өлшеу құралының өлшеу диапозоны (өлшеу диапозоны) - өлшеу құралдарының жіберілетін мүмкін қателік шектері нормаланған шама мәндерінің аумағы;
өлшегіш аспап көрсеткіштерінің вариациясы - өлшенетін шаманың үлкен және кіші мәндері жағынан өлшеу диапазоны- ның бір нүктесіне жақындағанда осы нүктедегі құрал көрсет- кіштерінің айырымы;
өлшеу құралының сезгіштік шегі - өлшеу құралымен физи- калық шаманы өлшеуге болатын осы физикалық шама өзгерісінің ең кіші мәні түріндегі өлшеу құралының сипаттамасы;
өлшеу құралының сезбеушілік аймағы - шама мәндерінің өзгерісі өлшеу құралының шығу белгісін тудырмайтын өлшенетін шама мәндерінің диапазоны. Кейде оны «өлі аймақ» деп атайды;
өлшеу құралы көрсеткіштерінің дрейфі - эсер ететін ша- малар немесе басқа факторлардың өзгерісімен шартталған өлшеу құралы көрсеткіштерінің уақыт бойынша өзгерісі.
Метрологиялық сипаттамалардың номенклатуралары және тағайындалуын таңдау үшін нақты өлшеу құралының түрін анықтау маңызды, себебі әр түрлі ӨҚ үшін әртүрлі МС (метрологиялық сипаттама) қолданылады. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары стандарт бойынша келесі топтарға бөлінеді:
өлшеу нәтижелерін (түзетулер енгізусіз) анықтау үшін қолданылатын мінездемелер (сонымен бірге оларды номиналды деп атайды);
ӨҚ қателіктерінің мінездемесі;
ол да қателіктердің мінездемелеріне жатқызуға болған ықпал ететін шамаларға си сезгіштіктер мінездеме;
ӨҚ динамикалық сипаттамасы;
ӨҚ шығу белгісінің ақпараттық емес өлшемдері.
Бірмәнді және көпмәнді өлшемдердің номиналдымет- рологиялық сипаттамалары сандармен көрсетілетін өлшем- дердің мәндерінен тұрады. Бірмәнді өлшем үшін - бір номиналды мән Y,ал көп мәнді өлшем үшін - мәндер жиыны Yi. Өлшеу түрлендіргіші немесе құралдың интегралдық мет- рологиялық сипаттамасы ретінде түрлендіру қызметін қол- дануға болады. Бұл біртекті ӨҚ тобының номиналды сипаттамасы немесе ӨҚ нақты бір данасының градуровкалық сипат- тамасы бола алады. Градуровкалау кейде тар мағынада құрал шкаласына ти- пографиялық тәсілмен белгілеулерді қоюды білдіреді. Өлшеу түрлендiргiшінің жекелеген МС жиынтығына мына номиналды сипаттамалар кіреді: түрлендіру диапозоны мен шегі, ӨҚ сезгіштігі, шығу кодының түрі мен шығу кодының разряд саны, кодтың ең кішіразрядының бірлігінің бағасы, кванттаудың номиналды сатысы. Қалған МС-ды өлшеу аспаптарына арналған номенклатурадан таңдайды.