Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет18/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Өлшейтін курал

Өлшеу түрлендіргіші

Өлшеу түрлендіргіші

Өлшеу
нэтижесі
нысын көрсете отырып, бұл үдерісті өлшеу түрленуі деп атайды. Өлшенетін ФШ-ның басқа шамаға бір рет түрленуін немесе түрлену тізбегін көрсетуге болады, бірақ түрленудің негізгі мақсаты - сан алу (4-сурет) болып табылады. Өлшеу түрленуі әрдайым қандай да бір физикалық заң немесе эффектіге сүйене отырып жүзеге асырылады да, ол өлшеу түрленуінің негізіне алынатын қағида ретінде қарастырылады. Өлшеу қағидасы дегеніміз өлшеу негізіне салынған физикалық құбылыс немесе эффект.
4-сурет. Өлшеу - өлшенетін физикалық шаманың санға түрленуі
Мысал ретінде температураны термопара (термоэлектрия- лық эффект қолдану) арқылы өлшеуді, массаны серіппелі таразыда өлшеуді (ізделіп отырған масса тепе-теңдік серпiмдi деформация қағидасына негізделген ауырлық күшіне тепе-тең болады) қарастыруға болады.
Физикалық шама өлшеммен, мәнімен, сандық мәнімен, шын және нақты мәндермен сипатталады.
Физикалық шаманың нақты материалдық нысанға, жүйеге, құбылысқа немесе үдеріске тән сандық айқындығы физикалық шаманың өлшемі деп аталады.
Мысалдар:

  1. Ең оңай жағдайда, сызғышты алып өлшейді, оның мәнін сызғыштың белгіленген бірлігі (ұзындық, биіктік, жуандық және тағы басқа бөлшектің өлшемдері) бойынша салыстыра отырып есептейді.

  2. Өлшегіш аспаптың көмегімен нұсқағышта сақталатын бірлік шамалардың орын ауыстыруымен теңестіреді және есептеулер жүргізеді.

Өлшеу мүмкін емес кезде (физикалық шама ретінде көр-
сетілмеген жағдайда, осы шаманың өлшем бірлігі көрсетіл- меген жағдайда), ондай шамалардың мәнін шкала бойынша өлшейді.
Өлшеу әдісі - өлшеніп отырған физикалық шаманы оның бірлігімен өлшеу ұстанымына сәйкес салыстыру әдісі немесе әдістер жиынтығы.
Өлшеулер әдістерінің стандартты терминдер шегіндегі айырмашылығы олардың метрологияда кеңінен қолданылуына байланысты:

  • тікелей бағалау әдісі;

  • шамамен салыстыру әдісі болып екі түрге бөлінеді.

Бұл әдістердің бір-бірінен айырмашылығы - тікелей бағалау әдісінде құралмен өлшеу қосымша шама қолдануды қажет етпейді, ал шамамен салыстыру әдісінде бір өлшемді басқа бекітілген шамамен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей бағалау әдісі - өлшем мәні тікелей көрсетіліп отырған өлшеу құралы арқылы анықталған өлшеу әдісі. Бұл әдістің мәні басқа әдістердегідей өлшеуді бірлік ретінде алын- ған шамамен салыстырудан тұрады. Бірақ бұл әдісте бірлік ретінде алынған шама құрылғының ішінде орналасқан.
Құрылғы өлшеу ақпаратын кіру белгісі арқылы алып, оның мәнін барлық өлшеу шамасы бойынша бағалайды. Мұны біз келесі түрде сипаттай аламыз:
Q=x, (10)
мұндағы Q - өлшеніп отырған шама, ал х - өлшеу құралының көрсеткіші.
Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшеммен жаңғыртылатын шамамен (мысалы, иінтірек таразыда массаны салыстыру) салыстыру әдісі.
Әдіс өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын бел- гілі шаманың айырымын анықтаумен сипатталады. Бұл әдісті жүзеге асыру үшін диапазоны кіші құралдар жарамды. Бұл әдіс- тің мысалдарына иінтірек таразыда массаны өлшеу, белгілі қалыпты элементтің ЭҚК-мен салыстыру арқылы тұрақты токтағы кернеуді құрал-компенсатормен өлшеу жатады.
Формалды түрде әдіс келесідей көрініс табады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет