажетті құжаттар тізімін беруге, маңызды күйде қолдауға міндетті.

  2. Банктік шоттар ашу жөніндегі қызметтер ұсыну туралы Клиенттің өтінішін қарастыру /шешім қабылдау мерзімі – Клиенттен құжаттардың толық жиынтығын алған, Клиент талаптарды орындаған және Банктің тиісті қызметтерді ұсынуы үшін талап етілетін барлық қажетті процедураларды Банк аяқтаған күннен бастап көп дегенде 3 (Үш) жұмыс күні.

  3. ҚР заңнамасымен тікелей белгіленген жағдайларда Банк салық органдарына шоттың ашылуы және жабылуы туралы хабарлайды.

  4. Банкке келесілерді ашуға тыйым салынады:

  1. «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 581-бабының 13) тармақшасымен қарастырылған негіздер бойынша және жағдайларда Клиентке жаңа банктік шотты (осы Ережелер бекітілген күнгі жағдай бойынша);

  2. әрекетсіз салық төлеушіге банктік шотты.

  1. Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылмаса, Клиенттің таңдауымен ұлттық валютада немесе шетел валютасында заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың банктік шоттары ашылады.

  2. Пруденциалдық нормативтермен және/немесе сақталуға міндетті Уәкілетті органның нормативтерімен және лимиттерімен басқаша белгіленбесе, Банкте заңды және жеке тұлғаларға ашылатын банктік шоттардың саны, сондай-ақ осы шоттар бойынша максималды қалдық шектелмейді.

  3. Заңды және жеке тұлғалар банктік шотты қолдана отырып, банктік шот ашпай ҚР қолданыстағы заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген шектеулерді есепке ала отырып, банктік шот ашпай төлемдер төлейді және ақша аударады.

  4. Банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын және ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін форматтарда және тәртіпте халықаралық төлемдерді төлейді және ақша аударады.

  5. Банк операцияларды жүргізу үшін Банкке төленген сыйақы сомасын есепке ала отырып және жасалған шарттың талаптарына, Банктің ішкі құжаттарына, ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Клиенттің банктік шотына ақша қалдығы шегінде ғана Клиенттің тапсыруы бойынша төлемдер төлейді және ақша аударады. Банк жасырын иеге ашылған шотқа шетелге ақша аудармайды.

  6. Клиент ағымдағы немесе болашақтағы валюталандыру күнімен төлемдер төлеуге, Банк орындағанға дейін Банкке ертеректе берілген төлем құжаттарын жоюға құқылы.

  7. Банк Клиенттің жүргізетін төлемдері мен аударымдарының заңдылығын растау үшін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

  8. Осы тапсырма және ол бойынша берілетін құжаттар ҚР заңнамасының талаптарына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына қайшы келсе, Банк Клиенттің тапсырмаларын орындаудан бас тартуға, сондай-ақ жүргізілген төлемдер және аударымдар үшін Банк қызметтерін төлеу бойынша Клиенттің берешегі болса, Клиенттің нұсқауларын орындамауға құқылы.

  9. Клиенттер банктік шоттар бойынша немесе валюталық операциялар бойынша банктік шот ашпай төлемдер төлегенде және ақша аударғанда Банк валюталық бақылау агенті ретінде ҚР валюталық заңнамасына сәйкес міндетті валюталық бақылау процедурасын жүргізеді.

  10. Аудару операциялары бойынша (теңгедегі және шетел валютасындағы) қызметтер ұсыну туралы өтінішті қарастыру /шешімдер қабылдау мерзімдері: заңды тұлғаларға – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне – көп дегенде үш банк күні ішінде немесе жекелеген жағдайларда Клиенттен құжаттардың толық жиынтығын алған және Клиент талаптарды орындаған күннен бастап, сондай-ақ Банктің тиісті қызметті ұсынуы үшін талап етілетін барлық қажетті процедураларды Банк аяқтаған күннен бастап қолданыстағы заңнамамен белгіленген басқа мерзімде.

  11. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар заңды тұлғаның шот режиміне және/немесе жеке тұлғаның шот режиміне (кәсіпкерлік қызметпен байланысты операциялар атқару үшін) ие банктік шоттарға ие болуға құқылы. Бұл орайда, банктік шот режимі тиісті банктік шот талаптарымен анықталады.

  12. Жинақ шоттары Салымдарды орналастыру үшін арналған. Банк салымдары Клиенттерге банктік салым шартымен анықталған талаптарда өзінің атына немесе үшінші тұлғаның пайдасына Банкте жинақтау және/немесе ақша жинау мүмкіндігін береді.

  13. Банкке ұсынылатын салымдар келесілерге бөлінеді:

    1. талап еткенге дейінгі депозиттер;

    2. қысқа мерзімді салымдар (1 айдан 12 айға дейін);

    3. ұзақ мерзімді салымдар (12 айдан аса). Салымдардың шекті мерзімдері осы Ережелердің бөлінбес бір бөлігі болып табылатын №1 қосымшада көрсетілген;

    4. шартты салымдар;

    5. салымдар – кепілдіктер.

  1. Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылса, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың жинақ шоттары (Салымдары) Клиенттің қалауы бойынша ұлттық валютада, АҚШ долларында, ЕУРОДА немесе басқа валютада ашылады.

  2. Банк Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының қатысушысы болып табылады. Банкте ашылған жеке тұлғалардың салымдары ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және талаптарда жеке тұлғалардың салымдарына міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады.

  3. Банк Банктік салым шарты бойынша жинақ шотын (Салым) ашқанда салымшыдан немесе оның пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға және Банктік салым шартымен қарастырылған мөлшерде және тәртіпте олар бойынша оның пайдасына сыйақы төлеуге, тиісті Салым түрі үшін қарастырылған талаптарда және тәртіпте салымды қайтаруға, Банктік салым шартымен қарастырылған басқа қызметтерді ұсынуға міндеттенеді.

  4. Банктік салым шартымен қарастырылған Салым сомасы мен мерзімі тиісті салым түрі үшін Банк белгілеген салымның ең аз сомасынан, ең қысқа сомасынан аз болмайды. Пруденциалдық нормативтерге және Уәкілетті органның басқа да сақталуға міндетті нормалары мен лимиттеріне сәйкес Салымның ең көп сомасына шектеулер енгізілген жағдайларды есептемегенде Салымның шекті (ең көп) сомасы шектелмеген. Салымдардың шекті сомалары және мерзімдері осы Ережелердің бөлінбес бір бөлігі болып табылатын №1 қосымшада көрсетілген.

  5. Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері белгіленген және/немесе ақша және қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға, ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша болжамдарға байланысты өзгеретін қалқымалы болуы мүмкін.

  6. АПБК алдын ала қарастырғаннан кейін Директорлар кеңесі «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ нұсқауларын, ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, ақша қаражатына деген сұраныс деңгейін, бұдан былайғы орналастыру мен экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамаларын белгілейді. Депозиттерге міндетті кепілдік беру нысаны болып табылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын Салымдары бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері Салымды орналастыру күні «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ нұсқау беретін сыйақының максималды мөлшерлемелерінен аспауы керек.

  7. Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті көлемдері осы Ережелердің бөлінбес бір бөлігі болып табылатын №1 қосымшасында көрсетілген.

  8. Банк қолданыстағы мөлшерлемелер мен тарифтерге енгізілген өзгерістер бекітілген және енгізілген күндер, ішкі құжаттардың нөмірлері, оларды бекіткен орган туралы мәліметтерді көрсетіп, Банктің үй-жайының ішіндегі ақпараттық стендтерде және корпоративтік www.qazaqbanki.kz WEB сайтында хабар ілу арқылы Банк тарифтері мен сыйақы мөлшерлемесі көлемінің өзгеруі туралы Клиенттерге хабарлайды. Бұл орайда, Банк Клиенттің сыйақы мөлшерлемесі көлемінің және тарифтердің өзгеруі туралы хабардар болмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

  9. Банк Салым мерзімі ұзартылғанда Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көлемін бір тарапты тәртіпте қайта қарастыруға құқылы.

  10. Салым бойынша сыйақы Салымның тиісті түрінің талаптарына байланысты: салым қайтарылғанда немесе белгілі бір кезеңнен кейін (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын, т.б.) Банкте ашылған Салымшының ағымдағы шотына есепке қосу арқылы немесе салымға жинақ шотқа есепке қосу арқылы (капиталдандыру) немесе Банктік салым шартында көрсетілсе, екінші деңгейлі басқа банкте ашылған Клиенттің банктік шотына төленеді.

  11. Салым бойынша сыйақы есептеу шот ашылған күннен кейінгі келесі күннен бастап банктік салым шартының талаптарына сәйкес айдың соңғы жұмыс күні ай сайын жүргізіледі.

  12. Заңды тұлғалардың (ҚР салық заңнамасына сәйкес салымдар бойынша сыйақысына төлем көзінен табыс салығы салынуға тиісті емес заңды тұлғаларды есептемегенде) салымдары бойынша сыйақы есептеу немесе сыйақы төлеу күні қолданылатын ҚР салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте, мерзімде және салықтар бойынша төлем көзінен ұсталынатын салық салынады. Бұл орайда, Клиент өтініш берген жағдайда Банк салық органдарымен бұдан былайғы есеп айырысу үшін төлем көзінен ұсталынатын табыс салығы туралы тиісті анықтама береді.

  13. Сыйақы есептеу немесе төлеу күні қолданылатын ҚР салық заңнамасымен тікелей басқаша белгіленбесе, жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақыға төлем көзінен ұсталынатын салық салынбайды.

  14. алынып тасталынды.

  15. Банкпен ерекше қатынаста байланысты тұлғаға банктік шот /салым ҚР заңнама талаптары есепке алына отырып ашылады.

  16. Банктің бас офисінде және филиалдарында бірыңғай сыйақы мөлшерлемелері және бірыңғай салым түрлері қолданылады.

  17. Банктік салым шарты салымды қайтаруды байланыстыратын талаптар басталғанға дейін салым немесе шартты салым орналастырылған мерзім аяқталғанға дейін Салымшылар – жеке және заңды тұлғалар мерзімді салымды қайтаруға құқылы.

  18. Қосымша келісім жасамау банктік салым шартының талаптарына сәйкес банктік салым мерзімі ұзартылғанда сыйақы мөлшерлемесі азаю жағына қарай өзгертілгенде Банк банктік салым мерзімі аяқталғанға дейін банктік салым шартында қарастырылған әдіспен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту туралы клиентке хабарлайды.

  19. Банктегі Клиенттердің ақшасы өндіріп алынған жағдайда өндіріп алу Клиенттердің банктік шоттарынан жүргізіледі.

4-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ҚАРЫЗ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ

  1. Банк уәкілетті органдары бекіткен ішкі несие және кепіл саясатына сәйкес мақсатты пайдалану, мерзімді, ақылы болу, қайтару талаптарында абай (қырағы) болу қағидасына қарай заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар береді.

  2. Қарыз беру туралы Клиенттің өтінішін қарастырмас бұрын Банк:

    1. Клиентке сұралған мәселелер бойынша кеңес береді;

    2. мөлшерлемелер және тарифтер, бухгалтерлік қызмет ұсыну туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімі туралы ақпарат береді (өтініш беру қажет болғанда);

    3. ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған банктік қызмет ұсыну туралы шарт жасау үшін банктік қызмет ұсыну талаптары туралы ақпаратты және қажетті құжаттар тізімін, сондай-ақ клиенттің қалауы бойынша банктік қызмет ұсыну туралы тиісті шарттың үлгі нысанының көшірмесін Клиентке береді;

    4. банктік қызмет ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпаратты;

    5. Банктегі алатын банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындағанда Уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы Клиентке хабарлайды. Осы мақсатта Клиентке осы Ережелердің 290-тармағындағы Банктің және Уәкілетті органның орналасқан жері, пошталық, электронды мекенжайлары, интернет-ресурстары туралы ақпарат береді;

    6. Клиенттің сұрауы бойынша оған Банктің қаржы есептілігін және басқа ақпаратын орналастыру көздері туралы ақпарат береді;

    7. банктік қызмет ұсыну туралы шартқа қол қойылғанға дейін Клиентке оның талаптарымен танысуға қажетті уақыт береді.

  3. Банк Банктік қарыз шартын жасағанға дейін осы Ережелердің 58-тармағымен қарастырылған мәліметтер мен құжаттардан басқа Клиентке ауызша түрде банктік қарыздар жөніндегі келесі ақпаратты береді:

    1. банктік қарыз беру мерзімі;

    2. банктік қарыздың шекті сомасы мен валютасы;

    3. сыйақы мөлшерлемесі: белгіленген немесе қалқымалы, сыйақы мөлшерлемесі қалқымалы болса, есеп айырысу тәртібі;

    4. Клиент өтініш берген күні шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген жылдық пайыздағы сыйақы мөлшерлемесінің көлемі және мөлшері (нақты құн);

    5. банктік қарыз алумен және қызмет көрсетумен (өтеумен) байланысты Банктің пайдасына төленетін комиссиялардың, тарифтердің, басқа шығындардың толық тізімі және мөлшерлері;

    6. банктер туралы заңмен қарастырылған заңды тұлғамен – Клиентпен жасалған Банктік қарыз шартының талаптарын бір тарапты ықтимал өзгерту жағдайлары;

    7. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамағанда клиенттің жауапкершілігі және тәуекелдері;

    8. кепіл берушінің, кепілгердің, кепілдеме берушінің, Қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарапы болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігі.

  4. Банк банктік қарыз бойынша шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде (шекті мерзімі осы Ережелердің 283-тармағының 2.2) тш. көрсетілген қарыз операциясы туралы Клиенттің өтінішін қарастыру мерзімі аяқталғанда) бас тарту себептерін көрсетіп, банктік қарыз беру немесе беруден бас тарту туралы Клиентке хабарлайды.

  5. Қарыз беру туралы Клиенттің өтінішін қарастырғанда және Банктік қарыз шартын жасағанда Банк Клиенттен ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған құжаттар жиынтығын Клиенттен талап етеді.

  6. Тиісті банктік қызмет ұсыну туралы шарттарды жасау үшін Клиент Банкке сұралған деректерді, сондай-ақ ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған қажетті құжаттар тізімін беруге, маңызды күйінде ұстауға міндетті.

  7. Қарыз алушы туралы және жасалған мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтерді, сондай-ақ тараптардың міндеттерін орындауымен байланысты ақпаратты несие кеңселерінің деректер қорына Банктің беруіне Қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы Қарыз беру туралы шарттың міндетті талабы болып табылады.

  8. Банктік қарыз шарты «Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізімін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Несиелеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы №49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы қаулысына сәйкес белгіленген банктік қарыз шартының міндетті талаптарын қамтиды.

  9. Банк үшін қолайлы кез келген мүлік (соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, басқа да қаржы құралдары, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік және басқа құқықтар) кепілі, үшінші тұлғалардың кепілдігі және кепілдемелері, тұрақсыздық айыбы, ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, Банк үшін қолайлы қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету әдістері Банк беретін қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Банкке қабылдауға ұсынылатын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар осы Ережелердің 5-тарауында келтірілген.

Кепілдеме шотында Клиенттің қарызы бойынша қамсыздандыру ретінде ақша/салым қабылданғанда /аударылғанда Банк кепілдеме шоттарында ақша сақталатын кезеңде сыйақы мөлшерлемелерін белгілей алады /сақтай алады. Бұл орайда, Активтер мен пассивтерді басқару комитеті дербес түрде сыйақы мөлшерлемелерін және өзара байланысты басқа шарттар бойынша белгілеу /сақтау /өзгерту мәселелерін қарастырады.

Кепілдеме шотындағы ақшаға сыйақы мөлшерлемесі белгіленгенде /өзгергенде сыйақы мөлшерлемесі депозиттер үшін белгіленген сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамаларының мәнінен аспау керек (осы Ережелердің №1 қосымшасының 1.2 «Жинақ шоттар бойынша» тармағын қараңыз (жеке және заңды тұлғалар үшін)). Сыйақы есептеліп, 2240 шотына жеке тұлғалардың ақшасы орналастырылғанда салымдарды міндетті кепілдендіру жүйесінің шеңберінде ақшаға кепілдік беру сыйақысы есептеліп, салымдарға міндетті кепілдік беру жүйесінің шеңберінде ақшаға кепілдік беру қарастырылмайды.



Салым бойынша төмендетілмейтін қалдық шарттары болғанда (банктік салым шартында) жинақ шоттардан кепілдеме есебіне шотына ақша аударылады. Салым бойынша (банктік салым шартында) төмендетілмейтін қалдық АПБК шешімімен белгіленеді.

  1. Клиенттің несие қабілеттігі мен сенімділігі жоғары болған жағдайда Банк ҚР заңнамасымен немесе Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген шектеулерді есепке ала отырып, қамтамасыз етусіз (бланктік несиесіз) несиелеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар Банктің кепіл саясатымен белгіленеді. Банк қабылдайтын қамтамасыз ету туралы шешімді әр нақты жағдайда Банктің уәкілетті органы қабылдайды.

  2. Банк меншікті несиелеу бағдарламасының, сондай-ақ іске асыру үшін Банк қатысатын тиісті мемлекеттік және басқа сыртқы несиелеу бағдарламаларының шеңберінде банктік қарыз береді.

  3. Банк меншікті банктік қарыз операцияларынан басқа Лицензиясына, ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес несие тәуекелімен байланысты аккредитив ашу (ұсыну) және растау, ол бойынша міндеттемелерін орындау; ақшалай орындауды қарастыратын банктік кепілдіктер беру; банктік кепілдемелер және ақшалай орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін басқа міндеттемелер беру; лизингтік қызмет, факторингтік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын иелену сияқты басқа да операцияларын атқаруға құқылы.

  4. Банк ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте қарыз алушылар кепілге қойған мүлікті таратумен айналысуға да құқылы.

  5. Қарыздар бойынша өнімдер үш негізгі топқа бөлінеді:

  • корпоративтік бизнеске ұсынылатын өнімдер;

  • шағын және орта бизнеске ұсынылатын өнімдер;

  • жеке тұлғаларға ұсынылатын бөлшек өнімдер.

  1. Жеке кәсіпкерлер заңды тұлғаларға ұсынылатын өнімдер шеңберінде және жеке тұлғаларға ұсынылатын өнімдер шеңберінде қарыз алу мүмкіндігіне ие.

  2. Қарыздар бойынша өнімдер несиелеу мақсаттары бойынша келесідей бөлінеді: қазіргі бар бизнесті кеңейтуге, айналымдағы капиталды толықтыруға (шикізат, материалдар, өндіріс үшін қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтар сатып алуға) несиелер, сауданы қаржыландыру (валюталық нарық конъюнктурасына байланысты), бөлшек несиелеу.

  3. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін анықтағанда Банк тартылған ресурстар құнын, несие нарығындағы мөлшерлемелер деңгейін, ҚРҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерін, қаржы нарығының конъюнктурасын, Қарыз алушының /Клиенттің несие рейтингін және несие тарихын, Қарыз валютасын, баға құрылымының басқа да маңызды факторларын басшылыққа алады.

  4. Қарызды пайдалану үшін сыйақы өндіріп алынады. Сыйақы мөлшерлемесінің нақты көлемі, төлеу мерзімі мен тәртібі осы Ережелердің №2 қосымшасында белгіленген несиелер бойынша (банк аралық несиелерді есептемегенде) сыйақы мөлшерлемесінің көлемі шегінде Банктің уәкілетті органдарының шешімі бойынша Банктік қарыз шарттарында белгіленеді.

  5. Қарыз операцияларын және осы Ережелердің 60-тармағында аталған операцияларды ұсынумен байланысты Банк ЖТСМ есептеу кезінде есепке алынатын және банктік қарыз шарттарында көрсетілетін басқа да төлемдерді (комиссияларды) белгілей алады және өндіре алады (егер ҚР заңнамасына сәйкес осы төлемдер (комиссиялар) ЖТСМ есептеу кезінде есептелуі керек болса).

  6. Банк Клиенттеріне берілетін банктік қарыздардың шекті сомалары осы Ережелердің №2 қосымшасында көрсетілген.

  7. Банкпен ерекше қатынаста байланысты емес бір Қарыз алушыға немесе өзара байланысты Қарыз алушылар тобына берілетін несиенің ең көп (шекті) сомасы (бір қарыз алушыға тәуекел) осы Ережелердің 78-тармағында аталған жағдайларды есептемегенде Банктің меншікті капиталы көлемінің 25% аспау керек.

  8. Уәкілетті органның пруденциалдық нормативтеріне сәйкес екінші деңгейлі банктер үшін бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерінен қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етудің сомасы келесі түрде шегеріледі:

  • осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде Банк өкімдігіне берілген салымдар;

  • ҚР Үкіметі және ҚР ҰБ шығарған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары;

  • тазартылған бағалы металдар;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;

  • банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банк кепілдіктері;

  • «Standard&Poor's» агенттігінің «А» төмен болмайтын ұзақ мерзімді борыш рейтингіне немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұқсас рейтингіне ие басқа банктердің кепілдіктері.

  1. Банктік қарыздар беру туралы өтінішті қарастыру /шешім қабылдау мерзімі:

  • заңды тұлғаларға – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне (корпоративтік бизнес) – Банктің тиісті ішкі нормативтік құжатымен қарастырылған құжаттар жиынтығын Клиенттен алған, Клиент барлық талаптарды орындаған және Банк тиісті қызметті атқару үшін талап етілетін барлық қажетті процедураларды Банк аяқтаған күннен бастап көп дегенде 15 (он бес) жұмыс ішінде;

  • заңды тұлғаларға – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне – Банктің тиісті ішкі нормативтік құжатымен қарастырылған құжаттар жиынтығын Клиенттен алған, Клиент барлық талаптарды орындаған және Банк тиісті қызметті атқару үшін талап етілетін барлық қажетті процедураларды Банк аяқтаған күннен бастап көп дегенде 15 (он бес) жұмыс ішінде;

  • жеке тұлғаларға – Банктің тиісті ішкі нормативтік құжатымен қарастырылған құжаттар жиынтығын Клиенттен алған, Клиент барлық талаптарды орындаған және Банк тиісті қызметті атқару үшін талап етілетін барлық қажетті процедураларды Банк аяқтаған күннен бастап көп дегенде 14 (он төрт) жұмыс ішінде.

  1. Құжаттар жиынтығы толық ұсынылмаған жағдайда, оларда кемшіліктер болғанда, қосымша ақпаратты және құжаттарды алу қажет болғанда уәкілетті органның /Банк бөлімшесінің (қызметкерінің) шешіміне сәйкес, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған басқа негіздер бойынша қарыз операциясын беру туралы Клиенттің өтініші бойынша шешім қабылдау мерзімі үзіледі.

  2. Үзілістен кейін мерзім қайта басталады: үзіліске дейінгі өткен уақыт жаңа мерзімге қосылмайды.

  3. Қарыз келесіден кейін ғана берілуі керек:

  • Банктің уәкілетті органы оң шешім қабылдағаннан кейін;

  • Қарыз алушыдан қажетті құжаттаманы алғаннан кейін және ескертулерді түзеткеннен кейін;

  • жеткілікті қамтамасыз етуді алып, тиісті түрде рәсімдегеннен кейін және белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелгеннен кейін (қамтамасыз етілмеген банктік қарыз берілген жағдайды есептемегенде).

  1. Банктік қарыздар берілетін мерзімдер ұсынылатын несие өнімінің талаптарына байланысты анықталады. 1 (бір) жылға дейін берілетін несиелер қысқа мерзімді несиелерге, ал 1 (бір) жылдан көп уақытқа берілсе, ұзақ мерзімді несиелерге жатады.

  2. Банк банктік қарыз беретін шекті мерзім (ең аз және ең көп):

  • заңды тұлғалардың банктік қарыздары бойынша: 1 (бір) күннен бастап және көп дегенде осы Ережелердің №2 қосымшасында көрсетілген шекті ең ұзақ мерзім;

  • жеке тұлғалардың банктік қарыздары бойынша (тұтыну қарызы): 1 (бір) күннен бастап және көп дегенде осы Ережелердің №2 қосымшасында көрсетілген шекті ең ұзақ мерзім;

  • жеке тұлғалардың банктік қарыздары бойынша (ипотекалық қарыз): 1 (бір) күннен бастап және көп дегенде осы Ережелердің №2 қосымшасында көрсетілген шекті ең ұзақ мерзім.

  1. Берілетін банктік қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті (ең аз және ең көп) көлемдері осы Ережелердің №2 қосымшасында көрсетілген.

  2. Берілетін банктік қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін берілетін банктік қарыз бойынша тәуекел факторларына, қаржы нарығының жағдайына, несие ресурстарына деген сұраныс деңгейіне, несие операциялары бойынша Банк кірістілігінің қолайлы нормасына қарай әр несие өнімі бойынша тәуекел факторларына байланысты әр несие өнімі бойынша жеке-жеке осы Ережелердің 2-қосымшасымен белгіленген шекте Банктің уәкілетті органы белгілейді.

  3. Банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемелері ақша және қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға және ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша болжамдарға байланысты өзгеретін қалқымалы және тұрақты болуы мүмкін.

  4. Банк қолданыстағы мөлшерлемелер мен тарифтерге енгізілген өзгерістер бекітілген және енгізілген күндер, ішкі құжаттардың нөмірлері, оларды бекіткен орган туралы мәліметтерді көрсетіп, Банктің үй-жайының ішіндегі ақпараттық стендтерде және корпоративтік www.qazaqbanki.kz WEB сайтында хабар ілу арқылы Банк тарифтері мен сыйақы мөлшерлемесі көлемінің өзгеруі туралы Клиенттерге хабарлайды. Бұл орайда, Банк Клиенттің сыйақы мөлшерлемесі көлемінің және тарифтердің өзгеруі туралы хабардар болмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

  5. Несиелеу бойынша бизнес-процесс келесілерді қамтиды:

  • несие өтінімін қабылдау, қарастыру және талдау;

  • қарыз алушының несие қабілеттігін бағалау, сараптама қорытындысын әзірлеу;

  • тәуекелдер бойынша қорытынды әзірлеу және несие тәуекелін бекіту;

  • несиенің кепілді қамтамасыз етуін тексеру және бағалау;

  • заң қорытындысын әзірлеу (Банктің нормативтік құжаттарымен қарастырылған жағдайларда);

  • Банктің қауіпсіздік қызметінің қорытындысын әзірлеу (Банктің ішкі нормативтік актілерімен қарастырылған жағдайларда);

  • несиелеуді мақұлдау және беру процедурасы;

  • берілген қарыз мониторингі және өтелуін бақылау.

  1. Борышты және сыйақыны уақтылы төлемеу жағдайына айыппұл санкциялары Банктік қарыз шартымен қарастырылады.

  2. Банк қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай банктік қарыз шартының талаптарын бір тарапты тәртіпте өзгертуге құқылы.

  3. Кез келген валюталық баламаға байланысып, теңгеде берілген Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдер индексациясына жол берілмейді. Осы шектеу банктер арасында жасалған шарттарға таралады.

  4. Тізімін уәкілетті орган белгілейтін оффшор аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады.

  5. Банк келесі жағдайларды есептемегенде жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді бір тарапты тәртіпте тоқтатуға құқықсыз:

    1. Банктің жаңа қарыздар бермеу құқығы туындайтын Банктік қарыз шартымен қарастырылған;

    2. Қарыз алушы Банктік қарыз шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін бұзған;

    3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес Банк жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қарыз алушының қаржы жағдайы нашарлаған;

    4. Банктің Банктік қарыз шартын тиісті орындауына әсер ететін ҚР заңнамасының талаптарын өзгерткен.

  1. Қарыз алушы – кәсіпкерлік қызметті атқарумен байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қарыз алған жеке тұлға Банктік қарыз шартын жасаған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыны төлеп, қарызды қайтаруға құқылы. Осы тармақпен қарастырылған жағдайда қарызды қайтару үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлері өндіріп алынбайды.

  2. Банктік қарыз беру туралы талаптармен қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізу және (немесе) Сақтандыру шарттарын жасау туралы талаптар қарастырылса, Банк қарыз алушыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шектеу қоюға құқықсыз.

  3. Банктік қарыз шартымен Қарыз алушыға өмірді немесе денсаулықты сақтау міндеті артылмайды.

  4. Банктің несие портфелін тиісті басқару, несие тәуекелін азайту және банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерінің тиісті орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Банкте ішкі несие саясатын, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты, сондай-ақ несиелік және пайыздық тәуекелдердің азайтылуын қамтамасыз ететін тиімділікті бағалау критерийлері мен басқа процедураларды, банктік қарыздарды беру жөніндегі бизнес-процестерге қатысатын Банк бөлімшелерінің ішкі бақылауы мен жауапкершілігін қамтитын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі құрылған.

  5. Қарыз алушы немесе үшінші тұлғалар қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшалай емес тәртіпте Банкке берешегін өтей алады. Төлем мерзімі кешіктірілсе және/немесе Банктік қарыз шартымен қарастырылған басқа жағдайларда Банк қарыз алушының, кепілгердің кез келген шоттарынан қаражатты есептен шығаруға, Банктік қарыз шартының, Кепіл шарттарының, қамтамасыз ету туралы басқа келісімдердің талаптарына, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде және соттан тыс тәртіпте кепілге қойылған мүліктің құнынан қанағаттандыру алуға құқылы.

  6. Банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде Банк Клиенттің (Қарыз алушының) немесе Кепіл берушінің сұрауы бойынша (банктер туралы заңмен қарастырылған банктік құпияны таратуға қойылатын талаптарды сақтай отырып) сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған келесілер туралы мәліметтерді жазбаша береді:

  • банкке берілген ақша сомасы;

  • мерзімі кешіктірілген берешек мөлшері (болса);

  • борыш қалдығы;

  • кезекті төлемдердің мөлшерлері және мерзімдері;

  • несиелеу лимиті (болса).

  1. Клиенттің өтініші бойынша Банк көп дегенде үш жұмыс күні ішінде көп дегенде айына бір рет Банктік қарыз шарты бойынша берешек өтемінің есебіне Клиенттің (қарыз алушының) келіп түскен ақшасын бөлу туралы жазбаша ақпаратты тегін береді.

  2. Банктік қарыз шарты бойынша берілген ақшаның бір бөлігін немесе толығымен Банкке беру туралы Клиенттің өтініші бойынша Банк көп дегенде үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қайтарылуға тиісті соманың мөлшері туралы тегін хабарлайды.

  3. Банктік қарыз шартымен қарастырылған жағдайда Банк Банктік қарыз шартымен қарастырылған әдіспен осы Ережелердің 100-тармағымен қарастырылған мәліметтерді Клиентке кезең негізінде беріп тұрады.

  4. Осы Ережелердің 100-103-тармақтарында қарастырылған мәліметтер негізгі борыш сомасы, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбының, айыппұл санкцияларының басқа түрлерінің сомалары, сондай-ақ басқа да төленуге тиісті сомалар көрсетіліп беріледі.

  5. Банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен және Банктік қарыз шартымен белгіленген тәртіпте және негіздерде берешекті өндіріп алады.

  6. Банктік қарыз шартына қызмет көрсетумен байланысты хабарламаларды және ескертулерді (телефон арқылы қоңырауларды) Клиентке, сондай-ақ Кепіл берушіге, Кепілгерге, Кепілдеме берушіге, Қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарапы болып табылатын басқа тұлғаға жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00 бастап сағат 9.00 дейін беруге жол берілмейді.

  7. Хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда Банк Клиентке банктер туралы Заңмен қарастырылған шараларды қолданады.

  8. Банктік қарыз шартымен ол бойынша құқықты (талап ету) үшінші тұлғаға беруге Банк құқығы қарастырылса, Банк құқықты (талап ету) бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде берілген құқықтардың (талап ету) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының, айыппұлдардың, басқа төленуге тиісті сомалардың мерзімі кешіктірілген және ағымдағы сомаларының қалдықтарын, қарызды өтеу бойынша бұдан былайғы төлемдер мақсатын – құқықтар (талап ету) берілген банкке немесе тұлғаға деп көрсетіп, борышкерге (уәкілетті өкіліне) жазбаша хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет